Қандайда бір тұрғылықты жерді шыбын-шіркейлерден неғұрлым түбегейлі және тұрақты сауықтыру аумақты мелиорациялау, жайылымдар мен басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарын мәдени игеру, шаруашылық маңызы жоқ ұсақ су айдындарын міндетті түрде құрғату, сондай-ақ ағынды су айдындарының гидрологиялық режимін өзгертетін және реттейтін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы жәндіктердің көбею орындарын шектеуге және жоюға бағытталған экологиялық іс-шаралармен қол жеткізіледі. Бұл іс-шаралар дамыған аумақтарды жан-жақты өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық пайдалануды көздейтін ұлттық немесе экономикалық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Зиянкестерден қорғау үшін қансорғыш қос қанаттылардың табиғи жауларын пайдалану энтомофагтардың санын сақтау мен көбейтудің үш түрі қарастырылады:
Бірінші түр – бұл жыртқыштар мен паразиттерді басқа аудандар мен, тіпті, континенттерден алып келу және акклиматизациялау. Себебі көптеген зиянкестер басқа елдерден бізге келген, сәйкесінше олардың табиғи жауларынсыз, олар жаңа жағдайда белсенді дамиды.
Аудандастырудың жетістігі сырттан алып келген энтомофагтардың отанындағы табиғи жағдайлармен тек жаңа зонадағы климаттық ұқсастықтарға ғана емес сонымен қатар оның икемділігіне де байланысты болады. Сондықтан, энтомофагтарды таңдағанда климаттық ұқсастықтарға ғана мән беруге жеткіліксіз. Аралас популяцияны алу керек, яғни физикалық факторлар қатаң тербелісте болатын жерлермен қатар иесінің мекен ортасының әртүрлі стацияларын алған дүрыс. Бұл жаңа популяция қалыптасқанда табиғи сұрыптаудың қызметін күшейтеді және генотиптік өзгергіштігін жоғарылатуға қабілетті.
Энтомофагтардың санын көбейту және оларды сақтау екінші түрі – зертханалық жағдайда көбейту және қоршаған ортаға периодты жіберу. Бұл форма кейінгі кезде кең қолданыс тауып, жақсы дамып келеді.
Энтомофагтарды белсендіру үшін олардың тіршілігі, өмір сүру ұзақтығы және өнімділігін арттыру үшін аса қолайлы орта жасалады. Ол үшін, ең бірінші, жазғы мерзімде бізге пайдалы жәндіктерді қызықтыру және ұстап қалу үшін шырындылар гүлдеулері керек.
Ірі энтомофагтардың аса белсенді периодтарында қоршаған ортаны химиялық өңдеуге болмайды. Бұл пайдалы жәндіктерді сақтаудың екінші жағдайы немесе талабы болып табылады [10].
Зиянкестермен биологиялық күресу зиянкестердің популяцияларын табиғи фаторларды пайдалану арқылы теңдестіруді білдіреді, әрине адамдардың араласуын да талап етеді. Қансорғыш қос қанаттылармен биологиялық күресуде олардың сандарын табиғи реттеушілерді пайдалану экологиялық білімге және экологиялық жүйелердің қызметтерінің ерекшеліктерін түсінуге негізделу керек. Қансорғыш қос қанаттылармен күресудің табиғи факторлары – жыртқыштар, паразиттер және патогендер, бұл факторлар биологиялық бақылау агенттері ретінде де белгілі. Паразиттер – жас сатыларында ие-жәндікте дамып, біртіндеп өз иесін өлімге әкелетін түрлер. Кейбір түрлері монофагтар болып табылады.
Қансорғыш қос қанаттылармен күресуді ұйымдастырғанда олардың биологиясының ерекшеліктерін, түрлік құрамын, таралу сипатын, тіршілік орталарын, әр нақтылы зоналарда олардың даму мерзімі мен жағдайын ескереді. Мал шаруашылығында, аймақтық және жергілікті жағдайларға байланысты шыбын-шіркейлерге қарсы жалпы шаруашылық шараларды қарастыру қажет, әсіресе жәндіктердің көбею орталарын жою мен азайту сияқты, дернәсілдер мен қанаттанған жәндіктерді жою шараларын, сонымен қатар әртүрлі жануарлар түрлерін шыбын-шіркейлерден топтық немесе жекелеген қорғауға бағытталған шаралар болуы тиіс.
Қансорғыш қос қанаттылардың санын табиғи реттеушілерді пайдалану – жыртқыштық пен паразиттікке сүйенетін дезинсекция әдісі. Бұл әдіс зиянкестермен кешенді күресі бойынша бағдарламалардың маңызды құраушысына айналуы тиіс.
Бақылау сұрақтары
Вирустар мен бактерияларды салыстырмалы түрде қарастырып, олардың жәндіктермен байланысын көрсетіңіз.