Жеке адамға қатысты іс қағаздар


Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде жүргізу, сауатты жаза білу талабы – жеке адам өміріне қатысты іс қағаздардың да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздардың негізгілеріне:

1. Өмірбаян (аннотациялық парақ);

2. Өтініш;

3. Жеке іс парағы;

4. Анықтама;

5. Мінездеме жатады.

Өтініш – ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып анықтап көрсету

128-жаттығу.

1) Жарыс өткізу үшін университеттің спорт залын сұрап;

2) қалалық ән байқауына қатысу үшін сабақтан босатуды сұрап өтініш үлгілерін жазыңдар.

Өмірбаян – адамның аты-жөні, туған жылы, отбасы жағдайы, білімі, қызметі ресми жазылатын құжат.

Өмірбаян І жазылады

129-жаттығу. Өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.

130-жаттығу. Қазақ халқына белгілі тұлғалардың (Абай, М.Әуезов, Қ. Сәтбаев С. Мұқанов, т.б.) өмірбаяндарын жазыңыздар.

131-жаттығу. Түйіндемемен танысып, не үшін жазылатынын анықтаңыздар.

1) Ғылыми-зерттеу институтына ғылыми қызметкер болғыңыз келді, өзіңіз туралы түйіндеме жазуыңыз керек. Қалай жазар едіңіздер, қандай талап, шарттары бар( жұмыс орнының ерекшелігін ескеріңіздер).

132-жаттығу. Ресми іс қағаздарының әр бөлігіне қандай мәтінде хат жазар едіңіздер.

1. Құттықтау хат;

2. Алғыс хат;

3. Келісім;

4. Қызметтік хат;

5. Өтініш.

133-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.

Сөздер

Қазақ тілі

Орыс тілі

Моңғол

және қазақ-моңғол тілдеріне ортақ

сөздер

Араб тілі

Парсы тілі

Еуропа халықтар

(грек, неміс, ағылшын, француз)

тілдері

1

Кітап

 

 

 

+

 

 

2

Бөлтірік

+

 

 

 

 

 

3

блок

 

 

 

 

 

 

4

Бұлбұл

 

 

 

 

 

 

5

әбдіре

 

 

 

 

 

 

6

мұғалім

 

 

 

 

 

 

7

кездік

 

 

 

 

 

 

8

сүт

 

 

 

 

 

 

9

гарнизон

 

 

 

 

 

 

10

тәкаппар

 

 

 

 

 

 

11

ықылас

 

 

 

 

 

 

12

арзан

 

 

 

 

 

 

13

физиология

 

 

 

 

 

 

14

ішік

 

 

 

 

 

 

15

төл

 

 

 

 

 

 

16

дүлдүл

 

 

 

 

 

 

17

ақ

 

 

 

 

 

 

18

хан

 

 

 

 

 

 

19

сөл

 

 

 

 

 

 

20

арена

 

 

 

 

 

 

21

қағаз

 

 

 

 

 

 

22

тәуіп

 

 

 

 

 

 

23

жорға

 

 

 

 

 

 

24

әзәзіл

 

 

 

 

 

 

25

тамаша

 

 

 

 

 

 

26

астролог

 

 

 

 

 

 

27

нақ

 

 

 

 

 

 

28

ызғар

 

 

 

 

 

 

29

тоқым

 

 

 

 

 

 

30

ән

 

 

 

 

 

 

31

тамаға

 

 

 

 

 

 

32

гелий

 

 

 

 

 

 

33

заман

 

 

 

 

 

 

34

әмір

 

 

 

 

 

 

35

холерик

 

 

 

 

 

 

Хат – қазақ тілінде жазу, қағазға түскен сөз дегенді, екіншіден, біреуге немесе арнайы бір мекемеге хабар, ақпарат, сұраныс т.б. жіберу үшін жазылатын мәтін.

Баяндама – нақты бір тақырып бойынша жүргізілген зерттеу, талдау, жинақтау қорытындысы. Баяндаманың жан-жақты ашылуы үшін қажетті шарттардың қатарына:

– тақырып;

– мәлімет;

– талдау;

– қорытынды;

– ұсыныс кіреді.

134-жаттығу.

«Құрметті жолдас лейтенант!»

Хатыңызға рақмет. Сіздің сұрақтарыңызға жауабым мынадай:

1. «Волоколам тасжолы» кітабын талқылау стенограммаларының, оған берілген рецензиялардың, кітапқа байланысты келген хаттардың көшірмелерін Сізге жіберуге мүмкіндігім жоқ, оған шамам жетпейді. Өйткені оқырмандардың лебіздері мен хаттары, сыншылардың пікірлері орасан көп. Мәселен, «Волоколам тасжолы» жариялаған «Знамя» журналының редакциясына соғыс кезінде тек менің атыма ғана жүздеген хаттар келді. Повесть 1942 – 1943 жылдарда Москва қаласындағы әдебиетшілдер үйінде екі рет талқыланды. Ол талқылауға екі жүз-үш жүздей адам қатысты. Онда мен повестің біткен бөлімдерінің мазмұны және оның жалғасына байланысты біздің істейтін жұмысымыздың программасы туралы екі рет баяндама жасадым. Әр баяндамам бір жарым сағатқа созылды.

