Сөз әдебі


Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып аяғына дейін тыңдай білуі де – мәдениеттілік.

Адамдардың бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмысында түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бұл-бұл жанады. Бірінің көңілі түсіп, жан дүниесі алай-дүлей күй кешеді. Осындай сезімдерді ашатын тілде сөздер мен сөз тіркестері көп. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік. Маратты – Мәке, Саматты – Сәке, Қанатты – Кәке деп құрметтеу де салт-дәстүріміздің де бағалы тұсы.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де – ізеттілік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, көңіл көтеру (комплимент) сөздері қолданылады.

Мақтау – айтушының тура қарап, шын ниеттен айтқаны дауыс мәнерінен де байқалып тұрса, таза көңілмен шыққаны сенімді болады. Көңіл көтеру лебізі ( комплимент) – әңгімелесушінің мінезіне, адам-қарым-қатынас мәнеріне, сыртқы түріне, біліміне адал шынайы ықыласпен берілген баға.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын, жеңіл тимесі анық. Ендеше оларды қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу керек, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгертуге болады. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, әркім өз пікірінде қалып, әңгімелесушімен достық қатынасты сақтаған дұрыс.

102-жаттығу. Үшінші бөліктің қарсы жағына бірнеше нұсқа жазыңдар.

Әңгімелесушінің көзқарасын, ойын білу - асықпай тыңдау

Дәлелін басқалармен салыстыру - жете зерттеу

Шешім табу - талдау, талқылау

Өз шешімін айт у- қолдау не қарсылығын білдіру

103-жаттығу. Кестені толтырыңыздар. Өзойларыңыздың сөз әдебі нормаларын сақтауына ден қойыңыздар.

1. Әдептілік пен тәрбиені тек кітаптан ғана алуға болады.

1. Әрине, кітап, әдебиет әдептілік пен тәрбиеге үйретеді. Дегенмен, бұнымен шектеуге болмайды. Тәрбие басы - отбасы, туыс-туғандар, араласқан көрші, таныс, жолдас, достардың да ықпалы болатынын естен шығармаған жөн.

2. пәнінде бізге қажетті жоқ заң, ереже тіпті де көп.

2.

3.

3. Көп тіл білген дұрыс. Бір тіл білген кісі - бір, екі тіл білсең, екі адамға теңсің деген сөз бар ғой. Қазіргі қоғам бізден жан-жақты білімді болуды талап етеді. Десек те, ең бірінші өз ана тіліңді жетік білмей тұрып, басқаға қол созу артық. Ана тіліңдегі бар байлықты игере алмасаң, өзге тілді терең білуге ұмтылу бос әурешілік...

3. Қазіргі кезде соңғы сәнмен киінген адам ғана өз ортасын таба алады.

 

4.

4. Дұрыс айтасың, Нұржанның бойында өзің айтқандай өрескел мінездер бар. Бірақ, оның көп білетіндігі мен ақ көңілділігін де ескеру керек. Біз жамансың деп араласпай қойғанмен, оған жақсы жаманын айтатын жолдастар керек екенін де ұмытпайық.

5.

 

104-жаттығу.

– Үйірмеде жақсы баяндама жасаған достарыңызға;

– Кешкі асқа дәмді тамақ пісірген әже, ана, әпкелеріңізге;

– әдемі киім сатып алған іні, қарындас сіңілілеріңізге;

– табиғаттың бір сәтін тамаша сурет етіп салған жолдастарыңызға;

– байқаудан І орын алған топтастарыңызға көңіл көтеру лебізін (комплимент) айтыңыздар.

105-жаттығу.

Құттықтау сөз көбіне-көп үлкен дастарқан басында айтылады. Дастарқан басында айтылатын жақсы сөздің де өз ереже, шарттары бар. Жиналған қауым тамақ ішу үшін емес қуанышты шын ниеттен қабылдап, игі тілекпен келеді. Бұл жерде әркім өзін мазалаған ойын, жеке шеше алмай жүрген ісін немесе біреулерге деген өкпе-ренішін айтпайды. Жақсылыққа келген жұрт барлығына ортақ қуанышты, көңілді кезді еске алады. Ұнатпаған, бұрыннан ренішті адамдармен жолыға қалса, ішкі сырын сыртқа шығаруға, не болмаса ұнатпағанын білдіріп сөйлеу мәдениетсіздік болады. Бұрын көрмеген адамдармен танысып, ортақ тақырып тауып әңгімелесуге тырысқан жөн.

