7 Кәсіпорындағы тәуекелдерді басқару әдістері және мониторинг


Тәуекелдерді басқару стандарттары (RiskManagement Standard) – Ұлыбританиядағы менеджмент мәселелерімен айналысатын бірнеше жетекші ұйымдардың-тәуекелдерді басқару институтының (IRM), сақтандыру тәуекелдерін басқару қауымдастығының (AIRMIC), сондай-ақ қоғамдық сектордағы тәуекел менеджментінің ұлттық форумының бірлескен жұмысының нәтижесі. Негізгі халықаралық стандарттар:

- COSO ERM Enterprise Risk Management-Integrated Framework (2004). Құрастырушы – Committeeof Sponsoring Organizationsofthe Treadway Commission (COSO). Тәуекел ұйымның алға қойған мақсаттарына жетуіне теріс әсер етуі мүмкін оқиға ретінде қарастырылады;

- ISO 31000:2009. Risk management – principles and guidelines (Тәуекелдер менеджменті принциптері мен ұсыныстары).ISO 31010:2009. Risk management – risk assessment techniques (Менеджмент рисков тәуекелдерді бағалау бойынша нұсқаулық). Құрастырушы – InternationalOrganizationforStandardization. Тәуекел оқиғаның ықтималдығы мен оның салдарының тіркесімі ретінде қарастырылады;

- Risk management standard (Тәуекелдерді басқару стандарты). Құрастырушы – FederationofEuropeanRiskManagementAssociations. Тәуекел оқиғаның ықтималдығы мен оның салдарының тіркесімі ретінде қарастырылады.

Тәуекелдi басқару әдiстерінің осы тобына жауапкершілік үшінші тұлғаға ауысқандағы барлық әрекеттер де жатады. Ол үшiн кепiлдердi iздестiрудi немесе кәсiпкерлiк тәуекелдiктi сақтандыру жүзеге асырылады. Тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері 7.1-кестеде көрсетілген.

7.1-кесте – Тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері

Тәуекелді басқару әдісі

Тәуекелді басқару әдісіне сәйкес келетін шаралар

Тәуекелді болдырмау

Тәуекел деңгейі тым жоғары қаржылық операцияларды жүзеге асырудан бас тарту.

Қарыз капиталын үлкен көлемде пайдаланудан бас тарту.

Төмен өтімді нысандарда ағымдағы активтерді шамадан тыс пайдаланудан бас тарту.

Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларында уақытша бос ақша активтерін пайдаланудан бас тарту.

Тәуекелді лимиттеу

Шаруашылық қызметте пайдаланылатын қарыз қаражатының шекті мөлшері.

Жоғары өтімді нысандағы активтердің минималды мөлшері.

Бір сатып алушыға берілетін тауарлық (коммерциялық) немесе тұтынушылық несиенің максималды мөлшері.

Бір банкте орналастырылған депозиттік салымның максималды мөлшері.

Бір эмитенттің бағалы қағаздарына инвестицияның максималды мөлшері.

Дебиторлық берешекке қаражатты бөлудің максималды кезеңі.

Хеджірлеу

Фьючерстік келісімшарттарды қолдана отырып хеджирлеу.

Опциондар арқылы хеджирлеу.

Своп операциясын қолдана отырып хеджирлеу.

Диверсификациялау

Қаржылық қызмет түрлерін әртараптандыру. Кәсіпорынның валюталық портфелін әртараптандыру.

Депозиттік портфельді әртараптандыру.

Несиелік портфельді әртараптандыру.

Бағалы қағаздар портфелін әртараптандыру.

Нақты инвестициялау бағдарламасын әртараптандыру.

Тәуекелдерді бөлу

Инвестициялық жобаға қатысушылар арасында тәуекелді бөлу.

Кәсіпорын мен шикізат жеткізушілері арасында тәуекелді бөлу.

Лизинг операциясына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу.

Факторингтік (форфейтингтік) операцияға қатысушылар арасында тәуекелді бөлу.

Өзін-өзі сақтандыру

Кәсіпорынның резервтік (сақтандыру) қорын қалыптастыру.

Бюджеттер жүйесінде қаржы ресурстарының резервтік сомаларын қалыптастыру.

Кәсіпорынның айналым активтерінің жекелеген элементтері бойынша материалдық және қаржы ресурстарының сақтандыру қорлары жүйесін қалыптастыру.

Есепті кезеңде алынған пайданың бөлінбеген қалдығы.

Егер ұйымның меншiктi көздерінен ысырапты өтеуді алып тастасақ, онда сақтандыру өтемді алудың неғұрлым тез тәсілі болып табылады.  Дегенмен осы әдiс үшiн белгiлi шектеулер де болады:

- сақтандырушымен сұралатын сыйлықақы тым үлкен болуы мүмкiн;

- тәуекелдiң кейбiр түрлерi сақтандырушымен сақтануға қабылданбауы мүмкiн; мысалы, егер тәуекелдi өткiзу ықтималдығы өте жоғары болса.

Егер басшылық сақтандыруды пайдалануды шешсе, онда сақтандыру фирмасына біртекті үндеулер жазбай, қорғаныстың кешендi бағдарламасын әзiрлеу қажет. Бұл бағдарламаның құрамы мен құрылымы олар қызмет ететін нақты кәсiпорыннан және шарттарынан бағынышты болады. Айтқанімен де олардың жалпы ережесін анықтауға болады:

- жазатайым оқиғаларынан мүлiктi және мүлiктiк құндылықтарды сақтандыру (ғимарат, жабдық, қойма қорлары және тағы басқалар);

- жүк ағындарын сақтандыру (қабылданатын және аттанатын);

- жалпы азаматтық жауапкершiлiктi (мысалы, қоршаған ортаға зиянды әсер ету тәуекелі), сонымен бiрге жұмыс берушiнiң қызметкерлерi алдындағы жауапкершілігін (мысалы, жұмыс орнында жарақат алу тәуекелі) сақтандыру;

- қызметкерлердің өмiрiн және денсаулығын сақтандыру.

Егер кәсiпорында кешенді сақтандыру үшін қаражат жетпесе, неғұрлым үлкен ысыраптармен байланысты тәуекелді бөліп оны сақтандыру қажет.

Егер сақтандыру компаниясы мен сақтандырушы  аралығында өтеу өлшемдері (сақтандыру сомасы) және сақтандыру өтемақылары туралы  келiсiм болса, онда келісім шарт жасалады, ал сақтандырушы арнаулы құжат алады ‑ сақтандыру полисi немесе куәлiк, онда негiзгi реквизиттерден басқа мыналар көрсетіледi:

  • сақтанушы және сақтандырушы - компанияның реквизиттерi;
  • сақтандырудың объектiсi;
  • сақтандыру сомасының өлшемi;
  • сақтандыру тәуекелi;
  • сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі және мөлшері;

- келісім шарттың қолданылу мерзiмі;

- келiсiм шарттың қосымша шарттары.

