Қазіргі кезде дүниежүзі руханияттың әлсізденуінің, адамгершілік пен парасаттылықтың төмендеуінің куәсі болып отыр. Адамгершілікті, парасаттылықты сақтау қазір бір елдің емес, дүниежүзілік мәселеге айналды. Сондықтан «Этика» курсының ХХ1 ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Этиканы оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Егер біз әдепті ұрпақты рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда ол қарым-қатынастың психологиялық реттеушілік қызметімен айқындалады.
Этика пәні студенттердің жалпы және кәсіби мәдениетін жоғарылатуға, адамның бойында адамгершіліктік құндылықтарға саналы қатынас жасауды үйренуге, жауапкершілікті өмірлік таңдау жасау қабілетін игеруге, сол арқылы білім алу менкүнделікті өмірде дәйекті гуманистік ұстанымдарға қол жеткізуге көмектеседі.
Табиғаттың қоршаған ортаның ластануы адам баласының келешегіне қандай қауіп төндіріп, бүкіл әлемді қалай алаңдатып отырғаны белгілі. Біздіңше, адамның қадір-қасиетінің басты өлшемін-қайнар көзін оның өз бойынан іздеу керек. Еңбегінің-мейлі ой еңбегінің, мейлі дене еңбегінің-құнымен адамның қоғамдағы алатын орны белгіленуі тиіс. Еңбектің сыбағалы салмағы оның иесінің қадір-қасиетінің өлшемі болуы қажет. Шынын айту керек, бұл күнде адам қадірі бұл өлшеммен есептелмей жүр. Соның салдарынан еңбектің-ой немесе дене еңбегінің бәрібір құны түсіп, инфляцияға ұшырап отыр.
Жеке адамның қоғамдағы орны оның байлығының мөлшерімен өлшенетін болды. Сондықтан да ақыл-ой арзандап, парасаттылық көненің көзіне айналып, архивтің сөресіне қарай бағыт алып барады.
Адам құны, оның сый-құрметі жеке басының әрекетімен, елге, әлеуметке жасаған қызметімен, өз қабілетін қаншалықты көпшілік игілігіне жұмсағанымен анықталуы қажет. Әркім өз орнында еңбегіне сай лайықты бағасын алуы керек. Оның абыройын, намысын аяққа басуға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл өркениетті елдердің бәрінің Негізгі Заңдарында атап жазылған.
Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. Iзгiлiк - жоғары мәдениет пен бiлiмдi, сөз бен iстiң бiрлiгiн талап ететiн, немқұрайлылықпен күресетiн белсендi өмiрлiк ұстаным. Адам қандай құндылықтар жүйесiн ұстанады, ненi мақсат етiп, неге талаптанады деген сұрақтарды анықтау да өзектi. Денсаулық, махаббат, сұлулық, бiлiм, сүйiктi жұмыс сияқты құндылықтар қай дәуiрде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым-атынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Сонымен, тұрақты моральдық тәртіпті ұстап тұру үшін ақыл-ойға барынша қысым көрсетуді бірде әлсіз, бірде наразы түрде талап ететін ескі жүйені алмастыру үшін, дәл осы адамгершіліктің салтанат құруы мақсатында, жағымды ойлаудың жалпыға ортақ басымдылығына жету үшін бүгінде қызу жұмыс істеу қажет.
Сондықтан этика әлем халықтарының әдеп жүйесін, моральды, адамгершілік мәдениетін зерттейтін философиялық пәнге айналды.