Ағзалардың ортаға икемделуі – бейімделу (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Кез келген тірі ағзаға әсер ететін ортаның экологиялық факторлары, негізінен, абиотикалық және биотикалық болып екіге бөлінеді.
Биотикалық факторлар – бұл тірі заттардың бір-біріне әсер ету ықпалы.
Абиотикалық факторлар – бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері: оларға физикалық және химиялық факторлар жатады. Өлі табиғаттың физикалық факторлары: ғарышитық, климаттық, топырақтық, орографиялық, геологиялық. Өлі табиғаттың химиялық факторлары: ауа, судың құрамдас бөліктері, қышқылдық және өнеркәсіптік басқа да қоспалар жатады.
Антропогендік факторлар – бұл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне әкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының әрекеттілігінің түрлері.
Жағдайдың шектеулі диапазонында өмір сүретін ағзаларда микроклимат үлкен роль атқарады.
Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Жаңбырлы бұлттарға таулар барьер бола алады
Аутэкологияның (грек. autos - өзім) мақсаты – дарақтардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін және физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатаын шектеулерін нақтылау болып табылады.
Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Осылайша аутэкология дарақтардың сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Осы қатынастардың негізінде ағзаның ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Кез келген экологиялық зерттеу осы реакцияларды зерттеуден басталады. Алайда аутэкология дарақтардың емес, түрлердің экологиясын зерттейді деген жаңсақ пікір бар. «Аутэкология» терминін 1896 жылы Шретер нақты түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізгенін айта кету керек.
Дарақтар экологиясын зерттеуде негізгі назар биохимиялық реакцияларға, газ алмасу қарқындылығына, судың алмасуына және ағзаның күйін анықтайтын басқа да физиологиялық үрдістерге аударылады. Бұл зерттеулерді жүргізгенде салыстырмалы-экологиялық және экологиялық-географиялық әдістер кеңінен қолданылады, тіршіліктің түрлі кезеңдерінде ағзаның сыртқы әсерлерге деген қалпы мен реакциясы салыстырылады (тәуліктік, мезгілдік белсенділік). Аутэкологиялық зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-әрекеттігімен байланысқан ортаның ластануының, табиғи және жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.
3 Модуль бойынша тәжірибелік жұмыс
1. Орман, ағаш қорлары
2. Орманның экономикалық ресурстары
3. Су ресурстары
4. Атмосфера және оның ластануы
5. Жер қоймасы әртүрлі мемлекеттерде қазба байлықтар қоры
6. Табиғатты пайдалануда болжау және басқару, қоршаған орта туралы заңдар