1.2 Этнопедагогика пәні және оның міндеттері


Бүкіләлемдік педагогика тарихы көпқырлы, оның өзі көптеген  халықтардың жекелеген тәжірибелерімен сараланып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігімен дараланады. Бүкіл адамзаттың педагогика тарихы арқылы білім меңгерудің мәні айқындалады. Білім саласында бүкіл мемлекет алдында бір – біріне сәйкес келерлік  міндеттерді шешу, мұның өзі кросмәдени қоғамның білімалушырарды оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігінен туып отырғанын аңғартады.

Әлемдік қауымдастықтың мәдениаралық өзара байланыстың жаңа жағдайында жасөспірімдерді этноәлеуметтендіру үдерісін іске  қосуда  оның  жолын анықтаудың дұрыстыққа күн өткен сайын бағытталуы сұранымға айналып отыр.

Тұлғаның мәдени тұрғыда өркендеуі, оның адами-рухани даралық байлығының айқындалуы көп жағдайда әлеуметтік-мәдени тұрмыстағы хал-ахуалымен іске асырылмақ. Мәдени кеңістік – бұл адамның өз ортасында күнделікті өмір сүру қалпын аңғарту. Оның өзі көпқырлы, динамикалы болып келеді, сонымен бірге қарым-қатынас құру түрлерінің күрделілігін іске қосып, этникалық және рухани құндылықтар мен өнер, маңызды оқиғалар, символдық мәндерден тұрады. Мәдени-біліми және басқа да өлшемдіктердің мәдени сапа мен мазмұнға ауысуы,  бұрынғы кеңістігінің өлшемдігін өзгеріске түсіреді.

Білімнің мәдени парасаттылық стратегиясының мақсаты мәдени өрлеумен, біліммен сәйкеседі.  Педагогиканы мәдени парасаттылық құндылық тұрғыда қарастыру – бұл  мәдени ұғымын білім арқылы іске асыру, оны мәдени үдеріс ретінде түсіну, біліми орта  мәдени іс-әрекетті іске асыру, оның барлық құрам бөліктері адами мәнділікке толы және адамның даралық сипатын еркімен жүзеге асыруына, оған қызмет етуіне, мәдениетін ұдайы өздігінен өркендетуіне, әлемдік мәдени құндылықтарды өздігінен анықтауына мүмкіндік береді.

Мәдениқұндылық тұғырда этнопедагогика ғылымын қарастыру – мәдиенеттің құрам бөліктерін әлеуметтік мәдени арнасында кеңінен ауқымдылығын құбылыс ретінде зерделеу. Мұнымен бірге, оның өзін локальді мәдени жағдайда және оның нысанының мәнін этномәдени феномен ретінде зерттеу ұтымды.

Мәденипарасаттылық тұғырда түсіну төмендегідей бағдарларға бағыттайды:

– адамның іс-әрекеттік тәжірибесін мәдениет ретінде меңгеруіне;

– адам мәдениеттің субъектісі ретінде, оның қабілеттілігін өздігінен дамытуына және мәденишығармашылыққа бейімдеуіне.

Этнопедагогика құбылысын зерттеудің негізгі ұстанымдары мәденипарасаттылық тұрғыда сәйкестілігі төмендегі түзілімдерден, таксономиядан тұрады:

– адамның әлеуметтенуіне субъекті ретінде, мәдениетін өздігінен өркендетуіне қатысы;

– бала мен мәдениеттің өзара әлеуметтену факторы ретіндегі қатысы, оны мәдени әлемге ендіру қабілеті, тұлғалық болмысын өркендетуге, ілгеріге жылжытуға өзінің қолдау көрсетуі;

– этноәлеуметтенуді ішкі мәдени үдеріске айналдыруға қатысы, оны тұлғалық болмыстың маңыздылығы ретінде қабылдаудың қозғаушы күші және сұхбат құра білу іскерлігі.

Этнопедагогиканың негізгі қағидаларына мыналар жатады:

Мәденипарасаттылық қағидасы, көпқырлы, әртарапты, мәдениеттің  білімге сәйкестілігі, білім беру үдерісіндегі бағыттардың көрінісі және оның  әлемдегі жалпыадамзаттық, этникалық мәдени құндылықтарының өзара байланысы.

