3.1 Малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығын анықтау
Қоректік заттарға мұқтаждық туралы түсінік, қоректік затқа деген мұқтаждығын малдың физиологиялық жағдайына, яғни өсуіне, сүйемелді азықтануына, буаздығына, сауылу мерзіміне, бордақылау кезеңіне қарай анықтау.
Малдың қоректік затқа қажеттігінің, буаздық сипатына, тұқымдық аталық мал пайдалануына байланыстылығы. Толық құрамды азықтандырудың мал өсімталдығына, сапасына тигізетін әсері.
Өсімтал малдың қоректік затқа деген мұқтаждығы, етке сойылатын жас малға қажеттік қоректік заттар мөлшерінің өсу барысында өзгеруі.
Төлдің өсу қарқыны, тіршілікке бейімділік дәрежесін қамтамасыз етуде құнарлы да сапалы азықтың атқаратын ролі. Бордақылаудағы малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығын өтеу, оның ерекшелігі.
Сауын малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығын өтеу. Оны толық құрамды азықпен азықтандырудың уыз бен сүт сапасына тигізетін әсері.
Өндірістік технология бойынша өсірілетін малды азықтандыруға қойылатын талаптар.
Күіс қайтаратын малдың ас қорыту ролі ( витаминдер түзілуі, протейн мен көмірсу қорытылуындағы өзгерістер)
Қарынға келіп түскен азықтардың фермент әсерімен ыдырауы, мұның күйіс қайтаратын мал өнімділігіне тигізетін әсері.
3.2 Мөлшерлеп азықтандыру негіздері
Мөлшерлеп азықтандыру жүйесі, негізгі элементтері, азықтандыру нормасы құрамы мен құрылымы, рациондары, қоректік заттар қоры, азықтандыру әдістері, рационның толық құрылымы, құрамдылығы, тепе- теңдігі. Технологиялық азықтандыру нормасы дегеніміз- малдың қоректік заттарға деген мұқтаждығының орташа көрсеткіші. Бөлшектенген азық нормасы оның мәні.
Азықтандыру құрылымының түрлері, мөлшерлеп азықтандыру. Азық рационы және олардың құрылысы. Рациондарды мал түріне, жасына қарай және олардың жасына қарай азық өндірілген өнім ерекшеліктеріне икемдей құру. Оларға қойылатын талаптар.
Топтастырып азықтандыратын малға арналған азық мөлшері мен рациондар.
Электрондар есептеу машинасы көмегімен рацион құру үшін қажет мәліметтер жинау, бұған қойылатын зоотехни калық талап. Мал түріне, жасына қарай азықтандыру тәсілдері олардың ерекшеліктері. Мал мен құс денесіндегі қоректік заттар қорының мөлшерлеп азықтандырудағы маңызы.
Мал түріне, жасына қарай толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу тәсілі.
3.3 Ірі қараны мөлшерлеп азықтандыру
Сиырды азықтандыру. Сиырды өндіріс айналымына сәйкес азықтандыру, ондағы ерекшеліктері, азықтандырудың үздіксіз цехтық әдісін пайдалану.
3.4 Буаз сиыр мен құнажынды азықтандыру
Сиырды суару кезеңінде толық құрамды рационмен қажет деңгейде азықтандыру, оның бұзау тіршілігіне, сиыр өнімділігіне және денсаулығына тигізетін әсері.
Қоректік заттарға деген мұқтаждық, азықтандыру нормасы. Негізгі азықтар, рациондар, олардың құрамы,азықтандыру тәсілдері. Қоректік заттар қорының маңызы. Толық құнды рационмен азықтандыру жұмысын қадағалау тәсілдері.
3.5 Сауын сиырларды азықтандыру
Студент қоректік заттарға деген мұқтаждықтарын: тіршілік ету, сүт өндіру, қосымша салмақ қосу үшін қажет қоректік заттар мөлшері анықтау. Азықтандыру нормасы. Фермерлік шаруашылықтарда рациондар, бұған қажет азықтар, мал азықтандыру тәсілдері. Сиыр-құнажындарды сау кезеңінде, суалтарда, сауылғаннан кейін нормалап азықтандыру. Сауын сиырларды жаз айларында азықтандыру. Көп жылдық мәдени және табиғи жайылымдарды пайдалана отырып, рациондар құру, теңестіру ерекшеліктері. Сүтті сиырларды азықтандыру. Азық және сүт сапасы. Сүт фермасының теңгерімі. Сүт өнімділігінің сапасына азық пен рационның әсері.
3.6. Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру.
Толық құрамды рационмен жоғары деңгейде азықтандырудың бұқа ұрығына тигізетін әсері зерттеу. Азықтандыру нормасы. Азық рациондары, олардың құрамы. Азықтандыру тәсілдері. Бұқаны тұқымдық мал өсіретін шаруашылықтарында өсіру ерекшеліктері. Бұқаларды толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын қадағалау, оның тәсілдері.
3.7 Бұзау, тайыншаларды азықтандыру
Бұзау-тайынша өсіруге қажет азықтандыру деңгейі , оның типі мен тәсілдері. Енесін еміп жүрген кезде одан кейінгі кезеңде толық құрамды рационмен азықтандыру, бұзаудың өсу энергиясын күшейту, бұзау денесінде зат алмасуын үдету, оны әр-түрлі аурулардан сақтандыру негізі . Бұзау емізу, толық құрамды рационмен келесі кезеңідерде азықтандыру, оның болашақ өнімділігіне тигізетін әсері. Уызбен қоректендіру, сүт ему кезеңдерінде, одан кейінгі мерзімдерінде қолданылатын азықтандыру нормасы, үлесі мен тәсілдері. Қолдан жасалынған сүт, сүт аралас азықтар.
Етті бағыттағы малдардың бұзауларын өсіру ерекшеліктері, енесін еміп жүрген бұзауларды топтастырылған мөлшермен азықтандыру. Төл азықтандыруда толық құрамды рационның мәні, азықтандыру нәтижелігін анықтау әдістері.
Одан әрі өсіруге қалдырылатын бұзауларды азықтандыру ерекшеліктері.
3.8 Бордақылайтын ірі қараны азықтандыру
Ет өндіру үшін өсірілетін бұзау тайыншалар мен ересек малды азықтандыру ерекшеліктері. Әр жастағы малды семіртуге қажет қоректік заттар, азықтандыру нормалары.
Бордақылау түрлері мен үлгілері. Малды жайып семірту, азықтандыру мөлшері, азық рационы, оның құрамы мен азықтандыру тәсілдері малды семіртуде тамақ өнеркәсібі қалдықтарын, сүрлем, пішендеме, көк шөп пайдалану. Өнеркәсіптік кешендерде мал бордақылдау ерекшеліктері. Бордақыланатын малды толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу.
3.9 Қой мен ешкіні азықтандыру
Азық түрлерін тиімді пайдалануда қойдың биологиялық ерекшеліетерінің маңызы. Қой, ешкіні құнарлы азықпен азықтандырудың жүн, түбіт сапасына тигізетін әсері. Қошқарлар мен саулықтарды ұрықтандыру науқанына әзірлеу кезеңінде буаз және енесінен ажыратылған қозыларды азықтандыру. Өсімге қалдырылатын төлді азықтандыру, оның мөлшері. Қойды жайылымда және қорада бағу оны ұйымдастыру. Қой ешкіні толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу оның тәсілдері.
3.10 Шошқаны мөлшерлеп азықтандыру
Ет өндіру үшін өсірілетін шошқаны пайдаланудың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері (ас қорыту ерекшеліктері, өсімталдығы, төлдегіштігі).
Өнеркәсіптік кешендерде шошқаны мөлшерлеп азықтандыру ерекшеліктері, шошқаны азықтандыруда протеин, витаминдер және минералды заттарды нормалау ерекшеліктері.
3.11 Буаз және торайланған мегежіндерді азықтандыру
Азықтандырудың мегежін төлдегіштігіне, сүттілігіне, торай сапасына тигізетін әсері. Өнеркәсіптік кешендерде шошқа азықтандыру ерекшеліктері. Буаз және торайларды емізіп жүрген мегежіндерді азықтандыру, оның нормалары, азық рациондары үлгілері, азықтандыру тәсілдері. Негізгі азықтар: құрама азық , құрама сүрлем, тамыр- түйнек азықтар, көк шөп және пішен ұны. Аналық шошқаны жазғы лагерьде азықтандыру ерекшеліктері.
3.12 Қабандарды азықтандыру
Қабан азықтандыру оның жасына, пайдалану қарқынына байланысты азықтандыру нормасы, азық рациондары, азықтар, азықтандыру тәсілдері.
3.13 Торайларды азықтандыру
Сүт еметін торайлардың ас қорыту ерекшеліктері. Енесінен ерте ажыратылған торайларды өсіру ерекшеліктері. Енесінен ажыратылған және өсімге қалдырылған торайларды азықтандыру. Азықтандыру үлгілері. Азықтандыру тәсілдері. Толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу.
3.14 Шошқаны бордақылау
Бордақылау типтері, осыған орай қоректік заттарға деген мұқтаждық, яғни азықтандыру тәсілдері, азық рациондары, олардың құрамы, етті шошқа семірту үшін майлы, етті-майлы (бекон) бағыттарда бордақылау үшін шошқаны мөлшермен азықтандыру, оның ерекшеліктері, азықтарға қойылатын талаптар. Шошқа бордақылауда пайдаланылатын азықтар: құрама азық , қоспалар (БВМК), тамақ қалдықтары, жергілікті азықтар, көк шөп, құрама сүрлем, тамыр-түйнек азықтар т.б. Өнеркәсіп типтес шаруашылықтарда шошқаны нормамен азықтандыру ерекшеліктері. Азық құрамындағы майлардың шошқа етіне тигізетін әсері. Шошқаны толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу.
3.15 Үй құстарын мөлшерлеп азықтандыру
Үй құстарының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін, қоректік заттарға деген мұқтаждығыын есептеп шығару.
Құсты құрғақ және құрама азықпен азықтандыру кезінде энергия, протеин және басқа қоректік заттар мөлшерін мөлшерлеу принципі. Тауықты азықтандыру. Мекиен мен тұқымдық тауықтарды азықтандыру мөлшері, қоректік заттарға деген мұқтаждығын анықтау. Азықтар, азық рациондары, олардың құрамы, азықтандыру тәсілдері. Әр түрлі тұқымға жататын тауықтардың жұмыртқалау кезеңдері, ауа температурасының жоғарылауы, осы факторларға байланысты нормамен азықтандыру, оның ерекшеліктері. Толық құрамды рационмен азықтандырудың жұмыртқа сапасына, оны инкубаторда бастыруға тигізетін әсері. Ет өндіруге арналған құстарды азықтандыру. Күркетауық пен суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері. Азықтандыру нормалары, азықтар, азықтандыру тәсілдері. Толық құрамды рационмен азықтандыру, оның жұмысын бақылауға алу тәсілдері.
3.16 Өсімтал құстарды азықтандыру
Жас құстардың зат алмасу ерекшеліктері. Оларды нормалап азықтандыру.
Тұқымға қалдырылған жас құс өсу кезеңдерінде азықтандыру ерекшеліктері. Бройлер мен балапандарды азықтандыру. Азықтандыру нормасы, азық рациондары, азықтар, азықтандыру нәтижелерін тексеру тәсілі.
3.17 Жылқыны мөлшерлеп азықтандыру
Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері. Жұмыс атының қант тектес заттарға (көмірсуға), протеинге, минералды заттарға және витаминдерге деген мұқтаждығын анықтау (дәлелдеу). Азықтандыру мөлшері. Азықтар, азық рациондары, азықтандыру тәсілдері. Тұқымдық жылқы (айғыр, буаз бие, құлынын емізіп жүрген бие), құлынды азықтандыру мөлшерлерін анықтау, азықтар, азық рациондары, олардың құрамы, азықтандыру тәсілдері. Енесін еміп жүрген құлын мен енесінен ажыратылған құлынды азықтандыру ерекшеліктері. Спорт аттарын азықтандыру.