1.3 Қазіргі этнопедагогика контексіндегі этнология және антропология


Этнопедагогика ғылымдағы «Этнос» ұғымы жайлы отандық ғалымдардың тұжырымдары жоғарыдағы бөлімдерде көрсетіледі, этнос белгілері жайлы сипаттамалар негізге алынады. Этнос жайлы Л. Н. Гумилевтің еңбегінен де этностың шынайы белгілерін анықтайтын бірде-бір анықтама таба алмаймыз, барлығымызға  бір нәрсе ақиқат, ол: «тіл, этностың шығу тарихы, дәстүрлері, заттық мәдениеті, идеологиясы. Тілдің өзі этностың белгісіне  кей тұста жатпайтынына – пікір білдірген бірталай халықтардың ана тілінің орнына басқа тілдерге ауысып кеткені дәлел. Этностық тек нұсқалы сипаты ретінде көрінісі, ол – этникалық өзіне  тән сана-сезімі – өзінің басқалармен біртекті қауымдық туыс екенін мойындауы  және басқа халықтардан ерекшелігін ажырату түйсігі. Бұл түсініктемені ұғымға айналдырғанда «этноним» деген термин шығады. Аталған ұғымның теориялық тұрғыда қабылдау деген әр этностың отандық этнология табыстары жәке оның этнопедагогикаға мәнділігі, этникалық қауымдастық қалыптасуы және этникааралық  коммуникативтілігі ескеріледі.

Этностық  мәселелерді шешу жөнінде Л. Н. Гумилевтің қосқан тұжырымдары айрықша. Оның жіктемесі төмендегідей: этнопедагогика ережелерінің қолданылу аясы, оның эвристикалық маңызы;

  • этнопедагогикаға сипаттама берілмей, керісінше этнос характерін айқындайтын түсініктеме беру, оның шығу генезисі мен өркендеу желісінің нұсқалы тұрғыдағы бейнесі;
  • көптеген этногенезистік, этнологиялық, этнографиялық теориялардың қабылданбауы, (отандық дәстүрлерге бағыттаушылық);
  • «этнос» ұғымын іргелі ғылымдар арқылы зерттеу және оны метаметодика пән аралық мәнде бағалауға әлі де болсын даяр еместігі;
  • пәнаралық характерін айқындау оның болашақтағы тұрақтылығын қамтамасыз етуі жағдайында қарастыру: «этнос» ұғымының тұжырымы алдымен этнография,  тарих,  психология, әлеуметтану, мәдениет теориясы, оның жаратылыстану пәнімен үндестігі, география және биология арқылы зерттеуі;
  • этностың табиғилығы мен әлеуметтенуі оның іргелі екендігі мен мәнін анықтауға көмек, сонда ғана «этнос», «этникалық», «этникалық үдеріс», этникалық ұқсастық және т.б.

Л. Н. Гумилевтің бұл аталып өткен тұжырымдарының жіктемесінен мынандай түйіндеме шығады:

–  «этнос»  ұғымын дұрыс түсінудің алғышарттары ретінде  адам өмірінің арнайы өзіне ғана тән түр, сипаты бар, ландшафт биоценез жүйесіндегі нұсқалы түрде бейімделеуі секілді сүзгіден өтеді, бұның өзі адамның белгілі бір заңдылықтарға бағынбайтынын байқатады.

Адам тек қана этноарналарынан туындаған заңдылықтарға ғана бағынады дегенді аңғартады. Атап айтсақ, энергетикалық сипатта болады. Этноарна жер қабатының антроарналарының құрамдары ретінде көрініс береді.  Жер этноценозының этностық мозаикасын құрайды дегенді аңғартады . Л. Н. Гумилев тұжырымында «этноценоз» табиғи ландшафт пен  этносты бір-бірінен бөліп қарастыруына болмайтыны, оны биогеоценоз  өрісіне этностың даму үдерісі тәуелді екендігіне мән берілген.

 Биогеоценоз  ( биоценез) Л. Н. Гумилевше: «Кешенді тұрғыда тарихи, экологиялық, физиологиялық байланыстағы адам өмірінің қауымдық қатынас жасауындағы тұйықталған  бір кезең (фәниден бақилыққа дейінгі ).

Этностың этнология мен антропологияға қатыстылығы жайлы  екі түрлі тұжырымдар сараланып отыр. Оның біріншісі  – Л. Н. Гумилев  – бұл ХІХ – ХХ ғасырдағы,  ал екіншісі – В. И. Вернадскийдің тұжырымы – бұл ХХ ғасыр.

Бірінші тұжырымда Л. Н. Гумилев  «этноценоз» ұғымын этнология және антропология сыңайында қарастырса,  В.И. Вернадский «биосфераның» тіршілікке әсер етер қуаты» деген ғылыми жаңалық ашты.

Тіршіліктің биохимиялық қуаты дегеніміз күн мен космостық және радиоактивтің жерге тигізер  әсері сипатында зерттелген. Адамдардың Жер планетасындағы  тәртіптерінің дұрыстыққа бағыттала бермеуі, Күн және Аспан заңдылықтарына зиян екенін ұғынудың мәнін айқындап берген. Сөйтіп, жерде ойда жоқ өсімдіктер мен тіршілікке жат өнімдердің мутанттары пайда болатыны ескертіледі. Адамның бұрынғы қалпынан өзгерісінің жоғары қарай емес төмен түсуіне әкелді. (Сәбилердің бейнесінің төмен хайуанаттарға ұқсас тууы және т.б. ) Қуат көздері адамға өзінің тиісті мөлшерінен асып кетеді, салдарынан адамшылық болып жатқан ақиқатқа пассионарлықпен (сөздік)  қарауы басымдыққа айналады. Этностың пайда болуына дейінгі кезең осы пассионарлардың табиғи- ландшафттың қолайлы жағдай түғызуына байланысты  жалпы мақсат пен қауымдасу үдерісі іске асады деп Л. Н. Гумилев өз ойын тұжырымдайды.

Л. Н. Гумилевта «этнос»   жайлы бір ғана ұғым бермейді.  Бұндай күрделі феномендік тұжырымдар бір-бірін толықтырып отырады.  Адамдардың осы қауымдығынан таптаурын  тәртіп, яғни стереотивтік болмыс пайда болып, олар қуат күші ретінде өмір сүреді. Соның ішінде, ғалым «этнос» деген ұғымды адамдардың қауымдығы ретінде зерттемей, этникалық қауым-әлеуметтік – табиғи бірліктің жүйе құрамдары сапасында саралаған. Мұның ішінде, әр адамның талғамының, тұлғалық болмысының, іс-әрекет өнімінің, дәстүрлерінің географиялық ортасының ортақтастығының, этникалық қауымдығының, бұлардың үстінен билік жүргізушілердің жүйесі ретінде анықтаған.  Зерттеуші этностық ішкі құрылымының адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасының  көрінісі деген тұжырым жасайды.

 Л. Н. Гумилев этносты жүйелі тұрғыда зерделеп, «дискретті типтің жүйесінің тұйығы» ретінде, яғни бұл үлкен жүйе дей отырып, ол өз ортасында қуат күштерімен ұдайы алмаса бермей, бір кезде ол ондай куат күшін алмайтын тұйықтыққа тіреледі деген қорытынды жасайды. Міне, осы қорытындысымен Л. Н. Гумилевтің гипотездік мұраттары айқындалады.

Олар: біріншіден, этностың қуат алар көзі – космос; екіншіден, этностың қозғаушы күші – пассионарлық, яғни бұл  қуаттың кей адамдарда өте көп болуы, оның өзі пассионарлық бұрқаныс туғызып, белгілі бір этностың пайда болуы, одан кейін оның этногенезисінің анықталуы үшіншіден, – ол этнос белгілі  бір инерцияға ие болып,  біртіндеп қуат күштері азайып, құриды, сөйтіп, этностың бір бөліктеріне айналады. Этностың өмір сүру айналымы қысқаратынына мән берген. Л. Н. Гумилевтің танымында ( энциклопедия, география, тарих ғылымдарына сүйене отырып) жобамен 1200- 1500 жыл деп есептелген.

