Әдебиеттанудың, қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары тақырыбы бойынша пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. М., 1986.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы: Қазақ университеті баспасы, 2008.
Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981.
Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. Алматы: Триумф, 2008.
Тарланов З.Т. Методы и принципы лингвистического анализа. С-П., 1995.
Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Алматы: Ғылым, 1997.
Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) Алматы: Арыс, 1999.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993.
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 1995.
Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 2007.
Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. Алматы: Арыс, 2009.
Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі (лексика-функционалды ракурс). Алматы: Арыс, 2008.
Ахметов З. Поэтика эпопеи Путь Абая в свете истории ее создания. Алматы: Наука, 1981.
Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. Қарағанды: Арко, 2004.
Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. Алматы: Арда, 2007.
Байтұрсынов А Ақ жол. / құр. Р. Нұрғалиев / Алматы: Жалын; 1991
Введение в литературоведние / Под ред. Л.Чернец/ Москва: Высшая школа, 1999.
Веселовский. А Н. Историческая поэтика. Л.: 1996.
Исмаилова Ф. Е. Феминистская имагология. Алматы, 2003
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ Университеті, 1992
Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана: Елорда, 2003.
Лотман Ю. М. Анализ поэтического текста. Л., 1972.
Поспелов Г. Проблемы исторического развития литературы. М., 1974.
Эпштейн М. Постмодерн в России: литература и теория. М., 2000
Қосымша әдебиеттер
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977.
Копыленко М.М. Основа этнолингвистики. Алматы: Евразия, 1995.
Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиялық мәселелері. Алматы: Ғылым, 1988.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Алматы: Қазақ университеті, 2009.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат, 1994.
Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Алматы: Санат, 1997.
Телия В.Н. Русская фразеология: Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспект. Москва, 1996.
«Қазақстан республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Егемен Қазақстан», 6.10.1996
Қазақстан Республикасында мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы. «Егемен Қазақстан». 29.5.1996
Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989
Общее языкознание. Внутреняя структура языка. Москва, 1972
Лингвистика XX века: итоги и перспектива. ВЯ, 1996, №2
Хауген Э. Лингвистика и языковое планирование. «Новое в лингвистике». VII социолингвистика. Москва, 1975
Бок Ф.К. Структура общества и структура языка. «Новое в лингвистике». VII социолингвистика. Москва, 1979
Благова Г.Ф. Тюркское склонение в ареально-историческом освещении. М., Наука, 1982.
Сағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар. Алматы, «Үш қиян», 2009.
Бабенко Л.Г. Лингвистический анализ художественного текста.. М.,2003.
Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы: Қазақстан, 1983.
Солганик Г.Я. Лексика газеты. М., Высшая школа, 1981.
Лысакова И.П. Тип газеты и стиль публицистики. Л., 1989.
Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы: Арыс, 1998.
Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1995.
Аристотель. Об искусстве поэзии. М., 1957.
Ахметов 3. Современное развитие и традиции казахской литературы. Алма-Ата, 1978
Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. Алматы: Қазақ университеті, 2007.
Борев Ю. Эстетика. М., 1988.
Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. Алматы, 2001.
Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1968.
Жаксылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в казахской литературе. Типология. Эстетика. Генезис. А., 1995.
Жетписбаева Б. Символ в движении литературы. А., 1999.
Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. М., 1977.
Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000.
Есин А. Психологизм русской классической литературы. М., 1988.
Есембеков Т. Драматизм и казахская проза. Алматы, 1997.
Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. А., 1998.
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996.
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001.
Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. А., 1995.
Классицизм и модернизм. Тарту, 1997.
Нұрғалиев Р. Поэтика драмы. А., 1976.
Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976.
Пірәлиева Г. Ішкі монолог. А., 1993.
Савельева В. Художественный текст и художественный мир. А., 1996.
Савельева В. В. Художественная антропология. Алматы, 1999.
Софронова Л. В. Постмодернисткая литература и современное литературоведение Казахстана. Алматы, 2006.
Хализев В. Теория литературы. М., 1999.
Мәтін құрылымының элементтері
Мәтінді түзу барысында белгілі бір мақсат көзделеді, мәтін арналатын өзіндік адресаты болады, адресатқа, қабылдауына лайық мәтіннің ақпары, ақпарды жеткізу формасы (оны адресант-автор таңдайды), мұнымен қатар адресанттың түсінуіне, қабылдауына қолайлы тілдік құрылымымен бірге тіл заңдылықтарына лайықталған құрылым элементтерінің жиынтығы болуы шарт, сол құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы арқылы түзілім пайда болады ең ақырында, бәрі де мәтін түзуге қызмет етеді және бәрі де автордың таңдауына, ақыл-ойы мен парасат-пайымына қарай іске асады. Әрбір мәтіннің қоғамда атқаратын әртүрлі қызметі оның мазмұны мен мәніне қарай қалыптасады, атап айтқанда, ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық, кумулятивтік қызметтердің бәрі де нақты мәтінге сай орындалады және бәрі уақыт, кеңістік ұғымдарымен байланысты болады.