Сақтандыру жағдайында сақтандырушы құқық қорғау органдарынан, банктерден және жағдай туралы ақпараты бар басқа ұйымдардан қосымша ақпарат сұрастыруына болады. Одан басқа, ол осы жағдайдың болуын өзіндік анықтауы мүмкін.  Егер сақтандыру жағдайы сақтандырушымен арандатылмаса, сонымен бiрге сақтандыру сомасы төленбейтін басқа шарттарды болмаса, онда сақтандырушы келісім шартта белгіленген сомасы мөлшерінде сақтанушыға келтірген ысырапты өтейді.

Сақтандыру шарты жеке жағдайларда қайта қарастырулуы мүмкін. Мысалы, егер сақтандырушы тәуекелдiң ықтималдығын төмендетуге немесе сақтандыру объектісінің құнын жоғарылатуға бағытталған қандайда бір шараларды жүзеге асырса.

Сенiмсiз серiктестерден және шаруашылық тәуекелді сақтандырудан бас тартудан басқа тәуекелден ауытқудың кепілдік әдісі туралы айытқанбыз. Оны неғұрлым тереңірек қарастырайық.

Тәуекелді беру шағын және ірi кәсiпорындармен де (трансфер) пайдаланылады. Және де, бiрiншiлер үшiн әдеттегiдей гарант ретiнде iрi компаниялар, ал екiншi үшiн ‑ мемлекеттiк басқару органдары шығады. Мұндай мәмiле берушіге (трансфер) де және қабылдаушы (трансфери) жақтарға да тиiмдi. Бұған келесі себептер дәлел:

- беретiн жақ үшiн ұлы ысырап, қабылдайтын жағы үшiн шамалы болуы мүмкін;

- қабылдайтын жақ ысыраптарды қысқарту үшiн жақсы мүмкiндiктерге ие болуы мүмкін;

- қабылдайтын жақ шаруашылық тәуекелiн бақылау үшiн және ысырапқа жол бермейтін жақсы позицияда болуы мүмкін.

Тәуекелдi беру барысында тиiстi шарт жасалады. Оның iшiнен кең таралғандарға келiсiмдердiң келесi түрлерiн жатқызуға болады.

Құрылыс шарттары жаңа құрылыспен, құрылыс компаниясымен байланысты барлық тәуекелдердi беруді болжайды. Бұл жеткізу барысындағы түрлі кедергілер, табиғи жағдайлар және т. б. Объектіні уақытында тапсырмау, құрылыс кезіндегі оның құрылымының зақымдануы бір жақтыңсәйкес жауапкершілігін баурайды. РФ азаматтық кодексінде объектінің кездейсоқ зақымдануы кезінде ны тапсырғанға дейін делдал жауапты болады деп айтылған. Егер осындай зақымдану тапсырушымен берiлген сапасыз материалдарды немесе құралдарды пайдалану салдарынан болса, онда жауапкершiлiк тапсырысшыға жүктеледі.

Жалға беру – тәуекелдiң кең таралған тәсiлі. Мүлiкті жалға беру жағдайында (немесе қаржылық жалдауға ‑ лизинг) осы мүлікпен байланысты кейбір тәуекел иесінде толық немесе iшiнара қалады. Бұл физикалық зақымдану тәуекелі, мүлiк салықтарының жоғарылау тәуекелі, объектiнiң коммерциялық құнының төмендеу тәуекелі және т.б. Жалға алушыға арнаулы ескертулер жолымен тәуекелдiң үлкен үлесi берiлуі мүмкін. Одан басқа, азаматтық кодекс жалға алушысына кездейсоқ өлiмдi тәуекелін және мүлiктi табыстауда кездейсоқ бұзуды толық берудi қарастырады.

Жалға беру мерзiмiн ұлғайту кезінде, жалға беруші осы кезеңге өзіне тұрақты табысты қамтамасыз етеді, бiрақ тәуекел деңгейі жоғарылайды. Мысалы, ұзақ мерзімге объектiнiң коммерциялық құнының өзгерiсiн болжау қиын. Осы жағдайда, тәуекелдi төмендету үшiн жалға алушының сатылым көлеміне жалдау ақысы байлауға болады. Яғни соңғысы түсiмнен белгiленген анықталған сомадан төмен емес пайыз төлейдi.

Жүктердi тасымалдауға және сақтауға арналған өзара шарт оның тасымалдануы кезіндегі мүлiктiң бұзылуымен немесе жоғалуымен байланысты көлік компаниясының тәуекелін табыстауын қамтамасыз етеді. Дегенмен мұндай тәуекел, мысалы көлiктің кешігуінен өнімнің нарықтық бағасының төмендеуі кәсіпорынға тәуелді.

Сату, қызмет көрсету, жабдықтаудың өзара шарттары да фирмаға тәуекелді табыстаудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. Тауардың тұтынушысы кепiлдiк әрекетiнің кезеңінде сатушыға кемшіліктердің бар болуын немесе пайдалануға қатысты тәуекелдерiн бередi. Одан басқа, тауарды өндіруші мен делдалдар арасында сатылмаған тауарларды қайтару туралы келiсiм жасалуы  мүмкiн. Осы топтарға қосымша ретiнде келесi өзара шарттарды жатқызуға болады:

- қоймадағы қалдықты ұстау шартында тауармен жабдықтау туралы келiсiм шарт;

- оны жалға беру кезіндегі құрал жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету кепiлi;

- қолданатылатын жабдықтың белгiлi техникалық мiнездемелеiн табыстау кепілі;

- техникаға сервистiк қызмет көрсету келiсiм шарты.

Кепілгерлік – өзара шарты борышкердің кепілгерге қарызды қайтару үшін қаражаттың жоқтығы тәуекелінің бөлігін салуға рұқсат бередi. Осы келiсiмде үш жақ қатысады: кепiл беруші, қағидашы және несие берушi. Кепiл берушi қағидашының қарызы жетiстiкке немесе соңғысы қызметінің жетістікке жетпеуіне қарамастан қайтарылуы туралы кепіл береді.

Кепiл беруші ретінде физикалық және заңды тұлға шығып тұрады, бiрақ жиірек бұл кепіл беру келісім жасаумен мамандандырылған ұйым. Олардың кепіл беруі ең сенiмдi болып есептеледi.

Несие берушi, өз кезегiнде, несиенiң кепіл берушіге қайтпау тәуекелін бередi.

Қағидашының пайдасы ол кепiлшiлiксiз ала алмайтын несие алғандығында тұр.

Факторинг келісім шарты – бұл ақшалай талап етуге жол беруді қаржыландыру.

Ол кредиттiк тәуекелдiң беруiн түсiндіредi. Осы келiсiм шартта үш жақ қатысады: фактор – делдалшы (осы қызметтiң түріне лицензиясы бар банк немесе басқа ұйым), кәсiпорын-жабдықтаушы және кәсiпорын – сатып алушы. Фактор-делдалшы жабдықтаушыдан оның клиенттерiне талаптарды сатып алады, яғни дебиторлық берешекті.

Әдетте фактор – делдалшы бұл талаптарды бiрнеше күн iшiнде, талаптардың 70-80 % төлей сатып алады. Қалдық берешектi өтеуден кейiн төленедi.

