Діни этика Конфуцийдің, Будданың, Моисейдің, Иисустың және Мұхаммедтың ілімдерімен байланысты. Олар түрлі мәдениеттер мен діндердің әдептілік негіздерін салды, тұтас өркениеттерге бастау болды және оларға атау берді. Олардың Сократтан, Канттан және т.б. ойшылдардан айырмашылығы үлкен, олар тек өздерінің қоғамдық өмірге әсер етумен ғана емес, сонымен қатар ойдың ісәрекетке айналумен, шынайы өмірдің әдептілік ұстанымдарына жұмылдыруымен ерекшеленді.
Моисей – еврей халқының ұстазы мен заңгері, иудаизм ілімінің негізін қалаушы. Оның әдептілік ұстанымдары негізгі пікірден туындады: адам өмірінің берекесі мен келісімі әділ қоғамдық құрылымнан, заңнын үстем болуы негізінде жүзеге асырылады.
Моисей халық өмірінің барлық салаларын реттейтін нақты ережелер жиынтығын жасап шығарды – шаттықтан тіпті қарапайым гигиенаға дейін. Бұл жинақтың жалпы негізі бұл оның он қағидасы. Бұл он қағидаға жүрістұрыстың ең қарапайым діниәдептілікзаң принциптері енеді.
Дәл бұлардың көмегімен Моисей еврейиудаистік мәдениеттің шекараларынан шығатын мағынаға ие болды және адамзаттың ұстаздарының біріне айналды.
Алғашқы үш қағида Яхве құдайына тағзым етуді дәріптейді, басқа құдайларды қалыптастыруға мүлдем тыйым салады. Себебі, көп құдайларға табынатын жерде бір шындық ешқашан болмайды. Төртінші қағида: «Демалыс күнін ескере жүр» − Құдай мен халық арасындағы өзара байланыс тұрғысынан қарағанда аса маңызды өсиет болып келеді (Втор., 20:8). Мұнда Құдайға деген қарымқатынас туғантуыстарға деген қарымқатынаспен тең келеді. Сенбі – Құдайға арналған күн. Сонымен қатар бұл күн – Израиль елі төңірегіндегі барлық адамдар үшін және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан Құдайдың алдында тең болып келетін күн. Демалыс құлдарға да, жат елдің адамдарына да, тіпті үй шаруашылығындағы малдарға да арналған екен.
Бесінші қағида әке мен шешені құрметтеуді уағыздайды. Бұл өсиеттің қажеттілігі балалардың атааналарына қатысты жаман қарымқатынаспен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық жүрістұрыстың жаңа діниұлттық аймағы туыстық міндеттерді, мәңгі атаананы құрметтеу заңын еш бұзбайды. бес қағида
Келесі қағидалар (алтыншысынан бастап оныншысына дейін) адамның оның айналасындағы адамдарға деген қарымқатынастың нормаларын сипаттайды, айналасындағы адамдар деп өзінің халқының барлық өкілдері аталады. бес қағида
Декалогтың екінші бөлігін құрайтын бес қағида өлтірме, зинақорлық жасама, ұрлама, жалған айтпа, сенің жақыныңа жататын нәрсені нәсіп етпе – осылар әділдіктің негізгі өлшемін қалыптастырады. Дәл бұл өсиеттер қоғамдық өмірдің негізі бола отырып халықтың сайланған екенінің басты белгісі, ал оларды сақтау – жүрістұрыстың әдепті критериі болып саналады. бес қағида
Қоғамдық сана әлі де синкреттік сипатта болды және дін, мораль мен құқық сияқты формаларына ыдырамағанша декалог кезеңнің басты құжаты болып саналды. Мұндағы әдептілік талаптар діни негіздермен және заңнамалық салдармен берілген. бес қағида
Декалог өзінің назарын адамның сыртқы әрекеттеріне аударады: мұндағы марапаттар мен жазалар жеке істерден алшақ және алыс туыстарға дейін таралады, бұл жеке әдептілік жауапкершілік идеясына қарсы келеді. Осылай, Он өсиет (Моисейдің он қағидасы) о дүние идеясы туралы немесе басқа да перспектива туралы еш хабары жоқ. Ол тек адамның жанының жағдайына емес, оның қылықтарына қызығушылық танытты. Сондықтан, ол жасалған әрекет үшін жауапкершілікті ұрпақтарға жүктеді және адамны мәңгілік тағдырына немқұрайлы қарады.
Декалогтың ұстанымдары – біріншіден: «өлтірме», «зинақорлық жасама», «ұрлама», «жалған айтпа» − мәдениетке жалпыға тарайтын талаптар ретінде кірді. Олар христиан мен исламның әдептілік канондарының және жалпы адами әдептіліктің негізі және маңызды бөлігі болып қалды.
Моисейдің ілімінің басты ерекшелігі бұл еврей халқының сайланғаны туралы идеясы, оның мәні еврей халқы бір Құдайдың еркіне ғана бағыну керек, өзінің өмірін әділет заңдарына сәйкес жасау керек.
Моисей этикасының субъектісі бұл халық. Бұл мағынада ол әділдік этикасы болып саналады. Әділдік идеясы Моисейдің барлық ілімінің мәндік орталығы. Мейірім идеясы мұнда өте әлсіз көрсетілген және ескі өсиет этикасында мәнді мағынаға ие бола алмады, ол әділдікпен байланыста, оның ерекше формасы ретінде өмір сүреді.
Ескі өсиет моралі өте қатаң және рахымсыз болып келеді. Яхве Бес кітапта өте қатал, жаза беретін құдай ретінде сипатталады. Көбінесе ол ашулы және ызалы. Мейірімді бастау ескі өсиет этикасында жесір әйелдер мен жетімдерге қатысты көрініс табады. «Әрбір жесір әйел мен жетімді ұанаушы болма. Егер сен оны қорласаң...Менің ашуым жаман болады, Мен сендерді қылышпен өлтірем, сонда әйелдерің жесір, ал балаларың жетім қалады» (Исх., 22:21 - 23). Мұнда мейірімділік ашу арқылы шешіледі және қанға қан формуласы арқылы әділдікпен тең келеді.
Моисей Библияда «жердегі адамдардың ішіндегі ең қарапайым адам болды» (Чис., 12:3). Және бұл бүлікшілерді қатаң жазалаған кезде оның қарапайымдылығына еш қарсы келмейді. Оның қарапайымдылығы аяушылық пен кешірімді болуда көрініс тапқан жоқ, ол жазаның сипатында көрініс тапты – яғни, ашу әділдік нормалары бекіткен өзінің шектерін білмейді. Моисей этикасындағы қарапайымдылық пен мейірімділік бұл адамдар арасындағы қарымқатынас пен әділдіктің формасы.
Он өсиет адамның өміріне лайық бағдарлама ретінде бола отырып адамды адам қылатын ақыл, айлакерлік емес, күш пен сұлулық та емес, басқа да адамның антропологиялық қасиеттері емес, Құдай бекіткен заңдар бойынша, әділдік заңдары бойынша өмір сүре алу қабілеттілігі адамды адам қылады.
Адамның әділ бол алу қабілеттілігі дәл осы ақылдың, күш пен сұлулықтың сынамасы болып табылады.
Иисус Христостың этикасын қысқаша түрде махаббат этикасы деп белгілеуге болады. Оның өмірлік ілімінің кілті бұл – Құдай патшалығы. Иисус өзінің миссиясын адамдарға аспан патшалығының жақын екендігі туралы хабарды беруде көреді.
Иисус біздің әлемге басқа жақтан, айнаның сыртынан – мәңгіліктен қарайды.
Иисус рахым мен зұлым, жарық пен түнек, өмір мен өлім бірбірінен ажыраған кезде уақыттың соңы туралы айтады. Ол бұл туралы болжам, үміт немесе мүмкін марапат ретінде емес, ал оған жақсы таныс ақиқат ретінде айтады. Ол жаққа тырысатын адам сияқты емес, ал сол жақтан келген адам ретінде сөйлейді.
Иисус аспан патшалығының астында бола отырып және оның жақындап келе жатқанын көре тұра келе жатқан патшалық әлемнің соңы мен рух патшалығы ретінде түсіндіріледі. Аспан патшалығының екі идеясы да бірбіріне қарамақайшы келмейді, себебі, егер апокалипсистен кейін болатын өмір тек игі адамдарға ғана лайықты болса, онда аспан патшалығына екіншілері түсе алады.
Аспан патшалығының перспективасы адамды соңғы, қорытынды таңдауға қояды.
Адамға рахым мен зұлым арасында таңдау жасауға уақыт келді және бұл таңдау өмір мен өлім арасында таңдау жасауды да білдіреді.
Иисус қолданыстағы құндылықтар тәртібін қайтадан қарастырады. Адам осы өмірде игіліктерге ие болмаса, онда ол бұл игіліктерді о дүниеде, аспанда иеленеді. Материалды құндылықтарға көп тәуелді болмаған адам руханилық туралы көп ойлайды. Соңғылары бірінші болады, ал біріншілері соңғы болып қалады./p>
Адамдар материалдық игіліктер, тұрмыстіршілігі туралы көп ойлайды, өзінің азаптарынан құтыла алмайды, себебі азаптың себебі дәл осы материалды игіліктерде. Иисус адамдарға өздерінің қайғылы тәжірибесін қайта қарастыруға шақырады.
Иисус өзін көбінесе адамзат баласы ретінде санайды. «Балаәке» қатынасы оның ілімін түсінудің кілті болып саналады. Баланың рахымшылдығы әкені тыңдауда тұрады. Мен емес, ал сенің қалағаның болады, әке бұл Иисустың негізгі және тұрақты мотиві болып саналады.
Әкенің еркін қабылдау – өзінің өмірін соған сәйкес құру дегенді білдіреді. Бала тек әкесінің еркін ғана қабылдап қоймайды, ол оны өзінікі сияқты қабылдайды. Бала әкесін тыңдаудың басты себебі бұл – тек қана әкесінің баласына жаны ашитындығы. «Әке баласын сүйеді» (Ин., 5:20) – дәл осы қасиет әкені әке етеді. Балаларға қамқорлық жасау – әкенің рахымшылдығы және Иисус Христос түсінетіндей, яғни аспан әкесі арқылы жүзеге асырылады.
Адамбала Құдайәкеге сүйіспеншілік арқылы теңеседі. Әлемнен арылу Иисус Христостың идеалының теріс көрінісі болса, онда сүйіспеншілік – оның оң мазмұны. Христос этикасы сүйіспеншілік этикасы болып қалыптасады.
Иисус өзінің өлімінің алдында шәкірттеріне берген соңғы ұстанымы бұл бірбірлеріңді сүйіңдер деп уағыздап кетеді.
Сүйіспеншілік момын. Ол басқа адамдарға қызмет көрсетудің өзі. Адамның басқа адамдарғы момын қатынасы «басқаларды сынама» ұстанымы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ұстанымды Иисус әрдайым ұстанады. Ағайындылар бірбірлерін сынамау қажет. Ол үшін әке бар.
Сүйіспеншілік әрекетті. Адамның ісі мен сөзі бірбіріне сәйкес келмеген жағдайды, оны істері арқылы бағалау қажет.
Соңғы күннің соңғы сағаттарында, Иисустың пайымдауынша, Құдай адамдарды қожайын өздерінің құлдарын бағалағандай етіп бағалайды. Тек рахымшылық жасаған, іс істегендер ғана мәңгілік өмірге үміттері бар.
Сүйіспеншілік риясыз. Ол түрлі рахымшылдық сияқты өзінің марапатына ие. Пайдаға, мәртебеге, рахатқа, жалпы басқа да дүниелерге қызыққан сүйіспеншілік өзінің сапасын жоғалтады. Сүйіспеншілік басқалардан пайда көрмеген жағдайда ғана риясыз, мысалы − жетімжесірлер.
Әрбір адам сүйіспеншілікке лайық. Адам сүйіспеншілігінің шынайы сынауы бұл оның дұшпандарына деген қарымқатынасы.
Дұшпанды сүю − оған жақын туғандарыңа сияқты жақсы қарымқатынас немесе сүйіспеншілік көрсету емес, немесе достарыңмен қатынас жасағандағы қуану да емес. Бұл психологиялық және рухани қатынастардан жоғары тұратын қарымқатынас. Дұшпанды сүю, оған бұрын жасаған зұлымдықтарын кешіру дегенді білдіреді. Кешіру бұл жерде тура кешірімді білдірмейді, бұл адамдардың бірігуіне кедергі жасайтын мағынада айтылып тұр.
Дұшпандарға деген сүйіспеншілік арқылы, дейді Иисус, адам аспан Әкесінің баласы бола алады, себебі ол «жақсылықты білмейтін және зұлым адамдарға игі» (Лк., 6:35)
Дұшпандарға деген сүйіспеншілік адамның құдайлық деңгейі болып саналады. Зорлық арқылы көптеген нәрселерге қол жеткізуге болады, қалаларды бұзуға, планетаны жаруға болады, бірақ дұшпанды дос ете алмайды.
Иисустың Құдайы мейірімді Құдай. Онымен ол Ескі өсиет қатал және әділ Құдайынан айырылады. Ескі өсиет Құдайына да мейірімділік тән. Торада ол көбінесе адам сүйгіш және мейірімді болып көрінеді.
Ескі өсиет Құдайының негізгі рахымшылдығы, оны Құдай ететін басты қасиеті бұл – әділеттілік. Иисус акценттерді қайта қойды: егер Құдай қатал болса, ол тек сүйіспеншілікке толы болғанының себебі. Оның Құдайы – сүйіспеншілікке толы Әке.
Әділдік адамды оның жасаған істері бойынша бағалауды көздейді, жасаған істері үшін марапатқа ие болу, бұл кем дегенде екі нәрсе арқылы жүзеге асады: әрекеттерді өлшеу критериі (ереже, шаблон) және бұл әрекетті өлшейтін адам тағайындалады. Сондықтан, әділдік табиғи түрде заңмен және сотпен теңестіріледі.
Мейірімділік бұл басқа әңгіме. Мейірімділікте сүйіспеншілік, адамға деген ағайындық сезімдер оның жасаған істері мен әрекеттерінен тәуелсіз қарастырылады.
Мейірімділік әділдіктен бас тартпайды, онымен шектелмейді де. Иисус адамдардың моральдік қасиеттері оларды біріктіреді, және ол дүние игіліктерінен маңызды. Мейірімділік риясыз, өлшемі жоқ. Мейірімділік соңғы сотта есепке алынатын жалғыз ғана қасиет. Онда, мейірімділікте, ешқандай шарттар мен шектеулер болмайды. Кешірілмейтін адам мен кешірілмейтін күнә жоқ. Бұл өлшемсіздік мейірімділіктің өлшемі болып саналады.
Өзінің өмірінің қорытындысын жасай келе, Иисус былай дейді: «Мен әлемді жеңдім, (Ин., 16:33), сүйіспеншілік, мейірімділік жолына тұра отырып, әлемді құлатқан жоқпын»
Мұхаммед – мұсылман діні мен өркениетінің негізін қалаушы. Оның этиконормативтік бағдарламасының негізі бір Құдай идеясы болып табылады.
Мұхаммедтің ілімінің мәні әлемді Құдай басқарады дегенге жақын. Оның ойынша, жеке бақыттың және қоғамдық келісімнің алғышарты мен кепілі Құдайға мінсіз сену деген идеяны алға шығарады. Тек Құдай ғана адамның үстінен билік жүргізеді, оның тірегі мен үміті болып саналады. Өзіне, басқа адамдарға да емес, жағдайларға, билікке, байлыққа, ай мен жұлдыздарға емес тек бір ғана Құдайға өмірдің соңына дейін сенуге болады. Барлығы келіп кетеді, барлығы мәңгілік емес. Тек Құдай мәңгі және мінсіз.
Бір Құдай идеясы адамға оның әлемдегі алатын қарапайым орнын көрсетеді және бұл өмірде басқа адамдарға және әлемге позитивті қарауды міндеттейді.
Құдайдың бірлігі – әлем үйлесімділігінің кепілі. Және керісінше: әлемнің үйлесімділігі – Құдайдың бірлігінің куәлігі болып саналады. Себебі Құдай біреу, және осыдан адамзат қауымы да бірегей болу керек деген тұжырым туындайды, себебі ол Құдаймен байланысты болады. Адамзат қауымының бірлігін жаңағы шынайы сенім, бір Құдайға деген сенім қамтамасыз ете алады, себебі Құдай алдында барлық адамдардың бірлігі олардың территориядағы, тілдегі және байлықтағы әлеуметтіктабиғи айырмашылықтардан маңыздырақ.