Мәтін лингвистикасының негізгі ұғымдары мен терминдері
Мәтінтану мен мәтінтүзілімге қарағанда жаңа да жас сала мәтін лингвистикасы мәтінді белгілі бір құрылым ретінде қарастырады. Мәтінді зерттейтін, оның мағыналық категорияларын танытатын, байласымның дұрыс құрылуын нысан ететін мәтін лингвистикасы мәтінді зерттейтін филологиялық пәндердің қатарында аталады. Осы еңбектерде мәтін, мәтін талдау мен мәтінтүзіліміне, мәтінтануға байланысты терминдердің қазақша сәтті баламалары, атап айтқанда, мәтінтану, мәтінтанушы, мәтінтанымдық ғылым, мәтінтүзілім тәсілдері, мәтінтүзуші элементтер, т.б. дүниеге келіп, олар кейінгі кезде жарыққа шыға бастаған ғылыми жұмыстарда қолданыс өрісін тапты. Мәтін лингвистикасы тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу объектісі мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тіл білімі салаларымен бірге (лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, стилистика), жалпыфилологиялық текстология, поэтика (және филологиялық емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) байланысты.
Антропоөзектік бағыт
Антропоөзектілік ерекше зерттеу принципіне негізделген жаңа бағыттардың бірі. Бұл принцип бойынша «тілдегі адам» немесе «адамның тілі» (кейде адамдағы тіл) проблемасы зерттеу нысаны болады. Антропоөзекті бағыт лингвистиканы ғылымның басқа салаларымен, тармақтарымен жалғастырады. Бұл бағыт тілді адам арқылы зерттеуді, зерттеудің басты тұлғасы етіп адамды алуды мақсат тұтады. Адам факторы тілдің негізгі факторына арналады.
Тілдік қатынас
Қазіргі тіл білімінде тілдік қатынас екінші кезекте тұратын сипатынан ажырап, алдыңғы орынға шыға бастады. Сөйтіп прагматикалық лингвистиканың, өзінше бағыты мен ұстанымы бар лингвистикалық мектептің пайда болуына септігін тигізді. Қазіргі кезде тілдік қатынас практикасын «сөйлеу актісінің теориясы» деп атайды. Тілдік қатынас өзекті проблема. Оны зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар.
Ғылыми мәтін синтаксисі
Ғылыми мәтіндерде нақтылықтың сақталу мүмкіндігі зор. Ғылыми мәтін мәтін лингвистикасында енді-енді қарастырыла бастады. Осы орайда өзекті болып табылатын мәселелер: ғылыми мәтіннің өзіндік белгілерін айқындау, семантикалық-синтаксистік ерекшеліктерін ашу, т.т. Бұл мәтіннің басқа типтерімен олардың арақатынасын белгілеуде, мәтіннің әмбебап типологиясын жасау ісінде септігін тигізеді.
Қазақ тіл біліміндегі басым бағыттар
Тілдегі құбылыстарды «тіл және адам» аясында қарастыру антропоөзектілік принципке құрылған бағытты қалыптастырса, оған қоса этнолингвистика, этнопсихология, психолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, контрастивті лингвистика және функционалды бағыттар, мәтін талдау, мәтін лингвистика жаңа әрі басым бағыттар болып табылады.
Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері.
А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев жұмыстарындағы әдебиет зерттеу әдістемелерінің теориялық негіздері. Әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізі. Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері. Адам мен әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары.
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі.
Әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қалыптасып, тууы. Сент Бев және Брандестің биографиялық әдістері, өнер жайлы романтикалық теорияның рухты қалыптастырудағы әсері (Ш. О. Сент Бев, «Литературно- критические портреты», т. 1-5, 1836-39). 19 ғ аяғы мен 20 ғғ басындағы шығармалардағы биографиялық әдіс пен психологиялық теориялар.
Потебняның психологиялық әдісі. Психологиялық мектептердің туып, қалыптасуы: В. Вундт, И. Фолкельт, Р. Мюллер Фрейенфельс, Россияда Потебня, Д. Н. Овсянико Куликовский). З. Фрейдтің психоаналитикалық әдебиеттануы. К. Юнг пен оның мектебінің психоаналитикалық концепциялары.
Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері.
Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ету. Модернистік және постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қарау. (А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Барт). Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образкейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы.
Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы: (А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович).
Тарихи поэтика мен салыстырмалы тарихи әдебиеттанудың әдістемелері
Салыстырмалы әдебиетті зерттеудің пәні. Зерттеудің мақсаты. Салыстырмалы әдебиеттану теориясының міндеттері (А.Веселовский, Ф.Ноэль, Ж.Ампер, К.Пишуа, А.Руссо). Дрюшин концепциясы бойынша әдебиетті салыстырмалы түрде зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жирмунский мен Конрад еңбектеріндегі Батыс пен Шығыс байланыстары. Неупокаева концепциясындағы әлем әдебиеті тарихы. КСРО-ға ӘӘИ басылып шыққан әлем әдебиеті тарихы. Веселовский, Бахтин, Алексеевтердің салыстырмалы-тарихи зерттеулері.
Әдебиеттердің тең екендігі туралы принцип. Қабылданатын әдеби құбылыстар. Қабылдаушы әдебиет. Қабылдаушы құбылыстардың таңдалуы. Әсер ету теориясының көнелігі. Әлемдік әдеби үдерістегі әдебиеттегі еуроцентристік, шығысценстристік басымдықты сынау. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттанудағы контактілі -типологиялық байланыстар (Дюришин, Дюма, Жирмунский, Алексеев). Генетикалық-контактілік байланыстар. Әлемдік әдебиеттанудағы сыртқы байланыстар.
Типологиялық байланыстар. Әдеби байланыстардың шарттылығы. Қоғамдық типологиялық ұқсастықтары. Әдеби типологиялық байла-ныстар. Психологиялық типологиялық өз ара байланыстары. Рецепция түрлері. Үн қосудың рецепцияның бір түрі екендігі. Рецепцияның пайдалы және зиянды түрлері. Рецепцияның интегральды түрлері. (аллюзия, алмасу, стильдеу, филиация, плагиат, бейімделу, аударма) Рецепцияның диференциалды түрлері. (полемика, пародия, травести, бурлеск)
Формальды, құрылымдық семиотикалық мектептер әдістемесі.
Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. Мәтін құрылымы мен мазмұнына назар аудару оның басты мақсаттарының бірі. Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский). Қоғамдық ғылымдар басқа ғылымдардың баспалдағы. Әдебиеттану мен лингвистиканың интеграциясы. Семиотика таңбалар жүйесі жөніндегі ғылым, ХХ ғасырдағы өз өзгешелігі бар пәнаралық ғылым. ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты. 1960 1970 жылдары семиотиканың екі мектебінің құрылуы, француздық (Клод Леви-Строс, Альгирдас Греймас, Цветан Тодоров, Ролан Барт, Юлия Кристева) және тарту-мәскеулік (Ю. М. Лотман, З. Г. Минц, И. А. Чернов - Тарту; В. Н. Топоров, Вяч. Вс. Иванов, Б. А. Успенский, И. И. Ревзин - Мәскеу).
Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану.
Салыстырмалы және әлеуметтік-тарихи әдебиеттанудың арақатынасы. Каузальдық дәстүр және әдеби мектептер. Субъект шығармашылығы себептерін оның эстетикалық актісін қалыптан тыс мақсат ретінде орнықтыру. ХХ ғасырдағы мектептер: (Сакулин, Переверзев, Луначарский, Бердяев, Френденберг, Поспелов т.б.) Әдебиеттегі зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері. Тарихи жарияланымдардағы әдебиетті зерттеу әдістері. Әдебиетті зерттеу әдіснамасының салыстырмалы-типологиялық және әлеуметтік сипаттамасы. Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру.
Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт.
Қазақстанда салыстырмалы әдебиеттанудың дамуы. Әлемдік әдеби үдеріс контексінде ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық байланысы. ХХ ғасырдағы қазақ және орыс әдебиеттері реализміндегі типологиялық ұқсастықтар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттану-ындағы мәселелер. Қазақстандағы салыстырмалы әдебиеттанудағы бағыттар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттануының негізгі даму тенденциялары. (Г.Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Е. Ысмайлов, Ж. Дәдебаев, Н. Жуанышбеков, М. Маданова, Ж. Тілепов, Б. Толмачев, С. Әшімханова, К. Рүстемова-Нұргали, А. Ишанова, Ф. Исмайлова).