Факторингтiң екi түрiн ерекшелейдi: ашық және жабық. Ашық факторинг талаптардың фактор – делдалшыға берілгенін көрсетеді. Жабық факторинг кезінде жабдықтаушы жасалған келісімдер бойынша есептің көшірмесін беріп банкпен мәмiле жасайды, бірақ та сатып алушыларға бұл айтылмайды. Егер сатып алушы белгіленген мерзімде шотты төлеу жағдайы болмаса, онда жабдықтаушы оны талаптарға жол беру туралы хабарлайды.

Факторинг қызметінің құнына несиелер бойынша пайыздық  (әдетте банк мөлшерінің есептiк пайызынан жоғары) және комиссиялық (әдетте талап сомасынан 0,5-2 %) мөлшері кіреді.

Биржалық мәмілелер күтілетін инфляция шарттарында жабдықтау тәуекелiн төмендетеді.

Мұнда тәуекелдi беру мына жолдармен жүзеге асырылады:

- бағасы болашақта жоғарылайтын тауарларды сатып алу опциондар алу;

- бағасы жоғарыланатын тауарларды сатып алуына фьючерстiк келiсiм шарттардың тұжырымдамасы.

Опцион – бұл делдал белгіленген нақты мерзім ішінде тіркелген баға бойынша тауарды сатуға кепіл беретін құжат. Опцион бағалы қағаз болып келеді және биржалық мәмілелер барысында екінші нарықта сатылуы мүмкін. Оның ағымдағы бағасы осы құжатта көрсетiлген соманың және осы мезеттегі тауардың бағасының, және де инфляциялық күтілімдердің аралығындағы айырмашылықпен анықталады.

Опционда көрсетілген тауардың бағасы әдеттегідей опционды сату мезетіндегі нарық бағасынан өзгешеленеді. Бірақ та тауардың нарықтық бағасы жеткізу барысында опционда көрсетілгенен жоғары болады.

Опционның қайта сатылуы тапсырыс беруші үшін бірнеше артықшылықтарды қамтамасыз етедi:

- фирма опционды өндiрушiден ғана емес, сонымен қатар оны уақытша ұстаушыдан да алуы мүмкiн алу;

- фирма әлi де тауарға тапсырыс берiлмеген өндіріс үшін шикiзатты сатып алуына опцион алуы мүмкiн; егер бұл тапсырыстар болмаса онда фирма өндірілетін тауарға тапсырыс алмау тәуекелінен бас тарту үшін опционды сатады.

Биржалық мәмілелер арқылы тәуекелді берудің басқа әдісі - фьючерстiк келiсiм шарттарды пайдалану. Фьючерс опционынан мына белгілер бойынша ерекшеленедi:

- орындалуын кейiнге қалдыруымен тапсырыс беруші мен жеткiзушi аралығында жасалынады;

- шарттың орындалу уақыты қатал белгiленген;

- шартта жабдықтаудың «жүзитiн» бағасы қарастырылуы мүмкiн.

Биржада тіркелген фъючерстер мен опциондар тапсырыс берушімен де, жеткізушімен де екінші рет сатылуы мүмкін. Осындай келісімдердің бағасы – биржа бағаламасының дербес мәні.

Фьючерс, бiр жағынан, инфляциялық тәуекелдiң және жабдықтаудың деңгейiн азайтуға мүмкіндік бередi, басқа жағынан, ол оңтайлы жеткiзу шарты табылған жағдайында шарттан бас тарту мүмкiндiгiнен айырмайды.

Фьючерстiк келiсiмшарт жеткiзудің негiзгi шарты ғана емес, ұйымнан белгiлi күмән тудыратын  келiсiмге қосымша ретiнде қор сияқты жасалынуы мүмкін. Негiзгi шартты өткiзуде фирма фьючерстi сатады. Бұл фьючерстiң мерзiмi негiзгi келiсiм шарт бойынша жеткізу мерзіміне қарағанда артық болуын мінездейді.

Осы тәсілмен дайын тауарды жеткізуге фьючерс пен опционды ала отыра  өнiм өткiзудiң тәуекелiн төмендетуге болады.

Ескеру керек, тәуекелдiң трансфері – бұл кәсiпкерлiк тәуекелдi төмендетудің ең қауiпсiз және тиiмдi тәсiлі емес. Қабылдайтын жақта әдетте  тәуекелдiң деңгейiн төмендету үшiн ешқандай да құралдары болмайды. Одан басқа, онда тәуекелді беруге қатысты ысыраптарды жабу үшiн қаражаттың жетпеуі мүмкін. Демек, бұл әдiстердi пайдалануда келесi сәттерді есепке алу керек:

- беретiн және қабылдайтын жақтар арасында тәуекелдердi бөлу айқын және екi ұшсыз болуы керек;

- қабылдайтын жақ өзiне қабылданған барлық мiндеттемелерді тез орындай алу мүмкіндігі болу керек;

- қабылдайтын жақ тәуекелдi бақылау және қысқарту үшiн өкiлеттiк алуы керек;

- тәуекелдiң беруі туралы шешiм сенімді әдiстердi ұқсас салыстыру базасында қабылдануы керек;

- тәуекел қабылдайтын және алатын жақ үшiн де бірдей баға бойынша берiлуi керек.

Тәуекелді оқшауландыру және диссипациялау әдiстерi

Тәуекелдi оқшауландыру ерекше сирек қолданылады. Ол тәуекелдiң көздерi айқын сәйкестендiру жағдайында ғана болуы мүмкін. Өндірісітік үрдістің ең қауiптi бөлімдері оқшауланады және оларды бақылау орнатылады, қаржылық тәуекелдiң деңгейi төмендейді.

Осындай әдiсті инновациялық жобаларды енгiзу, өнiмнің жаңа түрiн игеру және т.б. үшiн iрi компаниялар пайдаланады. Жай жағдайларда тәуекелді оқшауландыру үшін  ұйымның құрылымында жобаны жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелер құрылады. Күрделi жағдайда жеке заңды тұлғалар құрылуы мүмкін венчурлық компаниялар. Бұған ұқсас компаниялар НИОКР, өнеркәсіпте қолданылмаған жаңа ғылыми жетістіктерді талап ететiн жаңа өнім түрлерін игеру үшін қолданылады. Сонымен жобаның неғұрлым тәуекел бөлігі автономды ұйымның шеңберінде қалады, бірақ венчурлық компанияның және аналық кәсіпорынның ғылыми және техникалық әлеуетінің қосылу мүмкіндігі сақталады.

Тәуекелдiң диссипация (ыдырау) әдістері басқарудың неғұрлым иiлгiш құралдарын ұсынады. Оның бірі стратегиялық серiктестердiң арасындағы тәуекелді үлестiрумен байланысты. Серіктестік ретінде кәсіпорындар да, заңды тұлғалар да қатыса алады. акционерлiк қоғамдар, қаржылық-өнеркәсiптiк тоатар құрылуы мүмкін. Кәсiпорындар консорциумдардың, қауымдастықдың, концерндердің қатарына кiре алады. Кәсiпорындарды бiр топқа бiрiктiру интеграция деп аталады. Оның төрт негiзгi түрін ерекшелейдi:

- тiк регрессивтiк (керi) интеграция жеткiзушiлермен бiрiктiруді болжайды;

- тiк озық (төте) интеграция кәсiпорынның өнiмін өткiзу бойынша  дистрибьюторлық желiні құрастыратын делдардармен бiрiгуді айтады;

- көлденең интеграция бәсекелестермен бiрiгуді болжайды; әдетте мұндай қауымдастықтар баға саясатын келiсу, шаруашылық ету аймақтарын, қандай да бір бiрлескен әрекеттердi шектеу мақсатымен құрылады;

- дөңгелек интеграция – бiрлескен стратегиялық мақсаттарға жету үшiн әр түрлi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар қауымдастығының бірігуі.

Нарық диссипациясының басқа түрі – біл диверсификация. Ол қызмет түрлерінің, өткізу нарығының және жеткізу арналарының әр түрлілігін жоғарылатуды айтады.

Сатып алу диверсификациясы бұл жеткізушімен санды жоғарылатуы, ол кәсіпорынның нақты  жеткiзушiге тәуелдiлiгiн баяулатуға көмектеседі. Тауар ағымындағы бұзушылықтан (кесте бұзылысы, төтенше оқиғалар, банкроттық және тағы басқалар)  кәсіпорын бiр серiктестен басқаға оңай ауыса алады.

Өткiзу нарығының диверсификациясы (нарықтың дамуы) кәсіпорынның  дайын тауарларын бiрнеше нарық несмесе контрагент арасында бөлуді бағамдайды. Осы жағдайда бiр нарықтағы құлау басқаның жетiстiктерімен өтелген болады.

Шаруашылық қызметiнiң диверсификация түрлерi пайдаланылатын технологиялар спектрінің, көрсетiлетiн қызметтің, шығарылатын өнiмдердiң ассортиментiнің кеңейюін көрсетеді. Өнiмнің бiр түрін өткiзу барысында мәселелер пайда болғанда ұйым ысырапты басқа шаруашылық қызметі арқылы өтеуі, немесе басқа салаға көшуі мүмкін. Осы диверсификацияның түрi, өз кезегiнде, келесi түр тармақтарға бөлінеді:

- жинақтағыш диверсификация – бұл жаңа профильді тауарларды шығару. Ол негізгі өнімнің жойылу барысындағы оған деген сұраныстың төмендеу тәуекелінен сақтайды;

- көлденең диверсификация негізгіге сұраныстың төмендеуі кезеңіндегі профильсіз жаңа өнімді шығару. Мұнда кәсіпорынның өніміне сұраныстың ең төмен болуынан ысырап тәуекелінің деңгейі төмендейді;

- конгломеративті диверсификация оның негізгі қызметімен жанама немесе тікелей байланысты қызметтiң жап-жаңа түрлерiн игерумен түсiндіріледі.

Тәуекелдiң диссипациясы инвестициялық портфельдi қалыптастыруында шағын капитал сыйымдылықпен сипатталатын бiр мезгiлде бiрнеше жобаларды өткiзуді бағамдайды. Мұны инвестицияларды әртараптандыру деп атауға болады. Егер кәсiпорын бiр iрi жобамен жұмыс iстеуге мәжбүрсе, онда оның қатысушылары арасындағы тәуекелді орналастыру керек. Жауапкершілікті, мерзiмдердi, оны беру және т.б. туралы екi ұшты мүмкіндіктері болмауы керек.  Негізгі мәнді әр ұйымның – жоба қатысушыларының жауапкершілігін заңды бекітуге бөлу керек.

Мұндай жолды нвестициялық және өндiрiстiк қызметтен басқа салаларда да қолдануға болады.

Тәуекелдi өтеу әдiстерi. Осы топтың әдістері басқарудың оңайлатылған әдістеріне жатады. Олардың неғұрлым тиімділігі стратегиялық жоспарлау. Ол тәуекелді басқару сияқты неғұрлым тиімді болады, егер стратегияны әзірлеу кәсіпорынның ішіндегі барлық  салалардан өткізілсе. Ұйымның ішкі әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстар белгісіздіктің үлкен бөлігін шешуге, өндірістік циклдегі оқау орындарды шығаруға, оларды жоюдың іс шараларын алдын ала әзірлеуге, резервтерді құру немесе пайдалану және т.б. көмектеседі. Осы әдістің негізгі құрамы – сыртқы экономикалық жағдайды болжау болып табылады. Оның мәні кәсіпорынның сыртқы ортасының даму сценарилерін кезеіті әзірлеуінде тұр: бәсекелестердің, серіктестердің, клиенттердің тәртібі, өңірлік жалпы экономикалық жағдайы.

Мұндай болжам  ортаның әлеуметтік-экономикалық және нормативтік-құқықтық мониторингісінің көмегімен алынатын, – стратегиялық жоспардың тағы бір құрайтын бөлімі, ақпаратпен қамтамасыз етеді.Жоғары тиімділікті нормативтік-анықтамалық компьютер жүйесін падалану, коммерциялық ақпарат қорына қосылу, сәйкес аналитикалық зерттеу жүргізу, консалтингтік фирмалардың қызметіне өтіну береді. Тәуекелді өтеудің тағы бір әдісі – қорлар жүйесін құру. Қазыр тек қана қысқаша анықтамасын берейік.

Қорды құру сақтандыруға жақын. Осы әдісті қолданғанда кәсіпорында шикізатты, материалдарды, ақша қаражаттарын сақтандыру қорлары, дағдарыс кезінде оларды жұмылдыру жоспары құрылады. Кейбір жағдайларды қорды құру міндетті болып келеді. Мысалы, өндірістік кооперативтер банкпен және бюджетпен есептесуінен кейін оның өкіміндегі табыстан 5 % мөлшерінде сақтандыру қорын құрастыруы қажет.

Тәуекелмен күресідің келесі әдісі – белсенді мақсатты бағытталған маркетинг. Кәсіпорынның өніміне сұранысты белсенді құрастыру үшін маркетингтік құралдарды пайдалануды айтады.

Кәсіпкерлік тәуекелінің төмендеуі. Ішкі кәсіпкерлік тәуекелді төмендету үшін кәсіпорын өз қызметін сауатты жүргізуі тиіс. Бұл негізінен бизнес бойынша әлеуетті серіктестерді тексеру, мәміле келісімін құры, фирманың қызметін болжау немесе жоспарлау, кадрларды мұқият іріктеу.

Іскер серіктестерді тексерудің стандартты әдістері жоқ. бірақ та американ кәсіпкерлері «С» бестігінің ережелерін сирек тәжірибелейді – серіктестің несие төлеу қабілеттілігін тексеру моделі.Бұл моделге сәйкес қарызгер туралы келесіні білу керек:

- қарызгер туралы ақпарат (character) – оның абыройы, жауапкершiлiк дәрежесi;

- қаржы мүмкiндiктерi (capacity) – алынған несиенi ағымдағы түсімдер немесе активтерді өткізу есебінен өтеу;

- мүлiк (capital) – акционерлiк капиталының құрылымы және мөлшері;

- қамтамасыз ету (collateral) – кепiл ретiнде ұсынылатын активтердiң құны және түрі;

- жалпы шарттар (conditions) – жалпы экономикалық жағдай және тағы басқа факторлар.

Ықтимал серіктес туралы ақпарат алу үшін сыртқы көздерді қолдануға немесе өзіндік ақпаратты жинау немесе талдау жүйесін құруға болады. Сыртқы көздерге ең алдымен коммерциялық ақпарат қоры жатады. Мұндай қыхзметті көрсететін компаниялардың бірі Dun Bradstreet корпорациясы.

Ол компанияның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы ақпаратты ұсынатын бинес-анықтамаларды, онымен жұмыс істейтін ұйымдар тізбесін, төлемдерді жүргізу мерзімін сақтау туралы анықтамаларды ұсынады. Мұндай анықтама түрлі көздерден түскен ақпарат негізінде ұсынылады және оңтайлы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты толық алуға көмектеседі.

Бірақ та мұндай қызметтің ақысы өте үлкен.

Ақпаратты өзіндік жинау да мүмкін. Бұл түрлі көздерден түскен ақпаратты талдау, сонымен қатар түрлі зерттемелер жүргізу. Талданатын ақпараттың ортасына мәміле жасаудың шарттары түсуі керек.

Бизнес-жоспарды құрастыру – кәсiпкерлiк тәуекелін минимизациялаудың тағы бiр iшкi әдiсі. Бизнес-жоспар бизнеске әр түрлi жақтан қарауға мүмкіндік бередi ‑ маркетинг, қаржы, өндiрiс және тағы басқалар. Одан басқа ол болжамнан және  жұмыстың болжалды нәтижелерiн бағалаудан тұрады. Бизнес-жоспарды құрастыру кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлаудың бірінші кезеңі болып шығады.

Оны әзірлеу үшін жұмыс iстейтiн ұйым оның қызметі нәтижелерін нақты тұжырымдайтын мәлiметтердi пайдаланады. Бұл жаңа фирма алдындағы мықты артықшылығы. Бастапқы мәлiметтердi жоспарлаудағы мұндай негіздеме мұндай болжамның дәлдiгін және сенімділігін артырады, яғни тәуекелдің деңгейін және анықсыздығын едәуiр төмендетеді.

Қызыметкерлерді мұқият алу ‑ кәсiпкерлiк тәуекелін төмендетудің үшiншi көзі. Қызметкерлердiң санын (әсiресе басқарушы) өсіру ұйымның әр деңгейiндегі шешім қабылдаумен байланысты тәуекел дәрежесiн жоғарылатады. Бұл тәуекелдiң дәрежесiн төмендету үшiн жоспарлаудың, таңдап алудың, таңдаудың және кадрларды дамытудың әр түрлi әдiстерi бар. Сауатты кадр саясаты, тиiмдi басқару топтарын құру, қызыметшiлерді мұқият таңдау ұйымның кәсіби және білікті кадрлар құрамын қамтамасыз етеді, ол оның тиімді қызметі үшін қажет.

Ақпараттық тәуекелмен басқару. Ақпараттық тәуекелдерге компанияның ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесіндегі ысыраптың немесе шығынның пайда болу қаупімен байланысты барлық тәуекелдер жатады. Қауіпті техникалық бұзылу ғана емес сонымен қатар түрлі жүйедегі мәліметтердің келіспеушілігі, қызметкерлердің ақпаратқа шексіз қол жетімділігі тудырады. Осылайша, ақпараттық тәуекел ақпаратты электрондық тасымалдаушыларда және басқа байланыс құралдарында құрастырумен, берумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты.

Осы санаттың тәуекелін екі топқа бөлуге болады:

- ақпараттың жылыстауымен және оны қызметкерлер мен серіктестіктердің бизнеске қауіп әкелетін мақсатты қолдануымен байланысты тәуекел;

- ақпаратты тарату арналары жұмысының техникалық бұзылуымен байланысты тәуекел.

Ақпараттық тәуекелдердi минимизациялауға арналған жұмыстар мәлiметтерлерге, сонымен бiрге апат пен жабдықтың бұзылуына рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi ескертуден  тұрады. Осындай тәуекелді анықтау үшін басқа тәуекелді бағалауға қолданылатын әдімтер пайдаланылады. Бірақ та компанияны ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы неғұрлым тәуекел аймақтарын анықтау үшін менеджер мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- қаржылық есептiлiк сақталатын ақпараттық жүйелерге қол жеткiзудi бақылау қалайша жүзеге асырылады?

- клиенттер керек кезінде кедергiсiз компаниямен байланыса ала ма?

- басқа компанияға қосылу жағдайында компания қысқа мерзiм ішінде ақпаратты бақылау жүйесін енгізе ала ма? Егер компанияның әр түрлi бөлiмшелерiнде ақпаратты басқарудың әр түрлi жүйелерi жұмыс iстесе, онда мәлiметтерді өзгертудiң және оны бiртұтас стандартқа келтірудің нақты алгоритмі  болуы керек;

- ұйымның құжат айналымы кілтті қызметкерлердің кетуі барысында бұрынғы қалпында қызметті жалғастыруға мүмкіндік бередi ме?

- компанияның меншiктiк зияткерлiк қорғанысы қамтамасыз етiлген бе?

- компьютер жүйелері жұмысының бұзылысы жағдайында компанияның нақты әрекет жоспарлары болады ма?

- ақпараттық жүйенің жұмыс әдісі компанияның жалпы міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келе ме?

Ақпараттық тәуекелдiң ысырабын дәл есептеу бірсыпыракүрделi. Бiрақ жуық шамамен бағалау әбден мүмкiн. Мысалы, компъютер желiсiнде бұзылудың болу жағдайында компанияның жұмысқа қабілетсіздігін анықтауға болады. Бұл жүйенiң қалпына келтiруi үшiн мамандарға қажетті орташа уақыт болады. Осы мәлiметтерге сүйене, компания жоғалтатын пайда сомасын анықтаймыз. Зиянның жуық шама сомасы осындай. Бұзылудың болу ықтималдығын статистикалық мәлiметтерлер негiзінде есептеп шығаруға болады.

Ақпараттық тәуекелді минимизациялау үшiн оларды ескерту стратегиясы жасалынады. Тәжiрибе көрсеткендей, неғұрлым тиімді стратегиялар келесi қағидаттарға негiзделеді:

- ақпараттық жүйелерге және компанияның құжаттарына қызметкерлердің қол жетімділігі құжаттың маңыздылығы мен құпиялылығына байланысты түрлі болуы керек;

- компания мәлiметтерге қол жеткiзудi бақылауы керек және ақпараттық жүйелердiң осал жерiнің қорғанысын қамтамасыз етуі керек;

- компанияның қызметiне тiкелей байланысты ақпараттық жүйелер (байланыстың стратегиялық маңызды арналары, құжаттардың мұрағаты, компъютер желiсi) дағдарыс жағдайында да үздіксіз жұмыс істеуі керек.

