Латын тілі туралы мәлемет
Тіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар:
1) тіл – жан-жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі;
2) тіл – соғыста жаудан алынған хабар немесе тірідей қолға түс-кен тұтқын;
3) тіл – уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш;
4) тіл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара түсінсуге мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым.
Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды. Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде ғана пайда болып, дамып жетіледі. Тілді адамдар ұжымы – қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады.
Сөйлеу мен тіл әдетте бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақта екеуі бір нәрсе емес. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатнас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу – сол тілді пайдалана білудің әртүрлі амалдары мен жолдары. Сондықтан ұстаздар тыңдау-шыларға белгілі бір тілдің құрлымы мен жүйесін үйретеді, олардың сауатты жазуын, салауатты сөйлеуін қадағалап, тілін ұстартады.
Тілді екі тұрғыдан білу керек: бірі – практикалық тұрғыдан, екіншісі ғылыми тұрғыдан. Тілді практикалық тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның кемінде бір немесе бірнеше тілде сөйлеп, жаза алуы. Ал тілді ғылыми тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның бір немесе бірнеше тілдің ғылыми негізін – дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрлымы мен жүйесін, соларға тән барлық норма-ларды ғылыми тұрғыдан меңгеруі. Бір тілде емін-еркін сөйлейтін адамдардың бәрі ол тілдің ғылыми негізін білу шарт емес.
Латын тiлiн оқыту арқылы болашақ филологтың лингвисти-калық талдауының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрылымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
«Латын тiлi практикумы» курсын табысты үйрену үшін студент-тердің өз бетімен жұмыс icтeyi және оны дұрыс ұйымдастыра білуі ерекше маңызды. Жұмыстың пайдалы әpi тиімді түрінің 6ipi – жазба жұмыстар болып табылады. Оқытушы бағдарламаның материалын бүкіл оқу жылына дұрыс бөліп, жұмыстың қолайлыр-ақ түрін таңдауы керек. Осы пәннің мақсаты жан-жақты маман дайындау, дайындық маманның лингвистикалык, коммуникативтік, лингводүниетанымдық, кәсіби-адаптивтік компетенциясының құрылуын қарастырады. Үйре-ну процессінде пәндік және ойлау жұмысы студенттің логикалық ой-лауын, шетел тілде сөйлеу қабілетін дамытады. Латын тілі курсының міндеттері:
- прозалық және поэтикалык мәтіндерді оқуға дағдыландыру;
- есімдердің септелу және етістіктердің жіктелу парадигмасын білу;
- латын, грек тілінде 400-ден астам лексикалық және сөз тудыра-тын бірліктерді, 350 тү6ip сөздер мен 50 аффикс, терминдік бөлшек-терді (ауызша және жазбаша түрде) меңгеру;
- сөздің морфемдік талдауын, белгісіз туынды немесе күрделі сөздердің дәлелденген қорытындыларын өз бетімен ашу мақсатына дағдылану;
- сөздікті қолдана отырып 600 белгі көлеміндегі оқылған мәтінді толық грамматикалық тұрғыда талдай білу және аудару;
- 2000 белгі көлеміндегі филологиялық талдаумен рим автор-ларының мәтіндерін оқу: Цезарь, Цицерон, Ливий, Тацит, Овидий, Катулл, Гораций, Вергилий, Марциал, Лукреций және басқалар;
- қазіргі кезеңдегі тілдік білім жүйесінің құрылуын және дамуын ескертетін студенттердің объектілі факторлары туралы ғылыми көзқарасын құрастыру;
- студенттерді қазіргі кезеңдегі қазіргі заман тілдік білім жүйесі-нің негізгі даму тендецияларымен және басқаратын принциптарымен таныстыру;
- курстың негізгі тапсырмасы 1–3 курстағы білімінің негізін және алған білім маңыздылығын менгеру;
- әртүрлі коммуникативтік қатынасу жағдайларында негізінен жазба білім маңыздылықтарын дамытып творчестволық түрде қол-дану.
Студент функционалдық стильдермен тәжірибеде танысуды жал-ғастырып, үйреніп жатқан тілде коммуникативті және стилистикалық сөздерді дұрыс пайдалануын қамтуы тиіс. Студенттердің жиі қолданылатын сөздігі 800 лексикалық бірлік-термен толады, олар нақты оқу жылының тақырыптық спецификасын көрсетуі тиіс.Курста лексикамен жұмыс істеуде лексикалық бірліктерді сөйлеу стиліне, қатынасу жағдайына байланысты пайдалану маңыздылықтарына көп көңіл бөлінуі тиіс [9].
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен көне латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалект-лерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?» – деген сұрақ туады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғын-дарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампания-мен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италия-ны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды да, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V–III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тіл-дерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады.
Б.з.д. IV–III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері – әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді.
Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерек-шеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазыл-ған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуір-дің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағар-малардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халық-тың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма – қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады). Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды).
Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III–II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпа-лында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III–II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары – Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт – (шамамен б.з.д. 250–184 өмір сүрген) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195–159 жылдарда өмір сүрген) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адам-дылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығарма- ларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87–54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.
Лукреций Кар (шамамен 95–55 жылдарда өмір сүрген) – эпикур-дың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» филосо-фиялық поэманың авторы.
Марк Туллий Цицерон (106–43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, соны-мен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын проза-сының қайталанбас үлгісі болып саналды.
Гай Юлий Цезарь (100–44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.
Гай Саллюстий (86–35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекше-ленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.
Латын тілі шіркеу және теология қызметкерлерінің ғана тілі бол-ған жоқ сонымен қатар поэзияда да қолданылды. XVIII ғасырда жазылған ақындардың жазулары табылды. Бұл өлендер теология ғылымынан тым алшақ. Өлеңдерде махаббат, шарап ішу және әлемнің көріністері, қуаныштары туралы жазылған. Осы өлендерді жазған студенттер, клириктер, бір қаладан екінші қалаға жүріп жұмыс немесе оқу іздеген кезбелер. Оларды ваганттар деп атайды. Вагант поэзиясының гүлденуі ХІІ–ХІІІ ғасырларға сәйке келеді. Вагант уәкілдері – Гуго Орлеанский, Архипиита Кельнский және Вальтер Шатильонский.
IX ғасырда бүкіл ортағасырлар бойы пісіп жетілген барлық дамудың тендециялары көрінді. Варвар тайпалары Еуропаны мәди-ниетсіздікке салғаннан кейін, көпке дейін білім берудің бір ғана оша-ғы монастырлар болып қалды. Монастыр кітапханаларында сақталған және монастырлық көшірушілермен көбейтілген антикалық авторлар-дың қолжазбалары болашақтағы ғасырлардың мәдени құндылық-тарын құрады. Университеттер дәуірінде бұл білімдер жүйеленген және көбейтілген болды. Әрине, бірақ олар бұрынғы ұлылықты елес-ке түсіруге мүмкіндік беретін.
Қайта өрлеудің алдында тұрған бірінші міндет – грек және латын авторларының шығармаларын басу және жүйелеу, іздеу. Бұл дәуірдің көптеген мәдени қайраткерлері барлық өмірін осы игілікті міндетке арнады. Бұнда Марсилио Фичино, Лоренцо Медичи, Поджо Брачоллини, Леонардо Бруни және Анжело Полициано сияқты адамдарды атап өтуге болады. XV ғасырдың аяғынан басу міндеті Гутенбергтің кітап басуды ойлап табу арқасында жеңілдеді. Ежелгі манускриптарды жинаушылардың бірі әйгілі ақын Франческо Петрарка болды. Ол бүгінге дейін белгісіз Тацит шығармаларының қолжазбаларын тапты. Осындай шынында да күшті еңбектері нәтиже-сінде Плавт, Лукреций, Цицерон, Квинтилиан, Тацит және т.б. сияқ-ты латын ауыз әдебиетінің көрнекті авторларының шығармалары табылды және баспаға шығарылды. Бізге белгілі латын әдебиетінің негізгі көлемі айналымға қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлерімен енгі-зілді. Латын поэзиясы мен прозасының көрнекті үлгілерімен толық танысу Қайта ерлеу дәуірінің латын тілнің дамуына әкелді.
Сонымен қатар, Қайта өрлеу дәуірі – бұл тек латын классикасын жинау және басуға ғана емес, сонымен қатар оны оқудың интенсивті уақыты, толық сипаттағы жасалған басылымдарға жақсы әртүрлі түсі-ніктемелер берілді, олар әлі күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұның бәрі латын тілін қолдауға және деңгейін көтеруге көмек-тесті. Көптеген әдеби шығармалардың ұлттық тілдерде (итальян, француз, неміс) жазылғанына қарамастан, Қайта ерлеу дәуірінің латын тілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің халықаралық тілі болып қалды, сонымен қатар ол «алтын латынның» классикалық нор-маларына негізделген болатын.
Жаңа заман уақытында (XVII–XIX ғасырлар) Қайта өрлеуден латын тілі ғылым мен мәдениеттің тілі ретінде мұраға қалды. Қайта өрлеу дәуірінде басталған көптеген зерттеулер өзінің жалғасын жаңа заман ғалымдарының еңбектерінде орын алды. Жаңа заманның латын тілі – дипломаттардың, философтар мен ға-лымдардың халықаралық тілі.
Бірнеше ғасырлар бойы латын тілі рим құқығының лексикасына негізделіп заңгерлер мен құқықтанушы-лардың қызметтік тілі ретінде қолданылды. Дипломаттар сонымен бірге латынша сөйлеуді ұнатты.
Дипломатия және халықаралық құқыктың көптеген терминдері латын тілінен алынған немесе оның негізінде қалыптасқан. Мысалы, persona non grata («қалаусыз тұлға»).
