Алғы сөз


«ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы

елдер қатарына өз жастарының

интеллектуалды және рухани

әлеуетін барынша дамыта алатын

оқу орындарының ең тиімді

жүйесін жасаған ел ғана көтере алады»

 

Н. Ә. Назарбаев

 

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Осыған орай, студентерді модульдік технология арқылы оқыту дидактикасын жасаудың маңызы өте зор.

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану оқытушыдан  үлкен шеберлікті талап етеді. Білімденуде дидактиканы жетік меңгерген жеке тұлғаның ой-санасы қоғамдық талаптар деңгейінде іс-қимыл көрсетіп, қиындықтар мен бөгеттерден өтуде біліктілік пен табандылықтың үлгісін танытады. Модульдік технологияны пайдаланудың дидактикалық шарттар жүйесі орындалуы керек. Ол оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, атап айтсақ пән мазмұнына толықтырулар енгізе отырып, белсенді технология көмегімен қолдануды қажет етеді.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту оқытушының зейін-зерделік , кәсіптік,адамгершілік, рухани,азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәбие үрдісіне жаңа технологияны ендірудің алғашқы шарты: оқытушының инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Мемлекет көздеген тактика мен стратегиясына инновациялық технологиямен білім беру мазмұны мен оқыту жолын айқындайтын, ұтымды нәтижеге жедел қол жеткізетін тиімді әдістеме түбегейлі, толыққанды зерттелмеген, жоқтын қасы.

Сондықтан «Білім берудің бәсекелестігі – жоғарғы оқу орнына инновациялық оқыту технологияларын еңгізу» деп алынуы еңбектің мәртебелі тұсы.

Инженерлік сызбаны оқыту мәселелерін зерттеу отандық педагогиканың оқыту әдістемелік жүйесін дамытады. Инженерлік сызбаны инновациялық технологиямен оқыту, оны дамыту мен шындық оқыту жүйесінің салиқалы, салмақты болуына  айтарлықтай нәр болып, түлғаны тәрбиелейді.

Осы тұрғыдан автордың «Білім берудің бәсекелестігі – жоғарғы оқу орнына инновациялық оқыту технологияларын еңгізу» атты монографиялық жұмысы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналған. Әдістеме ұғымына жан-жақты анықтама беріп, бұл зерртеу жұмысына дейінгі бағыттағы еңбек еткен  ғалымдардың тұжырым-түйіндері зерделегені аңғарылады. Инженерлік сызбаны оқытудың әдістемелік тұжырымдамасының жасалуы-зерделенген нысанның көрсеткіші.

Осындай парасатты іс-әрекетті тәжірибеде нәтижелі бағдарлауға нұсқа болатын монографияда қамтылған ғылыми-теориялық негіздер студенттердің ғылыми-біліми еңбегін оңтайлы ұйымдастырда пәрменді іс-әрекет құру бейіміне көңіл бөлініп, оқыту қызметінің шарықтау шегі көрсетілген.  Зерттеу барысында берілген нәтижелер зерттеу мәселесін әдістемелік тұрғыда дәйектеумен, ең өнімді де ұтымды тәсілмен орнымен қолданумен,  тәжірибеде негізделген жаңалығымен бекітілген жұмыстың негізгі нысанасы.

Қорыта айтқанда, «Білім берудің бәсекелестігі – жоғарғы оқу орнына инновациялық оқыту технологияларын еңгізу» тақырыбына жазылған еңбек әдістімелік, теориялық, тәжірибелік тұрғыда қойылатын талаптарға сай деген ойымды білдіремін.