6 Классикалық үлгідегі әндердің қоғамдағы алатын орны


Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерлерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көл-көсір – ән қазынасы ерекше орын алады. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй», – деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жазбақшы, адамның жүрегіне ерекше әсер етіп, қуаныш, мұң, тәтті арман, сағыныш пен іңкәрлік сезімдерді ұялатып,қалың ой құшағына бөлейтін – ән, күй мен жырларға қазақ баласы қашан да ішкі жандүниесінен ерекше орын беріп, оны биікке қойған.

Ән мұрасы – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған әндерінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі шексіз екені сөзсіз. «Абай бастаған ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді.Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Қазақтың кәсіби ән өнері, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өз дамуының шырқау биігіне жетті. Қазақ өнерінде сал-серілердің пайда болуы кәсіби ән өнерінің шарықтап дамуымен тығыз байланысты құбылыс. Қазақ даласының әр қиырынан Біржан, Ақан, Мұхит, Кенен сынды сал-сері тұлғалардың шығуы әншілік дәстүрлер мен өңірлік мектептердің қалыптасуына зор ықпал етті. Александр Затаевич бүкіл қазақтың даласын шарлап, әніміздің інжу-маржандарын жинап «Қазақтың 1000 әні» атты кітап шығарғанын және кітапта «1000 ән» деп аталғаны болмаса, қазақтың әндері де күйлері де болғанын атап өтті. Соның ішінде 46 әннің мәтіні берілді.

«Ән-жобасы дүниеге келген кезде орыс композиторы                 С. Аксаков айтқан екен: «Мұндай мәдени мұра тудырған халық шын мәнінде бақытты халық», деп. Екінші бір орыстың жазушысы            М. Горький «1000 ән» жобасын қарап шығып: «Бұл болашақ Бетховендер, Моцарттар, Шопендер, Мусоргскийлер үшін баға жетпес қазына ғой», деп бағалаған. Шындығында солай болып шықты. Брусиловскийдің төрт бірдей операсы - «Қыз Жібек», «Ертарғын», «Жалбыр» мен «Дударайы» «Қазақтың 1000 әні» жинағынан алынған әндерден тұрады. Тек қана»Қыз Жібек» операсында 30-ға жуық қазақтың әндері мен күйлері пайдаланған». Бір кездері Шоқанның жан досы қазақтың даласын емін-еркін аралаған Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болады», деп айтқан екен. Тағы бір зерттеуші төңкеріске дейін шыққан 89 томды үлкен орыс энциклопедиясының 29-шы томында қазақтарға арналған мақаласында мынандай бір сирек кездесетін аңызды келтіреді. «Баяғыда бақыт құсы сияқты аспанда ән құсы ұшқан екен. Ол биік таудың баурайында, әсем табиғаттың аясында, тас бұлақтың жағасында табиғатпен емін-еркін араласқан қазақтардың ән салған сән дәуірін көрген кезде жер бауырлап ұшқан дейді. Ән құсы жер бауырлап ұшқан жерде тұратын қазақтардың бәрі ән мен күйге бөленген. Сөйті, қазақтар жер бетіндегі әнді, жырды ең сүйетін халық болып шыққан».

Жоғарыда айтылғандай, бірегей жинаққа Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Сыр, Шығыс өңірлерінің әндері енді. Осы өңірлерде дүниеге келіп, сал-серілер дәстүрін орнықтырып, қазақ әнінің өресін кеңейтіп, өресін биіктеткен күміс көмей, жез таңдай әншілерімізді жеке-жеке атап өтетін болсақ, Арқа әншілік дәстүрін Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты әнші-композиторлар қазақ әнін бұрын болмаған биік өреге көтерді. Кейінгі ұрпаққа Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әліпбаев, Байғабыл Жылқыбаев, Қосымжан Бабақов, Жабай Тоғандықовтар арқылы жеткен осынау мол қазына, асыл аманатты Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жаңыл Қартабаева, Ләззат Сүйіндікова, Қайрат Байбосынов сынды майталмандар, дәстүрлі және классикалық әндерді қазіргі буын орындаушыларына сынын бұзбай тапсырды.

Батыс Қазақстан әншілік дәстүрін тілге тиек ететін болсақ, Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі эпикалық дәстүр негізінде дамыған. А.Жұбановтың: «Қазақтың халықтық музыка мәдениетінде, оның ішінде, әнінің дамуында жыршылар үлкен рөл ойнайды» деген пікірі ән мен жыр егіз ұғым саналатын осы өлкеге қатысты. Батыс өңірдегі жыраулық-жыршылық өнердің жергілікті әншілік мектептің қалыптасуы мен өркендеуінде зор әсері болғаны анық. Батыс кәсібиән мектебінің жарқын тұлғасы Мұхит Мералыұлының орны бөлек. Мұхиттың әндері - қазақ ән өнерін мазмұнының тереңдігімен байытқан аса бағалы мұра. Сонымен қатар жинаққа Бала Ораз, Қиса, Аманғали, Ауқат, Сары, Қызыл, Молдабай, Өтеғали, Дәуке, Білек, Ажар және тағы басқа әнші-композиторлардың бүгінгі күнге жеткен туындылары енгізілді. Күйтаспада батыс мектебінің жарқын өкілі, Мұхит дәстүрін қаз қалпында жеткізуші Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығымен сусындауға болады. Досат, Өскенбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сынды әнші-композиторлардың шығармалары негізге алынған. Жетісу әншілік дәстүріне тоқтала келе, бұл өңірде ежелден ерекше дамыған ақындық-жыршылық дәстүр туралы айтуға болады. Жетісу өңірінде мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Оған ұйытқы болған Кенен Әзірбаев, Қапез Байғабылұлы, Пішән Жәлменденұлы, Сәдіқожа Мошанұлы, Сауытбек Ұсаұлы, Дәнеш Рақышев, Бармақ Үмбетәлі, Шалтабай, Қарға, Көдек, Әсімхан, Қырбай, Көбейбай, Бұлша, Қымбат сынды дара тұлғалар. Ал Сыр өңірінің әншілік өнері антологияда халық әндері «Көкшетау» мен «Долана» сондай-ақ, Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау, Әбілдә Жүргенбаевтардың туындыларымен көрініс тапты. Сонымен бірге жинаққа Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле қазақтарының дәстүрлі әндері, бұрын-соңды естілмеген, ұмыт қалған ескі әндер, А. Затаевичтың, Б. Ерзаковичтың, Ә. Бафинаның,                 Т. Бекхожинның, Р. Темірбаевтың жинақтарынан көптеген әндер енгізілді. Еліміздің тарихы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін сарқылмас мол мұра – ән өнерін, ұлттық сарындағы бірегей туындыларды дүниеге әкеліп, кейінгі ұрпаққа жеткізген дара тұлғаларды халық арасында кеңінен насихаттау, болашаққа аманат ету мақсатында тыңдармандарға ұсыну керек.

Абай Құнанбайұлы қазақ музыкасынан ерекше орын алады. Оның бізге әр қилы болып жеткен әндерінің сан жағын алғанын өзінде белгілі қорытынды шығаруға жететін маңызы бар. Оны айтып отырғаным – ауыз дәстүрлікке байланысты (нота жазуы жоқ кез деген мәнде) басқа қазақ әншілерінің шығармалары сияқты Абай әндері де көптеген түрлерімен, өзгертулермен бізге жетті. Өз заманындағы ән, күй шығарған композиторлары сияқты. Абай да нота сауатын аша алмады. Сондықтан музыка шығару жөніндегі қолында болған құрлы Біржан, Ақан, Жаяу Мұсадан артық болған жоқ. Бірақ да тек өзінің музыкалық қабілетіне, бар дауысына, домбыраға сүйенеді. Бірақ Абайдың музыка шығаруға келу жолы ерекше болды. Ұлы орыс халқының мәдениетімен таныс, оның демократ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығандағы арқасында.

Қазақтың әдебитінде бірін-соңды болмаған жаңалықтар тудырды, өлеңдеріне жаға өлшеу ырғақ еңгізді. Оның бәрі де қырағы адамның жаңа заман желін, оның баяғы ырғақ, жүріске қанағаттанбайтының түсінуге шықты. Жаңа өлшеулі, жаңа формалды өлеңдері Абайдың музыкалық шығармашылығына тікелей әсер етті. Абай әндерінің мелодикасы, ырғағы, формасы өзіне дейінгі келген қазақ әндеріне ұқсамады. Бірінші жағдай – Абай әндерінің әрқайсысының өзіне меншікті өлеңі болады. Қазақтың халықтық дәстүріндегі он бір буынды өлеңге келетін болса, әннің сөзін білмейтін не ұмытқан адамның: «Қарағым айналайын келдің қайдан» деп айта беретіндей «еркіндік» мұнда жоқ. «Сегіз аяқты», «Көзімнің қарасы» сөзімен айта алмайсын. Міне, бұл жәй – музка мен сөздің кәсіпқойлық дәрежеде қосылуы болады. Осының өзі айта қалғандай жаңалық болды. Сөйтіп, Абай музыка шығаруға сөз (текст) арқылы келеді.

Абай Құнанбайұлы бүкіл шығыстың, орыстың, қазақтың халықтық, кәсіпқойлық қабілетін терең зерттегендей, музыкада да алдымен қазақтың халық әндерін, күйлерін жақсы білді. Ол Біржанның, Ақанның, Жаяудың әндерін жоғалы бағалады. Сонымен қатар қазақтың аспапты музыкасын жете білді. Осылардың нәтижесінде Абай қазақтың халықтық музыкалық интонасиясы шеңберінде үлкен, терең тамырланған ортада болды. Поэзиясы халықтық демде суырылған болса, музыка дүниесінде де Абай қазақтың халық музыкасының мұхитында тәрбиеленді. Абайдың ән шығарудағы қадамдарының кейбіреуі осы бағытта. Алғашқыда формасы жағынан да халықтық негізде басталды. Мысалы, «Көңіл күші құйқылжыр шар тарапқа» деген әнінде, сөзсіз, арқанның ән дүстүрі көрінеді. Ол әннің формасында да, интервальдық секірулерінен де, сөздің буындарына сай келетін белгілі созатын, көтеретін жерлерінен де көрінеді. Сол сияқты «Мен көрдім өзын қайың құлағанын» әнінде де халықтың ән формасы басым. Әрине, бұл әннің мелодиялық дамуында бір қатар жаңалықтар бар. Әсіресе Абай музыка сөйлемінің ортасында бір дыбысты созып, шырқатып тұрмайды. Ол сөзге көбірек мән беруден, бірінші жоспарға кейбір әндерінде сөзін қоюдан болуыда мүмкін. Соның өзінде де ол қазақ интонациясынан кетпейді. Ал сөзді бөлу – речетативті түйін қазақ музыкасында тағы бар қасиет. Ондай әндер де аз емес. Айтарым – Абай ән шығаруға қазақтың халықтық бай музыка интонациясын жақсы біліп, сол бір ән мұхитын аралап, жүзіп келеді.

Үшінші, Абайдың басқа әншілерден айырмасы, ол қазақ әндерімен қатар, орыстын халық музыкасын, қаланың демократиялық әндерін және ромонстрады есітті. Ол Семейде бола жүре орыстың Глинка, Рубенштейн сияқты музыка шеберлерінің ромонстарын естіді. Абайдың жоғарыда айтылған орыс достары да оған музыка жағынан әсер етепей қойған жоқ. Демократиялық ән-романс лирекасы ол кезде Ресейдің алға басушы арнайы білімі барлар арасында көп жайылды. Ал осы интелегенциясынын бір тобымен үнемі кезедесір жүрген Абай олардан, сөзсіз музыкадағы демократиялық ағымды түсінуге де жәрдем алды. Оның үстіне Абай ауылына келген орыс достары, орыс қонақтары көңіл көтеретін кездерде ыңылдап ән салмауы, музыканын төнірегінде Абаймен әңгіме-дүкен құрмауы мүмкін емес. Бұларға қосымша Абайдың Санк-Петербургта оқып жүрген баласы Әбдірахман кәсіпкерлік аспапты музыка үлгілерін, батыстың музыкалық шығармаларын жаз айларында демалысқа келгенде алып келіп жүрген. Абай ауылында сондықтан қашқан татарлардың сол арада қалып, қоныстанып, үйленіп, сініп кеткендерді аз болмаған. Оларда өздерінің «тальянкалары», скрипкалары, мандолиналары арқылы татар, орыс халық әндерін, орыстық халық әндерін орындаған. Абай ауылында домбыраға үш шек сым тағып тарту дәстүрі осылардан –мандолина үлгісінен болу керек. Біздіңше Абайдың әндерінде орыстың, украинаның халық әндеріне еліктеу, ән, романстық лирикалардың үлгісін алу, қаланың демократиялық музыка дәстүрінің ізінде болу – осылардың негізінде жаңа түрлі, жаңа ырғақты, жаңа мелодиялық құрылысты ән шығару Абайдың музыкаға келген жолының бір тарауы. Үлкен музыкалық арнаға құятын бүйірдегі сайлардың, жылғалардың ішіндегі әлбетті, әсерлі, Абай шығармашылығында жаңа жол ашқан ағыстың бір тарамы.

Абай Құнанбайұлы тағы бір музыкалық ерекшелігі оның музыкалық тамашасы болды. Абайдың асқан музыкалық қабілеті, қазақтың халық музыкасын терең білетіні, орындаушылықтын не бір түрінен хабары барлығының үстіне оның айналасында Мұқа сияқты скрипкашы, өзінің баласы Әбдірахман, Ақылбай, әнші Әлмағамбет, әйелі Әйгерім болды. Бұлардың алдынғылары орыс, еуропа музыка үлгілерін орындаушы болса, кейінгілері қазақтың халықтық ән дәстүрінің белгілі адамдары болды. Бұлардың қолдарында тек домбыра емес, скрипка, мандалина, гармонь болды. Олар Абай шығарған әндердің тек тыңдаушысы емес, ол әндердің бабына келтіріп орындаушы және Абай тәрбиесі арқылы әдебиетте, музыкада әрбір жаңалықтың басы қылт ете қалса, соған өңмендерін созып, түсінуге, баурауға, айналаға үгіттеуге, соны өткізу жолында қолдарындағы бар рухани қаруларын жұмсауға даяр кісілер еді. Абай «ұйымдастырған» поэзияда музыкада жаңа, өткір тіл, ұнамды үн, қолайлы ырғақ іздеу, тәжірибе жүргізу «лабораториясының» тілектес, мақсаттас, белсенді «мүшелері» еді. Бұлардың «бағдарламаларында» Абайдың күшті жақтарын алып, дамытып, әлсіз соққан жерлері болса оған шылбырдың ұшын беріп, көтермелеп, көтеріп кету бар еді. Міне, сол мақсатта бұлар Абайдың жаратылыс берген қасиеттерінің кейбір шек қойылған кезеңдерін кеңейтіп алып кетіп те жүрді. Ол айтып отырғаным – Абайдың дауыстың шегі. Сөз жоқ, Абай Біржандай, Мұхиттай, Жарылғаптай алты қардан асатын дауысқа қожа болған жоқ. Аспап үстінде отырып осы кездегі композиторлар сияқты дауыс жетпеген жерін жалғыстыратын форметпианода ойнаған жоқ.

Сондықтан, шағын да болса Абай да өзінің бар дауысымен ән шығарады. Әдетте, ол заманда ақын, композитор, орындаушы – үшеуі бір кісі болатын. Әнді шығаратын да, бірінші рет орындайтын да сол үш маманның міндетін атқаратын бір кісі болатын. Абай да сол міндеттен құтыла алған жоқ. Солай да болса, бұл арада да Абайдың басқа халық композиторынан айырмасы болды. Жоғарыда аттары аталған Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерім Абайдың «жәй дауысы» мен айтып шығарып берген әндерін аузынан қағып алып, шырқата, үдете, құйқылжыта орындап кетті. Абайдың міндеті – бірінші рет «автор дауысы» мен орындап беру болды. Әрине, одан әрі Абай өз әндерін орындамады деген сөзден аулақпын. Міне, осылай, Абай әндері ауылынан шықпай жатып жоғарыда ескертілген «лабоаториядан» өтіп, шындалып, біздің тілімізбен айтқанда Абай айналасының «литосынан» өтіп барып, халық алдында тарады. Оның үстіне жанағы Абайдың музыкалық, әдебиеттік, әлеуметтік «антураждары» бір жағынан асқан сыншыларда болды. Олар табанда өздерінің пікірлерін айтып, әннің қасиеттерін санап, ұнамай тұрған жері болса көрсетіп, біздіңше айтқанда музыкалық өзара сынды дамытып, Абайдың әндерінің анатомиялық, физиолгоиялық жақтарының бәрін тексеріп, жетілдіріп отырды. Мұндай жағдай қазақтың халық композиторларының көпшілігінде болған жоқ.