Интерактивтік қағидасы, мәденипарасаттылық білім, оның ғылыми-педагогикалық  жүйесінің этнопедагогика құрылымымен өркендеуінің талабы, көпқырлы, педагогика ілімінің негізгі курсымен сәйкестілігі, оның тәжірибелік педагогиканың іс-әрекеттегі қызметі.

Тәжірибелік- бағдарлық қағидасы, мазмұнын іріктеу, этнопедагогика құралының педагогикалық міндеттерінің тәжірибелік  шешіміне бағытталуы;

білім көкейкестілігінің қажеттілігін есепке  алуы, бұл орайда, аталып отырған  курстың мазмұнын меңгеру үдерісін іске қосуы, этнопедагогика  әдістерін тиімді қолдануда тәжірибедегі қабілетін мақсаттылықпен өркендетуі.

Субъектілік қағидасы, білім меңгерушінің субъектілі ұстанымының курс мазмұнымен өркендеуіне қарымды ықпалы, өзінің таңдауына қатысты жауапкершілік көрсетуіне даярлығы, өздегінен іс-әрекеттік қалпының, шығармашылығының, бастамашылдығының білімилік және педагогика міндеттерінің көпэтникалық құрам жағдайына  білімалушылардың шешім қабылдауы.

Мәденипарасаттылық тұрғыда этнопедагогика функциясын мәденипарасаттылық түріндегі мұраттары мен қағидалары белгілі  бір құндылықтарды ұсынады.

Бұл құндылықтар теория мен тәжірибені өзара байланыстыруға, танымдылық пен оның тәжірибе жүзінде іске асырылуына, бұл жағдайда, мәденипарасаттылық тұрғысында этнопедагогикалық құбылыстың зерттелуі және оның тәжірибеге асуына көмектеседі.

Сол себепті этнопедагогика құбылыстың аксиология аспектісінде қарастырылу өз-өзінен туындайды.  Оның маңыздылығы  мәдениеттенудің ізгілік жүйесіндегі бірлігін мойындау мен сонымен бірге этномәдени құндылықтарының әртүрлігін ескерумен түсіндіріледі.  Халықтық педагогика ауқымы эмпирикалық тұрғыда іске асырылады, яғни халықтардың ғасырлық тәжірибелер жиыны есебінде зерделенеді, соның ішінде, олардың әлеуметтік тәжірибелері  аға буыннан кішілерге меңгеріліп, одан кейін теориялық пайымдар туындап, қолданбалы педагогика білім жайлы ғылымға  айналады, бұл адамды оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика –  өте күрделі және көпқырлы ғылым және білім жиыны оның бірте-бірте педагогика ғылым жүйесінің қолдануына, оның жеке салаларының қауымдасуына бағдар жасайды және ол арнаулы ғылыми пән. Педагогика дәстүрлі тұрғыда бес салаға бөлінеді:

– жалпы педагогика;

– жас ерекшелігіне  қатысты педагогика (сәбилік, балалық, мектепалды, орта білім беру мекемелері, жоғары мектеп, андрагогика, үлкендердің педагогикасы) ;

– педагогика тарихы (жаңа стандарт ауқымында – философия және білім тарихы) ;

–  арнаулы педагогика (түзету енгізеді); адамдардың педагогикадан

ауытқуын түзету, даму өрісінен қалыс қалғандар педагогикасы (медициналық – биологиялық, психологиялық, әлеуметтік);

– салааралық қолданбалы педагогика (әскери, спорттық, отбасылық, т.б.)

Этнопедагогика педагогика ғылымының жүйесіне кіреді, өзіндік пәні бар және этнопедагогикалық құбылыстарды тануына қатысты әдістерді меңгерудің білімін қалыптастырады және оның педагогикалық іс-әрекеттік тәсілдерін зерттейді. Мұнымен бірге, этнопедагогика  оқу пәні және білімалушыларды тәрбиелеудегі үлкендердің іс-әрекет түрлерін қамтиды (халықтық педагогика).

Оқу пәні білімдерді бұл кең ауқымда сүзгіден, аккумуляциядан өткізіп, ұғымдар мен терминдерге аталым береді, педагогика категориясын интерпретациялап (түсінікті тілмен), әртарапты халықтардың әртүрлі дәстүрдегі педагогикалық құбылыстарының ішіндегі тәрбиеулеші  жалпы заңдылықтары іріктеліп, оның тиімді әдістері сараланып, адамның этноәлеуметтену механизмі қарастырылады.