Философиялық-эстетикалық әдебиеттану
Адам мен әдебиетті кешенді зерттеу принциптері. В. Казначеев, Е. Спирин ілімдеріндегі адамның космоғарыштық және әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі сипаты. Ноосфергенез және адамның ғылыми адамгершілік тұрғыда дамуы. Бахтин поэтикасының принциптері. Әдеби құбылыстарға ғалымдардың өз еңбектерінде философиялық эстетикалық тұрғыдан келу негіздері. (Г. Гегель, И. Гердер, И. Тэн, С. Кьеркегор, Х. Ортега и Гассет, Э. Баллер, У. Эко).
А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев еңбектеріндегі орыс космизмі мен философиясының бірлігі идеясы. О.Сүлейменов шығармашылығындағы мәдениет пен өнердің философиялық негіздері.
Мәдени тарихи дәстүрлер мектебі.
Мәдени тарихи дәстүр және оның мектептері. Мәтіндегі күрделі және көпфакторлы байланыстарды зерттеу және субект еркімен туған мәтінді мақсатты мәдниетті уақыт жағынан «үлкен» және «кіші» деп тану. И.Тэннің мәдени тарихи- мектебіндегі орта, уақыт, нәсіл үштік бірлігі туралы ілім, бұл мектеп дәстүрінің Батыс Еуропада дамуы (Де Санктис, В. Шерер, М. Мендес-и- Пелайо), Ресейде: Н. С. Тихонравов, А. Н. Пыпин. ХХ ғасыр мектептері: (Бахтин, Виноградов, Бройтман, Топоров, Михайлов, Манн, Чудаков, Аверинцев, Мелетинский).
М. Эпштейннің әдебиеттанудағы гуманистік мектебі.
А.В.Липатов әдебиеттануындағы тойымдылықтың холистикалық балама теориясы. Қазіргі әдебиеттанудағы бахтиншілдік. В.Хализев пен В.Рудневтің мәдениеттанушылық көзқарастары. В.Рудневтің Набоковтың «Ақ жалын» және М.Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» шығармаларын талдауы. Әдебиеттанудағы қазіргі философиялық мәдениеттанушылық концепциялар (феноменологиялық, герменевтикалық, рецептивті эстетика, ақпараттық теория, семиотика, құрылымдық лингвистика, философиялық (көркем) антропология, футурология,мәдениеттану).
М. Хасенов, Ж. Қаракөзова, М. Барманқұлов, В. Бадиков, К. Оразаева, М. Әуезов, А. Қайржанов сиқты Қазақстан ғалымдарының мәдениеттанушылық-әдебиеттанушылық концепциялары.
Мәтінтану мектебі.
Мәтінтану дәстүрі және оның мектептері. Мәтінді мақсатты түрде жазу және сақтау. Г. Пауль мен В. Перетцтің филологиялық мектебі, мәтінтанудың тууы. Қазіргі мектептері: Д.Лихачев, Н. Пиксанов.
Герменевтика дәстүрі мектебі.
Герменевтикалық дәстүр және оның мектептері. Мәтінді түсінуді мақсатты түрде санадан деп қабылдау. Гуссерльдің философиялық тұжырымы. ХХ ғасырдағы батыс мектептері. (Дильтей, Яусс, Гадамер). ХХ ғасырдағы орыс мектептері (Подорога, Линецкий). Рецептор (оқушы).
Әдебиеттануды қабылдау. Восприятие литературы. Герменевтика тарихы. Герменевтика принциптері. Түсіну. Пайымдау. Мазмұны. Мәні. Диалогты герменевтика деп түсіну. Дәстүрлі емес герменевтика. Герменевтика Қазақстан, Ресей, шет ел ғалымдары еңбектерінде .(В. Асмус, А. Белецкий, Ф. Шлейермахер, П. Гайденко, Г. Гадамер, М. Фуко, Г. Шпет, Г. Ишук, М. Кедрова, В. Кривонос, М. Науман, В. Прозорова, Л. Чернец, Г. Мучник).