Тәжірибелік шаралар негізінде келесiлерді атауға болады:

- тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігі үшін жауаптыларды тағайындау;

- тәуекелдердi болдырмауға бағытталған компания қызыметшілерінiң әрекетi кескiнделетiн нормативтiк құжаттарды жасау;

- дағдарыс жағдайда жұмыс үшiн қордағы қуаттарды қамтамасыз ету;

- ақпаратты қайталау және қор сақтаушыларына кезекті көшiру;

- компъютер желiсiнiң сыртқы желiлерден оқшаулануы;

- интернет желісі байланысы үшiн жеке машиналарды пайдалану;

- вирусқа қарсы жүйелерді орнату;

- ұйымдастыру шеңберінде ақпараттық жүйенің бiртұтас стандарттарын әзiрлеу (бiртұтас есеп беру формалары, көрсеткiштердi есептеудiң ережелерiне);

- құпиялылық дәрежесi бойынша мәлiметтердi жiктеу және оған қол жеткiзу құқығын шектеу;

- ақпаратты басқарудың арнаулы жүйелерін енгiзу;

- ұйымның iшiндегі кез-келген құжаттар орталықтандырылған компьютерде орнатылған жүйенің көмегімен құрылуын қарау (кез-келген басқа бағдарламаларды қою мақұлдануы керек);

- барлық корпоративтiк жүйенің жағдайын қадағалайтын бақылау құралдарын қолдану.

Осы тiзiм толық болып көрiнбейдi. Көптеген компаниялар ақпараттық тәуекелдi төмендету және жою үшін арнайы өзіндік бағдарламаларды құрастырады және пайдаланады. Одан басқа, кез-келген ұйымда ахуал жағдайында пайдаланылатын әрекеттер жоспары әзірленіп қызметкерлерге жеткізілуі тиіс. Мұнда келесі кепiлдемелерді пайдалануға болады:

- басқа тұлғалардың немесе сәйкес өкілеті жоқ компания қызметкерлерінің ішкі ақпараттық жүйеге енуінің сценариін талдау;

- дағдарыс жағдайларындағы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлердiң тәртібінің моделін өңдеу мақсатымен оқыту іс шараларын жүргізу;

- компаниядан маңызды қызметкерлердiң кетуін қоса кадрлармен байланысты мәселелерді шешудің нұсқасын әзірлеу;

- қосалқы ақпараттық қуатты (серверлер, компьютерлер), сонымен бірге байланыстың қор желісін әзірлеу.

Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету – бұл кеткен шығындар тиімділігінің мәселесі, сондықтан қорғанысқа кеткен шығындар мүмкін ысыраптың сомасынан жоғары болмауы керек: олардың экономикалық тиімділігін тікелей түрде есептеу қажет.

Егер компанияның бизнесi iшкi ақпараттық желілеріне бағынышты болса, онда өңдеуге жауаптыны тағайындау керек. Осындай үйлестіруші компанияның ақпараттық құрылымына ешқандай қатысы болмауы тиіс. Тәуекелдi қаржыландырудың әдiстерi. Жоғарыда көрсетілгендей, тәуекелді қаржыландыру тәуекел жағдайында болатын ысырапты өтеуді білдіреді. Осы мезеттегі әдістер құралдардың келесі көздерінің біреуін таңдауға мүмкіндік береді:

- ағымдағы табыс;

- резервтер;

- қарызды пайдалану;

- өздiгiнен сақтандыру;

- сақтандыру;

- сақтандуру емес пул;

- шарттық негiзде қаржыландыруды беру;

- мемлекеттiк және муниципалдық органдарды қолдау;

- демеушiлiк.

Осы көздерді пайдалануға негізделген әдістерді екi топқа бөлуге болады. Бұл сыныптама суретте көрсетілген. Көрсетілген әдістердің әрқайсысын тереңірек қарастырайық.

Шығынды ағымдағы табыстан өтеу (Current expensing of losses). Бұл әдiстiң мәні ысырапты өтеу компаняның ағымдағы қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қандай да бір қорлар құрылмайды.

Әдеттегiдей, егер тәуекелді қаржыландырудың бұл әдісі қолданылады егер, ысыраптың көлемі үлкен болмаса және ақша ағымын айтарлықтай бұрмаламаса. Бұл ретте өткiзудiң жиiлiгi аса маңызды емес, бірақ та егер бірнеше жағымсыз оқилар бір мезетте болса, онда шығын жиынтығы әжептәуiр үлкен болуы және ұйымның қаржы күйiне елеулi зиянды әсер етуі мүмкін. Тәуекелдің бiртектiлiгі және бiртектi еместiгi осы әдiстi пайдалануда да ерекше маңызды емес.

Ағымдағы табыстан шығынды жабудың әдiсi жиi пайдаланылады, өйткенi жағдайлардың көпшiлiгiнде шығын сомасы үлкен емес, және компания оларды өзіндік шығара алады. Дегенмен тәуекелдi өткiзу барысындағы кәсiпорынның экономикалық және қаржылық жағдайын ескерген жөн. Егер жағымсыз жағдай дағдарыс немесе табыстың төмендігі кезінде болса, онда ол теріс әсерге ие болады. Осылайша осы әдісті мақсатты пайдалануды анықтау үшін ысыраптың юастапқы мәнін дәл есептеу керек.

Ысырапты қордан өтеу (Reserving). Осы әдiстi пайдалануда кәсiпорында тәуекелдердi өткiзуден болған шығындарды өтеге арнайы бағытталған резервтік қорлар құрылады. Резервті қолдану шаралары ағымдағы табыстан ысырапты өтеу әдісін қолданудағыдай сияқты. Ең бір айырмашылығы мұндағы өтеу сомасының үлкен болуында. Осылайша мұнда бастапқы мән жоғары, бірақ нақты қиыншылық резервтің мөлшерін анықтауда тұр. Ең төмен мөлшер тәуекелді қорғауды жетімді қамтамасыз ете алмайды, ал ең жоғары мөлшер компанияның айналымынан үлкен сомаларын алуға әкеледі.

Қарызды қолдану есебінен ысырапты өтеу (Borrowing). Бұл әдіс фирманың несие алуына үміт артса ғана есепке алынады. Бұл көз сыртқы болса да ысырапты өтеудің барлық жауапкершілігі ұйымға жатады. Бұл көздің ерекшелігі оны сирек қолдануында. Ысырап көлемінің жоғарылығында ұйым қаражат беруден бас тартуы мүмкін. Несие берілсе де, қайтару шарттары кредиторамен қайтару туекелінің бағасы күшінде өте қатал болуы мүмкін.

Осы әдісті пайдалану тиімділігін бағалау кезінде қарызды қайтаруға және өтiмдiктi зерттеуiне зер салу керек.

Өздігінен сақтандыру негізінде ысырапты өтеу (Self-insurance). Бұл жағдайда өзіндік сақтандыру деп өз фирмасы шеңберінде немесе компанияның басқа тобымен жүзеге асырылатын сақтандыру формасын айтады. Мұның мәні, ысырапты өтеуге бағытталған сақтандыру қорын құруды ұйымдастыруда тұр. Өздiгiнен сақтандыру басқа әдіске қарағанда біртекті тәуекелдің үлкен санымен жұмыс iстеуімен ерекшеленедi. Сонымен қатар классикалық сақтандыруда сияқты ысырап жиынтығын дәл болжау үшін осы тәуекелдің шоғырлануы ескерiледi (тәуекелдi өткiзудің ықтималдықтарын есептеу және ысыраптың сомасы негiзінде). Бірақ та, сақтандырудың басқа формаларына қарағанда мұндағы резервтер бір іскер бірлігі шеңберінде құрылады. Әдеттегiдей, бұл өнеркәсiптiк немесе қаржылай-өнеркәсiптiк тобы.