Этнопедагогика – рухани мәдениет  әрекеті ретінде және оның дәстүрлері, тілдері, тұрмыс – салттары, туыстық  жекжаттық қалпы және т.б.  Тәрбиеге қатысты құралдар ретінде қолданылып нақтылы этностың адами қалыптасуын іске асырады.

Этнопедагогика  өздігінен дербес ғылыми бағыт алғаны әлеуметтенудің зерттелуі мен білім ретінде қалыптасуы тек қана ХХ ғасырдың екінші жартысында зерделенді.

Бұл ғылымның бастау кезеңі ұғымдық аппаратының көпнұсқалылығымен түсіндіріледі, сол себептті «этнопедагогика» ұғымы әртүрлі тұрғыда зерттелді.

Жалпы этнопедагогика  теориялық пайымдардың, халықтық педагогика тәжірибесін жүйелеуді, педагогикалық мәліметтердің жиыны және тәрбиелілік тәжірибе, дәстүрлердің ақиқатқа сыйымдылығы, салт, ырым, балалардың ойындары, халық өнерінің өнімдері секілді нысандарды зерттейді.

ХХ ғасырдың 70-жылдарында бірінші зерттеушілердің бірі болып қарастырған ғалым – Г. Н. Волков. Ол алдымен этнопедагогиканы ғылым ретінде анықтады. Бұл орайда, ұлттық сипаттың өзіндік даралығын зерттеп, оны тарихи жағдайларға қатысты бағамдап, халықтық тәрбиенің сақталуы мен тәрбие жүйесін құрып, халықтардың сан түрлі эволюцияға қатысты өмірін және оның даму педагогикасын, халықтық мәдениет тұрғысында зерттеген.

Этнопедагогика – өзара ықпалдастықтың әлеуметтік үдерісін зерттейді және тәрбие барысындағы қоғамдық – халықтық  өзара әрекеттік үдерістерді саралап, тұлғалық болмысты дамытып, әлеуметтік нормаларды  меңгеріп, құндылықтарды, тәжірибе жинақтау, баланы оқыту мен тәрбиелеуді және халықтық білімдерді жүйелеу, халықтық парасат-бағамдарды іріктеу, оның діндегі көрінісін саралау,  ертегілердегі, тұрмыс-салт жырларындағы, әндер мен күйлердегі, жұмбақтар мен мақал-мәтелдердегі, ойындар мен ойыншықтардағы, отбасының және жалпы өмір сүру әдептеріндегі, дәстүрлердегі, философиялық-этикалық, педагогикалық ой-пікірлердегі, педагогикалық әлеуметтенудегі, тұлғалық болмысты қалыптастырудағы тәжірибе жиынтығын зерттейтін пән.

Этнопедагогика мәнін екі түрлі тұрғыда қарастыру көзделеді:

Эмик (арнаулы) және этик ( жалпы).

Этик –  педагогикалық құбылысты талдауды мәдени-арнайы тұрғыда зерттеу, мұның өзі педагогика ғылымында этикалық топтың бір-бірінен ерекшелігін жеке-жеке зерттелуіне жол ашады.

 Эмик – эмбебап тұрғыда қарастырылатын әртүрлі этностық мәдениеттің педагогикалық құбылыстарын түсіндіретін нысан. Салыстыру іс-әрекеті арқылы халықтардың өзіне ғана тән белгілерін айқындайды, олардың бір-біріне ұқсас және айырмашылығын жіктейді. Этнопсихологиялық деңгейлері және мәденипарасаттылық деңгейлері, белгілері зерттеледі, нәтижесінде, жалпы және  жеке педагогикалық құбылыстары этнопсихологиялық және этномәдени өмірі этностық мәнде сараланады.

 «Этнопедагогика» ұғымымен «халықтық педагогика» білім алушыларды тәрбиелеуді тәжірибе ретінде анықтайды. Халықтардың педагогикалық мәдениетін зерттеу этнопедагогикалық зерттеулер арқылы жүргізіледі; бұл жүйе ішіндегі көрініс, сол себепті арнайы тұрғыда қарастырылады.  Сонда ғана этникалық ішкі ерекшеліктер анықталмақ.

