Латын тіліндегі sum, fui, esse болу етістігі жиі қолданылады, неміс тіліндегі sein, war, gewesen және ағылшын тіліндегі to be, was көмекші етістіктеріне сәйкес келеді. Бұндай құбылыс супплетивизм деп аталады. «Супплетивизм» термины латын тілінің suppletīvus қосымша, көмекші деген сөзінен шыққан. Бұл етістіктің жіктелу формасы айрықша, сондықтан жатқа білген дұрыс болады.
S i n g u l a r i s І жақ: sum ІІ жақ: ĕs ІІІ жақ: est |
P l u r a l i s Sumus Estis Sunt |
Imperatīvus
S i n g u l a r i s es! Бол! |
P l u r a l i s Este! Болыңдар! |
Көмекші етістіктің түбірі es- немесе s- дауыссыз дыбысы болып келеді; осы шақта тұрған ĕs, estis, est және sum, sumus, sunt формалары осыны дәлелдейді. Бұл етістіктің инфинитивтік түбірі басқа етістіктерде –re –ге ауысып кеткен алғашқы –sе жұрнағын сақтап отыр. Себебі латын тілінің даму барысында s әрпі дауысты дыбыстардың ортасында орналасса r-ге ауысып отырады. Бұны р о т а ц и з м деп атайды.
Еsse болу көмекші етістігінің алдына предлогтарды қолдану арқылы мағанасын өзгеруге болады, орыс тілінде оны «приставка» деп атайды:
ăb кейін, соң, -дан, -ден, -тан, -тен, -нен, -нан предлогынан (шылауынан): ab-sum, abesse болмау, жоқ болу
Praesens
S i n g u l a r i s I жақ absum болмаймын II жақ ăbĕs болмайсың III жақ ăbest болмайды |
P l u r a l i s absŭmus болмаймыз ăbestis болмайсыңдар absunt болмайды |
ăd қарай, таман, -ға, -ге,-қа, -ке предлогынан (шылауынан): ad-sum, adesse қатысу
intĕr арасында предлогынан (шылауынан): inter-sum, interesse арасында болу, қатысу
Ескерту. (N.B.) Жақсыз формада interest етістігі мағанасы бар, мағаналы деген мағанада қолданылады.
De кейін, соң, -дан, -ден, -тан, -тен, -нен, -нан предлогынан (шылауынан): desum, dēesse, dēest жетпеу, жеткіліксіз
prō қорғау үшін, пайда үшін предлогынан (шылауынан): prō-sum, prōdesse пайда келтіру
Praesens
S i n g u l a r i s I prōsum пайда келтіремін II prōdĕs пайда келтіресің III prōdest пайда келтіреді |
P l u r a l i s prōsŭmus пайда келтіреміз prōdestis пайда келтіресіңдер prōsunt пайда келтіреді |
Мында prō предлогы және esse етістігі d дыбыс арқылы байланысып тұр. Жоғарыда приставкалармен берілген етістіктер esse етістігінің үлгісімен жіктеледі.
Possum, posse мүмкіндігі бар, істей алу етістігі ерекше; бұл етістік pot + esse сөздерінен жасалып отыр (мұндағы pot- potis күшті, әмірлі сын есімдерінен жасалып отыр), жіктеу барысында pot - s әрпінің алдында pos-қа айналады [7].
Praesens
S i n g u l a r i s I possum істей аламын II pŏtĕs істей аласың III pŏtest істей алады |
P l u r a l i s pŏssŭmus істей аламыз pŏtestis істей аласыңдар possunt істей алады
|
1. Аударыңыз:
1. Est, ŭt dīcis. 2. Tăcēre non possum. 37 Nautae sumus. Aёronautae estis. 4. Quĭs ădest? Quis ăbest? Lydiă et Annă adsunt. 5. Pĕcūnia dēest. 6. Măgistră sum; discĭpŭlae estis. 7. Scrībĕre pŏtes, scrībĕre pŏtestis. 8. Nec lĕgĕre, scrībĕre possunt.
2. Оқыңып аударыңыз:
1. Adsum amīcis, amīci mihi adsunt. 2. Filius meus abest. 3. Inter domĭnum et servum nulla amicitia esse potest. 4. Nec servīre ulli possūmus, nec imperāre cupĭmus. 5. Quis vestrum fabŭlam narrātum recitāre potest? 6. Cur ei puĕri ad januam stant? 7. Filiam meam ei viro trado. 8. Causa illĭus arrow a medĭcis invenīri non potest. 9. Eloquentia viris ornamento est. 10. Ille vir a Romānis in exsilium pellĭtur. 11. Illi agricŏlae silvam caedunt. 12. Multos inimīcos Romāni in ea pugna occīdunt. 13. Velle atque facĕre non est idem. 14. Libenter id, quod volŭmus, credĭmus. 15. Fabŭlam de lupo et agno narrā eis puĕris, mi fili! 16. Ego ipse pretium ob stultitiam fero. 17. Multas curas affĕrunt libĕri, eīdem – multa gaudia. 18. Aqua, quae fluvio Nilo fertur, limōsa est ac frugifĕra. 19. Rectā viā eo.
3. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Hostium munera-non munera –Жау сыйлығы сыйлық емес.
2) Finis coronat opus – Істің соңы – тәж.
3) Mens sano in corpore sano – Денесі саудың рұхы сау.
