Алғы сөз


Кез келген өркениет мәдени еңбектерімен, іскерліктерімен күшті. «Ақпараттың дүмпуі» ХХ ғасырдың соңындағы өткен жүз жылдықта білім саны арасындағы кәсіби қызметкерлікпен оларды ұғыну мүмкіндігінің қайшылығына әкеліп соқты. Қоғамдық өндіріспен ғылымның, мәдениеттің даму қарқындары жеделдеттірілді. Әр 6-7 жыл сайын білім жаңарып отырады. Сондықтан қазіргі біздің заманымызды білім ғасыры деп атауға болады.

 Білім жүйесі адамды біліммен қамтамасыз етіп отырады, әрі оны өзі қалыптастырып отырған әлеммен біріктіреді, әлемнің әрі қарай дамуын болжап және сол өмірден өз орнын табуға әкеледі. Қоғамдық дамудың шынайы заңдылығы ғылыми-техникалық төңкеріс, ақпараттық дүмпу, жаңа принциптік технологиялар енгізу – адам қызметіндегі әр түрлі саладағы шығармашылық элементтер рөлінің өсуі – әр адамның ойының потенциалын көтеру мүмкіндіктерін ұсынып, әр адамның кез келген қызметті іске асыру мүмкіндіктерінің тәсілін өзінше қабылдап, жаңа ақпаратты бағалап, шешім қабылдап, жаңа ойды іске асыруға мүмкіндігін ашады.

  Адамның шығармашылық іскерлігі белгілі бір білім мен іскерліктерін белсенді қолданып түрлі тәсілдер мен әдістерді оқып-үйрену кезінде дамиды. Адам қоғамы ақпаратты таратудың көптеген тәсілдерін біледі, соның бірі – графикалық бейне. Әр түрлі құрылыстағы құрылыстың міндеті алдымен салынатын құрылыстың бейнесін талап етеді. Сондықтан, көне заманда туған түрлі тәсілдегі құрылыс бейнелері, заман талабына сай түпкілікті өзгеріп келген. Тек тиімді бейнелер, геометриялық форма түріндегі нысандар ғана жақындау келмесе, қалғаны келе-келе жобалау сызбасына көшті.

Ең бірінші бейнелерді жобалау, әрекет ету біздің дәуірге  дейінгі өмір сүрген халықтардың қайнар көздерімен ұштасады. Бізге келіп жеткен сондай көне жазба шығармалардың бірі – рим сәулеткері Марк Витрубийдің (б.э.д.1 ғ.) «Сәулет жайлы он кітабы». Бұл шығармадағы көлденең және қасбет жобаларын қолдану тәсілі таңқаларлық. Бұл шығармасында Витрубий құрылыс бейнесінің келешектегі көрінісінің құрылысына баса назар аударатын шешімдерін қарастырған.

17 ғасырдың аяғында жазықтықта кескіндерді бейнелеудің теориясы мен практикасы бойынша үлкен тәжірибе жинақталды. Бұл француз геометригі Гаспар Монждың (1746-1881) барлық материалды жүйелеп және жинақтап «Сызба геометрия» деген ғылыми еңбегін басуға мүмкіндік берді. Өзінің еңбегінде Монж жазықтықтағы бейнелеу мәселесін ойдағыдай шешеді, біріншіден заттың формасы мен көлемнің нақты ақпаратын берген, екіншіден алынған бейненің мағыналығы мен өзара ауысуына қол жеткізген. Басқа сөзбен айтқанда, оның шығарған теориясының негізінде кез келген заттың бейнесін салуға болады, немесе керісінше заттың кескіні бойынша (эскиз, сызба, сурет) оның заттың өзіне қарап салу жұмысын орындауға болады.

 Инженерлік сызба бойынша ұсынылып отырған оқу құралына мына төмендегі тақырыптар кіреді: проекция әдістері, позициялық есептер, метрлік есептер, ортогональ проекцияны жаңадан жасау. Студенттің түсініп-білуі үшін керекті негізгі түсініктері, қызмет тәсілдерінің сұрақтары мен өзіндік талдау тапсырмалары және графикалық жұмыстары берілген. Сонымен қатар, оқу құралын пайдалану үшін глоссариймен қамтамасыз етілген, әрі тақырыпты оқып-білу үшін керекті әдебиет тізімдері берілген.