Құдайға сену бұл Құдай сенен не талап етеді және бұл талаптарға сәйкес өзіңді қалай ұстайтыны туралы хабар береді. Адамның Құдайға деген сенімін Құдайдың адамға деген талаптар жиынтығына алмастырса, онда діни сенім туралы мүлдем айтуға болмайды.
Мұхаммед үшін сенім бұл жан көңілкүйінен жоғары, бұл белгілі бір өмір сүру кейпі болып саналады. Мұсылман діні діни догматика мағынасында қысқаша формулаға қалыптасады: Аллах біреу, ал Мұхаммед оның елшісі. Бұл шынайы діннің маңызды ұстанымы болып саналады. Келесі төрт ұстаным алғашқысымен бірге исламды дүниетаным мен өмір сүру кейпі ретінде құрайды және Құранды қабылдайтындардың ішінде жалған сенушілерді шынайы мұсылмандардан айыруға мүмкіндік береді.
Міндетті дұға. Дұға – бұл тек әрбір адам арұжданының ісі; оны ешкім бақыламайды. Ол сенушінің жүрістұрысын реттейді, оның діни санасын қолдайды, ол мұсылман адамына сыртқы екпін береді, және ішкі рухани бірқалыптылық береді.
Міндетті ораза. Ораза негізгі әрекет болып саналады және ол адамның ұстамды, сабырлы болуын көрсетеді, және адам материалды және рухани игіліктердің арақатынасын дұрыс түсінеді. Ораза – басқа да міндеттерді орындаудың уақыты, қарапайымдылық пен мейірімділіктің уақыты.
Міндетті садақа (зякат). Ол кедейлерді, жесірлерді, жолдағы адамдарды, қайғыға батқан адамдарды қолдауға арналған. Зякат басқа да еркін немесе салтдәстүрмен бекітілгендерге, мұқтаж және мұқтаж емес адамдарға да арналған. Құрбандық жасағанда жомарттық таныту – мұсылман адамының басты қасиеті. Зякат формасы арқылы қайырымдылық көрсету ерікті емес, ал мұсылман адамы жағынан міндетті болып келетін акт.
Бұл әрекет дұрыс және адамның басқа адамдарға қатысты шынайы сенімі негізінде ұстанған істердің бірі болып табылады.
Міндетті қажылық (қажылық жасау). Мұсылмандардың негізгі қасиетті жеріне – Меккедегі Кааба тасына қажылық жасау (өміріне бір рет болса да) мұсылмандардың міндетті парызы болып саналады.
Мұсылман сенімінің ұстанымдары бірбірімен өте тығыз байланысты, және олардың біреуі қалғандарды әрдайым қолдап тұрады. Көбінесе, бұл қажылыққа қатысты, себебі мұнда мұсылманның негізгі міндеттерінің жиынтығы шоғырланған. Ол мұсылманның ойы мен рухани энергиясын діннің авраамистік бастауларына, бір құдайға деген сенімге, Мұхаммедтің пайғамбарлық рөліне өзінің назарын шоғырландырады. Қажылық уақыты бұл күшейтілген дұға мен қайырымды құрбандық шалу уақыты да болады.
Құранның жинақталған нұсқасының этикасымен танысқысы келген адам түңілу күтіп тұр. Себебі Мұхаммед өзінің артынан не өзінің Декалогын, не Тау етегіндегі жазбаларын да қалдырған жоқ. Ол арнайы моральдік доктринаны да қалыптастырған жоқ. Этика оның дүниетанымында батып кеткендей болды: теориялық жағынан ол теологиямен, нормативті жағынан – құқықпен тең келді. Бірақ, бізге үйреншікті еуропа мағынасындағы этиканың жоқ болуы белгілі бір моральдік бағдарламаның жоқтығын білдірмейді.
Декалогқа және Тау беткейіндегі қағидаға кіретін барлық нормалар табиғи қайырымдылық болып саналатын қағидалардың мазмұнын қалыптастырады, олар Құранда да бар. Құранның этикалық әртүрлілігі басқа мәдениет ескерткіштерінде жоқ әмбебап әдептілік нормалардың бар болуында емес, ал, бұл нормалардың адамдар арасындағы қарымқатынасты реттейтін басқа да формалармен, діни ритуалдармен, салтдәстүрмен, құқықпен тоғыса отырып берілгендігі маңызды.
Құрандағы әдептілік белгілі бір кодекс ретінде жүйеленбегенғ жалпы принциптер жиынтығына да келтірілмеген. Мұндағы этикалық абстракция ортаңғы деңгейде қатып қалғандай болды. Мұнда жеке тыйымдар да бар (мысалы шарап ішу мен шошқа етін жемеу), белгілі бір салаларда қарымқатынастарды реттейтін нормалар бар (неке жүйесінде, мұра сұрақтарында және т.б.), нақты қайырымдылық қатынастарды және рахымшылдықты жалпылайтын ұғымдар бар (әділдік, мейірімділік, арұждан, қайырымдылық және т.б.), бірақ этика (немесе мораль) ұғымына қатысты ұғым жоқ.
Құран этикасы адамның мүмкіндіктерімен және жағдайларымен әрдайым санасып отырады, мұнда абстрактілі ригоризм жоқ. Осы мағынада Құран этикасы адамға қатал емес. Мысалы, мұсылман адамына шошқа етін жеуге болмайды, бірақ егер шошқа етінен басқа ештеңе болмаса, онда бұл тыйымнан белгілі бір уақытқа шегінуге болады.
Ораза ұстау міндеті бар, бірақ ол аяғы ауыр әйел адамдарына және бостандықта жүрмеген адамдарға таралмайды. Мұсылман этикасының нормалары кейбір ескертулерді біледі және оларға жол береді, олардың императивтілігін категориялық деп санауға болмайды, бұған әрине мұсылман сенімінің белгісі ерекшелік болады. Сенім үшін өлуге де болады. Қалғанның бәрі адам өміріне тұрмайды.
Мұсылман этикасында «моральді болу міндет пе?» сұрағы мәселе емес, ол моральдің сенімге қосылуы арқылы шешіледі. Өмірдің моральдік кейпі мәңгілік өмірдің шаттығы, ал кесірлі өмір сүру кейпі үлкен қайғыларға әкеледі.
Әділдік пен мейірімділікті өзінің пайдасын іздеген адам іздейді.
Исламдағы моральді мотив ақылмен және тазалық мотивтерімен сәйкес келеді.
Мұсылман этикасы адам өмірінің тұтас кейпінен, яғни адам өзінің қабілеттіліктерінің шегін түсініп, қабылдай алады. Бұл өз кезегінде адамның құдайға теңелуіне жол бермейді, христиан этикасына қарағанда мұсылман этикасында адамның жүрістұрысының әдептілік жауапкершілігінің кеңістігі белгіленеді.
Құран индивидтердің өмірінің бағдарламасын береді, ол әрекет еткенде басшылық жасауға ғана емес, сонымен қатар догма да болып саналады. Мұсылман этикасы беретін перспективаларды адамнан тыс деп атауға болмайды, себебі ол адамның бөлінуін, болмыс пен борыш арасында бөлінуді талап етпейді.
Әрине, Құранның ережелерін сақтау оңай емес.
Ислам этикасы алып өркениеттің негізі болды, оның тарихы бір жарым мың жылға тең және бұл мерзімнің тәжірибесі де сондай. Бұл этика бірбірін өзара толықтырып тұратын түрлі дәстүрлердің негізінде құралатын адамзаттың моральдік мәдениетінің маңызды бөлігі болып саналады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Діни этикалық ілімнің өкілдерін атаңыз?
2. Құран ережелерін атаңыз
3. Мұсылмандардың 5 парызы қандай?
4. Иисус Христостың дінінің этикасының ерекшеліктері қандай?
5. Будда этикасының қоғамдағы ықпалы қандай
Реферат тақырыптарының тізімі:
1. Ислам өркениетінің даму ерекшеліктері
2. Иисус Христостың этикасы
3. Моисей этикасы
4. Конфуций этикасының ерекшеліктері
5. Құран этикасы