4) Procul ex oculis, procul ex mente – Көзден таса, ойдан тыс.
5) Mors certa hora incerta – Өлім белгілі, оның уақыты белгісіз.
6) Ovem lupo committere – Қойды қасқырға сену.
7) Mens vertitur cum fortuna – Тағдырдың өзгеруімен мінез өзгереді.
8) Amor tussisque non celatur – Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсыз.
4. Recĭta!
In villa viri Romāni
In villa opulenti viri Romāni multi servi labōrant. Multi domĭni sevēri sunt, servos saepe vitupĕrant et puniunt. Servi sevēros domĭnos non amant, sed timent. Bonos domĭnos servi laudant et amant. Etiam Marcus Tullius Cicĕro multos servos habet. Tiro servus domĭnum suum et Marcum, domĭni filium, valde amat. «Ubi Tiro est?» – Marcus rogat. At pater: Tiro in cubicŭlo suo manet, nam aeger est». Tullius medicos vocat et rogat: «O viri boni! Servum meum curāte! Tiro vir bonus, doctus, et amīcus meus est». Medĭci perīti servum curant, Cicĕro medĭcis gratias agit et praemium dat.
1. ut – қалай; 2. est, ut dicis – сен айтқандай; 3. aёronauta, ae m, f –ұшқыш; 4. nec…nec – не ... не; 5. absum, afui, – , abesse – жоқ болу, болмау; 6. adsum, affui, –, adesse – орнында болу, көмектесу; 7. caedo, cecīdi, caesum, ĕre – кесу, шабу, өлтіру; 8. idem, eădem, idem – сол, ол да, сол да; 9. in-vĕnio, vĕni, ventum, īre – табу, ойлап табу; 10. nullus, a, um – ешқандай; 11. ob – себебі; 12. occīdo, cīdi, cīsum, ēre – өлтіру; 13. pello, pepŭli, pulsum, ĕre – итеру, қуу; 14. servio, īvi, ītum, īre – құл болу, құлдық ету; 15. servus, i m – құл; 16. sto, stĕti, stātum, āre – тұру; 17. trado, dĭdi, dĭtum, ĕre – жеткізу; 18. ullus, a, um – қандай бір; 19. volo, volui, – , velle – тілек білдіру, тілеу; 20. bis – екі рет; 21. campus, i m – дала, жазықтық; 22. colo, colui, cultum, ĕre – жер өңдеу; 23. epistŭla, ae f – хат; 24. gigno, genui, genĭtum, ĕre – дүниеге әкелу, тудыру; 25. nemo – ешкім; 26. păro, āvi, ātum, āre – дайындау, жеткізу; 27. vinco, vīci, victum, ĕre – жеңу; 28. voco, āvi, ātum, āre – шақыру, атау; 29. consilium, i n– кеңес, шешім, жоспар; 30. făllo, fefelli, falsum, ĕre – алдау; 31. ille, illa, illud – ана, анау, аналар; 32. iste, ista, istud – мына, мынау, мыналар ; 33. injuria, ae f – реніш; 34. meus, a, um – менің; 35. negotium, i n – іс, сабақ; 36. noster, nostra, nostrum – біздің; 37. sanus – дені сау, дұрыс; 38. sapientia, ae f – даналық; 39. suus, a, um – өз; 40. timeo, ui, – , ēre – қорқу; 41. totus, a, um– бәрі, барлық, тұтас, барша, күллі, бүтін,түгел ; 42. tuus, a, um – сенің; 43. unus, a, um – бір; 44. possum, potui, – , posse – мүмкіндігі бар, істей алу; 45. vester, tra, trum – сендердің. 46. eo, ii, ĭtum, īre – бару; 47. eloquentia, ae f – шешендік 48. nomen mihi est,,, – менің есімім...
Гүл шоғы (corona)Рим әскерінде сыйлық ретінде қызмет етті. Рим азаматының өмірін құтқарғаны үшін емен жапырақтарынан (corona civica) жасалған “Ob civem servatum” жазуы бар гүл шоқтары құрметті ерекшелік болды. Жау қаласының қабырғаларына бірінші болып шық-қан жауынгерге пішіні бекініс қабырғаларының тіректеріне ұқсайтын алтын гүл шоқтары (corona muralis) берілді. Жау кемесіне бірінші бол-ып мініп, оны басып алуға үлес қосқан адам кемелердің тұмсығы бей-нелерімен безендірілген алтын гүл шоқтарын алды (corona rostrata; rostrum - кеменің тұмсығы), - оны corona navalis деп те атады ( navis - кеме). Әскери жетекшілерге де алтын гүл шоқтары, найзалар, құрмет тулары табыс етілді. Сенат жеңісі үшін бас қолбасшыны келесі мара-паттармен марапаттады: ең төменгісі – шүкіршілік намазын дұға оқу (supplicationes); жоғары марапат - овация (немесе кішігірім салтанат) - ovatio: қолбасшы қалаға атпен кірді; ең жоғары салтанатты триумф (triumphus): әскермен қоршалған күймемен қалаға кіру. Ликторлар, кернейшілер, сенаторлар күйменің алдынан жүріп, олар соғыс олжа-
ларын, туларды көтеріп, тұтқындарды алып жүрген. Триумфқа жетудің шарты соғыстың жеңіспен аяқталуы немесе жеңіс шайқасында кемінде 5000 жау өліп, сондай-ақ жау көсемінің қаруын алып тастау.