 «Этнопедагогика» және «халықтық педагогика»  әртүрлі мәнде қолданылады.

Этнопедагогика – жинақталған ұғым, әртүрлі халықтардың тәрбиелеу дәстүріне салыстырмалы талдау жасау, ал халықтық педагогика – нақтылы белгілі бір этникалық топты тәрбиелеу дәстүрі.

Этнопедагогика  өзінің мәнділігіне тек теориялық пайымдау және халықтық педагогиканың тәжірибесін жүйелеу, педагогикалық мәліметтерді ұсынып, оны халық тәжірибесіне негіздеп, қоғамның дамуына жинақталған білім мен тәрбиелеу тұрғысында үлес қосу.

Этнопедагогика   халықтық тәрбиеге ерекше көзқарасты білдіреді.

Ол әлеуметтік және педагогикалық үдеріске талдау жасайды, өзара ықпалдастықтың, халықтардың дәстүрлі мәдениетін зерттеп, оның халықтардың өзара әрекеттестілігінің дәстүрлі мәдениетін бағамдап, оның ерекшелігін және заңдылығын этникалық тұрғыда тәрбиеленуіне жол ашады. Сондықтан этнопедагогиканы меңгерудің негізгі пәні – тәрбие үдерісі.

Тәрбие мәселесінің  пәні – белсенділік пен пікірсайысына және ғылыми қоғам айналымына қатысу.

Этнопедагогика білімалушыларды  тәрбиелеу үдерісінде феноменді тірішілікті ақиқатқа сыйымды тұрғыда іске асырады, тәрбие үдерісі ретінде зерттейді:

– адамзаттық тәсіл,  тұлғааралық этномәдени кеңістіктегі қатынас (тәрбиелеуге қатысы, тәрбиелеуге қауымдық қатыс),

білімалушыларды нормативті – тәртіптік механизмді этностық мәдениетке айналдыру (бұны «интериоризация»дейміз);

қызметтің айрықша түрі ( тәрбие іс-әрекет);

-– әртүрлі әлеуметтік ортадағы (тәрбиелілік) оқыту, көркем шығармашылық және еңбектері т.б.

– адамдардың өзара ықпалдастық қызметі;

– адамның этномәдени дамуы, оның белгілі бір этностың өкілі ретінде көрсетуі;

– этноәлеуметтік институт (белгілі бір этностың мәдениетіндегі тәрбие жүйесі) және тәрбие мазмұнын іс-әрекет арқылы бағыттау.

Тәрбиенің мәнін қоғам күрделілігі құбылысының феномен ретінде әлеуметтік және педагогикалық шындыққа сәйкес оның мазмұнын нұсқалы түрде пайымдайтындай етіп бағдарлау.

Тәрбие мазмұнының  этноәлеуметтік  түрі (тәрбиенің) мақсатында көрініс табады.  Мақсат – бұл көздеген образ, арман, оның нәтижесіне жетер желі.

Тәрбиенің мақсаты – тәрбиелі адам, белгілі бір этникалық құндылықтардың адамгершілік жүйесін ұсынушы.

  Мақсат – тәрбие құрылымының  үдерісін іске асыратын және оның заңдылықтар қызметін, ал этноәлеумет құбылыс ақиқаты ретінде қызмет атқарушы.

Этноәлеуметтенудің  мақсаты:

– тәрбие мазмұнының   қызметін нақтылау (тәрбиеленушіге үлгі ретінде ұсынылады);

– тәрбие іс-әрекетінің   мазмұнын ұйымдастыруды нақтылау (тәрбие құралдарын таңдау және оның тәсілдерін анықтау);

– тәрбие іс-әрекетінің    ықтимал нәтижесін жобалау (тәрбие қызметін анықтау);

–  тәрбие іс-әрекетінің нәтижесі жекелеген қызметімен оның ішкі аралық ұсақ мақсаттары соңғысымен және нұсқалығымен салыстырылады;

– тәрбие іс-әрекетінің мақсаттары  оның нәтижесімен  сәйкес келмеуі – бұл үдерістің қозғаушы күші;

– тәрбие  үдерісі ерекше оның өткізілу түрлерін таңдаудың жолы болмақ, олардың  өзара ықпалдастығы, тұлғааралық жағдайларға байланысты қатынастары, нәтижесінде жобалау қызметін іске асырып, алға қойған мақсат орындалып,  құндылықтар жиыны қалыптасады.

Этнопедагогикалық тәрбие өмір талабына қатысты жүргізіледі, мәдениеттің мәні мен оның рухани бағыты іске асырылады. Сол себепті  этнопедагогика қажетілікке айналып, оның ғылыми бағыты болашақтың көрінісі ретінде қабылданады.

Этнопедагогика – педагогикалық  іс-әрекеттің мәнді бір аспектісі.

Сурет 1 – Этнопедагогика пәні және оның категориясы – біліммен тәрбиелеуші нысаны

 

Бұл жүйенің негізгі міндеттері – тәрбиелеу нәтижесінің идеалды образын құру. Қол жететін идеалды образға немесе модельге психологиялық тебіренісі, оған ішкі алаңдаушылық таныту көзделеді.

Құрал – бұл үдеріс, өнім алудың тәсілдері, мақсат пен ақиқатты нәтижеге қол жеткізу. Құрал ұдайы шеткі элементтерге тәуелді, ал шеткі элементтер құралсыз мүмкін емес ( мақсаттан нәтиже шығады).

Нәтиже  белгілеген мақсат ретінде түсіндіріледі. Әдетте, нәтиже өнім (заттық нысан) ретінде қабылданады. Нәтиже іс-әрекет нысанының өзгерісі ғана емес, (іс-әрекет неге бағытталған),  субъектіде қандай өнім бар? – дегенді аңғартады. Нәтиже адамның өздігінен іс-әрекеттенуі негізінде іске аспақ және ол өздігінен өзін алға жетектей алатын мүмкіндігі бар. Субъективті түрде эмоциялық қанағаттануымен нәтиже айқындалмақ.

Жалпы іс-әрекетке бірнеше субъекті кіріскенде, олар өзара байланыс жасауға ықпал етеді. Кез-келген  іс-әрекет  жеке қабілеттіліктерді басқаларға да даруына мүмкіндік береді. Іс-әрекет айналымы, басқаларға ауысуы субъектілердің рольдік қызметін өзгертіп жібереді.

Сол себепті білімалушыларды іс-әрекет нысанын зерделеу тұсы күрделеніп, ұйымдастыру құралдарының қызметтері күшейе түседі. Бұл тұрғыда тәрбие құрылымының үдерісіндегі ауысу, өзара ынтымақтасу  екі жақты  өзара ықпалдастықты субъекті-субъектілі сипаттағы білім алу іске асады және жетекші педагогтың рөлін айқындап береді. Этнопедагогика оқулығын  оқу пәні ретінде  болашақ мамандар даярлау қажеттілігі деп есептеу орынды.

«Этнопедагогика» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың  педагогикалық мәдениетін этнопедагогика арқылы тәрбиелеу және олардың жалпы  кәсіби құзыреттілігінің өркендеуіне қозғаушы күш.

«Этнопедагогика» оқу пәнінің міндеттері:

1 білімалушыларға этнопедагогика пәнінің базалық ұғымын жүйелі тұрғыда қалыптастыру, бүкіләлемдік халықтардың этномәдениетінің дәстүрі жайлы білім меңгеру, жаңашыл педагогтардың тәрбие қызметін тиімді түрде іске асыру;

2 білімалушылардың  көпэтникалық орта  жағдайында педагогикалық қызметтің ерекшелігі туралы білім қалыптасуына ықпал ету;

3 өздігінен білім  меңгеру қаблеттілігін арттыру, оны этнопедагогикаға қатысты әдебиеттерді  талдау және әртараптағы этникалық жұйелердің  бір-бірінен педагогикалық ерекшеліктерін салыстырмалы, айқындамалы саралау секілді іс-әрекеттермен дамыту.

«Этнопедагогика»  оқу пәні педагогикалық пәндер блогына кіреді және «білім тарихы мен педагогикалық  ой-пікір» пәнінің логикалық жалғасы, «этнопедагогика» пәнінің бір саласы екенін ескеру; білім мазмұны этнопедагогикалық мәселелерді, құбылыстарды және оның негіздерін меңгеруге бағытталады, оның жетекші қағидалары жоғары педагогикалық білімдерін саралап арттыруға мүмкіндік береді.

