Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әр түрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030» стратегиясы мазмұнында жан-жақты сипатталған. Стратегия бағыттарының жүзеге асуы үшін, білімді, дені сау, адами қасиеттері бар жоғары мамандар қажеттігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, Тәуелсіз мемлекетімізге білікті, өз кәсібің терең түсінетін, өзінің іскерлігі мен білімін жан-жақты қолдана білетін мамандарды даярлау қажет.

Қазіргі таңда қоғамдық түбегейлі бетбұрыстар тұлға құрылымын психологиялық тұрғыда жаңа сипатта зерттеуді талап етіп отыр. Осы орайда, болашақ мамандарды даярлауға деген көзқарас жаңа сипатқа ие болуда. Жоғары оқу орнындағы кәсіби мамандар даярлау мазмұнының өзгеруі бүгінгі күнгі кәсіби құндылықтардың даму ерекшеліктерін негіздеуді талап етеді.
Жаңа типтік бағдарламада «Психология» пәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар үшін әлеуметтік-саяси типтік оқу бағдарламасының модулінде: әлеуметтану, мәдениеттану, психология пәндерімен берілген. Әрбір пән білім алушылар үшін жеке оқытылса да, бір мақсатты көздейді: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламамен анықталған, қоғамдық сананы жаңғырту аясында білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық көзқарастарын қалыптастыру.

Білім алушылардың ұлттық саналарының даму деңгейлерін анықтау мақсатында, оқу құралының «Көшбасшылық қасиетті ұлттық сипатта өркендету» атты төртінші тарауын, білім алушылар онлайн дәрістерін тыңдап, білім сапаларының деңгейін аттыру үшін пысықтау сұрақтарымен тесттік тапсырмаларға жауап берулері қажет. «Психология» пәні бойынша оқу құралы, ұстаздар мен білім алушыларға арналып құрастырылған. Оқу құралында: психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контексіндегі тұлға, үйлесімді қазақстандық тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде тұлғааралық қарым-қатынас, қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологиясы және көшбасшылық қабілетті ұлттық сипатта өркендету жолдары қарастырылады.

Университеттік білім беруді дамытудың әлемдік бағыттарында студенттердің өздік жұмыс істеу үлесінің өсу үрдісі және оқытудан ілімге ауысу айқын көрінеді.Осыған байланысты білім беруде құзыреттілік тәсілге көшумен өздік жұмыс дағдылары мен біліктерінің жүйесін қалыптастыру, студенттердің өздік іс-әрекеті мәдениетіне тәрбиелеу қажет екені анық.

Қазіргі заманғы білім беру процесіндегі өздік жұмыс қажетті ақпаратты өздік іздестіруді, аудиториялық сабақтар барысында оқу материалын шығармашылық қабылдауды және ұғынуды, сабақтарда және аудиториядан тыс уақытта студенттердің танымдық іс-әрекетінің әртүрлі нысандарын, талдау қабілеттерін, оқу уақытын бақылау және жоспарлау дағдыларын дамытуды, оқу еңбегін ұтымды ұйымдастырудың дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етуге қабілетті оқытуды ұйымдастыру нысаны ретінде қарастырылады.

Жұмыс берушілердің қазіргі заманғы маманға қойылатын талаптары, сондай-ақ жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ең алдымен, өздік іс-әрекет жасай білуге және мамандыққа шығармашылық тұрғыдан қарауға бағытталған.Маманның кәсіби өсуі бастаманы көрсете білуге, стандартты емес тапсырманы шеше білуге, дербес іс-қимылдарды жоспарлау және болжау қабілетіне байланысты.Бұл жағдайда білім беру сапасын арттырудың стратегиялық бағыты студенттердің оқу жұмысын, оның ішінде олардың өздік жұмысын басқару жүйесін оңтайландыру болып табылады.

Білім берудің құзыреттілік моделіне көшу студенттердің өздік танымдық іс-әрекетінің үлесін едәуір ұлғайтуды көздейді, бұл ретте студенттің өздік жұмысы оқу мақсаттарына қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар болашақ маманның танымдық, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығын арттыратын, оның өмірге белсенді және жауапты көзқарасын қалыптастыратын жеке тұлға ретінде өздік өмірлік ұстанымды қалыптастыру.

Осылайша, өздік жұмыс – студенттердің белсенділігін, дербестігін, танымдық қызығушылығын ынталандыратын білім беру үдерісін ұйымдастыру нысаны. Студенттердің өздік жұмысының әдіснамалық негізін білім берудегі құзыреттілік тәсіл құрайды, оның негізінде жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, өздігінен білім алу үшін де, үздіксіз білім беру жүйесінде одан әрі біліктілікті арттыру, кәсіби мансапты дамыту үшін де қажетті маманның өздік еңбегін қалыптастыру жүзеге асырылады.

Әдістемелік ұсыныстарда студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі жағдайында өздік жұмыс үрдісін технологиялық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Әдістемелік ұсыныстарүш тараудан тұрады, олар бір-бірімен логикалық байланысты.Бірінші тарау оқырманды студенттердің өздік жұмысының теориялық негіздерімен және ЖОО-да оған дайындық ерекшеліктерімен таныстырады. Екінші тарауда өздік жұмыстың әр түрлі формаларын орындау кезінде оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін материал ұсынылған.Үшінші тараудаөздік жұмыстың жеке түрлері бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.Өздік жұмыс түрлерін бағалаудың критерилері мен көрсеткіштері жүйесін әзірлеудің эмпирикалық негізі психология және педагогика кафедрасында оқытушы жұмысының практикалық тәжірибесі болды.

Студенттердің аудиториядан тыс өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында студенттердің аудиториядан тыс өздік жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін оқытушылар құрамына арналған.

Әдістемелік ұсыныстардың авторы ұсынылып отырған технологиялық тәсілдер бакалавр-студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және оқытушылардың өздік жұмыстың әр түрлі нысандарын ұйымдастыру, орындау және бағалау мәселелерін шешуде құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олар үшін өздік даму, жобалау және өздік іс-қимылдарды қайта құру көзіне айналатынына сенім білдіреді.