Оқу құралы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес биологияның саласы – «Гидробиология» курсына арнайы әзірленген. Бұл, ең алдымен, барлық мамандықта оқитын студенттерге және магистранттарға арналған, сонымен қатар, жоғары оқу орнындағы оқытушыларға және ғылыми институттардағы қызметкерлерге ғылыми қызығушылық ретінде қарап қолданылуы мүмкін. Оқу құралында әр түрлі су алаптары экологиялық жүйесінің (Әлемдік мұхит, көлдер, өзендер) басты-басты сипаттары қарастырылды. Гидробионттардың су жүйелерінің абиотикалық факторларына қатысты жіктемесі, сол сияқты олардың экологиялық тіршілік белдемдерінің жіктемесі келтірілді.
Барлық тақырыптарда су экожүйелерінің құрылымы, биологиялық тіршілік жағдайлары, тіршілік иелері, абиотикалық және антропогендік факторлардың тікелей әсерлері және су қоймаларының эвтрофтануы мен термофикациясы құбылыстарының негізгі сипаты байқалады. «Гидробиология» курсы барлық оқу түрінің студенттері болашақ зоолог, ботаник, альголог, лихенолог ретінде нағыз маман қалыптасуы үшін, сондай-ақ олардың кәсіби қызметінде біліктілігін көрсету және кәсіби қызметінде пайдалану ұшін қажетті білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу құралы:
Гидробиология – ғаламшардағы су жүйесі. Қазіргі уақытта су экожүйесінің ластануы өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан курттың тақырыптарын зерделеуде су экожүйелерінің құрылымына, су құрамына, оның ластануы мен тіршілік иелеріне ерекше көңіл бөлінді. Студенттер су алаптарының түрлері, тіршілік иелерін меңгеруі, іргелі базистік білім алуы тиіс. Бұл курсты оқыту нәтижесінде әрбір түлек өз мамандығы бойынша қызметтік міндеттерін орындауда, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда және зерттеулер жүргізуде теориялық білімін қолдануға дағдылы болады.