«Физикалық өрістердің теориясы» курсы студенттерді бұзбайтын бақылауда қолданылатын негізгі физикалық өрістермен таныстырады. Курста өрістердің ортада таралуының негізгі процесстері және олардың затпен өзара әрекеттестігі, сонымен қатар осы процесстердің математикалық сипатталуы баяндалған. Берілген курс жалпы физика курсымен бірге инженер-техникалық пәндерді зерттеуге арналған физика-математикалық базаның фундаментальды бөлігінің құраушысы болып табылады.
Пәнді зерттеудің мақсаттары: – әр түрлі орталарда электрмагниттік, жылулық, радиациялық және акустикалық өрістердің таралуының негізгі заңдарын және олардың математикалық сипатталуын зерттеу; – әр түрлі орталарда радиациялық өрістерді есептеу әдістері мен ионизациялық сәулеленудің затпен өзара әрекеттестігінің заңдарын зерттеу; – электрстатикалық, электрмагниттік, жылулық, радиациялық және акустикалық есептеудің теориялық негіздерімен танысу. Пәнді зерттеу нәтижесінде студенттер тиісті: физикалық өрістер теориясының қатынастарын және негізгі заңдарын білу.
физикалық шамалардың өлшем бірліктері мен анықтамаларын, стандартты терминологиясын қолдана отырып, акустика және электродинамиканың қолданбалы есептерін шешуге негізгі қатынастарын қолдануды білу. физика мен техникада әр түрлі типті толқындардың қолданылуы білу.
«Физикалық өрістердің теориясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы, аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалдарды өзіндік оқуға, бақылау іс-шараларына, дәріс және тәжірибелік сабақтарға дайындықты болжайды.
«Физикалық өрістердің теориясы» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысы олардың дәрістік, тәжірибелік сабақтарға, үй тапсырма-сын жасау, аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материал-ды өздік оқуына, бақылау шараларға дайындауға ұсынылған.