Гуманитарлы және табиғи ғылымда латын тілі халықаралық «ғылыми тіл» болып қалды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын тіліне аударылды. Жаңа заман философтарының шығармалары латынша жазылды. Мысалға, Декарт және Лейбниц сияқтылар. Латынның және рим әдебиетінің көрнекті шебері әйгілі философ әрі жазушы Монтень. Кант пен кейінгі ойшылдардың шығармаларында біз көптеген латын термин-дерін көре аламыз. Олар айтылатын ойға қосымша қаталдық береді. Жеке хаттарда да жиі латын тілін қолданады. Латын нақты және табиғи ғылымдардың қызметгік тілі болды. Әйгілі ғалым Исаак Ньютон латын тілін нақты ойларды жеткізудің адекватты құралы деп есептеді. Жалпы, латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын ла-тын терминологиясы аркылы жеткізе алу бұл дәуірдің ірі ғалым-дарына тән еді. Латынша көптеген Ломоносовтың еңбектері жазылды. Жаңа заманның ғылыми терминологиясы латын тілінің негізінде құрылды (нақтырақ, латын сөздерінің грек сөздерімен бірге, оларға «латындық» форма берілетін). Осындай терминологияны жалпы өсімдік және жануарлар әлемінің классификациясын құрастыруда пайдаланады (ұлы швед Карл Линней XVIII ғасырда бұны ойлап тауып, бұл классификация ботаника мен зоологияның негізінде болды). Медицина сиякгы салада латын әрдайын маңызды қызметтік тіл және де терминологияның дерек көзі болды. Еуропаның қазіргі заманғы тілдері көбінесе латын тілі негізінде пайда болды, немесе оған сөздік қорымен міндетті болады. Жоғарыда біз айтқандай, ІХ–Х ғасырларда негізінен роман тілдерінің қалыптасу үрдісі аяқталды; олардың негізін Батыс империясының әртүрлі провинцияларындағы қолданылған кейінгі латынның сөйлеу диалектерін құрды.
Еуропалық тілдердің тобын білдіретін «романдық» терминініц өзі латынның «romanus» сын есіміне («Римға қатысты», «римдік») жата-ды, ол ерте ортағасырларда халықтық сөзді білдіреді. Испания мен Италияда романдық тілдер сонымен қатар «нео-латындақ» деп аталады.
Еуропа халықтарының, оның ішінде роман халықтарының жазуы латын тіліне және латын әліпбиіне негізделген (бірақ, румын және молдаван тілдерінде жазу алғашында кириллицаға негізделді).
Көптеген славяндық халықтар тілінде (мысалы поляктар мен чехтер) латын тілін қолданады. Жазбаша латындық жазу алғашында жазулар иероглифін елестетті. Ортағасырлар барысында әріптерді жазудың бірнеше нұсқалары жасалды. Олардың біреуі готикалық жазу (ол қиын «сынық» сызықтармен ерекшеленетін), тек Қайта өрлеу дәуірінде Жаңа заманның баспа және жазбаша шрифтердің негізінде жатқан әріптердің жазылуы толық рәсімделді.
Латын алфавитінің өзі біздің заманымыздың басынан тек кішкене өзгерістерді бастан кешті. Жазудың кейінгі жүйелерінде (латын жазуының негізінде қалъштасқан) латын алфавитін ұлттық айту ерекшеліктеріне бейімдеу негізінен диакритикалық белгілер арқылы жүзеге асырылды.
Латын сөздерінің көбі Еуропаның басқа да тілдерінде бар. Герман тілдері Батыс және Орталық Еуропаның маңызды екі тобын құрайды. Оларға ағылшын, неміс, скадинав тілдері жатады. Бұл тілдер, сонымен бірге ертеден латын жазуында пайдаланылатындар.
Универсалды пайдалынатын сөздердің үлкен тобын латинизмдер құрайды. Олар романдық емес (герман және славян тілдерінде) латыннан алынған негізгілері болып табылады. Латинизмдер тілдік дамудың небір «фактын» көрсетеді, бірақ латын өркениетіне тым міндетті Еуропа халықтарының мәдениет саласында үлкен рөлді атқарады. Латын тілі қазіргі уақытта да ең маңызды мәдениет саласы-на жатады.
Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және рим папасының хаттары жазылады. Католик шіркеуінің әр қызметшісі латын тілін білу керек.
Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланылады. Латын тілін білгендіктен әртүрлі әлем мемлекеттерінің. дәрігерлері бір – бірін жақсы түсінеді. Медициналық шығармалар латынша жазылған. Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.
Латын тілін ғылым саласында пайдалынады, көбінесе ботаника және зоологаяда. Батыс Еуропада латын тілі сабақтары жоғары білім орындары мен орта білім орындарында өткізіледі. Англия, Франция, Италия және Германияда ХVІІІ–ХХ ғасырлар классикалық филоло-гиясы, көне тілдер және әдебиет туралы ғылым үлкен гүлденуіне жетті. Бүгінгі уақытта бұл білім аумағы өте белгілі [8, 10].