Аталған тұжырым жалпы қабылданған көзқарастан мүлдем басқа мағынадағы пайымдаманың шығуына  тарихи оқиғаларға бұрынғы сараптама мен баға сәйкес емес пікірлердің, Жердегі этногенез бен биосфера арасындағы байланыстарға жаңа дүниетанымның тууына әсер етеді.

Этнос жағдайларының өзгерістеріне Л. Н. Гумилев «этникалық өрістің құбылу тартылысы» деген түйін құрып, оның пассионарлық, субпассионарлық (пассивті, енжар, құлдық психология), үйлесімділік (сабырлы, табысты ) деген ұғымдарды енгізген.

Л. Н. Гумилев әрбір этникалық жүйе  төмендегідей этногенез кезеңдерімен өтеді деп тұжырымдаған:

- инкубациялық фазасы (150-160 жыл) бұнда белгілі бір пассионарлық бірлестік бұрынғы этностар немесе бірнеше этностар санатынан құрылады;

- өрлеу фазасы (жобамен 200-300 жыл)  пассионарлар саны өсіп, жаңа мемлекет құру міндетін қояды, олар белгілі бір құрбандықпен қол жеткізуді ұйғарады, олардың тәртібінде императивтік қадамдар негіз болып табылады;

- акмеатикалық фазасы  (жобамен 300 жыл),  пассионарлардың максималды санымен есептеліп, пассионарлардың  күш-қуаты  ең жоғары шегіне  жетіп, олар енді  бұрынғы жетістіктер мен мақсаттарға  місе  тұтпай, оған көңілдері толмай, жаңа қоғам құруды көздейді,  Жекешелену идеясы басымдық алып, ішкі қақтығыстар туындап, «Мен кім болғым келсе, сен солай бол» рубрикасымен императивтік тәртіп бастамашылдыққа бағдарлайды. Нәтижесінде, пассионарлық төмен түседі;

- құрытылу, жойылу фазасы дағдарыстық, күйзелістік кезең. Пассионарлар  бірте-бірте субпассионарларға айналады, олар меңгеруге тиісті қуат көздерінен күш алмайды, қаңғыбастар, люмпендер, кезбелер пайда болады;

- инерциялық фазасы, пассионарлардың бірте-бірте құлдырай түсуі,  тұрақтылықтардың  бір кезеңдіктерде пайда болуы, пассионарлардың мемлекетті қуаттандыра түсуі, заттың, рухани мәдениеттерінің қорлануы, заңды орындаушылар санының артуы «Мен секілді бол» императиві басқарады;

- обекурация фазасы – этнос кәрілігінің тууы, дағдарыстардың көбеюіне әкелуі, субпассионарлықтардың басқаруға келуі, тәртіп бұзушылық, этностың құруы, коррупцияның ұлғаюы, ақыл-ой кемістігінің өсуі, еңбекке селқос жандардың « Біз секілді бол» императивінің үстемдік алуы  бұл сәтте  этносқа   1100 жыл – оның мысалы ретінде Рим империясын алуға болады;

- гемостаз фазасы (кейбір жағдайда бұл реликтивті фазаға айналады) этногенездің жойылуына әкеледі. Пассионарлық жайылып, оның ептеп жандануына регенерация жасалады.

Л. Н. Гумилев тарихи материалдарға сүйене отырып, аталған этнос фазасының циклдарын құрып берді. Адам өмірінің қоғамдағы  макро өзгерістерінің қандай жағдайларға тап болатынын дәйектемелі тұрғыда айқындағаны байқалады. Әрине, бұл тұжырымдарды білу барысында этнос  тез арада құрып кетеді деген тығырыққа  апарар ой тумауы керек. Себебі ең соңғы гомеостаз фазасында пассионарлық қуаттың құлдырауы жалпы ақыл-ой, мәдени дағдарыс тұрғызады деп қараудың  қажеті жоқ. Оның басты себебі осы фазаның өзінде еңбекқор адамдар бір-бірімен үйлеседі, өмір сүріп, кейбір өмір өзгерістерінен өтеді.

Л. Н. Гумилевтің бұл тұжырымдары тек айрықша тарихи оқиғалар туған уақытта ғана ескерілетінін есте сақтау абзал.

Әсіресе, этностардың өте сирек зерттелген тұсы, тарихты әлеуметтік- тапқа жіктелу қағидасымен қарастыруында ғана аталған тұжырымды басшылыққа алу көзделеді. «О» дүниелік бақилыққа кеткен әруақтар жайлы  Л. Н. Гумилев былай дейді: «Гендегі бұзылыс бар адам қайтыс  болса, онда ол адамның гені сыртқа шықпайды оған тапсырма  берілмейді, бірақ ол ақпарат беруден тыйылмайды, әрбір жеке ғасырларда осындай этностың мозаикалары пайда (50жылда)  болып отырады. Сондықтан зерттеуші генетикалық естеліктер антропология арнасын құрады деген пайымға келеді .

Ғалым еңбектерінде тағы бір кездесетін ұғым – таптаурынға айналған тәртіп. Әрбір этносқа тән, ешкімде қайталанбас стереотивтік тәртіп бар.  Ұрпақтар сабақтастығы қағидасымен қарастырған зерттеуші тарихты – шартты рефлекторлық сигналмен жаңа туған баланы өмірге келгенде дәстүрлі, стереотивті тәртіппен қарсы алады (шілдеқана,  40 күнде шаш алу, тырнақ алу, күміс салған суға шомылдыру және т.б. деп атап өткен.

Этностың жойылуы және жойылмауы аталған күрделі жағдайларына халықтардың бастан кешірген тарихына, ғылымдардың деңгейлеріне тәуелді. Олай болса, этнопедагогика ғылымы этностың бастан кешірген тарихының ұтымды деген тұстарын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде екшеп басынан кешірген қиыншылығы мол тұстарының себеп-салдарын айқындап, оның келесі ұрпақтың қайталамауына рухани мұралар қалдырып отыруы көзделеді.

Л. Н. Гумилев этнологияны «географияландырушы», «қуат күшін жинаушы» ретінде нысаналы ой түйді.  Бұдан шығарар қорытынды зерттеушінің географиялық және жаратылыстану ғылымдары саласында бірталай жаңалық айтқаны белгілі болды.  Ғалымның зерттеу барысында  этникалық көкейкесті мәселелері және азаматтық ұқсастық тұжырымының  басымдығы ретінде қарастырылған: «Адам этноссыз,  өзінің кімдерден тарағанын білмей, дінсіз, ұжымдық тәртіпсіз  өмір сүре алмайды».

Тәртіп сипатымен адамның этникалық болмысы анықталады. Мұның өзі этноарналардың тууына  мүмкіндік береді» - деген Л. Н. Гумилев  өзінің теориялық кілтті мәселелерінің бірі ретінде этногенездің филогенетикалық және онтогенетикалық (жекелену) өлшемдіктерден тұратыны тұрғысында зерделеген. Бұл орайда, этногенез және антропогенез  – адамның қалыптасуына, оның этностық түріне жататына мән берген.

Антропогенез – адамды этностың қай түріне жататыны жөнінде оның шығу тегін зерттеуі тұрғысындағы ғылым, бұл – антропологияның бір құрамы. Егер батыс елдерінің  антропологиялық дәстүрлері адам жайлы ғылым деп есептелсе (күш-қуат антропологиясы, психологиясы, этнологиясы, мәдениеті және т.б. ) ал отандық антропология  физикалық антропология деп есептеледі. Оның құрамына этникалық антропология (тек физикалық тұрғыда) қарастырылады. Бірінші құрамда адамның биологиялық табиғаты ескеріледі, екіншісінде этностық ұқсас тұстары ескеріледі, үшіншіде адамның өсіп-өну динамикасы зерделенеді.

Адамның өсіп-өркендеу эволюциясы биологиялық үдеріс ретінде қарастырылып, жалпы адамзаттық мәні айқындалып, гуманитарлық және саяси мәселелері қай тектен, қай этностан шыққанын дәлелдейді.

Адам баласының өзіне тән табиғатының күрделілігіне сәйкес болғандықтан, оның мәдени-этникалық, әлеуметтік жағдайын жеке зерттеу өте қиын. Сол себепті антропологенез – тек физикалық (күш-қуат) биологиялық тұрғыда әртарапты ғылымдардың бірлігіндегі ғылым. Сөйтіп, үш тұғырлы ұғым туады. Олар: 1) әлеуметтік генез, 2) этногенез, 3) мәдениет ( мәдени генез).

Этногенездің антропогенезден ерекшілігі оның археологиялық деректерге нұсқалы тұрғыда сүйене отырып зерттеуі, дерек көздері нақтылы сараптамадан өтуімен ерекшеленеді.

Алғашқы адамның тууын этникалық мәнде  дәлелдеу өте қиын.  Палеот заманының жоғары тұсынан қазіргі адамның шығу тегі   Homo Sapiens (жобамен 40 мың жыл бұрын) деп есептелуде.

Қазіргі этногенезідік зерттеу пайымымен қарастырсақ, Л. Н. Гумилевтің  «адамның ландшафқа бейімделуі және оның стереотивті (таптаурын) тәртібінің  тууы» ретінде қарастырған тұжырымына сәйкес екені байқалды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында  Ю. В. Бромлей этнос жайлы ғылыми жаңалық ашты. Этносты эволюциялық  формация тұжырымында  қарастырды. Этногенезді  тұрақты қауымды қалыптастырушы, оның өзіне тән белгісінің болуы, тек сол қауымға қатысты ортақ тілінің  тууы, санасының сол ұлтқа ғана тән екені сияқты дәлелдер келтірген. Этногенез өзінің дамуын тұйықтағанда сол этностың тарихы басталады деген ой қорытқан.

Нәтижесінде: 1) тайпа, 2) халық, 3) ұлт деген үш ұғым аталған генезистік эволюциядан пайда болған деген пайым берілген:

 

Өздігінен бақылау тапсырмалары

  1. « Этногенез» және «антропология» ілімінің қандай ерекшелігі бар?
  2. Л. Н. Гумилевтің тұжырымдары дәстүрлі ой-пікірлерден несімен құнды?
  3. Л. Н. Гумилевтің іліміндегі пассионарлықтың және этногенез жайлы тұжырымның қандай байланысы бар екенін дәлелдеңіз.

4.Этнос өмірінің қандай кезеңдері Л.Н. Гумилев зерттеуінде қарастырылған?

5.Қазіргі бейбіт өмірде эволюция мен этнологиялық үш тұғырлы ұғым «тайпа, халық, ұлт» этностың деңгей мен оның кезеңдеріне қатысты екенінін дәлелдеңіз.

6 . Л. Н. Гумилев пен Ю. В. Бромлейдің тұжырымдарындағы этнос пен этногенездің айырмашылығының негізі неде?

  1. Л. Н. Гумилев пен Ю. В. Бромлейдің қазіргі этнопндегогикаға қосқан теориялық негізін айқындап, өз ойыңызды ұсыныңыз.

8.Этнопедагогиканың этнос, адам жайлы теория ретінде қабылданған әлеуметтік және биологиялық өзара қатысында қандай мән бар?

 

Әдебиеттер:

1.Виноградов Г.С. Народная педагогика.- Иркутск , 1926

  1. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогик: Методология, теория, практика.- Алматы: Ғылым, 1998.

3.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж

  1. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992
  • Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж.
  1. К.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А-І994 7.Бромлей Ю. В. Этнос и этнография. – М. : Наука, 1973. – 83 с.

8 .Кукушин В. С. Этнопедагогика и этнопсихология. – Ростов на Дону, 2000.