Сөз байытудағы қосымшалар орны


Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілдер қатарына жатады. Тіліміздегі сөз жасаудың ең өнімді тәсілі қосымшалар арқылы жүзеге асады. Қоғамның ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге еніп жатқан көптеген ұғымдар мен атауларға қазақ тілінен балама табуда сөз тудырушы қосымшалардың атқаратын қызметі ерекше. Қазіргі қазақ тілінде көптеген қосымшалар тілде жаңа сөз жасайтын қызметті атқарады. Мысалы: -шы, -ші, - лық, -лік, -лы,- лі қосымшалары қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамынан ғана табылып қоймай, орыс тілінен енген сөздерге де жалғанып, жаңа сөз жасай алады. Мысалы: футболшы, аграрлық, инженерлік, техникалы т.б.

Қосымшалардың сөзге жалғануының, жаңа сөз жасауының өзіндік заңдылықтары бар. Кез келген сөзге зат есім тудыратын қосымшалар жалғаса бермейді немесе басқа сөз таптарына тиісті жұрнақ жалғап жаңа сөз жасай алмаймыз. Тіл мәдениетінде ескеретін нәрсе қосымшалардың да атқаратын қызметін ескерумен бірге өзі жалғанған сөзге үстемелейтін лексикалық мағынасының бар екендігі ұмытылмау қажет.

Қосымшалар өзі жалғанған сөздерге жаңа мағына үстейді немесе бүтіндей мағынаны өзгертеді. Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөз әдеби тілдің нормасына айнала беруі де шарт емес. Бірқатар сөздер әлеуметтік- тұрмыстық қолданыста жұмсалса, келесі бір сөздер термин ретінде айналысқа түседі.

Қосымшалардың сөз жасаудағы қызметі тілдік талғам, күнделікті қолданыстағы қажеттілік, жұмсалу жиілігі, лингвисталық заңдылықтар, ұлттық танымның шеңберінде жұмсалуы керек.

95 -жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге толтырыңыздар.

Күнбағыс, тас жол, балмұздақ, он тоғыз, ТМД, БҰҰ, ақсұр, ата-ана, тасбақа, кемпірауыз, жиырма, бала-шаға, жеміс, алма, Көкшетау, Қызылорда, әкел, әпер, түрегел, сөйт, бүйт, бүгін, сәйгүлік, ААҚ, ЖШС, қаламұш, қарлығаш, кәсіпорын, өндіріс, аққала, құмырсқа, сарт-сүрт, әке-шеше, БЭК, ҰБТ, қыз-келіншек, ата, бала, құрт-құмырсқа, ауыл шаруашылығы, қара ала, сары май, бағдаршам.

Сөздер дара

Күрделі сөздер

біріккен

кіріккен

қос

тіркес

қысқарған

жеміс

балмұздақ

сөйт

ата-ана

тас жол

ТМД

96-жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап туынды етістік жасаңыздар.

Әңгіме, сыр, адал, кеш, қысқа, түн, тіс, шеге, тең, бір, мол, көп, бөс, ойын, ара, көр, аз, жаса, ой, аман, таза.

97-жаттығу. Тиісті жұрнақ жалғап, туынды сын есім жасаңыздар.

Сез, байқа, тап, жүз, біл, сен, әсер, тек, тау, талап, әдеп, ажар, аймақ, сүт, математика, республика, қала, дәм, күш, жаңбыр, қар, бұлт, бала, мұрт, көл, компьютер, инженер, өндіріс.

98-жаттығу.

1. Өнер алды – қызыл тіл.

2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

3. Шебердің қолы ортақ.

Шешеннің тілі ортақ.

4. Сөз бас жарады, бас жармаса, тас жарады.

5. Басқа пәле тілден.

6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

7. Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

8. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

9. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

10. Сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ, су атасы – бұлақ.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Берілген мақал-мәтелдерден септік жалғауларды көрсетіп, қай септік екенін анықтаңыздар. Септік жалғауларының сөз мағынасын ауыстыру қызметіне назар аударыңыздар.

2. Ана тілі, тіл өнері жайындағы мақал-мәтелдердің мағынасын ашып айтыңыздар.

3. Қарамен жазылған сөздердің, сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын беріңіздер.

Тапсырмаларды орындаудың үлгілері

Тапқанға – барыс септік жалғауы.

Сөз өнері барлық өнердің бастауы, негізі.

Қолқа – тілек, сұрау, сұрақ мағынасында

99-жаттығу.

Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сандығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ шаңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлік те бір өзінде Аққасқа өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылға келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша, жә қарасын көрсеткенше ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез келген иттерге де соқтыға береді.

... Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінді(М. Әуезов).

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Аққасқаны суреттеңіздер.

2. Туынды сын есімдерді теріп жазыңыздар. Оларды құрамына қарай талдаңыздар.

100-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен жаңа сөз жасаңыздар.

1. -ма, -ме, - ба, -бе, па, -пе:

2. -қын, -кін, -ғын, -гін:

3. -ынды, -інді, -нды, -нді:

4. -ын, -ін, -н:

5. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек:

6. -ақ, -ек, -қ,-к,- ық, -ік:

7. -қы, -кі,-ғы, -гі:

8. -у:

9. -ым, -ім, -м:

10. -ыс, -іс, -с:

11. -қыш, - кіш, -ғыш, -гіш:

12. -ыш, -іш: