Қолыңыздағы оқулықтың алғашқы нұсқалары 2007 жылы (1-ші бөлім) және 2009 жылы (2-ші бөлім) оқу құрал және 2015 жылы (1-ші бөлім) мен 2017 жылы (2-ші бөлім) екі бөлімнен тұратын электронды оқулық ретінде жоғарғы курс студенттеріңе арналып басылып шыққан болатын. Сол оқулықтар осы күнге дейін пайдаланылып келеді. Бірақ қолайсыздау болды бөлек-бөлек болып. Сол себепті оқулықтың бұл нұсқасына біраз толықтырулар енгізіп, екі бөлімді біріктіруді жоспар-ладық. Әрине кездескен бірең-сараң қателер де болды, соны жөндеп қайта шығаруға ұйғардық.
Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғы-дан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту
студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді.
Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
Аудару техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз тіркесінің тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық келтіреді, сондықтан да оқырмандар басынан бастап аударудың негізгі ережелеріне міндетті түрде сүйенудің маңызы зор екендігін ұғыну қажет.
Аудиториялық жұмыстардың негізгі түрлері ретінде ұсыныла-тындар: грамматикалық талдау және сөйлемді синтаксистік талдау; берілген мәтінді аудару; латын сөзінің құрамын талдау және сөз тудыратын, сөз түрлендіретін морфемаларды анықтау.
Оқырмандарға қызықты болу үшін римдіктер өмірінен деректер қостық.