Этнопедагогика ғылым ретінде, (педагогика бағытындағы ғылым) оқу пәні ретінде, тәрбиеалушыларына қатысты әдістерді таңдау, этнопедагогиканың үлкендердің жасұрпақтарға іс-әрекет түрлерінде мақсаттары мен міндеттерін саралау.

Этнопедагогика әдістері

Ғылым ретінде этнографиялык, этнологикалық, этнолингвистикалық, этномәдениеттілік зерттеулердегі деректемелерді жинақтау және ғылыми, көркем әдебиеттерге талдау; этникалық адамның өмір сүру жолдарын тану;

өмірбаяндық әдіс, түсіну, герменевтикалық әдіс.

Оқу пәні ретінде өздігінен есеп беру, өздігінен талдау жасау, байқау; идентификациялау; рефлексиялау; рефлексикалы байқау; сұхбат ретіндегі әңгіме; өмірбаяндық әдіс.

Іс-әрекет қызмет ретінде сендіру; қаруландыру (күш беру); еліктеу, үлгі; қолдау; сынау; тыйым жасау; қауіп төндіру; мойындау; жаттығу; әңгімелеу; тапсырма беру; іс-шараларға қатысу; спортқа әртүрлі байқаулар, ойын түрлеріне қатысу; түрлі дәстүрлер мен салтқа және инсценировкаларға қатысу.

Этнопедагогика әдістері ғылым ретінде мәдени-аксиологиялық тұрғыда анықталады. Әдістердің ішінде біреуі адам өмірінің жолын тану екендігіне адамның дағдарысқа ұшырағанда одан шыға білудің әдістерін меңгеруіне, өмірдегі әртүрлі кезеңдердегі  ең құндылықты дегендерін жаңғырту сәтіндегі (қимас адамдарының өмірден кетуі, алдыңғы құндылықтарынан айырылуы) өзін-өзі дұрыс ұстау әдістерін қолдануы.

Б. Г. Ананьев өзінің зерттеу еңбегінде адамның  өмір жолында тұлғалық болмыс белгілі бір қоғамда өркендейді,  өмір сүрген ғасырының салған таңбасына, сол кездегі  өскен ортасына қарай дамиды деп ой түйген.

Мұнымен бірге, өмір сүру жолында кездескен тарихи оқиғалары, тәрбие тәсілдерінің өзгерістері, өмір сүру салтының басқа салаға ауысуы, қатынастар жасау жүйесінің бұзылуы, құндылықтар сомасы және өмірлік бағдарламаларының ұдайы түзетулері, тұлғаның құбылып отыруына ықпал етеді. Сондықтан өмір жолына бағдар жасаған мақсаттары және оның мәнінің  бір қалыпта тұрмауына түрткі жасайды деген. Адам өмірінің жолы, оның ұдайы іштей қынжылыстары жиі-жиі жүйке жүйесінің бұзылуларына әкеледі. Бұдан әр адам өзінің іс-әрекеті мен шешім қабылдау, оны жүзеге асыруда қандай мазмұнды таңдай алу шеберлігіне байланысты екені анықталған.

Адам өмір сүруінің жолында қынжылудың шынайы негізі –  қанағаттандырарлық, қанағаттанбаушылық, риза болушылық, тәубәшылық секілді шешімге келулеріне қозғаушы күш. Адам бақыты сырттан  өз-өзінен пайда болмайтынын түсінгенде ғана ол өмір сүру жолында кездескен торығушылық кезеңдерінен жасымай, мойымай, ұтымды этнопедагогика әдістерін сәтті қолдана алса, ондай адамның өмірі нұрлы да құтты болмақ. Бұл – ғылыми тұжырымға негіз, ол даналардың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани құндылықтары. Сондықтан да адам өмірінің барлық кезеңдеріне өзінің сыни тұрғыда қарап, сырттай емес, іштей психологиялық немқұрайлы болмауына өзінің ынта танытуы көзделеді. Ретроқағидамен адам өз өміріне талдау жасап, ненің түзу, ненің қисық екеніне сараптамамен   парасат-пайым жасауы – оның өз өмір жолының құндылыққа айналуына бірден-бір нұсқалы іс-әрекеттің әдісі. Адам өзінің бұл жеке құндылығын тірек көзі деп есептеп, ол ұдайы өзінің болашағына сауалмен, сұрақпен ізденісті жағдаймен, сол құндылықтарының ілгерілеуіне қам жасайтын болады.

