"Организм және орта" модулі бойынша тест сұрақтары

  • Мұхиттағы тірі ағзалардың таралуын шектейтін экологиялық фактор
  • A. ылғалдылықтың астам қоры мен қорек жетіспеуі

    B. оттегінің жетіспеуі

    C. жылу мен ылғалдылықтың жетіспеуі

    D. қорек пен ылғалдылықтың жетіспеуі

    E. ылғалдылықтың жетіспеуі

  • Жердің су қабаты қалай аталады?
  • A. гидросфера

    B. атмосфера

    C. литосфера

    D. биосфера

    E. стратосфера

  • Судың ауру тудырушы микроорганизмдермен ластануы қалай аталады?
  • A. биологиялық

    B. химиялық ластану

    C. физикалық

    D. физикалық және химиялық

    E. атмосфералық

  • Судың жылу немесе радиоактивті заттармен ластануы қалай аталады?
  • A. физикалық және химиялық

    B. биологиялық

    C. физикалық

    D. химиялық ластану

    E. атмосфералық

  • Су ортасын мекен етушілірдің аталуы?
  • A. гидробионт

    B. гигрофиттер

    C. паразит

    D. мезофит

    E. ксерофит

  • Құм өсімдіктері қалай аталады?
  • A. псаммофиттер

    B. гелиофиттер

    C. гидатофиттер

    D. ксерофиттер

    E. мезофиттер

  • Суық сүйгіш ағзаларды ата?
  • A. креофилдер

    B. гигрофилдер

    C. термофилдер

    D. ксерофилдер

    E. психрофилдер

  • Орта ылғалдылығы орташа жерлерде тіршілік ететін өсімдік топтары қалай аталады?
  • A. мезофиттер

    B. ксерофиттер

    C. гигрофиттер

    D. суккуленттер

    E. мезофиллы

  • Ылғал сүйгіш жануарлар қай топты жатады?
  • A. гигрофилдер

    B. мезофилдер

    C. ксерофилдер

    D. гидрофиттер

    E. гидатофиттер

  • Көлеңке сүйгіш өсімдіктер:
  • A. сциофиттер

    B. гелиофиттер

    C. псаммофиттер

    D. ксерофиттер

    E. галофиттер

  • Судың бетінде ағысқа байланысты жүзетін ағзаларды атаңыз?
  • A. планктон

    B. гидробионт

    C. гигрофит

    D. мезофит

    E. ксерофит

  • Экологиялық факторлардың қолайлы аймағы қалай аталады?
  • A. оптимум

    B. пессимум

    C. минимум

    D. максимум

    E. төзімділік аймағы

  • Фактордың жабырқандылық әсер ететін аймағы?
  • A. пессимум

    B. оптимум

    C. минимум

    D. максимум

    E. төзімділік аймағы

  • Көл қандай экожүйеге жатады?
  • A. мезоэкожүйе

    B. микроэкожүйе

    C. макроэкожүйе

    D. әлемдік экожүйе

    E. экосфера

  • Үнді мұхиты қандай экожүйеге жатады?
  • A. макроэкожүйе

    B. мезоэкожүйе

    C. микроэкожүйе

    D. әлемдік экожүйе

    E. экосфера

  • Судың жылу немесе радиактивті заттармен ластануы қалай аталады?
  • A. физикалық

    B. химиялық

    C. атмосфералық

    D. биологиялық

    E. физикалық және химиялық

  • Осы экожүйелердің ішінде қайсысы табиғи биоценоз?
  • A. орман

    B. алаң

    C. егіс даласы

    D. бақша

    E. батпақ

  • Судың санитарлы-биологиялық көрсеткіштеріне жатады:
  • A. коли-титр, иіс, түсі, тұз құрамы, pH

    B. түсі, коли-индекс

    C. тұз құрамы, рН

    D. коли-титр, коли-индекс, вирустар

    E. вирустар, бактериялар

  • Қазақстанны ең басты су артериясы
  • A. Ертіс

    B. Жайық

    C. Есіл

    D. Еділ

    E. Сырдария

  • Суды ластаушылар:
  • A. гидрополлютанттар

    B. аэрополлютанттар

    C. детергенттер

    D. пестицидтер

    E. планктон

  • Судың ең көп таралған химиялық ластаушылары (теңіз экожүйелер)
  • A. мұнай және мұнай өнімдері

    B. пестицидтер

    C. детергенттер

    D. радиактивті заттар

    E. сілтілер

  • Гидросферадағы тұщы судың көлемі:
  • A. 3%

    B. 25%

    C. 0,5%

    D. 0,3%

    E. 17%

  • Ылғалдылығы жоғары жерде өсетін өсімдіктер қалай аталады?
  • A. гигрофиттер

    B. псаммофиттер

    C. гедатофиттер

    D. мезофиттер

    E. ксерофиттер

  • Құрғақ, орта температурасы жоғары жерде өсетін өсімдіктер қалай аталады?
  • A. ксерофиттер

    B. псаммофиттер

    C. гедатофиттер

    D. мезофиттер

    E. гелиофиттер

  • Топырақ ағзаларын қалай атаймыз?
  • A. эдафобионттар

    B. гидробионттар

    C. аэробионттар

    D. эврибионттар

    E. доминанттар