Төмендегі жағдайлардың әрқайсысына бірнеше сөйлем құраңыздар.

1. Туған күн Баласы - әкесіне

Сыныптас – сыныптас жолдасына

Ағасы – інісіне

2. Марапаттау Спортшы – жаттықтырушыға

Ғылыми жетекшісі – шәкіртіне

Оқушы – ұстазына

3. Тіл ашар тойы Достары – ата-анасына

Туысқандары – балаға, атасына

4. Мерейтой Қонақтар – мерейтой иесіне

Мерейтой иесі – қонақтарға

5. Мекеменің ашылуы Директор – қызметкерлерге

Басқа бір мекеме өкілі – директорға, мекеме қызметкерлеріне

106-жаттығу.

Абай әкесінің бұнымен сөйлесер сөзі жоқ екенін білгендіктен, күн бойы үнсіз отырды. Сөз қозғалса, ол тек Құнанбай мен Қаратай арасында. Мекеден алғаш келген күндерінде Құнанбайдан Қаратай көп нәрселер сұраған еді. Ондағы Құнанбайдың айтқаны барыс-қайтыс жол жайы болатын. Өзі тілесе кімді болса да сөйлете білетін орамды, епті Қаратай, Құнанбайды қазір де сөйлете бастады. Дәл осы халге орынды болған, діндәр адамдар әрқашан ықыласпен айтуға парыз саналатын бір жайларды сұрайды. Онысы Мәдине мен Мекедегі Құнанбай хажы зиярат қылған әруақтардың қабырлары туралы болатын. Құнанбай қолына тәсбихын алып, соны тарта отырып, «Мәдинеде кімдер қабыры бар?» дегенге жауап айтты.

– Мәдинеде Рәсулалланың, хазреті Әбубәкір, Ғұмардың және хазреті Фатиманың жатқан жайларын зиярат қылдым! Кейін тағы бір күндерде – хазрәті Ғаббас, хазреті Хәмзә, хәзреті Ғұсман қабырларын зиярат қылдым! – деді.

Қаратай ынталы, діндәр мұсылман жүзіне еніп:

– Ол жерде бұл аталған әруақтардан басқа, сахабалардан жан бар ма екен? – деді.

Құнанбай бұл сөзіне не ынталы бейілмен жауап қатты:

–Сағды бин Уақас, Ғабдырахман бин Ғауф және хәзіреті Ғайша дан сонда жай тапқан екен. Бұларды пайғамбарымыздың дос жарандарының жайлары дейді, – дегенде, Ғабитхан молда, құраннан бетін бұрмай отырып:

– Ғашраи – мұбашшара десе лазым! – деді де, құранын аудара берді.

Құнанбай, молдаға тағзым еткендей бас иіп: «дұрыс айтасыз, молда, мен өзіміздің тілімізде айтып жатырмын», - деді.

Абайлар аттанар кезде Қаратай тысқа шығып кеткен-ді.

Құнанбай күн ұзынғы мәжілісінің артын қорытқандай боп, Ұлжанға қарап:

– Оқымаған қазақта Қаратай көкірегіндей жүйрік көкірек аз-ау. Сұрап отырса да, сол мен көрген көп жайды өз көзімен көргендей, көкейіне қондырған! – деді.

Ұлжан Қаратайдың сөз бастап, бүгін қажыға көп жайларды айтқызғанына іштей алғыс айтып отырған. Қазір ерінің сөзін қостады.

–Тілеуің бергір жүйріктігінің пайдасын жаңа көрдім. Сіздің бізге көп шешіліп айтпайтын әңгімелеріңізді айтқызды. Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз. Қоймадағы теңдей, көңілде жүргенініңзді айтқызып, сізді де жадыратты ғой! – деді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Мәтіннен ұлттық әдептің қандай үлгілерін байқадыңыздар.

2. Басқамен сөйлескісі келмеген Құнанбай қажыны Қаратай әңгімеге қалай тартты?

3. Қаратайға мінездеме беріңіздер.

4. Отырған жұрттың барлығына бірдей жаққан сөздің артықшылығы неде?

5. «Жүйрік көңіл», «сөйлесер сөз жоқ», «көкейге қондыру» тіркестерінің сөз мәдениетіне, сөз әдебіне, тыңдаушы мен айтушы арасындағы түсіністікті жасаудағы орнына қарай талдау жасаңыздар.