Толыққанды азықтандырудың ғылыми негізі және азық қоректілігін бағалау
2.1. Азықтардың қоректілігін химиялық құрамы бойынша бағалау
Студент азықтың қоректілігі туралы, жануарлардың энергия, протеин, көмірсу, май минералды заттар мен дәрумендер қажеттілігін қанағаттандыру ерекшелігі туралы хабардар болуы тиіс; сондай-ақ студент жануарлар мен өсімдіктердің дене құрылысын, азық дердің зоотехниялық сараптамасының заманауи сызбасын білуі керек.
Азықтың органикалық қасиеттері жануар ағзасы үшін энергияның қайнар көзі және денеде ақуыздар мен майлардың түзілуі үшін материал болып табылатындығы мәлім. Сондықтан азықтың құрамына енетін басты химиялық элементтерді, сондай-ақ азықтың негізгі тағамдық қоректілігін құрайтын сол элементтердің күрделі байланыстарын білу керек.
2.2 Азықтарды қорытылатын тағамдық қоректіліктері бойынша бағалау
Ағзада азықты қорыту тамақтануының бірінші кезеңі болып табылатындығы белгіленген. Азықтың қоректілігін қорытылуы бойынша бағалау үшін студент азықтың тағамдық қоректілігіның қорытылуын анықтаудың әдісі мен техникасын, азықтың қорытылуына әсер ететін факторларды білуі керек. Қорытылу коэффициенті, азықтың тағамдық қоректілігіның қорытылуын арттыру жолдары туралы түсінік. Қорытылатын тағамдық заттардың сомасы (ҚТЗС) мен қорытылатын энергия құрамы азықтың энергетикалық қоректілігіның көрсеткіштері екендігін анықтап алу. Протеиндік қатынастың анықталуын және ауыл шаруашылық жануарларын тамақтандырудағы мәнін анықтау.
2.3 Жануар ағзасындағы зат пен энергия алмасу әдістерін зерттеу
Азықтың жалпы (энергетикалық) құнарлылығын бағалау.
Азықтың қоректілігін тек қорытылатын заттар бойынша бағалау жеткіліксіз, себебі қорытылу жануар ағзасының тағамдық заттарды өзінің өмірлік функцияларын жүзеге асыру үшін қалай қолданатындығын сипаттамайды. Осыған байланысты зат алмасу үрдісіндегіі қорытылатын тағамдық заттардың әрі қарайғы сандық және сапалық өзгерістері зерттеледі және жануарлардың оларды қолдану нәтижелері бойынша тағамдық заттардың өнімділікке, денсаулығына, қайта өндіру функцияларына және т.б. әсерін анықтайды.
Студентке азықтандыру кезіндегі жануардың ағзасындағы материалды өзгерістерді зерттеудің әдістерін меңгеру қажет: жануарларды бақылау әдісі, жануарларға ғылыми-шаруашылық және баланстық тәжірибелер қою. Ағзадағы азот және көмірсу балансын анықтау мәні. Респирациялық тәжірибелерде ағзадағы энергия балансын анықтау.
Студент азықтың энергетикалық қоректілігі туралы түсінікті; жалпы энергетикалық құндылықты бағалау әдістерін дамыту тарихын: азық дік эквиваленттер, қорытылатын тағамдық заттар (ҚТЗС) сомасы бойынша, скандинавтық азық бірлігі, крахмал эквиваленті, кеңестік (сұлы) азық бірлігі, зат алмасу энергиясы бойынша азықтың жалпы қоректілігін бағалау.
2.4 Азықтың протеиндік қоректілігі
Осы тақырыпты зерттеген кезде студент азықтың протеинді қоректілігін білуі тиіс. Ауыл шаруашылық жануарларын азықтандыруда ақуыздың және ақуыздық емес азотты заттардың рөлі. Студент өсімдік және жануар тектес азық дердің протеиндерінің аминоқышқылдық құрамын зерттеуі тиіс.
Жануарларды азықтандырудағы протеиннің су мен тұзда ерігіш қасиетінің мәнін анықтау. Күйіс қайтаратын жануарларды азықтандырудағы синтетикалық ақуыздық емес азотты қосылулардың (аммонийлі тұздар және басқалары) рөлі.
Студентке азық дік протеиндер мен факторлардың толыққандылығы мен олардың құраушыларын меңгеру. Азық протеиндерінің аминоқышқылдық құрамы жануарларды ақуыздық азықтандырудың толыққандылығының критерийі болып табылады. Азық қоспаларын даярлаған кезде қолданылатын және пайдаланылатын түрлі азық протеиндердің «қосымша» әрекеті қағидасын меңгеру қажет. Нитраттар мен нитриттердің жануарлар денсаулығына әсерін және бөлек тағамдық заттардың қолданылуын зерттеу.
Студент жануарларға протеин мен аминоқышқылдардың қажеттілігін және олардың жетіспеушілігі мен протеин бойынша рациондардың теңгерімсіздігін білуі тиіс. Протеиндік тамақтанудың толыққандылығын анықтайтын факторлар.
2.5 Азықтардың көмірсулық қоректілігі
Көмірсу өсімдік азық дерінің басым құрамдық бөлігі болып табылады (крахмал, қант, пентозандар, клетчатка). Оларды жазған кезде күйіс қайтаратын және моногастритті жануарларды азықтандыруда көмірсулардың түрлі формалары ас қорытуға, зат алмасуға және азық дердің сіңірілуіне әртүрлі әсер ететіндігін білу керек. Осылайша, мысалы, қазіргі уақытта жеңіл ферменттелетін көмірсулар (қант, крахмал) асқазан микрофлорасының өмірінде маңызды фактор болып табылатындығы белгіленген.
Аталған көмірсулар жетіспегенде әсіресе қант жетпегенде күйіс қайтаратын жануарлар рационында микрофлора қызметі нашарлайды, ал ол өз кезегінде протеиннің қолданылуына, клетчатка қорытылуына, минералды заттардың сіңірілуіне әсер етеді. Синтез бен ұшқыш май қышқылдарының түзілуі азайады, ол жануарлардың денсаулығына, сүт өнімінің деңгейі мен сапасына кері әсер етеді.
Студент көмірсулар қажеттілігін, көмірсудың жетіспеушілігі мен рациондағы теңгерімсіздігін, қантты-протеинді қатынастың оңтайлы деңгейін білуі және жазуы тиіс. Көмірсулық азықтандырудың толыққандылығы мен бақылау әдістерін анықтайтын факторлар.
2.6 Азықтардың липидтік қоректілігі
Осы тақырыпты жазар алдында студент липидтер мен алмастырылмайтын май қышқылдарының жануарларды азықтандырудағы мәнін анықтап алуы тиіс. Жануарлар денесінде алмастырылмайтын май қышқылдары синтезделмейді, сондықтан олар міндетті азық дермен жеткізілуі керек.
Студенттің липидтердің жалпы қажеттілігін және олардың жануарлар рационындағы жетіспеушілігінің көріну факторларын білуі қажет.
2.7 Азықтардың дәрумендік және минералдық қоректілігі
А, Д, Е және В тобының дәрумендерінің мәнін жазған кезде олардың жануарлардың азықтануы мен зат алмасуындағы мәніне назар аударған жөн. Студент дәрумендер жетіспеушілігін анықтайтын факторларды және дәрумендік азықтандырудың толыққандылығын білуі тиіс. Дәрумендер бойынша рациондар теңгерімсіздігінің танылу формалары. Азық дер мен препараттар – дәрумендердің қайнар көзі.
Минералды заттар ағзаның физиологиялық функцияларына, жануарлардың өнімділігі мен денсаулығына үлкен әсер етеді. Студент азық дердің минералдық заттарының жануарларды азықтандырудағы мәнін: макроэлементтер (кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, күкірт) және микроэлементтерді (темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод) зерттеуі тиіс.
Азықтар
2.8 Жасыл азықтар
Азықтардың бұл тобын зерттегенде жасыл конвейердің химиялық құрамына, қоректілігіна, диетикалық қасиеттеріне, сызбасына назар аударған жөн. Табиғи жайылым шөптері мен жасыл конвейер мәдениетінің құрамы мен қоректілігіның ерекшеліктерін зерттеген жөн. Студент ауыл шаруашылық жануарларының түрлі түрлері және жас топтары үшін жасыл шөппен азықтандыру нормаларын білуі тиіс.
2.9 Сүрлем мен пішендеме
Бұл азықтарды зерттеуді студент азық дерді сүрлеудің ғылыми негіздерінен және жоғары сапалы сүрлемді алу үшін қажетті жағдайлардан бастайды. Сүрлем жасауда қолданылатын шөптер мен шикі заттар мен негізгі дәнді дақылдар қажет. Сүрлем жасалатын орындарға қойылатын талаптар. Аралас сүрлем жасаудың ерекшеліктерін зерттеу. Азық дерді химиялық консервілеу кезінде қандай консерванттар қолданылады. Сүрлемнің химиялық құрамы, қоректілігі және оларды тиімді қолдану. Сүрлемге МЕМСТ.
2.10 Пішен
Бұл топтың азықтарын зерттеген және жазған кезде жоғары сапалы пішенді дайындаудың ғылыми негіздерін меңгерген жөн. Түрлі технологиялар бойынша шөпті кептіру пішеннің химиялық құрамы мен қоректілігіна қалай әсер ететіндігін білу. Студент пішеннің қоректілігі мен сапасына қойылатын МЕМСТ талаптарын білуі тиіс.
2.11 Сабан мен басқа да қара шөп
Азықтың бұл тобын зерттеген кезде студент түрлі дәнді дақылдар сабанының және басқа да ірі азықтардың химиялық құрамына назар аударған жөн. Басқа да ірі азықтармен танысу (бұтақты азық , жүгері дәндерінің өзектері, күнбағыс үлпектері, өзек және т.б.). Жануарлардың ірі азықтарды қалай жейтіндігін бақылап, ірі азықтардың тағамдық қоректілігін (механикалық, химиялық, термикалық, гидробаротермикалық) және азықтану нормаларын анықтау.
2.12 Шөп ұны және туралған сабан
Студент шөп ұны мен туралған сабанды дайындаудың ғылыми негіздерін зерттеуі тиіс. Химиялық құрамы, қоректілігі және ақуызды-дәруменді азық ретінде тиімді пайдалану. Шөп ұнындағы каротинді реттеу (түйіршектеу, антиоксиданттар, газдар және т.б.) әдістерін білу. Шөп ұны мен туралған сабан қоректілігі мен сапасына қойылатын МЕМСТ талаптарды зерттеу және ауыл шаруашылық жануарларын азықтандырудың оңтайлы нормаларын білуі тиіс.
2.13 Тамырлы азықтар мен бақша азықтары
Студент тамырлы азықтардың химиялық құрамы мен қоректілігін зерттеуі және жазуы тиіс. Осы топтың азықтарын жегізу, дайындау және жегізу техникасын білу.
2.14 Дәнді азықтар
Бұл топтың азықтарын сипаттаған кезде дәнді дақылдардың химиялық құрамы мен қоректілігін білген жөн және осы азық протеиндерінің биологиялық қоректілігіна назар аударған дұрыс. Дәнді азықтарды жануарларға жегізуге дайындау әдістерін меңгеру (ұсақтау, ашыту және т.б.). Осы азыққа қойылатын МЕМСТ талаптарын зерттеу. Оңтайлы қолдану және жегізу нормалары.
2.15 Техникалық өндіріс қалдықтары
Бұл топтың азықтары химиялық құрамы бойынша және қоректілігі бойынша алуан түрлілігімен сипатталады. Оларға қызылша қантты, спиртті, крахмалды, май экстракциялы, ұн өндірісінің азық өнімдері жатады.
Студентке түрлі қалдықтардың химиялық құрамының ерекшеліктерін жануарларды азықтандырудағы мәнін меңгеру қажет. Сақтау тәсілдері және әртүрлі жануарларға жегізуге дайындық әдістері. Оңтайлы қолдану және жегізу нормалары.
2.16 Жануар тектес азықтар
Студент әртүрлі жануар тектес азықтардың негізгі химиялық құрамын, қоректілігін, протеиндік қоректілігін біліп жазу керек (сүт азықтары, ет, балық шаруашлығының қалдықтары, басқа да жануар тектес азықтар). Азықтарды оңтайлы қолданудың және жегізу нормаларының негізгі принциптері.
2.17 Тепе-теңді азық қоспалары
Студент ірі қара малды және қойды азықтандыруда құрамында азоты бар қоспалардың (карбамид, аммоний тұздары, амидоконцентратты қоспа – АДҚ, сұйық концентратты қоспа - СКҚ) мәнін білуі тиіс. Жегізу және мөлшерлеу әдістері, сондай-ақ оларды тиімді қолдануға әсер ететін жағдайлар. Шошқаларды және құстарды ақуыздық азықтандырудың қандай жағдайларында синтетикалық амин қышқылдарын (метионин, лизин және басқалары) қолданатындығын білу керек.
Ақуыздық-дәруменді концентраттардың, азық ашытқыларының және микробиологиялды синтездің химиялық құрамы және қоректілігімен танысу. Препараттар атауын білу, қандай формада шығарылатындығынан хабардар болу. Түрлі ауыл шаруашылық малдары үшін дәрумен препараттарының қажеттілігін есептеу.
Студент сонымен қатар минералды азықтандыруды зерттеуі тиіс – олардың сипаттамасын, құрамын, жегізу нормалары мен тәсілдерін. Түрлі ауыл шаруашылық малдары үшін минералды азықтандырудың қажеттілігін есептеу.
2.18 Микробиологиялық синтездеу арқылы алынатын азықтық заттар
Өнеркәсіптік жолмен және шаруашылықта әзірленген азықтық ашытқылар. Ашытқылардың малға берілетін мөлшері, әзірлеу тәсілдері. Жаңаша микробиологиялық синтездеу арқылы алынған заттар.
2.19 Азотты қоспалар
Карбомид, аммоний тұздары: күкір қышқылды аммоний, сірке қышқылды аммоний, аммоний карбонаты. Азықтық карбомидке қойылатын талаптар. Азықтандыру мөлшері. Карбомид пен карбомид концентраты, оларды ірі қара мен қойға беру үшін әзірлеу. Қосымша азотты заттарды күйіс қайыратын мал азығы ретінде пайдалану, оған қажет жағдайлар. Жасанды лизин мен метионинді шошқа мен құсқа беру мөлшері, тәсілдері.
2.20 Минералды азықтар
Ас тұзы, бор, әк тастар, сүйек ұны, преципитат, азықтық фосфаттар, сапропель- көл, шөгіндісі. Микроэлемент тұздары: темір, йод, мыс, кобальт, мырыш, марганец тұздары. Минералды тұздардың сапасы, оған қойылатын талаптар.Минералды қосымша азықтарды малға беру тәсілдері мен мөлшері.
2.21 Азықтық антибиотиктер және басқа биологиялық әсері күшті заттар
Антибиотиктер, гормондық препараттардың, ферменттердің және басқа биологиялық әсері күшті заттардың зат алмасуына, мал өсуіне тигізетін әсері.
Кейбір өсімдіктер құрамындағы улы заттар, азық қоректілігінде әсер ететін заттар /антитрипсиндер, антиэкстрогендер, антивитаминдер, сапониндер, алколойдтар/ туралы түсініктер.
2.22 Құрама азықтар
Құрама азықтар туралы түсінік. Мал өнімділігін арттыруда құрама азық маңызы. Құрама азық түрлері. Ақзатты, витаминді, минералды азықтар. Премикстер. Құрама азықтарды түйіршіктеу. Құрама азық құрамына, сапасына қойылатын МЕМСТ талаптары. Құрама азық пайдалану және оны сақтау жолдары.