15-сабақ.Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Өмірбаяны мен шығармашылығы. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және ауыз әдебиеті.


Сабақтың мақсат-міндеттері:

- білім әлемінің шексіз екендігін өз өмірімен көрсете отырып, білімді туған жерден, шет жерден іздеп, мақсатқа жетудің өнегесін көрсеткен ақын, фольклоршы, этнограф, ойшыл екендігін ашу;

- ақыл-насихатты, өнегені ұлттық танымның сараланған, тәжірибеден өткен қалпында ұсынған ақын шығармалары арқылы адамгершілік, иман, рухани құндылықтардың қай заманда да қажет екендігін ашу ;

-халықтың бай мұрасын жинақтап бүгінгі күнге жеткізген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық өмірбаянын, елге қызмет етудің өзгеше жолын тапқан ақынның ісін үлгі ету.

1. XIX ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, XX ғасырдың алғашқы жартысына дейін ғұмыр кешкен ақын, фольклор үлгілерін жинаушы, этнограф, ақын, ойшыл Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны мен шығармашылығы.

2. Сол кезеңдегі халық мәдениеті, білімі, қоғам өзгерістері.

3. Ақынның шығармашылық жолы.

3.1. Мәшһүр-Жүсіптің бес жасынан хат тануы, хазіреттен білім алуы.

3.2. Білім іздеп Ташкент, Бұқара қалаларына баруы–әл-Фараби сияқты білім іздеген даналар жолы екендігін көрсетеді. Аталған жерлерде шығыстың әдебиеті, тарихыи, мәдениетімен сусындайды.

3.3. Ташкент, Бұқара, Түркістан қалаларында болып, сол елдердің өмірімен танысады. Сол жердің ақындарымен, білімді тұлғаларымен кездесуі. Ой алысу, айтысқа түсу – ақынның шығармашылық мектептері.

4. Қазақ даласының белгілі тұлғаларымен кездесіп, елге керек сөздерді, мұра, тарих деректерін, әдеби туындыларды жинауы.

5. Өзі өмір сүрген кездегі қоғам істеріне өз ойын, пікірін білдіріп, халық сөзін сөйлеуі.

6. 1907 жылы жарыққа шыққан «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» еңбегі. Жерінен айырылған елдің мұңын жоқтап, жер иесі кім деген, ел еркі кімде болуы керек деген сұрақтарды қоюы.

7. Ақын өлеңдеріндегі ғибрат. Адамгершілік, тазалық деген ұғымдарының шығармаларында жаңа ой беруі.

8. Ақын өлеңдерінің жанры: мысал, насихат, нақыл т.б.

9. Иман, сенім, адамшылық қасиеттер деген ұғымдарды ақын ұлт танымы шеңберімен береді. Ұлттың ғасырлар жасалған танымын иманмен сабақтастыруы.

10. Дастандары: «Гүлшат – Шеризат», « Ібіліс шайтан хикаясы», «Ақыреттің егіні», «Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі» т.б.

11. Ақын өмірбаянын кестеге түсіру. Бұл кестені анықтап ашып, өмірбаян жолдарын айқындауда ақынның «Өмірбаян» деген өлеңі ұсынылады.

13-кесте–Талаптан –тұлғаға

Өмірбаян кезеңдері

Жылдар

Зерек бала

1863

Жас жыршы

1863-1867

Ұстаз

1874-1876

Білім жолына түскен ізденуші

1887, 1895, 1907

Ойшыл

1876-1905

Ақыл айтушы дана

1907

Абыз, әулие

1907-1931

12. Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырған фольклоршы ретіндегі еңбегіне өзгеше тоқталу керек. Оқулықтағы «Мәшһүр-Жүсіп және ауыз әдебиеті» деген тақырыпты түсіндіріп, төмендегілерге ерекше назар аударту керек.

Мәшһүр-Жүсіп мұрасының құндылығы:

1) Мәшһүр-Жүсіп –қазақ әдебиетіндегі фольклордың негізін салушы.

2) Ел ішіндегі ұлт танымын, мінез ерекшеліктерін, түсініктерін ашар әңгімелер мен нақыл сөздердің маңызына, болашаққа қажетіне алғаш мән беруші.

3) Халық арасынан шыққан өнерпаздар мен талантты тұлғаларға баға беріп, оларды насихаттап отырған кең жүректі адам.