Сақтандыру тетiктерiнің бiр түрiнiң бiрлерi кэптингтік сақтандыру ұйымдарын құру болып келеді (captive insurance). Бұл сақтандыру компаниялары сақтандырушы емес ұйымдардың қатарынан. Олар барлық топтың тәуекелің сақтандырады. Кэптингтік компанияның жеке заңды тұлға болуына қарамастан тәуекел және барлық құрылатын сақтандыру резервтері осы топтың ішінде қалады. Осындай компаниялардың  артықшылықтарын қарастырайық:

- бiр iскер бiрлiгінің шегiнде сақтандыру қорларының қаражатын инвестициялау;

- пайданы тиiстi тобының ішінде сақтау;

- салық салу бойынша  жеңiлдiктер алу (ел қатарында ескере алатындар);

- сақтандыру шартын ресiмдеудiң рәсiмiн жеңiлдету.

Осы әдiстің елеулi кемшiлiгi кэптингтік компания шығынға ұшыраса, онда ол барлық топтың арасында бөлінуінде. Бұл әжептәуір үлкен тәуекелдің болу нәтижесінде болйы мүмкін.

Өздiгiнен сақтандыру әдiсi бiркелкi тәуекелдердiң үлкен санды бар болу шарттарында қолданылады. Мүмкiн ысыраптың бастапқы мәні кәсiпорынның жалпы тобының қаржылық мүмкiндiктерi туралы мәлiметтерлері негiзінде есептеледi.

Сақтандырудың негiзiнде ысырапты өтеу (Insurance). Сақтандырудың бұл әдiсі тәуекелді қаржыландырудың әдісі сияқты жиi пайдаланылады. Мұнда ысырапты өтеу жауапкершілігі ‑ нақты төлемге – сақтандыру компаниясына – мамандандырылған ұйымына жүктеледі. Ысырап мөлшері ішінара және толық берілуі мүмкін. Тәжірибеде бұл әдісті келесі жағдайларда қолданады:

- егер тәуекелдi өткiзу ықтималдығы жоғары болмаса, ал ысырап әжептәуiр үлкен болса;

- егер тәуекел бiртектi болмаса; жоғарыда айтылғандай, бiркелкi тәуекел санын үлкен болса, сақтандыруды қолдану өздiгiнен ақталады;

- егер тәуекел ықтималдығының үлкені болса, оны өткізу мүмкіндігі жоғары болса, ал болжалды ысыраптың сомасы шағын болса;

- егер апатты тәуекелдер бар болса;

- егер сақтандыру заңнамамен қарастырылса (мiндеттi сақтандыру).

Сақтандыру емес пұл негізінде ысырапты өтеу (Non - insurance pooling). Осы әдiс қаржыландыру тәуекелін басқа тұлғаға – сақтандырушы емес пулға беруді қарастырады. Осындай пул ретінде кәсіпкерлердің одағымен құрылған өзара көмек көрсетудің арнайы қоры шығуына болады. ысыраптың бастапқы мәні өзіндік сақтандырудағыдай сияқты фирманың – пул қатысушыларының қаржылық мүмкіндіктерінен анықталады.

Келiсiм шарттың негiзiнде жауапкершiлiктi беру есебiнен ысырапты өтеу (Contractual transfer). Осы жағдайда ысырапты қаржыландыру жасалынған келісім шарттың негізінде басқа субъектіге беріледі. Осындай әдіске хеджирлеу жатады (hedging). Бұл оны шағындандыруға бағытталған  бағалық тәуекелді беру үрдісі. Келісімнің шарты бойынша басқа жақ  тәуекелдi бiрлесiп қаржыландыруда қатысады. Хеджирлеудің мәні тауардың бағасы, ақша бағамы өзгергеннен болатын ысырап пен пайданы шектеуге бағытталуында тұр.

Хеджирлеу – бұл қаржы тәуекелімен (менеджмент ‑ қаржылық тәуекелі)  басқарудың негізгі құралы. Осы әдісті қолдану тиімділігін бағалау нақты тәуекел ерекшелігіне және оның шегінде қабылданатын шараларға бағынышты болады.

Мемлекеттік немесе муниципалды органдарды қолдау негізінде ысырапты өтеу (Budget support). Мұнда ысырапты өтеудің бөлігі мемлекеттік және муниципалдық органдарға жүктеледі. Осы әдісті қолдану осыған ұқсас қолдауды тартуды мүмкіндігіне тәуелді. Осы әдісті қолданатын тәуекел екі топқа жіктеледіі:

- ерекше тәуекел, оның мөлшері жоғаы, сондықтан оны өтеу мемлекеттік және муниципалдық органдардың көмегімен ғана мүмкін, мысалы, бұл сыртқы экономикалық қызметпен немесе ірі инвестициялық жобалармен байланысты тәуекел;

- жоғары әлеуметтік тәуекел, оның барысы кезінде мемлекеттік және муниципалдық органдар көмек көрсету тиіс; мысалы, меншікті бұқаралық қирату.

Осы әдiс, мұндай ысырап болғаннан кейін қолданылады, бұл әлеуметтiк тұрақсыздыққа әкеледі. Демеушiлiктiң негiзiнде ысырапты өтеу (Sponsorship). Осы әдiс демеушiнi тарту есебiнен тәуекелдiң төмендеуін бағамдайды. Бұл құралды пайдалануға ысырапқа дейiн үмiт артуға қиын. Бұл әдетте тәуекел болғаннан кейін және анық болған жағдайда ғана болады.

Тәуекелдерді қаржыландыру әдістері және оларды жіктеу схемасы. ағымдағы табыстан шығынды жабу (Current expensing of losses). Қордан шығынды жабу (Reserving). Несие қолдану арқылы шығынды жабу (Borrowing). Өзін-өзі сақтандыру негізінде шығынды жабу (Self-insurance). Кэптингтік сақтандыру ұйымдарын құру (captive insurance). Келісімшарт негізінде жауапкершілікті табыстау арқылы залалды жабу (Contractual transfer). Мемлекеттік немесе муниципалдық органдардың қолдауы негізінде шығынды жабу (Budget support). Демеушілік негізінде шығынды жабу (Sponsorship).

Егер тәуекелдi басқару деңгейi туралы сұрақты қарастырсақ, онда ғылыми әдебиетте әдiстердiң әжептәуiр түрлi қатарларын табуға болады. Егер өзгеше тәсiлді пайдалансақ, онда оларды төрт топқа бөлуге болады:

- тәуекелден ауытқу әдістері;

- тәуекелдің оқшаулау әдістері;

- тәуекелдiң диссипация әдiстерi;

- тәуекелдiң өтем әдiстерi.

Тәуекелдерді бақылау тәуекелдерді басқару процесінің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл алдыңғы кезеңдерде Жоспарланған әрекеттерді тиімді жүзеге асыру үшін маңызды. Мониторинг – бұл тәуекелдерді басқарудың бұрын жасалған жоспарында қарастырылған бақылау қызметі.