Осы бір қысқаша баяндалған бірнеше түйіндемелер, жағдайлар, жаңалықтар Абайдың музыкаға келуін, музыкадағы іздену жолдарының өзгешелігін көрсетеді. Өйткені, бұл жолдың өзі де уақыт тудырған заман сазы болатын. Абай болса, әрине, заман сазына ере бермейтін, мыңмен болса да, өзінің жаңашыл мақсатын орындау да жалғыз да болса белсеніп күреске шығатын адамға, оның айналасындағы жас талапкердің білгенінше, өздері шәкірт бола жүре, бойындағы табиғи қасиеттерін Абаймен бөлісуі, оның үстіне ән дегенде арқасы қозатын халықтың Абайдың музыкалық шығармашылығында ерекшелікті бірден көруі үшін, осындай Абай ауылында болған ән шыңдаудағы алдын-ала жүргізілген дайындық, аз мүшелі топтың еңбегі болғанмен көптің ісіндей нәтиже берді. Тарихта ондай аз топ болып басталып, кейін оның ісі прогрессивтік түйінде болса көбейіп кеткен жәй аз емес. Орыстың «Могучая кучкасындағы» 5-6 кісі тарих таңқаларлық істер істеп, музыканың халықтық негізде болуында осы күнге шейін үлгі аларлық жол тартып кетті. Біз бұл арада «Магучая кучка» мен Абай тобын салыстырғалы отырғанымыз жоқ. Оның бірі шын мәнісінде кәсіпкерлік қалыпта болған топ, екіншісі поэзия мен музыкада жаңалық іздеген, тек талапкерлік дәрежесінде болған, бірақ құбыласы ілгері кеткен орыс мәдениеті болған себепті тарихта елеулі орын алған, баста бір ауылдың «дауырықпалары» болып, кейін рухани үлкен із қалдырған топ. Бұл топтың Абай әндерін орындау дәрежесінің жоғарғы сатысана жеткізуде, «ауылдан шықпай тұрып» шынықтыруда үлкен қимылы болса, енді сол шығармаларды халық арасына жаюда да олар үлкен мінде ойнады.

Абай Құнанбайұлының әндерін халық бірден түсініп кетті, бірден ауыздан ауызға қағып алып кетті десек, ол үскірт пікір болар еді. Абай әндерін түсінбегендер артығырақ болады. Әр кезде де жаңалыққа жаны жақын жастар жағы Абай әндерін бірден алып кетті. Одан кейін әншілер, өлеңшілер өздерінің музыкалық шығармашылығын байыту, жаңаландыру мақсатында Абай әндерін орындап кетті. Біреулері Абайдың асыл сөздерін сүйіп, халыққа жаю үшін айтып бергенде, жеткізе алмай жатса да, Абайдың әндерін сол сөздермен қоса орындауға мәжбүр болды. Ал Абай айналасындағы әншілер Абай әндерін жақсы орындау қалпына келтіріп алып ауыздары, аяқтары жеткен жерге жалғасытырып жүреді. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады» дегендей, баста бірен – саран талапкерлердің аузынан шыққан әндері көп ұзамай Арқаны аралап, Ертіс, Есіл, Нұраны бойлап кетті. Бұл жөнінде өткен ғасырдың өзінде қазақ ауылдарына келген орыстың жолаушылар, оқымыстылары, офицерлері Абай әндерін есіткендерін жазып кетті. Бұл осы кезде библиографиялық сирек кездесетін көрініс емес. Абай әндерінің өлеңдерінің заман алдын оратқан «қырағы тілі» ғасырлар бойы он бір және жеті-сегіз буын өлшеуі, соған сәйкес әнмен тәрбиеленіп қалған адамдарға түсінікті жағдай бола алмады. Абайдың:

Адам аз мұны біліп ән саларлық,

Тыңдаушы да аз бұл әннен баһра аларлық, –

дегені осы баяндалған жаймен байланысты. Екінші жағынан осы бір екі жол өлеңнің өзі, ән орындауда Абайдың қатты және жаңа талап қоятынын сендіреді: бұрыңғы «бойдай-талаймен» күрес ашады. Өйткені Абай әндерін орындауда бұрынғы өлшеуіш қалып енді тура келе бермейді. Бұл Абайға дейіңгі қазақтың ән қорын кемітейін деп айтылған сөз емес, орындаудағы белгілі стильді меңгермей, әннің көркемдік –идеялдық мазмұны ашылмайды дегім келеді. Қайта әрбір әнінде осы бір негізіді үнемі үдетіп отырды. Түптің түбі «поэзия тілінің жетпеген жерін музыканың сиқырлы үнімен жалғастыруын» ұрпақ түсінер деп, алдыңдағы жағына сенім көзімен қарады. Абайдың ол сенімі ақталды: өзінің көзі тірісінде-ақ оның әндері көпшіліктің аузына түсе бастады. Әрине ол кезде Абай өзінің әндерінің бір күндерде орыс пен қазақ халқының достық жыры болып кететінің болжай алған жоқ. Қоғам дамуының қозғалысы қырағы ойдан озып кетті.

Абайдың ән шығаруға келу жолы, әндерінің алғашқы «редакциясы», орындау түйіндері, халыққа жиылу тораптары осылай болды. Абай әндерінің осы кезде кең жайылуымен байланысты біз әрбір туындысына музыкалық баға беріп жатпаймыз. Ондай бағаны халық беріп келеді. Тіпті радио, концерт сахнасын, өнерпаздар үйірмелерін былай қойғанда, Абай әндері бұл күнде жай үйлердің бас қосқан кештерінің «көркемдік бөлімінде», көшеде келе жатқан жастар тобының аузында, жолаушыларын шығарып салуға тұрған поезд басындағы топта, студенттердің, оқушылардың жатақханаларының терезе алдарынан өткенде орындауларын есітесің. Осының бәрі де Абай әндерінің басқа бір халықтың музыкасына соқыр сезім арқылы еліктеудең тумай, шын мінісінде қазақ халқының бай музыка дәстүрімен суарылып, халқымен қаны-жаны бір жайда дүниге келуінің нәтижесі деп қарау керек.

Абай Құнанбайұлы әндерінің нота үлгілері төңкерістен бұрынғы баспаларда біртіндеп қана, некен-саяқ кездеседі. Қомақты түрде тек біздің заманымызда ғана жиналып, қағазға түсіп отыр. Осы уақытта Абай әндерінің жарияланғаны бар, жарияланбағаны бар түрлерін қосқанда алпыс-жетпіске барады. Жиырмасыншы жылдардың басындағы А. Затаевич, А. Бимбоэстің жазған әндерінен кейін Қазақстан композиторлары Б. Ерзакович, Л. Хамиди Абайдың көптеген әндерін нотаға түсірді. 1939 жылы ол кездегі Қазақстанды Зерттеу Қоғамы Абай әндерін сақтап қалу, дамыту мақстында бұл мәселеге қайта оралды. Абайдың ұрпағының бірі, Абай әндерін орындаудағы беделді әншілердің бірі Мұхамеджанова Мәкенді Алматыға шақырып, одан Абадың 16 әнін нотаға жаздырды. Музыка білімпаздарының бағалауына қарағанда Мәкеннің орындауындағы Абай әндерінің түрлері түп нұсқасына ең жақыны дейді. «Сен мені не етесің», «Қор болдвы жаным», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сүйсіне алмадым, сүйіндім», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сұрғылт тұман», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Татьянанын әні», «Өнегінің өлердегісі», «Көңіл құсы құйқылжыр», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қарашада өмір тұр», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлеңді қайтып қоярсың», «Онегиннің хаты» тағы басқа әндері бар. Бұл аталғандардын әрқайсысының бірнешеден түрлері бар.

Абай Құнанбайұлының әндері фортепиано сүйемелімен концерттерде орындалады. Сонымен қатар Қазақстан композиторларының шығармашылығында кеңінен орын алады: хорда, оркестрде, шағын ансамбльдерде, операларда енгізіліп жүр. Пайдаланудың саналуан формалары бар. Оның бәрі де композитордың қабілетіне халық әндерін түсіндірудегі қауқарына байланысты. Біреулер жанын көп қинамай, тек цитата түрінде түгелдей қолданып жүр, екіншілері шығармашылық тұрығадан келіп Абай әндерін дамытып, «өзгертіп» пайдаланып жүр. Қалай болғанда да Абай шығармалары осы кезде кеңістік қазақ музыкасының төрінен орын алады деуге болады.

Көргені, білгені көп, рухани аса бай Абай тек ән шығарып қойған жоқ. Абай сол мезгілге қарай үлкен сыншы, біліп баға беретін адал төреші болды. Ол тек өз әндері туралы емес, жалпы музыка жайлы, ән, күй айналасында орындаушылық мәселесінде терең, философиялық пікірлер айтып кетті. Ол өмір шымылдығының музыкамен ашылып, музыкамен жабылатынын, дүниеде музыкасыз ешбір кезең жоғын айтып кетті:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, –

деп, бесіктен көрге шейін музыканың жолдас болып жүретін дәл көрсетті.

Бала туса күзеттер шілдеқана,

Олар да өлең айтар шулап және, –

деп, дүниеге шырылдай, әндете келген нәрестені түні бойы, сол музыкамен күзетіп отыратынын айтады.

Біреудің кісісі өлсе қаралы ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол, –

деп, музыканың өмірдің ең ақырғы кезеңіне шейін шығарып салатынын, әкесі өлген қыздың, күйеуі өлген әйелдің қара жамылып, бірнеше жыл қақсап, жоқтау айтатынын, музыкада көздің жасы да, езу тартқан күлкі де аралас жүретінін, -соның бәрінің де ән екенін айтады.

Қынаменде, «жар-жар» мен «Беташар» бар

Өлеңсіз олар қызық бола ма гүл, –

деп, қайғыны суреттеген әннің қызықты бұрынғыдан көтере түсетін сиқырлы күші барын келтіреді. Өмірдің түрлі көріністеріндегі музыканың алатын орындарын тап басып айтып береді.

Абай Құнанбайұлы мұнымен қатар музыка жайлы өткір, философиялық пікірлер қалдырды. Өзінің: «Алты өлеңмен білдірдім әнін жайын» дегенінде:

Салған ән көлеңкесі сол көңілдің, –

деуі, музыканың объективтік өмірдің сәулесі екендігін, сол шындықты біздің көңіліміз арқылы сәулеленіп көрінетінін топшылайды. Философияның, эстетиканың кітап тілімен айтпаса да, жабайы тілмен-ақ шындықтын үстінен түседі. Ал:

Жүрек тербеп, оятар баста миды, –

деуі, музыка сезім, есту арқылы барып басқа жетеді. Ол бірден басқа төтелей ене алмайды, сезім арқылы барып санаға әсер етеді де, төреші ми болып оның нәтижесін қорытады дейді. Сонымен қатар шығарманың, оның ішінде музыка – тек сана, ми арқылы емес, жүректі тербету, жүрек қылын шерту арқылы адамыды қозғайтынын айтады. Шынында да тек бастан, ақылдан шыққан музыка тыңдаушыға жете бермейді. Музыка аса «ақылды» болса да көздеген мақсаттың қарасы алыстайды. Сондықтан жүректен шыққан музыка жүректі тербетеді, толғайды, содан кейін, ғана басқа барады.

Жақсы әнді тыңдасан ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тынық, –

деп, тағы әннің-музыканың көңілдің, сырт дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетеді. Бірақ әнді жай тыңдамай «ой көзбен» тыңдау керегін айтады. Академик Б. Асафьевтің «музыканы тыңдау бар да, есту бар» дегені осы араға келеді. Жәй ғана көңіл көтеру үшін тыңдап, музыканың парқына түсінбейтіндер де аз емес. «Тыңдаушы да аз бұл сөзден баһра аралық» деп, жоғарыда Абайдың айқындай, әрине,түсінбейтіндерде аз емес. Ал Абай, музыканы естісе білсең, онда тынық судың түбіндегідей өмір ап-анық көрініп тұрады дейді. Ал, музыка өмірдің сәулесін, шындығын суреттемеген жерде оның қоғамдық мәні қандай болады? Абай осы жерінде екі жол өлеңмен анықтайды. Оның:

Ойсыз құлақ ала-алмас ондай сыйды, –

деуі осы Б. Асафьев айтқан «тыңдау» мен «есітуді» айтады. Жоғарыда көрсетілгендей музыканың кәсіпкердлік тілімен айтпағанымен Абай музыка өнеріндегі төрге жиналған жүктей «естудің» шешуші мәнін, қадірін түсіндіреді. Бәрімізге белгілі:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән менен тәтті күй, –

дегеніндей музыка сол есту арқылы біздің бойымызда алады дейді. Әннің құрылыс материалы – дыбыс, ол физикалық құбылыс, адамның есіту мүшесі арқылы сезімге, санаға жетеді. «Бойды алады» деуі осы.

Музыканың теориясын оқымаған Абай, өзінің өткір ойы арқылы бұл өнердің тағы бір жақтарын әңгіме етеді.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар, –

дейді. Әндей кейде зауық, кейде мұң суреті келетін мажор, минор құрылыстарын айтқысы келеді. Ата-анасының қайғысын, ренішін былдырлаған тәтті тілімен, балдырған денесімен, кіршіксіз таза күлкісімен әп-сәтте кетіретін жас баланың жұбанышындай музыканың өткір әсерін, ұйықтап жатқан жүректі оятатын күшін айтқанда сол күштердің музыканың түрлі кескінмен, түрлі жағымен келетінін айтады.

Абай әнмен қазақтың күйлері жөнінде де бағалы пікірлер айтты. Күйдің «сөзі жоқ ән» екенін білген Абай, оның адамға деген әсерінің әнмен барабар екенін келтіреді.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар, –

дейді. Қазақтың бай аспапты музыка мұрасында көптеген бағдарламалы күйлер бар, тарихи, аңыздық күйлер. Осының бәрін де жақсы білген Абай, ішінде тіс жарып айтып тұрған тілі жоқ болғанымен күйді «ақылдының сөзіндей ойлы» деп, оның ішінде белгілі идеялық мазмұн бар екенін, Динаша айтқанда «әңгімесі бар» екенін айтады.

Мұңмен шыққан оралға тәтті күйге

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық, –

деп, өз тұсында кездескен «сөзсіз әнге» түсіне қоймаған адамдарға ренжиді. Ал күйдің музклық, көркемдік мәнін түсінбеу кездесіп тұрған жағдай. Біздіңше Абай тек ән емес, күй де тартқан, өз қолынан бұл бір музыкалық үлгілерді де өткізген, күйдің егжей –тегжейін жете айыра білген адам.

Абай Құнанбайұлы ән-күйдің өзіне ғана баға беріп қоймай, оның орындалуы жайлы да өткір пікір айтқан. Ол әннің басқа жағын қоя тұрып, басталу кезінің өзін суреттейді, неге олпай екенін түсіндіреді;

Көбінесе ән басы келер ащы,

«Кел тыңда!» деп, өзгеге болар басшы, –

дейді. Бүл кездегі концерт залы, клубы бар жердегі тыңдаушы көпшілікті қоңырау немесе шам сөндіріліп-жағу арқылы тәртіпке шақырып, тыныштандырып барып ән бастайтын жағдай жоқта, «тәртіпсіз», шулап отырған халықты, әнші алғашқы айқайы арқылы «Тыңыштылыңыздар! Тыңдаңыздар! Бастаймын!» – деген сияқты ескертіп алады. Екінші жағынан бұл «айқай» күні бұрын жарнама жайып, радио арқылы хабарлайтын жағдай жоқта, дауыс жететін жердегілерге «Кел мұндалап» құлақтандыру міндетін де атқарады. Ал күйшілердің бас пернелерде көп тұрып қалатыны да, тыңдаушыны өзіне қаратып, біраз тыныштандырып алып барып, бастауды күтуі болу керек. Оның үстінде домбыраның дауысы нашар, алқақотан отырған алтықанат киіз үй ішінен аспайды. Сондықтан олардың бастауы әнішінің бастауынан да ерекше. Абайдың:

Қаңқылдап біреу ән салса,

Біріне бірі жуықтап,

Тебінісіп, қамалар,

Тоқтатып болмас сырықтап, –

деп, осы бір жайды, халықтың музыканы аса жақсы көретінін, әлгі әншінің даусына жиналып қалатынын айтқан болу керек.

Әннің тек басталуы емес, оның орындау белестеріндегі неше алуан кездесетін нақыстарына да тоқтайды:

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, –

деген төрт ауыз сөзінде көп нәрсе жатыр –ау! Шананда да кейбір әндерде әнші шырқап, көтеріп, жоғары дыбыстарға барып алып, шығарманғың мазмұнына байланысты, төмен түспей, қалықтап тұрып алады. Міне, біртіндеп, сорғалап, баспалдақтай түсіп, алдыңғы кейпін өзгерте, тамылжыта келіп, «керім толғап» ақырын «қоңыр – кұңгірт» етіп барып бітіреді. Осымен қабат қай шығарманың болса да аяқ бітісінің үлкен мәні барын білген Абай:

Сол жерінде ойыңмен араласшы, –

деп, әдеби шығарманың да, музыкалық шығарманың да аяққа қорытуы жазушы, ақын, композитордан шеберліктің биік дәрежесін тілейтінін ескертеді. Бұл сияқты орындаудағы көзге бірінші түсетін басты кезеңдерді айта отыра, Абай ұсақ кезеңдеді де байқап, олардың да «үлкен іске» қатысты барын көрсетеді:

Домбыраға қол соқпа,

Шымырлатып бір–бірлеп, –

деп, тақтай сабалап, көркем шығарманың көркін кетіретіндерді де көш жөнекей шалып өтеді.

Әнді, күйді шығару бар да, орындау бар. Жақы шыққан ін жаман орындаушыға кездессе «арықтап» қалады. Кейде «ауыздан шыққанда өңі қашатын көңілдегі көректі ой» сияқты болады. Абайдың заман қойған шегінің нәтижесінде болған шығарушы мен орындаушы арасындағы еңбек бөлісу жоқ кездің өзінде-ақ, сол екеуінің түрлі мамандық, шеберлік екенін түсінгенін көреміз. Ол өзінің «кішкене» дауысымен ән шығарып беріп қана қоймай, жоғарыда айтылғандай, айналасындағы орындаушылардан да сыны, ақылмен, өзі тәрбиелейді, баулыды. Олардың орындалу әдісіне өзі араласты, белгілі орындаушылық дәстүр құрды. Қысқасы Абайдың шығармашылық – шығарғыштық жағымен қатар оны орындау жөніндегі айтқандарының әлі күнге үлкен мәні бар.