Қоғамға ізгілікпен, өзіне іштей сараптама жасай білетін адамның жеке құндылығы өмір сүруінің маңызына айналады. Адамның ішкі әлемі – оның торығу сәттерімен үзіліссіз байланыста болып, сол себепті ізгілікті ой-түйсігі өзін-өзі түсінуіне бағдар жасайды.

Түсіністік – бұл ерекше әдіс адамның келесі кезеңдегі дамуына жобалау іс-әрекет, былайша айтқанда, ғылыми рефлексия жасау. Бұл бір жағынан үдеріс, таным нәтижесі. Түсіністік – әртүрлі пішіндерді және таным сәттерін, әртарапты құбылыстардың анықталуына  мүмкіндік берер үдеріс. Этнопедагогика әдісінің ішіндегі ең бастысы болып бұны герменевтиканың  феномендегі ізгілендіру танымының этнопедагогика әдістері деп қабылданады.

«Герменевтика» грек сөзінен алынған «түсіндіру» деген ұғымды білдіреді. «Феномен» ұғымы грек сөзінен алынған құбылыс,  оның басқалардан айрықша дегенін түсіндіреді.

«Түсіндірмелі психологияны» жазған ғалым У.В. Дильтей  герменевтика – руханилықты зерттейтін арнайы әдіс, табиғаттың әсемінен адам әсемінің айырмашылығын айқындайтын әдіс: «Табиғатты біздер түсіндіреміз, ал руханилықты өзіміз бастан кешіреміз» - деген. «Түсіндірілім туралы ілім» - бұл философия  мен ғылым арасындағы байланыстырушы нысан.  Философия сана туралы  талдау, тек қана талдау ғана құралдар жасайды, оның өзі қынжылу, торығу секілді қалыптардан бастау алады.  Белгілі бір адамның өмірбаяндық құндылығын мойындап, тану сол адамға рухани қызығушылық әкелмек. Міне, бұл жағдайда адам өмірнамалық әдісті бекіте түсіп, өзіне де үлгі алады.

Әр адам өзінің автографиялық өмірнамысын сараптай білуі – ол өзі туралы, өзінің өмірі жайлы ой толғауына түрткі. Басқалардың ғұмырнамасын түсінуі арқылы адам өз өмірі туралы да толғанысқа түсіп, өмірнама әдісі басқа өмірді түсінудің пішінін тудырады. Бүкіл адами құндылықтар құжаттарға айналады,  оның өзі көкейкестілікті айқындайды, тұрмысқа, қоғамға қандай үлес қостым дегенге бағдар жасайды. Түсінік бар жерде әр адамның ішкі интерпретациясы мен интериоризациясы өз-өзінен үдеріске айналады. Герменевтика – «сұхбат түсінік ретінде»,  «түсінік таным әдіс ретінде» секілді пайымдамаларды тудырудың тірек көздері, бұл адамның өмір сүру іс-әрекетінің тарихы және ортасы болып есептеледі. Аталған ойды, түйіндей отырып, әр адам өзіндік мақсат, міндет қоюы қабылдау әлемінің әлемді тану, түйсіну секілді психологиялық күй кешуден тұрады. Адамдардың кейіптері, әлем жайлы өздерінің суреттері, көз алдарына елестетулері, ой-пікірлеріндегі қызығушылығы. Мұның өзі эмоциямен, сезіммен, қынжылумен іске асады. Адамның ішкі түсінігі арқылы парасаттылыққа бағдар жасайды. Адамның өз еркін өркендетуі – оның өзін басқара білуіне тәуелді. Ол – өз армандарынан әрі қарай геометриялық прогрессия траекториясына жүгіндіруіне бақытты,  жетістікке жетіп отыруы  секілді қасиеттерді меңгеруіне қам жасайтын әдіс. Өкінішке орай, адам баласы өзіне нұсқалы тұрғыда есеп бере алмайтындай күй кешуі мүмкін. Мұндай адамдарда ішкі әлем тек санасыздық құбылысына сүйену тұрғысында өмір сүреді. Бұл күйреуге апарады. Адамның ішкі әлемі неше түрлі өмір соқпақтарын өту арқылы тәжірибе жинауына әсер етеді. Өмір соқпақтары, қынжылыс-торығулары олардың жеке сипаттарының жолын, тұлғалық болмысының тарихи желімен дамуын іске асырады. Бұндай іс-әрекетке қатысты зерттеуші С Л. Рубинштейн өзі  жайлы менің ренжуім-торығуым алға жетелеп отырды. Қынжылу, субъектінің ішкі сезімі, оның қан мен тері.  Торығу, ренжу адамның субъектілі аспектісі, бұл оның тұлғалық болмысының өмір сүру жолы екенін түсіндіреді. Сол қынжылыс – реніш сәтіндегі адамның тәртібіне сәйкес қажеттілігі туындайды  деген тұжырымды  Л. И. Божович, В. К. Вилюнас, С. Л. Рубинштейн өз еңбектері арқылы ұсынады. Ренжу – қынжылу таза күйінде субъективті  сипат танытпайды, оның  өзі сыртқы ортаға  байқалып қалада. Ренжуді, қынжылуды, қайғыруды түсіну – бұл ұдайы оның себеп-салдарларын шынайылықпен зерделеу, ондайға тап болу салдарын айқындау, оның келесіде болмауының алдын –алу. Бұл орайда, адам өз-өзімен тұйықталып қалмай, сыртқы әлеммен байланыс жасауы көзделеді. Реніш-қынжылыс адам тәртібінің өзгеруіне әкеледі.