Неомифологизм және мифопоэтика
Архаикалық және классикалық мифтерді оқытудың өзектілігі. Мифопоэтикалық сананы зерттеудің жолдары: психоаналитикалық, юнгтік, дәстүрлі-мифологиялық (Б. Малиновский, Дж. Фрейзер), символдық (Э. Кассирер), этнографиялық (Л. Леви-Брюль), структуралистік (К. Леви-Строс, М. Элиаде, В. Тернер), постструктуралистік (Р. Барт, М. Фуко) т.б. Мифопоэтика орыс ғалымдарының еңбектерінде (В. Я. Пропп и О. М. Фрейденберг). Мифологиялық сюжеттер мен сарындарды көркем шығармаларда пайдалану. Неомифологизмнің негізгі белгілері. Неомифологиялық поэтиканы дамытудағы Қазақстан ғалымдарының зерттеулері. (С. Қасқабасов, Р. Бердібаев, Б. Байтанаев, Н. Келімбетов, Е. Тұрсұнов). Салт-жоралғы-мифологиялық мектептер Р. Смит, Дж. Фрейзер, «кембридж» мектебі және оны ұстанушылар школа (Н. Фрай, М. Бодкин), Анри Бергсонның интуитивті мектебі, Б. Кроче, Ф. Ницшенің мәдени- философиялық мектебі, Р. Унгердің, В. Дильтейдің рухани -тарихи мектебі, Л. Гольдманның, П. Машердің әлеуметтік мектебі.
Структурализм және постструктурализм.
Структурализм қоғамтану ғылымдарындағы жаңа бағыт (лингвистика, әдебиеттану, этнография, тарих т.б.). Құрылымды табу тұрақты жиынтық қатынастар ретінде. Мәдениет таңбалар жүйесі жиынтығы ретінде. Алпысыншы жылдары Францияда таралуы (К. Леви-Стросс, М. Фуко, Р. Барт, Ж. Деррида); Әдеби құбылыстар мен мәтінді құрылым, семиотикалық жүйе ретінде қарастыратын әдебиеттанудағы бағыт. (Р. Барт, Ж. Деррида, Ж. Лакан, М. Фуко, И. Ильин, В. Некрасов, К. Бұзаубағарова, С. Әбішева).
Постструктурализм - философиялық және әлеуметтік қоғамтану саласындағы 1970-1980 жылдардағы структурализмді сынау мен жеңуге арналған жалпы атау. Құрылымдағыны құрылымдағысыз пайымдау. Тілдік құрылымдар көмегімен адам мен қоғамда пайда болған қайшылықтарды тануға тырысу. Лингвистикалық редукциянизмді жеңу, постструктуализмнің мақсаты ретінде жаңа тәжірибелік оқу құрылымын қою.
Әдебиеттанудағы феминистік бағыт
Қазіргі батысеуропалық феминистік таным. Мәдениетті ерлер құндылығы жүйесіне бағыттау. Дәстүрлі көзқарастарды феминистік жүйеде қайта қарау. Әйелдер әдебиеті тарихын қалыптастыруға ұмтылу, әйелдер образының бостандығын қорғау, мейірімділік пен басқа да ерекшеліктердің әйелден бастау алғанын қуаттау. Феминистік қозғалыстарды әлеуметтік сынау бағыттары. Феминистік әдебиеттанудың міндеттері, әлемді екіге жарып әділ қарауды орнықтыру, гендерлік бағыттағы әдебиет теориясын жасауға ұмтылу. Қазақстандағы әйелдер әдебиеттануы. Э. Шоре, Ю. Кристева, Э. Сиксу, Л. Иригарай, С. Кофман, Э. Шоуолтер және Ф. Исмаилованың «Феминистік имагология» еңбектеріндегі феминистік әдебиеттану мәселелері.
Ойын поэтикасы.
Ойын адам қызметінің бір түрі. Өнер және ойын. Л. фон Витгенштейн бойынша тілдік ойындар. Й. Хейзинги ойындарының концепциясы. Р. Кайо ойындарының типологиясы. Ойын поэтикасының жолдары мен ұстанымдары, әдебиеттегі ойындық сюжеттер. А. К. Ишанованың «Әдеби ойындар типологиясы. Бароккодан постмодернизмге дейін» кітабы бойынша әдеби ойындар типологиясы мен әдеби бағыттардағы әдеби қаһармандар классификациясы.
Постмодернистік әдебиеттану
Қазіргі философиядағы, өнердегі, әдебиеттану мен басқа да қоғамдық ғылымдардағы негізгі бағыттардың бірі. Постмодернизмнің объектісі негізінен мәтін. Постмодернизм қазіргі өнердің, философияның, ғылым мен саясаттың, экономиканың, сексенінші жылдардағы моданың теориялық қондырмасы секілді. Постмодернизмдегі жалпыға тән плюрализм. «мәдени ортақтық» немесе үзінді алу постмодернизмнің бір принципті белгісі. Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. Мәтін құрылымы мен мазмұнына назар аудару оның басты мақсаттарының бірі.Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский).
Интермәтіндік поэтика. Мәтін түсінігінің мазмұны. Мәтін филологиялық ұғым ретінде. Мәтін семиотика мен мәдениеттану ұғымы ретінде. Постмодернистік концепциялардағы мәтін.