Осы әңгіменің басында айтылғандай, Абай поэзияда орыстың алдыңғы қатарлы әдебиеттік көріністерінен үйреніп, өзінің өлең жаңа өндіріп, дүниеге көзқарасынада алға басушылық түйінде болып, өнердің қоғамдағы орнының жаңа адам тәрбиелеудің күші екенін сезіп, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сияқты, әнді тек еркіннен жазған жоқ. Әннің қазақ халқының рухани байлығының ішінде өткір қаруның бар екенін білді. Ол ән шығару әдісінде жаңа интонациялық дәстүрін меңгеоді. Сол дәстүрде де ән шығарды. Ол осы кезде қайсы бір әдебиеттіге қазан бұзалар сияқты «он бір буынды өлеңнің омыртқасын» сындыру арқылы жаңалық табымын деген жоқ. Керісінше жаңа өлең формаларына сол он бір буын арқылы келді. Ал музыка да Абай Біржанның, Ақынның салып келген музыкалық ізін, дәстүрін қирату керек демей, қайта Арқа әндерінің асқақ үндерін өзі есіткен орыс, украин халық әндерінің, қаланың демократиялық ән үлгілерінің, орыстың романстық лирикасының үлгерімін қабыстырып, түрлі бояудан келіп, жаңа бір сапалы түр тапты. Әрине, осындай қосында тек химиялық қосынды еме, үлкен шығармашылық талантпен шеберлікпен туған қосынды боды. Абайдың кейбір әндері орыстың белгілі компазиторларының шығармаларымен тікелей таныстықтан туып жүрді. «Мен көрдім ұзын қайын құлағын» атты әні сол аттас Рубенштейннің романсын есітіп барып шығарылуы да мүмкін деген жайлар бар. Қалай болғанда да Абайдың оқыған орыс жастарының арасында болып, олар арқылы он тоғызыншы ғасырдың аяқ жағындағы орыс мәдениетінің тигізген әсерін орынды, сәтті пайдалануды музыка шығаруында да алға басушылық міндетін ойнады. Он тоғызыншы ғасырдағы орыстың тұрмыс салтын сәулелейтін романстары сол кездің демократиялық идеясын үгіттейтін күштің бірі болды. Оның үстіне сол ғасырдағы орыстың ән, романстағы лирикасы да түптің түбінде алдыңғы жылғаның бірі болып, халыққа жақын, бұқарашыл интонациялық үлкен саланың өзіне келіп құйған жылғаның бірі болды. Осы бір интонациялық үлкен сарын Абайдың өткір құлағынан орын алып, Шығастың даласында Татьянаның әні туып, одан әрі жаңа демді, жаңа формалы, құлаққа жетімді мелодиялы, орындауға ыңғайлы әндер дүниеге келді. Жақсылығы бір жаналық баста ұяла, бойын тежей, сыпайы келгенмен, тез-ақ халықтық санасын баурап алып кетті. Әрине, оның бәрі де өзіңнен өзі емес, ол үшін Абай және оның жанашыл шәкірттері, жаңашыл мыңдаған адам көтеріп алып кетті. Сондықтан                     А. Затаевичтің Абай шығармашылығына берген бағасы үстірт, жиырмасыншы жылдарыдың басынад қазақтың әлі ескіннің етек тартпасы қалмай тұрған кезде, Абай айналасында болған кейбір шолақ пікірдің нәтижесі болды. Жиырмасыншы жылдардың басын былай қойғанда отызыншы жылдардың бас кезінде де біздің республикалық газеттеріміздің Абай туралы болған айтыстардың Абай шығармашылығының зерттеп, меңгеруге пайдасы болды деп айту қиын. Абай кедей болған жоқ, сондықтан оның өзінде де, шығармашылығына да сын көзімен қарау керек деген тұрпайы социология біздің мәдениетіміздің өсуіне біраз кеселін келтірді. Қысқасы Абай әндерін орыс музыкасының көлеңкесі деп қараушылардың қолында оны дәлелдейтін ешбір айғағы жоқ, Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясында құрылған, бірақ басқа интонациялық демдердің араласуы арқылы жаңа заман тілі, «сөздігі» бар шығарма болып қалыптасқан. Абай әндерінің әсіресе біздің тұсымызда, кеңестік жастар арасында үлкен құрметпен орындалуы, кез келген жерде айтылуы, кеңес композиторларының шығармаларынан кеңінен орын алуының өзі оның тілін байлығын, оның достық жыры болып кетуін дәлелдейді.

Абай ауылына Біржанның келуі, Абайдың ардагер әнші жоғары бағалауын оны қазақтың халықтық ән қорының, ән құрылысының байлығын сезінуі туралы, біздің қолымызда әжір тұжырымды дерек жоқ.Бірақ Абай қазақтың Біржаннан басқа да халықтық композиторларымен кездесуі мүмкін нәрсе. Оны болашақ зерттеулер ашар. Өйткен бұл мәселенің Абайдық музыкалық шығармашылығы үшін де, басқа компазиторларының шығармалары үшін де ғылымдық мәні бар.

Бір ауыз сөз Абайдың кейбір әндерінің диапазондары (дыбыс көлемі) жайнда. Абайдың кейбір әндерінің дыбыс көлемі адам дауысының табиғи дыбыс көлемі шеңберіне сыймайды. Қандай диапазоны кең әнші болса да бас-аяғындағы дыбыстарын бірдей сапада ала алмайды. Ал Абайдың өзі болса ондай дауысы болған адам емес. Сондықтан оның кейбір әндері аспап сүйірмелерімен шыққан кезде, аспап жеңіп кетіп, жай дауыспен алуға бәрі бір бола беретін болғасын, сол айтқандай дыбыс көлемінде шығарыла берген болу керек. Өйткені, осы кезде кейбір компазиторлардың дауысқа арнаған шығармаларында диапазон жағынан тек аспаптар ғана ала алатын ноталар болды. Ал, өзінің әнінен хабары бар, аз болса да «әншілік дауысы бар компазиторларда ондай жәй кездесе бермейді. Абайдың заманында домбыра ма, мондолина ма, скрипка ма, гармон ба -әйтеуір сондай аспаптар болды. Әуелі соларда ойнап шығарылған болуы мүмкін. Кейде бізге орындап берушілер осындай халге жеткізіп алған шығар, баста ойлай емес шығар деп те ойлайсын. Бірақ ән құбылыстары алдыңғы пікір жағын қуаттайды. Біреулер Абай ән шығарғанда өлеңдерін сол әндері арқылы халыққа таз жаю үшін шығарған деген пікір айтады. Біздіңізше Абайдың өлеңдеріне ешбір үгіттің, шыбыртқының, айдаушының, қосымша жағдайының қажеті жоқ сияқты. Ал Абай әндері ән шығару мақсатында туған, өлеңінен сырттай да ғылыми, тұрғыдан зерттейтін музыкалық қасиеттері жоғары. Тіпті қазақтың музыка мәдениетінің өсу, дамуында үлкен, күрделі орын алады дейміз.

Абай Құнанбайұлы ендігі бір топ өлеңін жастарға арнап, өсер буынды оқу, білім нәрінен сусындауға шақырады. Ақын өзінің әрбір ойын түпкі мақсаты – адам болу, толық адам атты өзіндік танымымен байланыстырады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақынның бұған дейін айтылып келген адам болу жайындағы ойлары біршама жүйеленіп, тиянақтала түседі. Ақын шығармашылығындағы осы өлеңнің ерекше орны туралы кезінде М. Әуезов өте жақсы айтқан. Ақынның кейінгі өлеңдерінде ерекше бөліп айтатын үш қасиеті бұрынырақ жазылған осы өлеңінде елес беріп өтеді. Абай атаған бес асыл іс негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рақым жүректен туатын қасиеттер. Сонда «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңіндегі:

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,–

деген ақындағы өзіне ғана қатысты түйінді, қорытынды ойдың алғашқы нышаны ертеректе-ақ көріне бастағаны байқалады. Абайдың өзге ақын-жазушылардан бөлек болатын жағдайы осы адам болу мен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын жасай білуімен.

Ахмет Жұбанов дирижер, композиторлығымен қатар, ғылыми жұмысты да жақсы көрді, дирижерлық өнерге ерекше ықылас қойды. Сондықтан оны композитор, ғалым, дирижер - үш қырынан алып қарағанда ғана толық түсінуге болады.

Ахмет Жұбанов студент кезінен бастап-ақ қазақтың халық музыкасының тағдыры қатты толғандырып, ойландырады.                  А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітабы шыққанда, ол балаша қуанады. Өзі де кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінде шашылып жатқан алтын қазына – халық классикалық әндері мен күйлерін жинап, халық композиторларының мұрасын бір жүйеге келтіруді арман етеді. Соларды оркестрге түсіруді, кітап етіп шығаруды ойлайды.

Оқып жүріп-ақ, Ахмет Жұбанов өзінің «Музыка әліппесі» атты тұңғыш ғылыми еңбегін жазады. Ол 1931 жылы Алматыда кітап болып басылып шықты. Бұл музыка туралы қазақ тілінде жарық көрген алғашқы кітап еді.

Ахмет Жұбанов 1932 жылы консерваторияны бітіргеннен кейін, Өнертану академиясының (қазіргі театр, музыка және кино ғылыми-зерттеу институты) аспирантурасына қабылданады да, онда окуды уақытша тоқтата тұруға тура келеді: 1932 жылы Алматыда музыка техникумы ашылып, республика үкіметінің шешімі бойынша соған оку ісінің меңгерушісі боп тағайындалады. Осы жұмысты атқара жүріп, ол техникум жанынан халық аспаптарын жасайтын шеберхана, қазақ әндері мен күйлерін жинайтын және зерттейтін кабинет ашады.

50-ші жылдары А. Жұбанов ғылыми, ағарту және ұстаздық жұмысқа көп көңіл бөледі. Алматы мемлекеттік консерваториясы ашылған күнінен бастап, халық аспаптар кафедрасын меңгерді, 1945 жылдан бастап оның директоры болды. Онын бастауымен консерваторияда дыбыс жазу кабинеті, фольклор кабинеті, музыка кітапханасы ұйымдастырылды. Республикамыздың концерттік өмірінде, мұғалімдер мен студенттердің белсене қатысуын қолдады. Олар Москвада (1949), Берлинде (1951), Бухаресте (1963) өткен халықаралық фестивальдарда өнерін көрсетті. Жас дирижерлер - Ф. Мансуров және Ш. Қажғалиевтың басшылығымен студенттік оркестр және талантты қобызшы Ф. Балғаева фестивальда лауреат атақтарына ие болды.

Сонымен қатар консерваторияда А. Жұбанов Қазақ музыкасының тарихынан лекциялар окып, дирижерлық және музыка шығармаларын оркестрмен орындауға ыңғайлау кластарын жүргізді.

Ахмет Жұбанов, қазақ музыкасынан талай ғылыми және ағарту жұмыстарын жазды. Оның ішінде тарихи және көркемдік жағынан құнды туындыларға «Ғасырлар пернесі» мен «Ғасырлар бұлбұлдары» атты кітаптары жатады. Мұнда күйшілер мен әншілердің өмірі және шығармашылығы туралы, сонымен қатар батыс Европа және орыс музыкасын насихаттап, композиторлардың шығармашылығы туралы очерктер жазды. Н. А. Римский-Корсаковтың «Менің музыкалық өмірімнің шежіресі» және А. Виноградовтың «Паганиниді кіналау» атты кітаптарын қазақ тіліне аударды.

Профессор Ахмет Жұбанов кітаптарында өзінен бұрынғы зерттеуші ғалымдардың, не басқа қалам қайраткерлерінің еңбектеріне адалдық пейілмен қарап, қазақ музыкалық өнері туралы жазған авторлардың еңбектерін кең қамтып, оларға бір үлкен ізетпен әділ баға беруге тырысқан. Бұл жағынан әсіресе, «Замана бұлбұлдары» қалтқысыз еңбек.

Автор өзінен бұрынғы қазақ музыкасы туралы пікір айтуылардың еңбектеріне мол тоқтап, жақсылық жақтарын да, кемшіліктерін де көрсете отырып, ол еңбектердің тарихи мәңдерін толық аша білген.

Тек қана музыка ғана емес, халқымыздың ауыз әдебиеті, қабілеттілігі, поэзияны сүюлері жайлы шығыстану әлемінің ірі ғалымдары айтқан пікірлерді негізге алып, оларға да үлкен ізет көрсеткен.

Қазақ халықының поэзиясы да, халық музыкасы да әрі бай, әрі көркем, кейбір нұсқалар мәдениетті Европа, орыс не басқа елдердің биікке көтерілген әдебиет, музыка нұсқаларымен үндеседі. Ол еліктеуден, үйренуден туған нәтиже емес, табиғи өз таланттарының жемісі, қазақ мейлінше ақын да, әнші де халық деп өткен ғасырлардағы зерттеушілердің бәрі де осы қорытындыға келген болатын.

Осы жылдары композиторлық шығармашылығы тоқтап қалмайды. А. Жұбанов, батыс Қазақстан дәстүрінің ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбаев туралы опера жазу ойынан кетпейді. Оның шығармашылығын зерттеу жолында көп күш-қайрат, талай жылдар кетті. Құрманғазы – А. Жұбановтың сазгерлік те, зерттеушілік те жүрегін біржолата иемденіп алған біртуар тұлға. Ақтық күндеріне дейін ол туралы радиоопера, екі дүркін қайталап арнайы монография жазуымен шектелмей, түгел дерлік кітаптарының орталық кейіпкері етуі - соның айғағы. Тіпті ол жүріп өткен жер-суды түгел аралап өтіп, оны көрген кісілермен тегіс кездесіп, ол жайында азды-көпті мәлімет білген адамдардан ешкімді тастамай, тегіс сұхбаттасыпты. Ғылыми-монографиялық зерттеулерді былай қойғанда, жай әншейін жолсапар хикаяттарының өзінен халықтық данышпандық пен рухани қайсарлықтың асқақ символына айналған алып тұлғаға деген шынайы ізет пен ыстық махаббат жалыны от шарпиды.

Құрманғазының тағдырын ежіктей зерделеу арқылы халық тарихының дүниетанытқыш, сезім түзілткіш, сана қалыптастырушы құдіретін жетік пайымдайды. Ұлттың рухани өміршеңдігінің тылсым сырларын ашады. Алуан бағдарлы, санқилы сипатты және көп жанрлы сазгерлік өнердің табиғатына үңілу арқылы азаматтық және әлеуметтік даралық пен суреткерлік өзгешеліктің қиямет-қайым төркіндерін жан-жақты қарастырады. Азаматтық намыс қана адамдарды пенделіктен құтқарып, кемелдікке жеткізсе, ұлттық намыс қана халықтарды қарабайыр тобырлықтан әлеуметтік кемелділік пен келешегі жарқын салауатты қауымдастыққа жетелейтінін түсіндіреді.

Құрманғазының теңіздей тұнық, мұхиттай тұңғиық күйлері қазақ ұлтының кер тағдырдың талай тауқыметті өткелегінен аман сақтап қала алған қайсар қаһармандығын айқын сипаттаса, біздің заманымыздың абзал ұмтылыстары мен жарқын жасампаздығын бейнелеген Мұқан Төлебаев шығармалары талант табиғаттастығы мен мұрат төркіндестігін жеріне жеткізе зерделейді. Ғалым аға жеткіншек әріптесінің шығармашылық жеңістерінің шынайы намысшылдықтан, бір басының ғана емес, бүкіл ұлт абыройын ойлаған асау аршылдығынан өрбіп жатқандығын мейлінше дәл байқап, аса нәзік жеткізеді. Сонау 1939 жылы Мәскеу консерваториясының жатахқанасына іздеп барып танысқанында қағаздан басын алмай, біресе нота дәптеріне, біресе есейіп барып үйренген пианиноға алма-кезек шұқшиған бейнетқор жігіттің әнді місе тұтпай, жығылсаң нардан жығыл деп, бірден ірі жанрларға өршелене ұмтылғанына қарап, оның алысқа сілтейтін арынына шексіз сенгенін үлкен тебіреніспен суреттейді.

1936 жылы «Қазақтың халық композиторы – Құрманғазы» атты кітапшасы, 1942 жыл Құрманғазы туралы жаңа мәліметтері очерк ретінде «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы атты кітапта шықты. 1952 жылы Қазақстан композиторлар одағының пленумында, А. Жұбанов «Құрманғазы жаңа зерттеу тұрғысында» баяндамасымен шықты. 1960 жылы Құрманғазы туралы қазақ тілінде жазылған кітабы мен «Құрманғазы күйлері» атты жинағы жарық көрді. Оның сан қырлы іс-әрекетінің қортыңдысы өмірінің соңғы жылдарында талай уақытын алған «Құрманғазы» операсы болуы керек еді. Ахмет Жұбанов өмір бойы «Құрманғазы» операсын аяқтасам деп армандаушы еді. Бірақ бұл арманына жете алмай кетті.

Композитор бұл өмірден кеткен соң, оның қызы Ғазиза Жұбанова бұл еңбекті аяқтау үшін қолына алады. Әуелі                       Х. Ерғалиевтің либреттосы мен А. Жұбановтың жинаған материалы бойында Ғ. Жұбанова радиоопера жазады. 1976 жыл бұл шығарма эфирден берілді. 1986 жылы опера бүтіндей аяқталып, опера театрыңда қойылды. Бұл туындының авторлары бір әулеттен шыққан композиторлар – А. Жұбанов және Ғ. Жұбанова.