Қоршаған адамдардан аулақ ұстау, немесе керісінше, олармен бірігу секілді іс-әрекет жасауға апарады. Ол көкейкесті мәселеден бой тасалау немесе оны шешу қажеттілігі туады. Қынжылысты тану түсіністік әдістердің қолданылуын талап етеді. Адам өмірінің жолы этнос өкілінің деректемелік материал жинау, оған жинақтық анықтама құру,  оның этнопедагогика пәні мен міндеттерін дұрыс құруымен жүзеге аспақ. Көркем жанрдағы текстілер, жеке еске алу, этнографиялық, этнологиялық, этнолингвистикалық, этномәдениеттілік зерттеулердегі  бай материалдардың адамның этникалық бейнесін түсінуге пайдалану, оның әлеуметтенуінің құралдары мен әдістерін саралау, оның қай уақыт пен кеңістіктегі екендігін анықтау қарастырылады.

Түсіністікті нұсқалы тұрғыда санаға дарыту «Этнопедагогика» оқу пәнінің келесі әдістерін меңгеру дегенді аңғартады: педагогикалық сипаттама, баланың этноәлеуметтенуіндегі көкейкесті мәселелері, өзінің өзіне есеп беруі, өзіндік талдау, байқауын іске қосу, иденфикациялау, рефлексия жасау, сұхбат ретінде әнгіме, өмірнамалық әдіс, басқа адам туралы ішкі интерпретация, герменевтика. Мұның өзі – ішкі психологиялық серпінді ширататын әдістер.

Әрбір ұлттың тәрбие дәстүрі өзінің тарихи құбылыстарына орай құрылады, мұның өзі белгілі бір этностың өз бет-бейнесінің тарихи ақиқатқа сәйкес келуін жоғалтпайтынына кепілдік береді. Дәстүрлердің өміршеңдігін ұзарту төмендегідей болады:

 

Баланы тек этностық мәдениет ауқымында тәрбиелей отырып, оның негізінде әлемдік біліммен ұштастықта тәрбиелеу ұтымды болмақ. Барлық этнос өкілдерінің ата-аналарының жасар байламы біреу-ақ,  ол-өз руханилығы басым, бақытты, өмірі мәнді толыққанды қолайлы кеңістік туғызу.

Білімалушылардың өзін-өзі бақылау тапсырмаларын түзудің мәні зор.

Білімдердің түрлерін өзара байланыста пайдалану: түсінік, сараптау, пікір айту, ой түю, дәлелдеу, ұғындыру, болжам жасау, теориясын саралау.

Этнопедагогика белгілерін, ұғымдарын түсіну өздігінен білімін арттыру, өздігімен өзін тәрбиелей алу, өздігімен қабілет, икем, дағдысын өркендету.