Бұл бөлімді орындау кезінде
жануарлар немесе құстардың бас санын және азықтандыру рационын біліп, азықтың жылдық қажеттілігін есептейді. Азық рационын жұмыс дәптерінен жануар немесе құс түріне, олардың өнімділігіне байланысты және шаруашылықтың орналасу аумағын ескере отырып таңдайды.
Әр азық түрінің тәуліктік шығыны (кг)
Кейде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тәжірибесінде азықтардың қажеттілігін анықтаудың қарапайым әдістемесін қолданады, яғни азық қажеттілігін «шартты бас санына» есептейді.
Жануарлардың фермадағы немесе кешендегі шартты бас санын келесі формула бойынша анықтайды
Шаруашылық бойынша азық қажеттілігін есептеу үлгісі
Азық қажеттілігін мал шаруашылығының әрбір саласы бойынша есептеу, мысалы сүтті бағыттағы мал шаруашылығы үшін жануарлардың болжанатын өнімділігіне байланысты 1 сиырға азық шығынын болжанатын бас санына әрі қарай көбейту арқылы шығарылады. Есеп келесі форма бойынша жүргізіледі (кесте 2 )
Кесте 2 – Сүтті бағыттағы малдар үшін азықтың жылдық қажеттілігін есептеу (орташа жылдық сауын 4000 кг)
Мысалы. Жылдық сауыны 4000 кг болатын сиыр үшін 64,4 ц ЭКЕ қажет (кесте 1). Азық қажеттілігін есептеу келесідей тәсілмен жүргізіледі:
1. Жылдық рационның құрылымынан басқа азықтар есебінен қанша ЭКЕ келетінін табады. Сонымен бірге энергетикалық азық бірліктерінің (ЭЖБ) жалпы қажеттілігі 100 % ретінде алынады. Мысалы, өнімділігі 4000 кг болатын сиырдың жылдық рационында пішен үлесіне рационның энергетикалық қоректілігіның 12 % келуі тиіс.
64,4 ц ЭКЕ - 100 %
Х ц пішен - 12 % пішен есебінен (5)