Ахмет Жұбанов өте биязы, жаны жұмсақ, мінезі салмақты кісі еді. Дауысын көтеріп сөйлеу дегенді білмейтін. Бірақ кереметтей шешен кісі болатын. Жұбайы Науат та қазақ әйелдерінің барлық жақсы қасиеттерін бойына мол жинаған адам еді. Аса мейірбан, жаны жайдары, мінезге бай болатын. Ахметтің творчестволық, ғылыми еңбек етуіне толық жағдай жасаған.

Ахмет Жұбановтың еңбекқорлығын тілмен айтып жеткізу қиын. Ол творчестволық еңбек етіп отырып, жұмыс үстінде мәңгілікке қалғып кеткен сияқты боп көрінеді. Ол бар болғаны 62-ақ жыл жасады. Бірақ аз жасаса да, артына қалдырған өшпес мұрасы – музыкалық шығармалары, ғылыми еңбектері, сан-салалы зерттеулері, жарық көрген кітаптары – өзі жанындай сүйген халқына, ел-жұртына ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенеміз.

Ахмет Жұбанов шығармашылығының Қазақстан мәдениетінің дамуындағы маңызы зор. Татар халқының композиторы Н. Жиганов былай деп жазған: «Егер, әр композитор А. Жұбанов тәрізді өз халқын сүйсе, онда ол, әр ұлттың мәдениетінің дамуына қосылған үлкен үлес болар еді. Оның бойына ғалымның ақылы мен қарапайым дала қазағының, тау гүлінің, қымыздың жұпар исі аңқып жан-жағына шапағатын шашып тұратын. Оның табиғатында ежелгі қазақ халқының салт-дәстүрі сақталған, ол өз халқы үшін жанын аямай еңбек ететін».

Ахмет Жұбанов музыка өнері бойынша республикамызда тұңғыш рет академик болып сайланды.

Ахмет Жұбановтың творчествосының бір саласы – вокалдық шығарма. Профессионалдық қазақ музыкасына ән творчествосы арқылы елеулі үлес қосқан Ахмет осы әннің өзін әр салада, әр жанрда, алуан тақырыпқа жазады.

Композитордың ән творчествосынан біз кең байтақ ұлы Отанды, Коммунистік партияны, бақытты өмірді, жасампаз совет халқын мадақтайтын гимн рухында, салтанатты асқақ әуенде келетін патриоттық әндерді де, тындаушысының жан сезімін толқытып, ләззәт сезіміне бөлейтін лирикалық әндерді де, халқымыздың тұрмыс салтын, өзіндік ерекшелігін, ақыңдық күш-қуатын бейнелейтін жанрлық өндерді де кездестіреміз.

А. Жұбановтың Т. Жароковтың сөзіне жазған «Партия туралы әні», Ж. Сыздықовтың сөзіне жазған «Москвасы», Е. Жұбановтың сөзіне жазған «Отан туралы жыры» музыкалық әдебиетіміздегі елеулі көрініс. Композитор өзінің осы іспеттес шығармалары арқылы профессионалдық музыкамыздағы көп дауысты ән творчествомызда (хорға) өзіндік үн бояуымен, шеберлігімен көзге түсті. «Қарлығаш», «Ұмытпа», «Қайдасың», «Жанжарым», «Ақшолпан» сияқты әндері арқылы автор музыкалық әдебиетімізге абзал сезімді, мөлдір махаббатты жыр ететін лирикалық әсерлі әуен әкелді.

А. Жұбановтың вокальдық шығарма саласыңдағы бір ерекшелігі – жаңалық іздеуі. Осы жаңашылдықта ол тыңнан құдық қазбайды, халық музыкасының рухын, табиғатын ескере отырып, бүгінгі тындаушыға лайық, мелодиялық үн бояуын, жаңа әуен, ырғақ іздейді. Композитор, тіпті, қазақ музыкасындағы терме, желдірменің дәстүрінен де үйренеді, сол дәстүрді заман рухына сай шаттық әуенге бөлеп, шырайландыра түседі. Мысалға композитордың «Тағы да жыр бастаймын» (сөзі Е. Жұбановтыкі) деген әнін алып көрелік: Ә дегеннен-ақ жоғарғы шырқау нотадан басталатын ән мелодиясы небары үш-төрт дыбыстың (нотаның) айналасында термелеп тұрып алады. Өткір де шапшаң мелодия қозғалысында ерекше бір ақындық шабыт бар, енді бір сәт мелодия бағыты төмен қарай жылжиды да, қайтадан шарықтап, кульминациялық нотаға жетеді, айтылмақ ойды тағы да жоғарғы регистрдегі үш-төрт нотада бірнеше рет шегелеп барып, мелодия қозғалысы төмендеп бірте-бірте ритенутоға дуысып барып ән бітеді. Әнді тындай отырып халықтың төкпе ақын, әншілерінің тасқын судай ағындаған шабытты үнін естігендей боласыз. Композитордың бұл шығармасын қазақтың профессионалдық ән творчествосындағы назар аударарлық жаңалық деп батыл түрде айтуға болады.

Ахмет Жұбанов аспаптық музыкамызды дамытуда бұл саладағы шығармалары арқылы елеулі әсер етті. Композитордың фортепианоға, қобызға арнап жазған пьесалары, ариялары мен романстары, күйлері, би музыкаларының аспаптық музыкамыздағы соңғы көрініс екенін ерекше атап өту керек. Ахметтің екі оркестрлік сюитасы, қобыз бен скрипка үшін жазған «Ариясы», қобызға жазған «Көктем» атты вальсі, «Романсы», Ықыластың «Жезкиігінің» тақырыбына жазған «Күйі» өнерпаз музыканттарымыздың репертуарынан дәйекті орын алған шығармалар. Филармония залында, театрларда, радио мен телевидениеде болып тұратын концерттерден бұл шығармаларды жиі естисіз.

Өзі Ахмет Жұбанов алғаш ұйымдастырып, оған он бес жылдай дирижерлық еткен қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің репертуарын байытуда үзбей еңбек етіп келе жатқан композиторларымыздың бірі де Ахмет Жұбанов. Ахметтің қаламынан туған «Абай» атты симфониялық поэма, «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы», «Абай өндерінің тақырыбына жазған фантазиясы», Бірінші және Екінші Тәжік сюиталары, қазақтың вокальдық сюитасы, «Би күйі» т.б. шығармалары күні бүгін оркестрдің репертуарынан тұрақты орын алып отыр.

Әр композитордың өз қолтаңбасы, суреткерлік тәсілі, басқадан дараландырып тұратын шығармаларының өзіңдік үн бояуы, музыкалық тілі болмақ. Ахмет творчествосына тән ерекшелік – шығармаларының мелодиялық тынысының кеңдігі, тыңдаушысының жан дүниесін толқытып, шаттық сезімге бөлейтін лирикалығы. Тындаушы сезімін тебіренткен әсерлі лирикалық әуен оның ән-романстарына да, аспаптық шығармаларына да ортақ қасиет. Композитордың сыршылдығын біз оның аспаптық музыкасынан да естиміз. Жайшылықта, әлде калай біреумен, шын пейілмен пікірлесе қалса, майда қоңыр үнмен тындаушысының аузынан су ағызатын әңгімешілдігі, шешендігі композитордың аспаптық шығармасынан да сезіледі. Мысалға автордың қобыз бен скрипке үшін жазған «Ариясын» алайық. Шығарманың басынан аяғына дейін мелодия желісі бір үзілмейді, қайта бірден-бірге өрістеп отырады; қобыздың (яки скрипканың) жанға жайлы қоңыр үні тілмен айтып жеткізуге болмайтын тамаша бір сұлу сезімді ұзақ жырлайды. Композитор «Ария» мелодиясының желісін үзбей бастан-аяқ сызылтады, оның ырғағын да айтарлықтай өзгеріске салмайды.

Мұның өзі шығармаға ерекше лирикалық үн бояуын, сыршылдық, музыка тіліндегі әңгімешілдік қасиетін береді.

Ал Ахмет Жұбанов вальс ырғағындағы «Көктемі» ше? «Көктем» десе көктем! Мұнда табиғат сұлулығы мен жалын атқан жастық дәуреннің албырті сезімі астасып жатқандай. Сөз жоқ, бұл – музыка үнімен берілген табиғат суретінің тамаша көрінісі. Көктем! Жер дүниені, жан-жануарды тіршілік салтанатына кенелткен сұлу көктем! Жастардың көңіліне көрік, арманына қанат бітірген көктем бұл! Жүрегің лүпіл қағып, ән бойыңды өзгеше шаттық сезім билейді. Өмір қуанышына, табиғат сұлулығына тоймайсың сен! Дөңгеленіп билеп жөнелгендейсің, кеудеңді қуаныш жыры кернеп, ән шырқағың келеді!

Ахмет Жұбановтың «Көктемін» көлемі шағын болғанымен шынайы жан тебіренісінен, өмірге, табиғат сұлулығына деген құштарлықтан туған жастық жыры дейміз.

Композитордың халық аспаптарына (қобыз бен домбыраға) арнап жазған шығармаларын сөз еткенде ерекше атап өтетін бір жай бар. Ол – халық аспаптарының дыбыс күшін, спецификасын, бір нәрсені бейнелеудегі өнерлеушілік мүмкіндіктерін композитордың жете білетіндігі және сол өнерлеушілік мүмкіндікті творчествосында толық пайдаланатындығы.

Жоғарыда біз атап еткен аспаптық шығармалардың сәтті шығуының сыры осында болса керек.

Ол музыка өнерінде көп адамға ұстаз болған, Ахмет Жұбанов композиторлық творчествода үйренуден өзі де жалықпайды. Суреткерлік шеберлігін жетілдіруде ол классикалық музыка мен халық музыкасының дәстүрін қашан да үлгі тұтады, оның ұшы-қиырсыз айдынына қиял қайығын жүздіріп, тереңіне бойлайды, өнеге тұтар асылын тандап алып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен інжу-маржандардың сиқырлы сырын жалықпай зерттейді. Зерттеп қана қоймайды, соны қажетке жаратады. А. Жұбановтың осындай музыка зергерлігінің сәтті көрінісі - оның қобызға арналған «Романсы».

Композитордың ерекше шығармасы – көңіл-күйді сыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика. «Романсты» тыңдағаныңызда Камиль Сен-Санстың «Аққу» атты пьесасындағы сұлулық суретін көргендей боламыз. Бірақ сол сұлулық аққу кейпіндегі сұлулық емес, адамның арманшыл көрікті көңіл-күйі ретінде баяндалады. Әуен ырғағы бастан-аяқ сабырлы қалыпта өтетін мелодия сазында жан сұлулығын жыр еткен ғажайып үн бар.               А. Жұбановтың «Романсында» әлде бір қасиетті биікке құлаш ұрған арманшыл ойды, ізгі ниетті білдіретін лирикалық әуендегі көрікті көңіл күй (бұл – негізгі мелодия сазы арқылы беріледі) тамылжыған табиғат көрінісінің (яғни фортепианолық аккомпанементтің) фонында дамиды.

Міне, айнадай жарқыраған шалқар көл, оның айдынында әдемілік, әсемдік төңірісіндей болған ақку жүзіп келеді. Фортепианолық аккомпанементпен көл суының сиқырлы толқыны естілгендей болады. Биік жарқабақтан төңірекке қызыға көз тастап, тамылжыған табиғат көркін қызықтаған албырт жастың сыршыл нәзік сезімі бірден-бірге биіктей түседі...

Ахмет Жұбановтың «Романсын» тыңдағаныңызда Сен-Санстың «Аққуында» суреттелетін көрініс көз алдыңызға келгеңдей болады. Бірақ бұл «Аққудың» көшірмесі, немесе соған еліктеу емес, бар болғаны тындаушының ассоциациялық түйсінуі ғана. Сөз жоқ, композитордың, «Романсы» аспаптылық музыкамыздағы таңдаулы туындылардың бірі, айта берсеңіз бұл – аспаптық музыка ғана емес, балеттік өнерге сұранып тұрған хореографиялық миниатюра.

Ахмет Жұбанов «Жез киік» тақырыбында жазған «Күйі» де назар аударарлық шығарма. Бұл шығармада композитор ең алдымен Ықылас күйінің мелодиялық өрісін диапазонын оригиналдағы түрінен әлдеқайда кеңіте, дамыта түседі. Мелодия өрісін дамытқанда композитор осы замандағы жетілдірілген төрт шекті қобыздың диапазонын, регистрлік ерекшеліктерін негізге ала отырып дамытады, Ықыластың «Жез киік» күйінің мәнерлеушілік тәсілін ширықтыра түседі: фложолет, форшлагтарды еркін пайдаланады. Ал осы шығарманың фортепианолық аккомпанементіне келетін болсақ, бұл – жай әшейін қарадүрсін музыкалық сүйемел емес, «Жез киік» күйінің мелодиялық негізінде туған жігерлі рухтағы белсенді аккомпанемент.

Дамыған музыкамызға үлкен үлес қосқан суреткердің творчествосын түр, жанр жағынан түгел қамтып, әңгімелеп шығуға, талдау жасауға шағын зерттеудің мүмкіңдігі көтермейді. Және «Абай», «Төлеген Тоқгаров» операларын сөз ететін болғандықтан, біз бұл жерде бұдан әрі композитордың басқа шығармаларына тоқталып жатпаймыз, ендігі сөз – композитордың «Абай» операсы туралы болмақ.

 

6.1 Классикалық үлгідегі әндердің тәрбиелік мүмкіншілігі

 

Халықтың классикалық ән өнері. Ән – вокалдық шығарма – музыка өнерінің ең кең тараған жанры, классиканың қалыптасуы. Ән өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде мал қайыру, бала уату, жауынгерлік ұран тастау және бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып, бірте-бірте дами келе мазмұны да, нышаны да күрделеніп қазіргі кездегідей өзіндік сипатқа ие болды. Вокалдық музыка әні, романс және вокалдық ансамбльдерге, хорға араналған шығармалар сияқты түрлі жанрларға және классикаға бөлінеді. Құрамына қарай жеке дауысты, хормен, музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз немесе сүйемелдеумен орындалатын, сондай-ақ халық әндері және композитор шығарған әндер деп бірнеше топтарға бөлінеді.

Қазақ халқының классикалық ән өнері - ұлттық мәдениетіміздің ауқымды бөлігі. Қазақ әндерінің көпшілігі екі шумақтан және бір қайырымнан құрылған және музыкалық-поэтикалық мазмұны құнарлы, әуені сөзіне, сөзі әуеніне сай тұтас бітімді, сұлу сомданады. Ән классикаларының тәрбиелік мүмкіндектері әдіс амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс-тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығарампаздық сипаты, көркем бейнелілігі (обрыздылығы), философиялық ой-тереңдігі, синекреттілігі, сан алуан жанрлылығы, көп варианттылығы (қырылығы) балалар мен жастардың түйсік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілік-эстетикалық идеяларының қалыптасуына, классикалық әсемдікті қабылдай білуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды.

Көшпелі қазақтардың классикалық мәдениеті ең алдымен оның көркем шығармасында және қилы даланы мекендегендердің философиялық көзқарасында, өзіндік этикалық-эстетикалық жүйесінде ерекше ашық көрінетін рухани дәстүрі. Өкінішке орай, «он тоғызыншы ғасырдың бізге қалдырған мұраларындағы тұжырымдамаға сәйкес, тек қана отырықшы халықтар дамыған өркениет жасаған, ал Орталық Азияны тоқырау, жабайылық немесе зұлымдық жайлаған болып шығады. Бұлай айтуымның, оның қателігінде емес, сол қателікті ғылымның сынауды қажет етпейтін жетістігі ретінде ұсынылуда деймін.

Халықтық поэзия өнері тарихында ақындық, әншілік, композиторлық, орындаушылық, жыршылық, әңгімешілдік, импровизаторлық-ойыншылық өнерді аса сәтті тоғыстырған әнші ақындардың, сал-серілердің өрелі өнерпаздардың табиғаты айрықша мәнділігімен ерекшеленеді.

Озық туған таланттың мұрасы рухы, жарқын бейнесі келешек ұрпақтың қиялын шарықтатып, болашақ биігіне бірге адымдай, бірге жасайды.

Халықтың дүние танымына, рухани болмысына ұғым түсінігіне орай өзінше нәр – қорек тауып, эстетикалық ләззатқа, ой сәулесіне бөленіп, адамзат пен ғаламзаттың құпиясына үңіледі, белгілі бір ой-пікірлер түйеді. Қасиетті топырақта аспандағы аққуға әнін қосқан күміс көмей, жезтаңдай әншілер, жыр теңізін сапырған тапқыр ойлы, өткір тілді төкпе ақындар тыңдаушының ой-қиялын қияға самғатып, сай сүйегін балқытқан шешен билер, не бір тамаша қиса-дастандарды тамылжытатып жыршылар туған.

Әншілердің өнерпаздық табиғатына (қиял дүниесі, түйсік қуаты, шабыт әлемі, дүниетаным дәрежесі, білім, білігі) үңілу, әншілік-композиторлық дәстүр болмысын, ақындық мектебін, жетілу, өсу, өркендету жолдарын тексеру, олардың асыл сүйекті шығармаларының көркемдік-эстетикалық сипатын, шығу төркінін айқындау ұлтымыздың рухани келбетін баяндаумен теңдеседі деуі ақиқатты тұрғыда берілген баға.

