Табиғатта барлық омыртқасыздар түрлері әртүрлі ауруларға шалдығады. Ол аурулар қоздырғыштарының табиғаты – әртүрлі. Олар вирустар, микробтар, қарапайымдылар, гельминттер болып табылады (5-сурет).
5-сурет – Жәндіктерде ауру тудыратын қоздырғыштар
Қос қанатты қан сорғыш насекомдардың даму ортасында бұл патогендер өте қауіпті аурулар тудырады.
Маса, шіркей дернәсілдеріне зиянды микроб Bacillus thurindiensis септикалық процесс тудырып, оларды құртады. Қазіргі уақытта микробтардан арнайы инсектицидтер жасалған (бактокулицид, ветобак және т. б.).
Қазақстанда саңырау құлақ Coelomomyces iliensis маса дернәсілдерінің ауруын туғызады.
Жәндіктерде кең таралған ауру – микроспоридиоз. Ол шіркейге аса қауіпті ауру болып саналады. Сондай-ақ маса, шіркей т. б. қан сорғыштарда мермитоз жиі кездеседі.