Мониторинг алдын алу шаралары мен зардаптарды азайту жөніндегі жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді және тәуекел оқиғалары жақын арада орын алуы немесе орын алуы мүмкіндігін көрсететін триггер – индикаторлардың (басқа атау – «тәуекел белгілері») көмегімен орындалады. Тәуекелдердің белгілері тәуекелдерді сәйкестендіру кезеңінде айқындалады және жобаны басқару жоспарында «тәуекелдерді басқару жоспары» бөлімінде тіркеледі.

Тәуекелдердің белгілері байланыстырылатын және тұрақты бақылау жүргізілуі мүмкін параметрлердің мысалдары:

- бір модульге немесе компонентке «ашық» (табылған және түзетілмеген) қателер саны;

- бір қызметкерге аптасына орташа үстеме жұмыс сағаттарының саны;

- әзірленетін жүйеге қойылатын талаптардағы өзгерістердің апта сайынғы саны;

- тапсырыс берушінің бизнес-үдерістеріндегі өзгерістер;

- қажетті ресурстарды бөлудің уақтылығы;

- жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету.

Мониторингтің мақсаты қабылданған жоспарлардың орындалу барысын (тәуекелдердің алдын алу және олардың салдарын жұмсарту), сандық параметрлерді, тәуекелдерге ден қою жоспарының қолданылуын айқындайтын шарттарды байқаудан және тәуекел басталған жағдайда команданы хабардар етуден тұрады.

Мониторинг кезінде жоба тобы тәуекелдерді болдырмау жоспарларын орындайды. Үшін прогресс осы қызметті қадағалау жүргізілуде. Тәуекел триггерлерінің мәндерінің өзгеруі бақыланады. Мониторингтің ыңғайлы болуы үшін арнайы формалар қолданылады, оның мысалы 7.2-кестеде келтірілген.

7.2-кесте – Тәуекелдерді бақылау нысанының мысалы

Тәуекел түрі

Тәуекел сипаттамасы

Проактивті шаралар

Реактивті шаралар

Ықтимал-дығы

Әсері

Тәуекел факторы

Саяси

Тапсырыс беруші жүйені енгізбеуге шешім қабылдады

Тәуекелді теңестіру жоспары жоқ. Тапсырыс беруші жүйені енгізуді немесе енгізбеуді шешеді

Егер Тапсырыс беруші OXS үшін стратегиялық құндылықты білдірмесе, жобаны бастамаңыз

6

9

54

Саяси

Жүйені (және мердігерді) таңдауды Тапсырыс берушінің холдинг басшылығы жүргізгендіктен, Тапсырыс берушінің өзі ағымдағы сәтте жобаға және жүйені енгізуге мүдделі емес

Тапсырыс берушінің жүйені енгізуге қызығушылық деңгейін арттыратын бірқатар алдын-ала семинарлар өткізу

Табысты клиенттерге референс-сапарларды ұйымдастыру

Ұйымдағы нақты көшбасшыларды анықтау, олардың сәтті іске асыруға қызығушылық деңгейін нақты арттыру

жоқ

8

4

32

Мониторинг процесі үшін бастапқы деректер:

- тәуекелдерді басқару жоспары;

- тәуекелдер тізілімі;

- жұмыс әдістерінің, келісімшарттардың шарттарының, мазмұны мен кестесінің өзгерістерін қамтуы мүмкін мақұлданған өзгерістер сұраулары;

- жұмыстың орындалуы туралы ақпарат;

- орындау туралы есептер. Орындау туралы есептерде тәуекелдерді басқару процесіне әсер етуі мүмкін жоба жұмыстарының орындалуы туралы ақпарат болады.

Мониторинг және тәуекелдерді басқару: құралдар мен әдістер.

Тәуекелдерді қайта қарау жоспарлау кезеңінде жасалған кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек. Мониторинг және тәуекелдерді басқару процесінде жаңа тәуекелдерді сәйкестендіруді жүргізу, белгілі тәуекелдердің жай-күйін қайта қарау және тәуекелдерге ден қою жөніндегі қосымша іс-шараларды жоспарлау қажеттілігі туындауы мүмкін.

Тәуекелдер аудиті тәуекелдерге жауап беру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау нәтижелерін талдауды және құжаттауды, олардың туындау себептерін зерделеуді, тәуекелдерді басқару процесінің тиімділігін бағалауды көздейді.

Ауытқулар мен трендтерді талдау. Жобаны орындау процесіндегі трендтер орындау туралы деректерді пайдалана отырып тексеруге жатады. Бүкіл жобаның орындалуын бақылау үшін игерілген көлем әдістемесі қолданылады. Негізгі жоспардан ауытқу тәуекелдерден туындаған салдарды көрсетуі мүмкін.

Талдау резервтер. Резервтерді талдау кезінде күтпеген жағдайларға қалған резервтердің көлемін санмен салыстыру жүргізіледі.

Мониторинг және тәуекелдерді басқару: шығу.

Тәуекелдер тізілімі (жаңартулар). Жаңартылған тәуекелдер тізілімі тәуекелдерді қайта қарау, аудит және тәуекелдерді мерзімді тексеру нәтижелерін, жобалар тәуекелдерінің нақты нәтижелерін және тәуекелдерге ден қою нәтижелерін қамтиды. Тәуекелдер тізілімі жобаны жабу жөніндегі құжаттаманың бір бөлігіне айналады.

Сұралған өзгерістер. Сұралған өзгерістер тәуекелге жауап ретінде жобаны басқару жоспарын өзгерту қажеттілігі нәтижесінде туындайды. Өзгерістерге мақұлданған сұрау салулар құжатпен ресімделеді.

Ұсынылған түзету әрекеттері. Ұсынылған түзету әрекеттеріне күтпеген жағдайларға арналған жоспарларға енгізілген жұмыстар жатады.

Ұсынылған ескерту әрекеттері жобаны жобаны басқару жоспарына сәйкес келтіру үшін қолданылады.

Ұйымдастыру процесінің (жаңартудың) активтері. Орындалатын жобаның Тәуекелдерін басқару нәтижелері болашақ жобаларда пайдаланылуы мүмкін және ұйымдастыру процесі активтерінің құрамына кіруі тиіс.

Жобаны басқару жоспары (жаңарту). Егер мақұлданған өзгерістер сұратулары тәуекелдерді басқару процестерін қозғайтын болса, онда жобаны басқару жоспарының тиісті бөліктерін жаңарту қажет.

Тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмалар

Тәуекелдің келесі түрлерін басқару тәсілдерін анықтаңыз:

а) сату желісінің тиімсіз жұмысы;

б) өнімді сату көлемінің төмендеуі, жаңа күшті бәсекелестердің пайда болуы,

в) жаңа өнім нарығына сәтсіз кіру;

г) коммерциялық және ғылыми-техникалық ақпараттың ағып кету қаупі және т.б.

Атауы:

Ықтималдығы: (жоғары, орта, төмен)

Пайда болу себептері:

Ықтимал жұмсарту шаралары (басқару элементтері)

СӨЖ  тапсырмалары

1 Тәуекелдерді басқарудағы инновациялық технологиялар.

2 Серіктес серіктесті тексеру әдістері: Бес Cs ережесі.

3 Ақпараттық тәуекелдерді басқару әдістері.