Бауыржан Момышұлы

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Хат қандай мақсатпен жазылған?

2. Хаттың стиліне назар аударыңыздар. Хат тілінің қандай ерекшеліктері бар, атаңыздар.

135-жаттығу. «Домбыра – қазақ ұлтының жаны», «Жаңа заман – жаңа байланыс». Берілген тақырыптардың біріне баяндама жасаңыздар.

Күнделік – 1) күнбе-күнгі өтетін немесе жоспарланған істердің орындалу реті; 2) көркем туынды ретінде өткен күннің әсері, сол күндегі көңіл-күй, сезім, ішкі толқынысты суреттейтін көркем шығарма.

136-жаттығу. Жексенбі күнгі уақыттарыңның өту ретін жазыңыздар. Демалыс күнгі уақыттарыңызды дұрыс ұйымдастыра аласыздар ма, назар салыңыздар.

137- жаттығу. Күнделік.

27.04.2005

Бүгін таңертең ерте тұрдым. Ш.Уәлихановтың таңдамалы шығармаларын оқып, кеш жаттым. «Қытай империясының Батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты 1856 жылғы Құлжаға саяхат күнделігін оқып шықтым. Шоқан Уәлихановтың күнделігі Үйгентас аңғарының табиғатын суреттеуден басталыпты, жүз беттен астам мақаланы аяғына дейін қалай тез оқып шыққаныма өзім де таң қалдым. Мүмкін, алғашқы жолдардан басталған таңғажайып табиғат суреті ме, әлде саяхат сыры ма, әйтеуір, маған ерекше әсер қалдырды. Күнделік 1856 жылдың 1 тамыздан 12 қазанға дейінгі аралықтағы Қытай империясына сапардың жайын баяндайды.

Ш.Уәлихановтың әр іске назар салар байқампаздығы, екшеп, талдар талғамы, жіті таразыға салар талдауы ерекше.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Күнделік жазудың пайдасы бар ма? Неге?

2.Өздерің күнделік жазып көрдіңіздер ме?

3.Естерінде жақсы сақталған, әсер алған сәттеріңді күнделік ашып, жазуды әдетке айналдырыңыздар.

136-жаттығу. Мәтінді оқып, ғалым пікірлеріне көңіл аударыңыздар. Ш.Уәлиханов жер аттары туралы пікірлерін қандай дәлелдер мен деректер арқылы түйіндейді?

Ыстықкөл сапарының күнделігі

(үзінді)

«...Санташ – санаулы тас. Бұл асудың бұлай аталуына себеп болған бір қорғанға үйілген тастар. Қорғанның биіктігі 3 сажын, айналасы 35 сажын. Аңыз бойынша, Әмір Темір Гурган Қытайға император Каан Чинның қызын алу үшін сапар шегеді (Каан чин Қытай императорының титулы [түркіше басқаша], Хаканчин – Қытай императоры [титул], қазақтар оны жалқы есім қып алған). Әмір Темір әр жауынгері қолына бір-бір тастан алып, бір жерге үюге бұйрық етеді. Кейін қайтқан жолында ол енді тасты алып, келесі жерге үюге әмір етеді. Қалған тастарға қарап, қанша әскер жоғалтқанын шамалайды. Сол қорғанның орны қазір де бар.

Тарихи мәліметтер бұл аңызға мүлдем қарама-қайшы. Әмір Темір шын мәнінде Қытайға сапар шеккен, бірақ Самарқандтан шығып, Отырарға 24 жеткенде қаза тапқан. Десек те, орта ғасырлардағы батырлық жырлардағы Ұлы Карл мен орыс ертегілеріндегі Владимир Красное Солнце сияқты барлық ортаазиялық аңыздарда Әмір Темір басты қаһарман. Түркістанның барлық мешіттерін, көне су құбырларының барлығын Әмір Темір Сайыпқыран (әлемнің билеушісі) салдырған деседі. Қалай болғанда да, Санташ қорғанын қалау үшін көп адам мен көп еңбек қажет болған және ол келер ұрпаққа [осында] бұрын өткен халықтың өмірінен сыр шертетін ескерткіш.

Айтпақшы, Қарқара өзенінің атауы туралы тағы бір аңыз.

Қазақтар қалмақтарды шапқан бір жорықта осы өзеннен... екі жас қызын ұстап алады. Олардың ауылы жаңа көшіп жатыр екен. Олар осы жерде қалып, өздерін ретке келтіріп, көшке сәнді киіммен бармақшы болған. Олардың бастарында құстың қауырсын қанаттары болады. Қазақтар оны қарқара деп атайды. Содан бері өзен Қарқара атанып кетіпті дейді аңыз (Ш. Уәлиханов).