Қазіргі кезде ел еркелерінің ғажайып мол классикалық мұраты өнері мен мағыналы өмірін жаңғырта сөйлету дәстүр тағылымынан үлгі – өнеге алуға үйрету, рухын тірілту-біздің биік парызымыз.

Ақын, жыршы, өлеңші, айтыс ақындары, сал-серілердің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері, әрі бір-бірімен бірлесіп, ұштасып өмір сүретін қасиеттері де бар және тек белгілі бір музыкалық аспаптың (домбыра, қобыз, сырнай) сүйемелдеуімен ән айтып, жыр шығарып қоймайды, бұлардың өнеріне театрлық-драмалық белгі–нышандар да тән.

Әнші бірегей ақын-орындаушы, композитор тұлғасы әрқашан да ғасырлар керуенімен ілгері басып, кейінгі ұрпаққа ізеттілігімен үлгі-өнеге.

Халқымыздың дәстүрлі әндерінің сонау қилы заманнан қазіргі кезеңге жетуінің өзі әншілердің өнер болмысымен тікелей байланысты. Өйткені әнші арқылы әнді естіп ұғынамыз, сырлы әуеніне қанамыз. Оның шығармашылық қызметі ұлттық дәстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің арасын сабақтап, жалғастырушы ретінде көрінеді.

Оған осы күнгі халық игілігіне айналып, қазақ музыка мәдениетіне кірпіш болып қаланған айтулы әнші-компазиторлардың классикалық үлгідегі туындылары куә.

Эпос – идеялық көркемдік мәні және композициялық құрылысы жағынан музыкалық, поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Оның негізіне қазақ елінің басынан кешірген тарихи кезеңдері алынған. Эпостық шығармаларды сабақта тыңдау, талдау – ойланып-толғануды, шеберлік пен білімділікті, өнерді талап ететін күрделі процесс. Егер бала жас кезінен бастап осындай көлемді эпикалық шығармаларды қабылдап, тыңдай және түсіне білсе, онда халық өнеріне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арта түсер еді.

Жырау – ақын, ол өлең, жыр, толғау шығарып айтады, онда суырыпсалма, шешендік қасиет бар. Олар хан қасында отырып, батырдың ерлігін жырлаумен қатар, сол кездегі қоғамдық мәселелерді шешуге де қатысқан. Абылай хан мемлекеттік дәрежедегі істерді шешуде Бұқар жыраумен үнемі ақылдасып отырған дейді.

Қазақ ұғымында жыршы ақын емес, себебі өз жанынан өлең, жыр шығармайды. Ол – негізінен дайын өлең жырларды айтып таратушы.

Терме – қазақ поэзиясының және вокалды ән музыкасының жанры. Терме арқылы балалар адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырып ажыратуға, ата-бабасының өсиетін, қағидасын қадір тұтуға үйренеді. Оқушылар эпосқа байланысты өткен материалдарды қай-талап, жыр, жырау, жыршы ұғымдарын еске түсіреді. Мұндағы мақсатымыз терменің өзі де жырдың үлгі-өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі екендігін көрсету. «Терме атауы «тер, теру» сөзінен шыққан, яғни жыр ішіндегі негізгі асыл ойларды бөліп алу, жинақтау» дегенді аңғартады.

Қазақ халқының ежелден жырға қосылатын әуенді сарын, кейде мақам деп атаған. Терме айтушы (термеші) оның мақамын көбінесе, домбыраға, кейде гармоньға қосып айтады.

Оқушылар үйренетін «Он үш жаман» атты халық термесі адам бойында ең ізгі қасиеттерді пайымдайтын сұрақ-жауап түрінде құрылған. Балалар оны диалог түрінде орындайды.

Терме деген сөзінің мағынасы балалардың қабылдауына жеңіл 7-8 буынды жолдан тұрады.

Терме әнімен сан түрлі оқиғалар баяндала береді. Әрбір термеші өзінің талғамына, ортасына, бұрыннан келе жатқан дәстүрге, жұртшылықтың ықыласына орай ең «өтімді» өлеңдерді орындайды.

XIII ғасыр қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлы.

Бұқар жыраудың жыраулық дәстүрмен ғана шектелмей, Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі-сыртқы саясатына араласқан. Жас жағынан Абылайдан көп үлкен, ол өзінің бүкіл өмір тәжірибесі мен өнерін ханның ел билеу ісімен ұштастырған.

Жырау жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. «Жырау – әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраулардың өздері шығаратын болуы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие».

Бұқар жыраудың жырлары ылғи толғау. Толғау – жырау заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үгіт-насихатқа толы өлеңдер.

Толғау – «толғану» деген мағынаны білдіреді. Толғау философиялық үлкен толғанысымен, заман жайлы кесек ойларымен ерекшеленсе, терме өмірдің жеке құбылыстарын нақтылы түрде термелеп айтып, белгілі бір қорытынды жасайды. Толғаудың көлемі термеге қарағанда ұзақ және белгілі бір авторы болады.

Сол себебті термешілер ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын Бұқар жырау толғауларын өз репертуарына енгізген.

Әр өнер туындыларының өз шебері , жасаушы өнерпаздары болады. Ешбір өнер туындысының көктен даяр күйінде түспейтіні әркімге аян. Сондай-ақ, қазақ поэзиясын жасаушылар да өз халқының арасында туып-өскен халқының талантты перзенттері. Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қыш пен тасқа ою ойып, мәрмәрдан мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық әр түрлі атаулармен атап, қадірлеген. Қапияда сөз тауып, бітпес жауды бітімге жүгіндірген, күлместі күлдіріп, жүрместі жүргізген өнерпазды халық «шешен» деп, ал заманының қоғамдық ойын жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөз термелеп жыр шығарған жайсаңды «жырау» деп атаған.

Жыраулардың поэзиясының өріс алған кезеңі – XV-XVIII ғасырлар, бұл тұстағы әдебиетіміздің қай саласы болсын оған жыраулардың қатысы мол болады. Ауыз әдебиеті туындыларын жасаушылар да, ескі әдеби дәстүрлерді жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді.

Жыраулар мәселелері көркемдік сатыдан да өтіп, поэзияның жаңа шыңына қанат қақты. Әлеуметтік өмірді, халық тұрмысын кеңінен қамтитын, қоғамдық мәні жоғары поэзия дүниеге келді. Осыған орай поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелері XVIII ғасырдан бастап, жырау деуден гөрі ақын деп атау жиі қолданыла бастады. XVIII ғасырда өздерін толық жырау санатында танытқандар – Бұқар мен Ақтамберді болады. Ал XIX ғасыр поэзиясында «Жырау» деген атау өте сирек қолданылады. Бұрынғы ауыз сазды, көкейкесті мұңды қобызға қосып жырлайтын жыраулар орнын енді әзіл-оспағы аралас жеңіл терме, аспандата шырқап айтар ән-өлеңдер, жүрек тебірентер назды лирикалар, кезектесе тіл қағысып, өнер оздыратын айтыстар, бебеу қағып безектеген домбыраның қоңыр үніне жарыса үн қосқан ақындар өнері басымдық мәңге ие болды.

«Ақын» деген сөзде қанша мән-мағына, қадір-құрмет жатыр?! Халықтың көкейіне бірден қона алатын және оның ойы мен бойына терең дарып, қуат нұрын құйып, көңілге көтеріңкі сезім беріп, еліктіріп жіберер ерекше күш қырымы сезіледі. Табан асты суырып салып , дайындықсыз өлең арнасын ашып жіберіп, нөсерлі сөз тасқынын төге салатын ақпа ақындық өнер иелерінің қабілеттері – таңдандырар құбылыс.

Әншілік өнері. Әнші – әндерді, вокалдық шығармаларды орындаушы. Халқымызда әншілік өнер жайлы – өлеңші, жыршы, жырау деген ұғымдар бар. Өлеңші – айтушы, орындаушы мағынасында қолданылады. Өлең – қазақ поэзиясының негізгі түрі. Көне салт-ғұрып поэзиясы да, айтыс, ғашықтық жырларының көпшілігі де - ән, өлең ұғымында да, өлең-жыр ұғымында да жүреді.

Ақындық өнер – жыраулықтан кейін тұрған қиын өнердің бірі. Тереңнен толғанып, тебірене тер төгілмесе, сөз маржаны терілмейді. Өнерпаздың бойында қайнауы жетіп, қисыны тауып, санасында пісіп, жетіліп, дүниеге келген туынды ғана ақын атағын шығарады. Бұған өткен замандағы Ақан сері мен Біржан сал өмірі айғақ...

Ақындардың поэзиясы өзіндік ерекшелігі бар өнер десек те, ол өзіне дейінгі жыраулар өнерінің заңды жалғасы. Жыраулар поэзиясы жетістіктерін, поэтикалық тәжірибелерін игеріп, өз бойларында сақтап келген, сол поэзияның ілгерілеген жаңа көрінісі іспеттес. Кейбір ақындар соңғы кезге дейін жыраулық өнердің ықпалында жыр толғап, әрі ақын боп қалыптасты, Сондықтан оларды халық жырауларша толғанған тұста немесе тұспалдап сөз термелеген шақта жырау деп, ал асқақтата ән шырқап, сөз нөсерін ағылтқан тұста ақын деп бір өнер иесін екі тұста екі түрлі атап кеткен.

Мысалы, әр заманда өмір кешкен Дулат, Базарлардың кей тұста ақын, кей тұста жырау атанғандығы осындай себептерден болса керек.

«Жырау» сөзін Қырым татарлары тек «ақын» деген ұғымда ғана емес, «сәуегей», «балгер» мағынасында да қолданады екен.

Жыраудың жыраулығының ең басты белгісі – ақындық , яғни өз жанынан өлең шығарғыштық қабілетінің болуы. Жырау деген атаудың өзінің «жыр» сөзінен шыққандығы көрініп-ақ тұр. Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен ақын ретінде танылған сияқты. Махмуд Қашқари «жырау» сөзін өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді.

«Жырау» сөзі қарақалпақ, өзбек тілдерінде де ұшырасады. Бірақ, бұл термин тек эпикалық жырлар айтушы деген мағынада ғана қолданылады.

Ақын поэзиясы мен жырау поэзиясы ішкі мазмұнымен ғана емес, сыртқы формаларымен де өзара ерекшеленеді.

Жыраулар қаһармандық жырлар шығарса, ақындар лиро-эпикалық жырлар туғызған. Сипатына, өлеңдік ерекшеліктеріне қарағанда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек» сияқты жырларды ең алғаш жырлап таратушы-ақындар болғанға ұқсайды. Егер «Ер Тарғын» және басқа батырлар жырындағы сөз өнерінің өкілі Сыпыра жырау болса, «Қыз Жібекте»-Шеге ақын.

Әйтседе, жыраулардың аренадан кетуімен байланысты қазақ халқының ескі поэзиялық мұрасының бірден-бір дерлік арқалаушысы – ақындар болып қалды. Осының нәтижесінде ақын репертуарлары бұрынғыдан әлдеқайда байыды.

Ақынның жырлары әдетте жырау поэзиясындағыдай нақыл, афоризм түрінде келмейді. Ақын туындылары мейлінше қарапайым болады. Алайда ақын поэзиясы жырау поэзиясына жырау поэзиясына қарағанда әлдеқайда елгезек, сол себепті де ақын жырларының тақырыбы да сан алуан. Өмірде күнделікті болып жатқан оқиғалар, тұрмысқа, салтқа байланысты жайлар, көңіл күй, осының бәрі ақын назарына ілінуі мүмкін. Ақындар тіпті жырау өлеңге қосуды айып көрген «ұсақ-түйек» мәселелерді де жыр ете берген.

Мұхтар Әуезов «қазақтар бөгеліссіз экспромтпен өлең шығара білген адамдарды ғана ақын деп таныған» десе, И. Безверхов «Қазақтардың түсінігінше, ақын дегеніміз – бойына ерекше қабілет дарыған, аңғарымпаз да тапқыр, табан ауызында кез келген тақырыпқа, табанда өлең шығаратын адам» дейді.

М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талап- тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол –жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтарының белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін айтып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы «Құранның» үлгі-өнегеге толы тағылымдарына баса назар аудару қажеттігін газет-журналдар көтеріп жатса, ал осы мәселені бұдан 80 жыл бұрын Дулатов та көтерген екен. Ол жұртты оқуға, білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді. Орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дінді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса, кісі жан-жақты, білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер мен ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді меңгертумен қатар діни оқудан да мағлұмат алудың маңызын түсіндіреді.

Жастардың әсіресе эстетикалық тәрбиесінде эпостарда аса маңызды орын алған. «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т.б. жырлар жастар бойында ізгілік пен ерлікті, сұлулық пен өнерлілікті қатар сіңіруге қызмет еткен, эпостарда бейнеленген бағалы педагогикалық идеялар балалар мен жастарға адамгершілік тәрбие беріп, музыкалық-эстетикалық жағынан олардың ой-өрісін дамытып отырды. Мұнда эпостардың ішкі мазмұнымен қатар оларды орындауда саз өнерінің әншілік-жыршылық, бейнелеу өнерінің кең қолданылуы ерекше ықпал етеді.

Қазақ ұғымында жыршы – ақын емес, өз жанынан өлең-жыр шығармайды. Ол – негізінен бұрынғы дайын өлең жарларды айтып таратушы.

Қазақ халқында әншілік – орындаушылық өнердің ең көп таралған түрі – домбырамен сүйемелдеп орындау.

Ұлттық әншілік өнердің дамуы ХІХ ғасырда сал, серіліктің қалыптасып, қанат жаюмен тығыз байланысты. Бұл орайда халқымыздың арасынан суырылып шыққан осындай біртұтас киелі өнердің көрнекті қайраткерлері Біржан сал, Ақан сері, Абай, Мұхит, Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Майра, Нартай тағы басқалар ән шығармаларын өздері шығарумен бірге, жоғары деңгейде орындай біліп, қазақи әншілік – кәсіпкерлік дәстүрді дамытушылар болды.

Осы данышпандар туралы (жайлы) ой қозғаған Ахмет Жұбанов пен Есмағамбет Ысмайлов, Серік Негимов, Зейнұр Қоспақов т.б. зерттеулері тарихи-әдеби деректерімен, мағыналы толғамдарымен құнды.

Сал мен серінің қасиеттері: олар – әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, композитор. Би, спорттық, аңшылық – саяткерлік өнері де бар, елден ерек талғампаз, көңіл аударарлықтай сәнді -әшекейлі киінуге, жүйрік ат, ұшқыр тазы ұстауға ынталы болған. Ал айырмашылығы – мінез-құлқындағы ерекшіліктер.

Мысалы, серілер тәкапарлықпен бірге сыпайыгершілікті, биязылықты сақтаса, сал елдің тентігі, еркесі атанып оғаш, қыңыр мінез көрсететін, әлем-жәлем киініп, түрлі жарқ-жұрқ еткен моншақтар, сылдырмақтар тағынып қалжыңбас, сайқымазақ, әзілқой мінезімен ерекшеленген.

Қазіргі кезде эстрадалық студиялардың, музыка колледжерінің, консерваторияның әншілер дайындайтын бөлімдерінде арнайы әншілік – вокалдық мамандыққа даярланып, кәсіптік білім алуға болады.

Қазақ халқының ән өнері және әншілік өнерінің зерттелуі соншалықты тереңдеп айта алмаймыз. Қазақтың халық өнерін тұнғыш жазып, зерттеушілер Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде Қазақстанға қызмет бабымен келген ғалымдар, чиновниктер, әскери адамдар, жазушылыр, сауда қызметкерлері болды. Олардың қатарындағы        И. Г. Георгий (Готлиб) (1729–1802), И. Г. Андреев, С. Большой,         И. Д. Добровольский, А. И. Левшин (1799–1879), М. В. Готовицкий,  Р. А. Пфенник (1823–1898), А. Эйгорн (1844–1909), С. Г. Рыбаков (1867–1922), Г. И. Гизлер т.б. еңбектерінде қазақ әндері мен әншілік өнері айтарлықтай көрініс тапты.

И. Г. Георгий «Россия мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, киім-кешектері, тұрғын үйлері, ойын-ермегі, дінге сенушілігі және басқа да есте қаларлық жағдайларды баяндау» деген еңбегінде қазақтардың тұрмысын қысқаша суреттей отырып. «... той жасап, би билейді, ән шырқап, жыр жырлайды...», – деп халықтың рухани өмірінен де мағлұматтар берілген.

1795 жылы капитан И. Г. Андреев «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы, Россиямен шекаралас жатқан Қолыван және Тобыл губерниясының бөлімдері мен қосымша бекіністерін суреттеу»« атты кітаының 28-бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, әлеуметтік жағдайларына, мәдениетіне байланысты сипаттамалар жасалған.

Халқымыздың ән өнері мен әншілік өнерлері жайлы мағлұматтар С. Большойдың еңбектерінде баяндалады. Көріп тыңдаған өнерпаздардың импровизациялық шеберліктерін суреттей келе: «... халық бас қосқан жиындарда ұзақ сөйледі, кейде сөзін әнмен жалғастырып жібереді, керісінше, жақсы әнші ешбір дайындықсыз – ақ өзінің әніне ұзақ та, әдемі де жырларды қосып айтып береді», – суреттеген.

Қазақ халық әндері «Қырғыз әні» жеген айдармен алғаш рет Астрахань қаласында 1816–1818 жылдары И. Д. Добровольскийдің «Азиатский музыкальный журналында» нота жазбаларымен жарық көрді. Қазақ халқының өмір салты туралы тарихи, географиялық мәліметтерді 1923 жылы Петербургте жарияланған «Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен даласын суреттеу» атты                 А. Левшиннің еңбектерінде де кездестіруге болады. «Олар екі топта хорға жіктеліп, бірінде әйелдер, ал екіншісінде ерлер, немесе екі-екіден қосылып дуэттер құрайды. Әйелдер айтатын әндерде көбінесе өздерінің мұңын шағып, ерлерге деген өкпе, наз айтылса, ерлер әндерінде өздерін ақтап, мадақтайды, махаббат сұлулығын паш етеді. Әншілердің қай-қайсысы болса да бір-бірін сөзбен түйреп, оған жалма-жан аяқ астынан жауап қайтарулары да тыңдаушылырдың назарынан тыс қалмайды», - деп қазақтардың қосылып ән салу, олардың табан астынан шығарғыштық импровизациялық қаблеттерін суреттей отырып, «... қырғыз әндері кейде музыка аспабымен сүйемелдейді», – деп қазақтардың қосылып ән салу түрлеріне алғаш сипаттама берген-ді.

М. В. Готовицкий өз еңбектерінде қазақ әндерінің әуен-мелодикклық ерекшеліктеріне тоқталып ән мен әншілік өнердің халық өмірі мен тұрмыс салтымен тығыз байланысын дәріптеген: «Әншілердің-күйшілердің қадірлігі сонша, ауылдарды аралап шыққанда киіз үйдің құрметті орны солардікі, бәрі де оған ілтипат, құрмет көрсетуге дайын тұрады», – деп сүйсіне баяндайды.

Р. Пфеннин «Қырғыздар мен сарттардың халық әндері туралы» мақаласында ән өнерінің қазақ халқының өміріндегі атқаратын рөлінде мінездеме беріп, молданың хат таныту әні, үйлену тойы, өлген кісіні жоқтауда, үлкен мереке жиын-тойларда айтылатын ән көріністеріне тоқталады. Қазақ әндерінің музыкалық аспаптарымен сүйемелденіп орындалу мәнері, әсіресе ірі оқиғаларға құрылып өте ұзақ айтылатын бай мазмұнды ән-жырлардың көркемдік ерекшеліктері А. Эйхгорн зерттеулерінде: «Қырғыздар өздерінің музыкасын жан-тәнімен ықылас қойып, бар ынта-жігерімен тыңдайтығын да байқауға болады. Көңілді де әзіл-оспақ сарынындағы музыкамен қатар, мазмұны терең келетін шығармаларды тыңдай алған әсерлерінен жүрек толқытарлық ләзаттарына қарағанда, оларға немқұрайлы, жеңіл қарауға болмайды», – деп тамаша сипатталған.

Г. И. Гизлердің «Қырғыз әуендері» мақаласында халық әндері нота жазбалармен беріліп, қазақ әндерінің музыкалық құрылымы талданып, оның әуен ерекшеліктеріне теонриялық сипаттамалар берілген.

Осы кезендерде қазақ халқының асқақ ойлы азаматтар             Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин рухани қазынамыздың қоғамдағы тәрбиелік рөліне айрықша мән берген. Ш. Уәлиханов батырлар жырының шығу тарихына, поэтикалық мазмұнына, құрылымына ғылыми талдау беріп: «... бұл жырлардың әдебиеттік жағынан болсын маңызы бар», – деп бағалы байлам жасайды.

Батырлар жыры – елін қорғаған, дала батырының тұлғасын сомдаған. Қаһармандық мейлінше тұлғаландырып, оның жауынгерлік қасиеттерін барынша көрсету ерлік жырларына тән. Батырлар халықтың күш-қуатының, этностық жақсы жақтары мен асыл қасиеттерінің жиынтық бейнесі болды. Батырлар табиғатынан ерекше қабілетті, ақылды, қайырымды бола тұрып, дала қолбасшысы, айлалы әскер басы бола білді.

Қайғылы қазан төңкерісінен кейінгі кезде қазақ халқының ән шығармашылығының зерттелуі күрделене бастағаны байқалады. Өнерпаз шебердің жан-дүниесінен өзіндік ерекшелік пен өріліп шыққан өнер туындысы адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтеді. Өнер туындыларынан туатын ләззат шеберге деген ризалық сезімге ұласады. Себебі, шебердің маңдай тері, ақыл-парасаты, талғам түсінігі, түрлі ғылымдар саласындағы білімі, дүниетанымы өзіндік ерекшелігімен қайталанбас қолтаңбасынан көрінеді. Синтездеу барысында бейнелі көркем ойды жеткізуде сан-алуан өнердің бірігуі мүмкін. Сәулет, мүсіндеу, монументті кескіндеу, сәндеу-әшекейлеу өнері, сондай-ақ, саз өнері мен сөз өнері және бейнелеу өнерінде барынша дәстүрлі біртұтастық бар.

Қазақ халық әндерін жинап, жарыққа шығару және әндердің өзіндік ерекшелігін, мелодиялық оралымдарын, ырғақтық сипаттарын суреттей отырып зерттеген А. Э. Бимбоэс болатын. Ол Қызыл Армияның Көкшетау бекенісінің саяси бөлімінің нұсқаушы қызметін атқара жүріп Ақмола қаласында бірқатар мәдени-ағартушылық жүргізді. Қазақ әндері А. Э. Бимбоэсті өзінің әсемділігімен, тартылымдылығымен қайран қалдырды. Оның пікірінше: «... бұлкейде арманшыл, кейде шатыққа толы шығыс әуенінде өзінің еркін де кең даласына деген махаббатты сыр болып шертіледі».

Қазақтың халық әндерін жинастырып, зерттеуде аса кең еңбек сіңірген А. В. Затаевичтен қазақ халқы тарих тамсанғандай, бұрын –соңды музыкалық-этнографияда теңдесі жоқ мәдени сыйлық алып қалды. Ол жарияланған екі томдық «Қазақ халқының 1000 әні» және «500 қазақ әндері мен күйлері» қазақ кеңес фольклористикасының қосқан іргелі үлес болды.

А. В. Затаевич халық әндерін мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне қарай тақырыптық жіктеулер жасады. Оның қазақ әндерін аңыз-ертегі, тарихи, тұрмыстық (қыз ұзату, бесік жыры, жоқтау), айтыс, юмолық, әзіл әндер деп тақырыптарға ажыратуын біздер педагогикалық классификация дайындауда негізге алғанбыз. Белгілі өнер қайраткерлері Р. Роллан, М. Горький, Б. В. Асафьев,       К. В. Квитка, А. В. Затаевичтің «1000 әні» арқылы қазақтың ән фолклорымен танысып, оларға аса жоғары баға берді. М. Горький: «Міне, менің алдымда «Қазақ-қырғыздардың мың әні» атты жинақ жатыр, ол нотаға түсірілген, олардың асыл әуендері болашақтың Моцарттары, Бетховендері, Шопендері, Мусоргский және Григтері үшін бай материал» – деп үміттенсе, К. В. Квитка: «Қазақтардың музыкасы – таңғажайып бай және көп түрлі әлдеқайда ілгері басқан музыка ... Ол көптеген зертеушілердің өз өмірін, еңбек жолын арнауға тұрарлық мәселе екенін өзі-ақ дәлелдеп беріп отыр», ал Б. В. Асафьев: «Ғасырлық, мүмкін мың жылдық мәдениеттің аса бағалы ескерткіші» ретінде таныды.

Б. В. Асафьевтың қазақ музыкасы жайлы бес мақала жазғаны белгілі. Академик қазақ фольклорын зерттеуде арнайы теориялық еңбектер жазбаса да, қазақтың халық әндерінің әсемділігі мен көркемдік құралдарының байлығын ашып, мазмұнындағы философиялық ой тереңдігіне сипаттама берді.

1929 жылы Қазақстанға келіп, Қызылжар қаласында ән сабағының мұғалімі болып жұмыс істеген И. В. Коцык қазақ әндерін жинап, «Қазақтың 50 халық әні» жинағын дайындады. Онымен қатар, халық әндерін хорға, ансамбльдерге, шағын оркестрлерге, фортепианоға арнап өңдеді.

Қазақ халық әндерін теориялық тұрғыда зерттеген                      А. В. Успенский еді. Ол өзінің «Некоторые особенности казахских народных песен» атты мақаласында 14 халық әннің үлгісіне талдау жасап, әуен құрылысындағы дыбыстар жүйесі, дыбыстар қозғалысындағы ерекше өзіндік айшық беретін ара-қатынастары, мәнерлік құралдарына тоқталған.

Халқымыздың музыка өнерін зерделі де терең зерттеген, талмай насихаттаған адам - өнертану ғылымдарының докторы, академик      А. Қ. Жұбанов еді. Ол мыңнан аса қазақтың әндері мен күйлерін жинап нотаға түсіріп, құнды еңбектер жазып, өнер сүйер қауымның игілігіне ұсынды. А. Қ. Жұбанов халқымыздың телегей теңіз рухани байлығын терең талдаумен қатар біртуар өнерпаздарының сан қырлы өнерлерін ғылыми еңбектерінде тамаша сипаттап берді. Әсіресе, «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдар» атты монографиялары сөзсіз қазақ халқының музыка мәдениетінің ескерткіштері балып табылады.

Абай әндері өзінің музыкалық-поэтикалық ерекшелігімен көптеген өнертанушылардың көңілін өзіне аударған. Солардың алғашқыларының бірі Жауһар Шомбалова. Абай әндері очеркінде ұлы Абайдың ағартушылық қызметін бағалай келе, оның қазақ халқының дәстүрлі өлең мен өлең өлшеміне енгізген жаңалығына зер салды. Әсіресе, ұлы ақынның әндеріндегі әуен қозғалыстары мен ырғақ өлшеміндегі өрнектердің ән мелодиясында пайда болған жаңа үлгі екенін ашып берді.

Ауызекі халық шығармашылығының музыкалық-поэтикалық ерекшеліктері жайлы зерттеулердің қатарына З. Қоспақованың «Әнші тағдыры» еңбегінде жан-жақты мазмұндайды.

Шығыс Қазақстанның көне музыкалық өнерінің вокалдық ерекшелігін зерттеуші Т. Бекхожинаның «Ән шақырады», «Қазақ халқының баяғы замандағы үйлену тойының топтамасы» еңбектерінде әндерге ториялық талдаулар берумен бірге олардың халықты өмір салтымен тығыз байланысы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының әлеуметтік сипаты суреттеледі. Оның «Жоқтау» очеркі, «Қазақтың ертегі әндері» мақаласы да қазақ халқының рухани мұраларының байлығын ғылыми негізде аша түседі.

Айтыс өнерінің әуен-сазының ерекшеліктері зерттеуші               З. Керееваның «Айтыс әуенінің музыкалық құрылымы» деген еңбегінде қарастырылады. Онда 1961 жылы Алматыда өткен Республикалық ақындар айтысына қатысушылар Кенен Әзірбаев, Қалқа Жапсарбаев өнер саңлақтарының айтыс мақамдары мен әуендерімен мысал келтіріп, әуен мен өлеңінің синхрондылығы, сондай-ақ, көркемдік құралдары туралы құнды пайымдаулар жасалды.

Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол - суырыпсалма ақындық өнердің жемісі.

Мұның үстіне қолма-қол суырып-салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұнымен де дараланады.

Айтыс – синкреттік жанр. Ол ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларымен тығыз байланысты. Бұл екеуінің көне көздерінің бір негізден, атап айтсақ, ертеден тұрмыс-салт өлеңдерінен бастау алатынын кезінде Мұхтар Әуезов атап айтқан болатын. Алайда, бұл жанрлар дәуір талабына орай бірде бәсең, енді бірде кең өріс алып отырған.

Батырлық жырларымыздағы әрқилы «жар-жар», айтыс-қағыс үлгілерін, тіпті сондағы алуан-алуан сөз тартысы мен пікір-таластарын сипаттайтын диалогтарды да тілге тиек ете аламыз. Айтыстың ерекше дамыған кезі ХІХ-ғасырдың екінші жартысы. Бұған сол тұстағы әлеуметтік өмірдің дамуы басты себеп болды. Айтыс – қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген.

Екі адамның бетпе-бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі қара сөз арқылы да (шешендік дау-дамай), белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысуымен де, қолма-қол шығарып айтылатын өлеңмен де болуы мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан-ақ «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін қадір тұтып қастерлеген қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі мол ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінің рухани өмірінің жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған.

Айтыс – халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да саяси-шаруашылық тұрмысы да, мәдени дәрежесі де, замана идеологиясы да, әдет-ғұрпы да, жалпы әлеуметтік және жеке адамдардың қарым-қатынастары да заманына лайық өрбіген тартыстың формалары да көрінеді. Сондықтан айтыс жанрының тақырыптары әлденеше тарау боп бұтақталып кетеді, сол бұтақтардың бәрі халық тұрмысының шындығын біршама дұрыс та, дәл бейнелей алады.

Айтыс-қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетінің классикасикалық бір кең саласы. XIX ғасырдың айтыстарын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихқа мәлім. Мәселен: Орынбай, Серәлі, Шортанбай, Шөже, Тоғжан, Тезекбай, Балта, Қалдыбай, Кемпірбай, Түбек, Жанақ, Әсет, Майкөт, Жамбыл, Сүйінбай, Құлмамбет, Біржан, Ыбырай, Ақан сері т.б.

Әйел ақындардан аты сақталғандар: Күйкентай, Шәріпжамал, Дәме, Ұлбике, Сара, Қадиша, Шөкей, Ақсұлу, Матат, Рысжан, Ақбала, айқын Болық, Тәбия т.б.

Музыкада ән мелодиясының Қазақстанның солтүстік-шығыс, батыс өңірлерінде қалыптасу заңдылықтары, вокалдық ерекшеліктері Б. Қарақұлованың еңбегінде зерттелсе, Балқаш өңірі қазақтарының әндерінің өзіндік сипаты Қ. Ж. Төлеутаевтың ізденістерінде қарастырылып, жүздеген ән, күйлер нотаға түсіріліп классикалық ән фольклорына енді.

Соңғы кезеңдерде қазақ халқының ән өнерінің зерттеулі Ж. Шәкәрімовтың, Р. Рахимбековтың т.б. ізденулерімен толықтырылуда. Кезінде академик Б.А. Асафьев: «Қазақтардың әндері өзінің көркем шынайлығымен баурап алады... Оларда қазақ хылқының қатаң өмір мектебі де. Бастан кешкен және бастан кешіп отырған философиялық ой-тұжырымдары да, аса нәзік лирикалық тербеністері де, өмір құндылықтарын шаттана орнықтыру да бейнеленген. Бұл көптеген ұрпақтардың парасаты мен ойлары, сезімдері мен дүниетанымдары естіледі», - деп бекер айтпаған.

Венгер ғалымы А. Браташ: «Қазақтар – таңқаларлық дарынды халық. Олар әнімен билеп алады. Меніңше, қазақтардың музыкалық қабілеті веналықтардан, әншілігі италяндықтардан кем емес. Қазақстан – бықытты Азияның Венасы мен Италиясы», – деп дәріптеген.

Қазақ классикалық әндерінің келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор. Халқымыздың ән фольклоры бүгінгі таңда педагогика ғылымы саласында да зерттеу обьектісіне айналып отыр.

А. А. Нұғманованың «Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі балалар мен жасөспірімердің әншілік тәрбиесі» деген еңбегінде қазақ халқының әншілік өнерге тәрбиелеу және оның дамып, жетілу жолдары қарастырылып, қазіргі кезде халықтық әншілік дәстүрлерді И. Б. Байзақов, Ж. Елебеков, К. Әзірбаев,           М. Ержанов және басқа тамаша өнер шеберлерінің жалғастырып келе жатқандығы баяндалған.

Оқушылардың музыкалық қаблеттерінің дамуы көздеген музыкалық-эстетикалық, классикалық музыкалық тәрбиенің оқыту мазмұнын анықтау, жұмыс түрлері мен әдістерінің жүйесін жасау, балалардың сыныптан тыс музыка үйірмелерде, студиялардағы музыкалық іс-әрекеттерін белсендіру олардың музыкалық қаблеттерін дамыту жайлы ғылыми дәлелдемелер П. Момыновтың зертеулерінде дәйекті көтерілген.

Классикалық музыкалық өнеріміздің халқымыздың арасында кең таралуына әншілік өнердің, айтыс, терме, жырдың өнерінің дәріптеуді орындаушылардың шығарманы мән-мағынасын, тәрбиелік бейнесін.

 

6.2 Классикалық үлгідегі әндердің жаңа әуендегі нұсқасын оқытудың жолдары

 

Қазақ классикалық әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қалыпталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Қазақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А. В. Затаевич, Б. Г. Ерзакович, Т. Бекқожина, З. Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерін оқушыларға меңертудің жолдары:

- тұрмыс салт әндерінің (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері) мақамын табу;

- еңбек, шаруашылық, кәсіп әндерінің (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері) мақамын табу;

- үйлену әндерінің (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңднің (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны) мақамын табу;

- жаналазау әндерінің (естірту, жұбату, көңіл айту) мақамын табу;

- ғақиялы әндерінің (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер) мақамын табу;

- қиял-ғажайып әндернің (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер) мақамын табу;

- сатиралы - юморлық әндердің (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер) мақамын табу;

- тарихи әндер мақамын табу;

- эпикалық шығармаларың (терме, толғаулар) мақамын табу;

- айтыс әндерінің мақамын табу.

Қазақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

Қазақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім-тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.

Қазақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында                       А. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, Б. Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдауларды С. А. Ұзақбаеваның,  А. Нұғымованың, М. Х. Балтабаевтың, Ж. Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.

Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық тұрғыда қарастырылған ән мұраларының қазақ өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрылымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А. Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: «Олар – фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді», – деген тұжырымдарын негізге алуга болады.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі – оның есте қалғыш, тартымды әрі қарапайым, көркем образдылығы.   А. Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-өлеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Қобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.

Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлікте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.

Қазақ әндеріндегі философиалық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, салиқилы ақылдылыққа баурап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалық, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Тұрмыс салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің жүйке жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.

Балалар мен жастардың әндері жартылы көшпелі өмір сүрген халықтың күделікті тіршілігіне байланысты туыңдаған. Балалардың өздеріне қоршаған табитаттағы жан-жануарлармен, кұстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері «Асау мәстек», «Қоғый гөк», «Соқыр теке» және сол сияқты турлі ойын элементтерінде кездеседі. Осы ойындардың өндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық кабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал «Камажай» сияқгы жастардың ауыл арасындаға той-томалақ, алдыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын канағаттандырып, сүйіспеншілігінг арттырады. Балалар мен жастар әндерінін бәріне тән ерекшеліктері олардың, ойнақылығы, эмоциялық көңіл күінің көтеріңкілігі, дидактикалык; мән мағынасы күнделікті оку тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасады.

Еңбек, шаруашылык, кәсіп әндері мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді және тақырыбы мен поэтикалық тексі орыңдалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты болады. Казақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды кұт санаған және Шопан ата – қойдың, Жылқышы ата – жылқының, Сексек ата – ешкінің, Ойсыл қара – түйенің, Зеңгі баба – сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашыктық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді.

Егіншілік әңдері Наурыз мерекесіне байланысты тақырып елеулі орын алды. Сабантой кезінде «Кеусен», «Ат желі» сияқты речитативті әндер айтылған.

Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зорлық-зомбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары арқау болған. Оған «Ауыр еңбек астында», «Ақшамды бермей қойды ғой» тәрізді әңдерін жатқызуға болады.

Үйлену әндері – қазақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне, арман-кайғысына ортак әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тірішлігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады, Халыкпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі – келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық кағидаларын танытады.

Халықтың педагогикалық шарттары мен талаптары беташарда мол көрініс береді. Жаңа түскен келінге тойдың ең көңілді кезінде өнеге түріңде айтылады. Беташар әдетте «Келін, келін келіп тұр, келін үйге кіріп тұр» деп басталып, келінге келген үйі мен бүкіл ауылдың адамдарын таныстырып, олардың өмірдегі, ауыл арасындағы алатын орны мен беделі, мінез ерекшелігі әзіл мен ңақыл сөздермен айтылады.

Ұлыс күңдері еңбекпен тығыз байланысты әндер айтылады. Казақ халқы ұлыс күнін «жыл басы» санайды. Бұл күндері жастар ойын-сауық құрып, қарт-қариялар еңбек адамдарына бата береді.

Наурыз мейрамы күндері жарапазан айтылады. Жарапазан «Шахарзабан» – парсы тіліңде шахар кезуші, тақыр, күлдіргі ақын деген ұғымды береді. Бізде ол үй арасында кезіп жүріп ән айтушы болмақ; «Тұсында келіп тұрмыз ақтап қана, жарапазан айтамыз мақтап қана» - деген жолдарға қарағаңда, оны кейде жұптасыпта айтатын болған. Жарапазан халық поэзиясының дәстүрінде жасалып мақтау ниеттестік, кейде әзіл-күлкіде болады. Бірде жыр, бірде кара өлең түрінде айтылып, басы хикаялау, мақтау, аяғы-алғыс, бата болып келеді. Сый-сияпат көрсетпеген үй иелерінің сараңцығын бетіне салық қылып аямай сынаған.

Жаназалау әндері – тарихи оқиғаларға, адам казасына байланысты туындап, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, жоқтау сиякгы салт әңдері. Мұнда жеке адамның немесе бүкіл бір елдің көңіл-күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дуниемен қоштасу әндері ел басына түскен ауыр күндерге туған. Оның өлген адамның тірі күнін де айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері де болды.

Тұрмыс салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер өлеңдері деп те айтамыз. Адамның көңіл-күйін, өмір құбылыстарын терең толғайтын жаназалау әңдерінің тәрбиелік мәні бар.

Ғақлиялы әндер қатарына, мысал, алғыс-бата, тілек, әндері кіреді. Бұл әндерде халық педаготкасының ең құнды жинақтары бар. Салт дәстүрлердің сәнін мәнін арттара түсетін ән үлгілері – бата-тілек әндері. Шынайы халыктық сипатқа бөленген, бірақ кез-келген жайға арналып айтыла бермейтін бата-тілектің карапайым тәрбиелік, тағлымдық мәнінің орасан зор екендігін оның өн бойындағы, ой ұшқырлығын, ақыл-парасатты, өмірлік тәрбиені, кемелдік пен көсемдікті шешендік пен шеберлікті байкауға болады. Ол өзі – терең философиаық астарымен ерекшеленіп тұрады.

Күн шуақты болсын,

Көлің суатты болсын!

Қонысың өрісті болсын,

Еккенің жемісті болсын! – деген бірер шумақтың өзінде көңілге көп жайды тиіп, оның халық тіршілшндегі, тұрмысыңдағы орны мен рухани салмағын толық түсінгендей боламыз.

Ғақлият әндерде аса бағалы дидактикалық бай тағлымдық қазына жатыр, қоғамдағы адам өмірін бағыттайтын жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен парсыздықтың, моральдык, этикалық ұғымдарды жырлаған.

Ғақлият әндерінің бір түрі – мысал әндер. Оларда аллегория түрінде ақыл-кеңес, мораль мәселелері айтылады. Сондықтан халық жыршыларының шығармаларында параллелизм, астарлап айту, символикалар жиі кездеседі. Олардың басты кейіпкерлері қорқау қасқыр, қу түлкі, аңкау қой, әнші бұлбұл, ақылсыз есек, өсекші карға тағы сол сияқтылар. Мысалы, Ж.Жұмабаевтың ән-мысалында:

Қарға менен сауысқан

Түбі бірге туысқан.

Тілейтіні қарғаның,

Ағайынның бірлігі.

Шықыддаған сауысқан,

Ел бүлдіру тірлігі, – деп еңбекшіл қарға мен өтірікші, өсекші және жалқау сауысқанның тірлігін баяндайды.

Мысал әндерде параллелизм мен символика астасқан түрде де пайдаланылады. Мысалы, аққу – сұлулық символы, сұңқар – батырлық, көгершін – бейбітшіліктің, қарлығаш - достықтың, өгіз – еңбекқордың, түйе – дала кемесінің символы ретінде беріледі. Мысал – әндерде кейіпкерлер ретінде құстар мен жануарлар келтірілген.

Жұмбақ өлеңдерде дидактикалық тәлім-төрбие мәселелері арқау болған. Ән-жұмбақтардың әр түрлі өзінің көркемдік ерекшеліктерімен коса аса бағалы төрбиелік мәні бар. Жұмбақ өлеңдер 1, 2, 3 немесе 4 жолдардан құралады. Көркемдік мәнерілілігі жағынан мақал-мәтелдермен пара-пар деуге келеді. Мысалы, Ертай, Құлсариевтің трактор туралы ән-жұмбағында:

Бір базар көшіп келген Мәскеу жақтан,

Білмеймін ауырлығы неше батпан?

Ақын – жырлар ән – жұмбақтардың екі түрде: біреуінеде жұмбақтай отырьш, қолма-қол жауабын беріп отырса, еккіншісінде, халықтың өзі шешімін табуға арнап айткан. Мысалы, ән жұмбақтарда салыстырмалы метаформалар мен антитездер көптеп кезігеді.

Қиял ғажайып әңдердің катарына аңыз-әңдері, өтірік өлеңдері де жатады. Олардың сюжеттік мазмұны әр тұрлі болғанымен, негізінен халық өмірінен алынады. Қарапайым адамдардың болашақка деген үміт-арманы, бақыт пен шынышылдық, ақиқат туралы сенімі арқау болып ән соңында дидактикалық ой-тұжырым мен байқаулар жасальш отырады.

Сатиралық-юморлық әндер ақын-жазушылардың орындауында халық тұрмысындағы келеңсіздікпен күресте айбынды қару балды. Халық жаршылығы күні бүгінге дейін юморлық, әзіл-қалжың, әжуа әңдерді шығарып келеді. Сан қилы әндерде жақсы әзіл, сын, сарказм, ирония кезігеді. Құрбы кұрдастарына арналған достық шаржлар, табыстары мен жетістіктеріне, олардың кәсіптік және мінездеріндегі кейбір қасиеттеріне тоқталады. Халық ақындарының ішіңде өте көп таралған сатиралық әндерде адамдардың ақылы тарлығы, тәрбиесіңдегі сорақы мінездерін аямай әжуалаған. Арсыз жалкаулықты, арсыздықты тамаша өткір теңеулермен шенеп-мінеген.

Мысқылдың ең шарқау шегі – сарказм екені белгілі. Өткір сатиралық әндер Сүйінбай мен Бахардың, Баймағамбет сұлтанның қыздары мен әйелін мақта дегеңде айткан Шернияздың ирониялық әндерін жатқызуға болады. Сондай-ақ қарама-қарсы суретті ән сүйемелдеп беруді біздер антитеза дейміз оған Т. Ізтілеуовтың,          К. Тәкежановтың диалог, монолог түріндегі өзіл-қалжың, сатиралық әңдерін атауға болады.

Сатиралық әндер әрдайым кемшіліктермен күресу құралы ретінде өзінің қарапайымдылығы және стилінің айқындығымен, идеялық мазмұнының тереңдігі мен оқу-тәрбие жұмысының аса пәрменді құрал болмак, әрі олардың азаматтық, қоғамдық мотивтермен, отансүйгіштік идеялармен үнемі байып отыруы жастар тәрбиесіңде кеңінен пайдалануға кең жолды өте қажет ашады.

Тарихи оқиғаларды суреттеу әндері халықтың тағдырына байланысты өмірлік маңызы бар көптеген оқиғаларды үлкен көркемдік дәрежеде бейнелеп отырған.

Тарихи әндердің бір түрі – шежіре әндер, терме түрінде ата-бабаларымыздың тарихи шежіресін тарату мақсатында өмірге келгендер. Шежіре әуендерде ірі окиғалар суреттелмегенімен, айбынды аталарымыздың кімдер екенін, кім-кімнен тарайтындығын анық көруге болады. Сонымен, тарихи әндер казақ музыкасының үлкен бір бөлігін құрайды, тақырыптарының идеялык мазмұны күшті, халық есінен өткендегі тарихи жайлар ұмыт калмай, ұл-қыздарымызды елін-жерін сүюге, ұлтжаңдылыққа тәрбиелеуге маңызы зор.

Әлеуметтік-теңсіздік әндерінің тақырыптары қазақтың ән жанрларының әр түрлерінде көрініс тапқан. Олар, әсіресе еңбек такырыптарындағы сонымен бірге сатиралық әндерде көп кездеседі. Халық творчествосында демократиялық бағыттарының дамуында больш, негізгі тақырыбында әлеуметтік мәселе басты орын алады.

Өзінің құрлымы жағынан әлеуметтік-теңсіздік әңдер лирикалық әндерге жақын болғанымен, өзінің мақсаттылығымен, интонациасының қаһарлығымен, мелодиясының айшықтылығымен және сергек те ширақ ырғағымен, кең диапозонымен ерекшеленеді.

Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі – эпикалық жырлар. «Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрылысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңдер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтурған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.

Терменің ұлы міндеті – елге ізгі ұғымдарды тарату, халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани нәрберу, әрі эстетикалық ләззатқа бөлеу. Терме өнерінің көркемдігі кемел, ғибараттылык қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше сүйкімді тыңдаушының кұлағын елітіп, жүрегін билейтін сазы, әуені, өздеріне лайық мақамы мен ырғағы бар. Өзінің халықкқа ерекше ұнамдылығымен, ғасырдың көркемдік даналығын саф таза қалпында бүгінгі қауымға жеткізуге мүмкіндігі молдығымен, өткен өмірдің ең жүрек жарды өсиетін, ата-бабалардьщ өмір сабағын, дүниетанымдылық құбылыстарға берген батасын, үміті мен арманын айта алатындығымен, терме өнері – рухани байлығымыздың, мәдениетіміздің заңды мұрагері. Жас буынды парасатка, биік адамгершілік, сергектік, әдептілік, ата-бабаның үлгі-өсиетін, қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік, дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі ерекше.

Терме дидактикалық пәрменділігі риториялық сауалдар аркылы «Біріншіден не жаман?» – деп оған қолма-қол жауап беріліп, тәрбиенің шұрайлы сөздері мен жүрек қағысын елітетін әуенімен қосыла отырып, тағылым сырлары төгіле береді. Сөйтіп, тыңдаушының назарын негізгі мақсатқа аударып, мәселеге ойланып, адамның ақыл-ой мен санасына эмоционалдық әсер береді.

Желдірме – желдірме, речитативті әуен. Оның синонимі – «төкпе», «төк» жылдам екпіндегі дыбыстар төгілмесі. Терме жоғарғы дауыспен басталған кіріспеден, кейде кіріспесіз айтылады, екпінді, жүрдек, ырғақты әнге құрылады.

Толғау – қазақ фольклорының көп тараған жанры, түрі мен мазмұны жағынан термеден кенірек те, дастанға қарағанда шағындау болып кедеді. Толғау - дала өмірінің дидактикалық, педагогикалық дастаны деуге келеді.

Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы творчествосымен байланысты. Ел қамын ойлап, толғауын толғауларында дүниеде не жаксы не жаман деген ұғым төңірегінде философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой пікірлері – жастар үшін мән-мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал.

Халық қамын жеген, біркелі бірлікке, достыкқа шакырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылай келе Асан қайғы:

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбіңде жатады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады, – деп толғана келе көрікті ойдың адам сезімімен, көңіл-күйіне байланысты туатынын қорытыңдылап, философиялық байлам жасайды.

Қазақ халқының аса мол дамыған дербес саласы – айтыс. Айтыс – «айту», «айтысу» деген сөздерден туған. Айтыс поэзиясының нышандары казақтың эпостык жырларынан көп кездесіп отырады.

Қазіргі күні казақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тәуелсіздік алып, өз туын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда «Елім-ай» әнінің ырғағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасьш жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы «Елім-ай» атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстүрлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поэтикалық мәні сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мектептердің жағдайы өте ауыр болды. Қазақ мектептеріндегі оку-жоспарлары мен алғашқы оқулықтар 1922 жылы казақ халық ағарту комиссариатының «РСФСР-дің I және II басқыштағы бірыңғай еңбек мектептерінін программалары» негізінде жеті жылдық казақ мектептерінің оқу-жоспарын бекіткеннен соң ғана қолға алынды. Оқу тәрбие ісіндегі мұқтаждықтар балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін кажетті деңгейге ұйымдастыруға мүмкіңдік бермеді.

Қазақстандағы мектептерде ән-күй сабақтарының өте төмен дәрежеде өткізіліп, сапасының канағаттандырғысыз болғандығын Казақ ССР халық Ағарту Комиссариатының 30 жылдардың аяғындағы есептерін талдау барысында байкауға болады.

Салыстырмалы талдауға Б. Ғизатовтың (1984) және                   М. Балтабаевтың экспериментті (1988) оқу бағдарламалары алынды. Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жуйесіз енгізілді. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі «Камажай», тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі – «Елім-ай» алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннің шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Біздіңше, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірінші синып окушыдары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым калды десек артық айтқандық болмас еді.

Біздің ойымызша, осы мәселені шешудің бірден-бір жолы, ән үлгілерін дидактикалық принциптерді қатаң сақтай отырьш, ірікітелген оқу материалы осы еңбекте ұсынылған педагогикалық классификация негізінде қолданса, музыкалық-эстетикалық тәрбие өз мақсатына жетедір деген ойдамыз.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеалогиялық комиссиясының 1988 жылғы қазан айының 4-дегі мәжілісінде бекітілген, «жас ұрпаққа адамгерішлікті-эстетикалық тәрбие беру жөніндегі концепциясында» Республикамызда осы кезеңге дейінгі рухани өнер тәрбиесіңдегі орын алып келген кемшіліктердің беті ашылып көрсетілді. Олар мына тұрғыда болады: мектептегі музыкалық-эстетикалық тәрбие ұлттық және аймақтық мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге бағдарланбады; сол себепті жастардың ұлттық сана-сезімдерінің дамуына түрткі бола алмады, оқу-тәрбие жұмыстары халқамыздың ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогакасымен байланысты өтілмеді Сонымен қатар бұл концепцияда осы кемшіліктерді шешудің жаңа принциптері, бағдарламалары берілді. Онда жастарға музыкалық-эстетакалық тәрбие беруде қазак поэтикалық мәденитіміздің түрлеріне (айтыс, қисса, жыр, терме, мақал-мәтелдер т.б.) халық билері мен халықтың қолтаңбалары, өнері, фольклорлық ұлт аспаптарын игеруге балалар оркестр-ансамбльдерінің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінуі керектігі айтылады. Міне, осы айтылған талап-тілектерге сай ұлттық мектеп концепциясының негізінде «Елім-ай» атты ән-күй пәнінің жаңа бағдарламасы дүниеге келді. Профессор М. Х. Балтабаевтың басқарудағы шығарымпаздар тобы казір де республикамыздағы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасының алғашқы кезеңде әжептәуір жинақталды.

«Елім-ай» бағдарламасының басты мақсаты - окушының рухани дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамыту және өмірді саналы да терең түсіне білуге баулу.

Осыған орай бағдарламада оқытудың сабақтастып, өнер түрлеріне сай музыкалық іс-әрекеті интеграциялылығы, тарихи принциптері де карастырылған. Көрнекілік, білімділік сабақ процесін оптимизациялау сияқта жалпы оқу принциптері де орын алады.

Сөйтіп «Елім-ай» – бағдарламасында ұлттық көркемдік мәдени дәстүрге ерекше көңіл аудара отырып, халқымыздың рухани дүниесінің шығармаларын кеңірек пайдалануға ұмтылған. Оқушылар музыканы тек кабылдап қана қоймайды, оның өмірмен байланысы жайлы түбігейлі мәліметтер алады. Екінші жағынан мұнда басқа да халықтың ән-күйін түсінуге жол ашады.

Енді бір көңіл аударарлық мәселе ән-күй тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. Аспапты іс жүзінде игеру баланың білім дағдыларын дамыту (аспаппен ән айту, би билеу, сүйемелдеу, т.б.) «Елім-ай» бағдарламасының казақтың халық әндері материалдары ретінде көлемді орын алады. Сонымен бірге халық күйлерінің негізіңде әуен-жаттығулар айтқызу өте ұгымды педагогикалық тапқырлықпен қарастырылған. Бағдарламада І-ші тоқсаңда казақтың халық әндерін іріктегенде бірізділік, жүйелік, жас ерекшеліктері тағы басқа принциптер жақсы сақталған. 2-3 тоқсаңдарда «Бала уатудан» соң «Той бастар», одан кейін «Карлығаш» келесісінде «Әй-әй бөпем», «Жаңа» әндеріне ұласады. Авторлар әрине, халық дәстүрін кеңінен пайдалануға ұмтылғанымен, шешуін таппаған мәселелер алі де болса өз мәнінде жүзеге асырылуын қажет етеді.

Біздің ойымызша, «Елім-ай» бағдарламасында халық әндерін енгізуде логикалық жүйелілік, жекеден жалпыға, қарапайымнан күрделіге өрістеуде бірізділік тәрізді дидактикалық принциптердің сақталмауы балалардың қазақ фольклоры туралы түсінік, кабылдауларының біртұтастығын қамтамасыз ете алмады. Яғни музыкалық-эстетикалық тәрбиелілігін оқу материалы ретінде халық әндерінің күңделікті өмірмен, халық тарихымен, елдің тыныс-тіршілігімен, сана-сезімімен түсіндіре алатын жанрлық сипатына сүйенгенде ғана өз мәнінде жүзеге асыруға болады.оныңбасты себебі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,олардың қабылдауына сәйкес әндерді ұсыну бүгінге дейін жүзеге аспай келеді.

Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, салиқилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық көзқарастарын, ақыл – ойының жиынтығын танытады. Қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық қасиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Қазақ әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жүктемелер де баршылық (А. В. Затаевич, Б. Г. Ерзакович,                  Т. Бекқожина) Жіктемелердің бәрін өнертану саласында толық қолдануға болады. Ал педагогикалық салада оларды осы қалпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді.

2005 жылдың 9 мамырында бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД халықтары фашистік неміс басқыншыларымен болған екінші дүниежүзілік соғысының жеңіспен аяқталғанына 60 жыл толуын атап өтті. Ұлы жеңіске тек әскери тәртіп пен қару-жарақтың ғана күшімен емес, сондай-ақ, адамдардың рухани қауттылығының арқасында қол жетті десек те қателеспейміз.

Елге, Отанға деген сүйіспеншілік- әр адамның бойындағы ең қасиетті сезім. Соғыс жылдары халыққа рухани тәрбие беруде өнердің кино, әдебиет, музыка сияқты салаларының атқарған қызметі аса зор болды. Музыканың адам жанын баурап алатыны, сол арқылы оның ой-санасына әсер етіп, көзқарасын қалыптастыратын дәйекті құралдардың бірі екенін адамзат баласы ертеден-ақ түсінген. Әсіресе, қарапайым халықтың көкейінде қонымды әрі ықшам ән жанрының тәрбиелік мәні зор. Терең мазмұнды, тылсым сырлы әдеби мәтінмен бірлестікте сазды әуен және сан түрлі әсерлі ырғақ-нақыштармен өрнектеле нығайтылған ән тыңдаушы мен орындаушының жүректеріне жол тауып, оларды ортақ армия мен тылда өнердің әр саласында жүрген адамдардан құрылған концерттік-насихаттық бригадалары кеңінен пайданылды. Драма әртістері, әншілер мен бишілер, аспапта ойнаушы музыканттар және ақында алғы шепте, бораған оқтың астында, жауынгерлер арасында немесе тылдағы өндіріс орындары мен колхоздардың егістік даласында концерттер қойып, халықтың күш-қуатын тасытып, жеңіске деген сенімін арттырып, қайрат беріп отырды.

1943 жылдың қаңтар айында жазушы Ғ. Мұстафин басқарған, құрамында Ж. Елебеков, Е. Өмірзақов, Г. Баубеков, Ш. Тұрымбетов, Л. Атманаки бар әртістер тобының концерттерінен соң сөз сөйлеген полк комиссары Мұхамедияров Ахметжан былай деген еді: «Біз бүгін зұлым жаудың алғы шебіне шабуылға шығамыз. Алғашқы атылған снаряд, пулемет, автомат оқтарын сіздер орындаған әсем әндер үшін ататын боламыз. Бақыт әнін, бейбіт өмір әнін қорғаймыз». Осылайша қасиетті домбыра күйі, ән сазы әрбір солдатқа «Нұрлы өмірді қорғаңдар!» деп аманат айтқандай болды. Әрі алға жетелеп жігерлендірді, жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарда жеңіс дабылын қақты.

Соғыс жылдары туған әндердің тақырыбы бүгінгі күнде де өзінің көкейлестігін жойған жоқ. Әндерде жеңіске деген сенімділік, сүйген жарға, махаббатқа деген адалдық, Отанға, елге деген сүйіспеншілік терең сезіммен жырланады. Солардың ішінде              М. Төлебаевтың «Тос, мені тос» романсы мен «Кестелі орамал» әні халық аузында махаббат жыры болып айтылды. Бұл әндерде таза сезім, инабаттылық, сертке беріктік сияқты қасиетті ұғымдарды дәріптеу бар.

Соғыс жылдарында халық ақындары мен әншілері ел аралап халыққа өнер көрсетті. Олардың жеңіске деген сенімге толы жігерлі ән-жырлары халықты еңбекке құлшындырып, күшін тасытты. Солардың бірі – халық әншісі Тырбиев Молдахметтің «Колхозшы» термесі. Ән екпінді, мазмұнында насихат айту, ұран тастап ерлікке шақыру бар. Халық ақыны әрі жезтаңдай әншісі Әзірбаев Кененнің «Біздің Отан жеңеді» әні де патриоттық сезімге, оптимизмге толы. Ән терме дәстүрінде жазылған, речатитативті.

Майдан отында туған әндердің ішінде халыққа ең танымдысы әрі сүйіктісі Р. Елебаевтың «Жас қазақ» әні. Ән Кеңес Одағының батыры Тоқтаров Төлегеннің өліміне арналып жазылған. Алайда, бұл әнді бүкіл соғыс құрбандарына бағышталған ән-реквием деуге болады.

Бас, батырлар, алға!                Оған мансұқ болған

Бұл жау ұқсас аңға.                 Адамдық та, ар да..

Ештеңе емес оған,

Ән алғашқыда баяу, ойлы басталады. Бірақ біртіндеп қатал, іштей өте ширақ бола береді. Эпикалық сарындағы ән. Шырқау шыңындағы вокализ әннің эмоциялық бояуын қанықтай түсіп, оған асқан драматизмді сипат беріп тұр. Бірде бебеулеп жоғары ұмтылып, енді бірде құлдилап төмен төгілген әуен, триоль ырғақ орны толмас ауыр қазаны аза тұту, асыл ерді жоқтап күңірену нышанын бейнелейді. Бұл ән қан майданда қыршын кеткен Төлеген мен Рамазанның өздеріндей мыңдаған боздақтарға арналған, халық зердесінен кетпес, өмірі мұқалмас ескерткіш болды.

Осылайша соғыс өртінің от- жалынында туған әндер халық жауынгерлерінің қайтпас қайсарлығын, тұтанған намыс отын, жауға деген өшпенділігін бейнелейді. Сонымен қатар көп әндерде жауынгерлердің ата-анаға, жарға, ерге деген сағыныш сезімдері көрсетіледі.

Көптеген күткен ұлы Жеңіс те келді. Әзірбаев Кененнің «Ел қуанышы» әні осы жеңіске арналған. Ән баяу, шалқыта, салтанатты айтылады.

Жауды жеңіп ұлы Отан, ел қуанды

Ұшқан құс, жүгірген аң, жер қуанды.

Кемпір- шалдар жастар жайнап,

Астында Жеңіс Тудың ел жиналды.

Соғыстан кейінгі жылдарда да бейбітшілікті сақтау, Отанды қорғау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Сұрапыл соғыстың қанды оқиғалары, қыршынынан қиылға небір жас өмірлер, жетім қалған балалар мен жесір қалған аналар, мүгедек болып қайтып, мәнді де маңызды еңбекке толық араласа алмай қалған азаматтар... Мұндай қасіретті қазіргі ТМД елдері мен Еуропа халықтары жадынан ешқашан шығара алмаса керек. Қазіргі кезде де толыққанды бейбіт өмір орнады деп айту қиын. Дүниенің әр түкпірінде атыс-жарылыстар тоқтаған жоқ. Соғыстан кейінгі туған кейбір әндерге тоқтала кетейік.

«Батыр Бауыржан» (әні Ә. Бейсеуовтікі, сөзі А. Байғожаевтікі) әнінде халық батыры Бауыржан Момышұлының өр мінезі, ер тұлғасы сомдалған.

Автор ол үшін 2/4 өлшемін, пунктир ырғақ пен жылдам екпінді пайдаланған. Музыканың бұл көркемдік құралдары әнге ширақтық және маршқа тән сипат беріп тұр.

Ерек сүйген туған Отанын,

Ауыр жылдың арқалаған азабын,

Халық берген оған батыр атағын.

Ерлігіңді әнмен алаулатамын.

Композитор Н. Тілендиевтің бірнеше ақындардың сөздеріне жазған төмендегі әндеріне назар аударайық. «Мен сендерді іздеймін» - Б. Момышұлына арналған ән, сөзі М. Мақатаевтікі; «Аға ескерткішінің басында» – ән-элегия, сөзі Т. Молдағалиевтікі; «Дубосеково зиратында» – 28 – гвардияшы – панфиловшыларға арналған, Қ. Шаңғытбаевтікі, «Сөнбейді, әже, шырағың» баллада жанрында, сөзі М. Мақатаевтікі. Тақырыптары әр түрлі, музыкалық жанрлары да бөлек болғанымен, бұл әндердің мазмұнында бәріне ортақ көңіл күй бар. Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұловаға арналған С. Бәйтерековтің (сөзі Б. Тәжібаевтікі) «Әлия» әнін білмейтін адам жоқ десек артық айтқандық болмас. Әншіміз Рымбаева Роза бұл әнді халықаралық Болгарияда өткен «Золотой Орфей» ән байқауында орындап, Гран-приді жеңіп алды. Ән – әншінің, ал, әнші – әннің бағын ашты, екеуі де әлемге танымал болды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, жарылыс әлі тоқтамай тұрған кезеңде соғыс қаупін мүлдем жою, әлемде берік бейбітшілік орнату – әлем халқының көкейкесті ой-арманы. Халық өз мемлекеттерінің басшыларынан, саясаткерлерінен кепілді бейбітшілікті күтеді. Соғыс зардабы, әсіресе, аналар мен балаларға ауыр тиеді. Аналарға балаларының амандығы қымбат.

Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз

Тыңдаңдар, барлық әлем, тыңда!

Өмірге осы біз жауаптымыз,

Ұрпақтың алдында.

Нұрлы күн, жайнаған замана!

Ұқсайсың ақ жарқын анаға.

Қорғаймыз сені бір тұтас ел боп,

Сен үшін садаға, соғысқа жол жоқ!

Бұл Тілендиев Нұрғисаның Т. Молдағалиевтың сөзіне жазған «Өмір дастаны» әнінен үзінді. Бұл- әрбір ананың ізгі тілегі.

Келер ұрпақтың бақытты болашағы, ортақ үйіміз – жер шарының амандығы бүкіл дүние жүзі халықтарының жауапкершілігінде. Осы мақсат жолында музыка, оның ішінде ән қаһарлы да дәйекті қарулардың бірі ретінде өз міндетін орындай беретініне күмәніміз жоқ.

Сондықтан бейбітшілік үшін күрес, ағалардың ерлігін есте сақтау оларды үлгі - өнеге тұту үшін, яғни оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелейтін осындай әндерді мектеп бағдарламасына кіргізіп, оқушыларға үйрету нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Өкінішке орай, бұл орындалмаған арман.

Қазақ халқы өз ұрпағын домбыра тартып, ән салуға бала жыстан баулыған. Әншілер мен күйшілерін, композиторлары мен суырып салма ақындарын ел қадыр тұтып, еркелетіп, бесік жырынан бастап бар өмірін ән тер деген, табиғаттың барлық барлық құбылысына – қуанышы мен қайғысына, уайымы мен сүйіспеншілігіне әнмен жауап берген, әнмен қуанып, әнмен жылаған.

Қазақтарда жеке әншілік өнермен қатар, елімізідің тұрмыс-салтына байланысты әнді хормен айту дәстүрі де кең тараған және бір дауысты болып келген. Мысалы ретінде қыз ұзату, келін түсіру тойларын алуға болады.

Әнді хормен айтуға тәрбиеленіп, әншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар дауысын даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалар дауысымен тәрбиелеуге қойылатын талапты олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылды, тек сонда ғана сәби үнінің сыңғырлаған таза, бұл бұдан былай дауыс аппаратының дұрыс дамуына мүмкіндік бермейді.

Музыка мұғалімі бала дауысын тәрбиелеуде дауыс аппаратының анатомиялық құрылысы, дыбыс жолдарының физиологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Дауыс аппаратының құрылысын терең білу, жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерісін сезіну, әнге тәрбиелеудің жаңа жолдарын бағыт-бағдарламаларын дүниеге келуіне әсер етеді. Бұл жағдайда мұғалімнің гтгтена ережесін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Олай болса, ең бірінші ескеретін мәселе – бала дауысына лайықты репертуар таңдай білу.

Бала өскен сайын барлық дене бітімімен қоса дауысы да өзгеріп отырады. Әсіресе, дауыс жыныс мүшелерінің жетілуіне байланысты қатты өзгереді (әсіресе, ұл балаларда). Бұл кезеңді мамандар «мутация» кезеңі деп айтады. Мутация ұл балалардан көрі қыз балаларда жеңілірек өтеді. Өйткені, аталған кезеңінде қызыдардың көмекейлері үштен бір, ал ер балалардың екі есе үлкейеді. Осыған байланысты дауыс шымылдығы да ұзарады. Дауыс шығарушы аппараттың жұмысы бұл кезде бұрауы келмеген домбыра сияқты болады. Ұлдардың дауысы сөйлегенде, әсіресе, ән айту тамақ ауруына ұшыраған балалардың дауысы сияқты қырылдап, сырылдап шығатын болада, кенеттен бір октавадан екінші октаваға ауысып кетеді, тез шаршағыс болады. Мұғалім балаға жағдайдың физиологиялық сипатын, ең негізгісі, уақытында екендігін түсіндіруі тиіс. Мутация – бұл әдетте 1,5-2 жылға созылады. Бұл кезде дауысқа салмақ түсіріп айтпау керек, жалпы қатты айқалап және ұзақ айтуға болмайды. Мутация кезде 25-30 жыл шамасында өзгеріссіз қалатын әркімнің тән дауыс пайда болады (сопрано, альт, баритон, бас, контроальт т.б.).

Ал, мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі тақырыптардағы кештерде, мерекелер мен сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Әдібай Табалдиев, оның «Тәрбие өрнектері». «Көңілді кештер» атты еңбектерін, Тілекқабыл Боранғалиевтің «Мектеп кеші көңілді», Бүркіт Ысқақовтың «Әлемнің өлеңі»,             Қ. Боқаевтің «Өнерлі өрге жүзер» тағы да көптеген жинақтарды айта кетуге болады.

Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертегіліктердің, мектеп сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтары мен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ұл-қызы мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектседі.

Жекіншек ұрпаққа музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша материалдарда бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан, бұл мәселенің көптеген жүйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ міузыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс-тәсілдерімен жүзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты түрлі жүйелерді пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізінде жұмыстыр жүргізу, оның жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие берудің бағалы жолдары болып табылады.

Біздің дәуірімізде мектеп жастарын тәрбиелеу жолында мектеп өқмірінің мектептегі әрбір сабақтың, соның іщінде ән-музыканың, сабақтан тыс көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық тәрбиенің, оның ішінде сыныптан тыс жұмыс жүргізудің мақсаты жастарды білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан-жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық тәрбие жұмысын жетілдіру мәселесіне зор көңіл бөлінеді.

Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі оқушылармен жүйелі түрде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қаблеттілігі мен қызығушылығын арттыруға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтады. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері, ата-аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе оқушылар ішіндегі ең белсенді, дарындылары жүргізеді. Әр педагог сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті.