5 Курстық жұмысты безендіру

Курстық жұмыстың соңында суреттер мен қосымшалар (егер болса) тіркелуі қажет. Олар нөмірленеді міндетті түрде аты мен нөмірі болуы қажет.

Безендірілген курстық жұмыстың мәтіні А4 формат түрінде, өрістің сол жағы 2,5 см, оң жағы 1 см, астыңғы, үстіңгі жағы 1,5 см болуы қажет. Беттің нөмірі араб санымен, беттің үстіңгі оң жақ бұрышына қойылады.

Титулдық беті берілген шарт бойынша безендіріліп (А қосымшасы), орындаушысы жазылады. Титулды беттен кейін аннотация жазылған беті қойылады. Беттің азат жолы 1,25 кейін жазылады.

Мәтінге кесте құрған кезде, кестенің нөмірі мен аты жазылады. Егер курстық жұмыстың мәтінін жазған кезде суреттер қойылатын болса, онда жақшаның ішінде суреттің сілтемесі, нөмірі және аты жазылады, ал суреттің өзі курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттерден кейін қойылады.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен тұрады, жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.

Курстық жұмыс өз дәрежесінде орындалмаған жағдайда, тексеруге жіберілмейді. Ескерту болған жағдайда, жұмысты соңына дейін бітіріп, жұмыс қайтадан тексеріске тапсырылады, мәтін бойынша түзетулерге жол берілмейді.

Орындалған курстық жұмыс оқу тобындағы студенттердің алдында қорғалады және есеп беріледі. Оның орындалуы мен қорғалуының сапасын тексеру нәтижесі бойынша жұмыстың мәселелерін шешкеннен кейін, оқытушы студенттің курстық жұмысын бағалайды.

Емтиханға немесе сынаққа курстық жұмысты қорғаған студенттер жіберіледі.