Іскерлік қарым-қатынастағы тіл үлгілері


Ресми тілде жиі қолданылатын құжаттардың қатарына анықтама, өтініш, түрлі ресми хаттар, бұйрық, мінездеме, өмірбаян, қолхат, сенімхат, хаттама, жарғы, келісімшарт, жеке іс парағы, қаулы түрлерін алуға болады.

Іс қағаздарының өзіндік тілдік жүйесі, белгі, құрылымы бар. Ал осы жүйе, белгі, құрылымның өзі әр іс қағазында түрлілігіне қарай бірінен-бірі бөлектенеді.

123-жаттығу.

1. Әдебиет үйірмесінің отырысы;

2) Кітап көрмесі;

3) Өлкетану мұражайына саяхат;

4) Көркемөнерпаздар байқауы;

5) Журналистермен кездесу өтетіндігі жайында хабарландыру жазыңдар.

Есеп – белгілі бір уақыт аралығындағы мекеме ұйым, кәсіпорын, маманның атқарған жұмыстарына жүргізілген ресми тілде жазылған талдау.

Есептің төмендегі құрамын жазылуда назарда ұстау керек.

1. Есептің тақырыбы (есеп не жайында болуы қажет).

2. Мақсаты ( жалпы шолу, ақпарат , негізгі жұмыс тәртібінің қойылуы).

3. Мақсаттың шешілу жолдары (қандай бағыттар таңдалып алынды неге).

4. Жұмыстың жүру барысына талдау ( қандай іс атқарылды, қандай істелінбеген істер бар , себептері)

5. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы (бағалау , шешім)

6. Келесі кезеңдегі атқарылу тиісті істер ( міндеттемелер)

7. Есеп ресми тіл стилінде жазылады. Көркемдеуді, суреттеуді қажет етпейді.

Хаттама – жиналыс, мәжіліс, кеңестегі шешім, пікір, ой көзқарас, пікірлер сол қалпында түсетін құжат түрі.

Хаттамада сөз, хабарлама өзгеріссіз беріледі. Жиналыс, мәжіліс, кеңес хатшысы сөйлеушілердің сөзін ынта қойып тыңдап, хаттамаға ең бастысын, негізінен жазуы керек.

Хаттаманың құрылымы

1. Хаттама

2. Қатысушылар туралы мәлімет

3. Күн тәртібі

4. «Тыңдалды»

5. «Сөйлегендер»

6. «Қаулы етеді»

7. Төраға мен хатшының қолдары.

124-жаттығу. Хаттаманы аяқтаңдар.

№ 7 хаттама

Үйірме отырысы 27.04. 2014

Қатысқандар: 15 студент

Күн тәртібі

1. Баяндама. «Іскерлік тілдегі жаңа терминдер» (Баяндамашы – Асылжанова Әйгерім)

2. Ғылыми жобаға ұсынылған баяндамаларды талқылау.

3. Әртүрлі

Пікір – белгілі бір кітап, еңбекке берілген баға. Пікір жазушы кітап, еңбектің қажеттілігін, мән-маңызын, ерекшелігін ашып көрсетуі тиіс.

125-жаттығу. «Егемен Қазақстан» газеті мен «abai.kz» порталындағы өздеріңізге ұнаған шығармаға пікір жазыңыздар.

126-жаттығу.

Әр өмір саласындағы іс жүргізуші өз саласының сөз байлығын игеруі арқылы ғана кәсіби сөз саптау шеберлігін ширата алады. Мұның үстіне әлемдік құжаттармен жұмыс жасау технологиясы мен іс жүргізу құжаттары үлгілерін жақсы білмек керек.

Қандай тіл жетілу үстіндегі тіл болмақ? Ішкі құрылысындағы оң өзгеріс, сондай-ақ поэзия, фольклор саласында ғана дамыған тіл көсегені көгертеді деу қиын. Әлемдік әлеуметтік лингвистика қоғамдық қызметінің көлемі өскен, жаңа мазмұнды бейнеленген тілді жетілу жолындағы тіл деп сипаттайды. Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стильдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әр қилы салаларына тікелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері, мәтінді қысқарту мен аббревиатура, сандық ақпарат, орфографиялық ерекшеліктер т.с. тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді (Б. Хасанұлы «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің әлеуметтік-лингвистикалық қырлары» кітапта: Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – Астана, 1999.)

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Кәсіби сөз саптау шеберлігі» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Тілдің қоғамдық қызметінің өсуі туралы қандай ой айтылған?

3. «Тілдің – қоғамдық қызметі» тақырыбында әңгіме жазыңыздар.

127-жаттығу. Бірнеше анықтама мен мінездеме үлгісін дайындаңыздар.

Анықтама

Мінездеме

 

1

Кімге берілетіндігі

Аты-жөні, білімі, туған жылы

 

2

Қандай себеппен

 Отбасылық, әлеуметтік жағдайы, азаматтығы туралы мәліметтер

 

3

Қандай мекеме берді

Қызмет істеген орындары, жылдары.

 

4

Мекеме басшысының қолы

Жеке мінез ерекшеліктері. Міндетін, тапсырылған жұмыстарды орындауы

 

5

Берілген мерзімі

Мінездеме қайда берілді

 

6

Мекеме басшысының қолы, мөр

Берілген жылы, айы, күні

 

7

 

Мекеме басшысының қолы, мөр