Латын тілінің ІІ септеуге жататын зат есімдері зат есімнен, супиннен және етістіктен жасалады.
1. Зат есімдерге – arius формантын жалғау арқылы мамандықты белгілейтін мужской родтағы зат есімдер пайда болады. Мысалы:
teberna, ae f дүкен – tebernarius, ii m дүкен сатушысы
sica, ae f қанжар – sicarius, ii m кісі өлтіруші
argentum, i n күміс, ақша – argentarius, ii m ақша айырбастаушы
2. Зат есімдерге -arium формантын жалғау арқылы средний родтағы зат есімдер пайда болады. Мысалы:
tabula, ae f тақтайша – tabularium, ii n мұражай
aes, aeris n мыс, ақша – aerarium, ii n қазына
3. Супинге -(t)orium, -(s)orium форманттарын жалғау арқылы мекен-жайды көрсететін зат есімдер жасалады. Мысалы:
audīre тыңдау – auditorium, ii n аудитория, сынып, класс
4. Етістіктің инфект түбіріне -mentum форманттарын жалғау арқылы средний родтағы зат есімдер жасалады. Мысалы:
instruĕre орналастыру – instrumentum, ii n құрал
ornāre әшекейлеу – ornamentum, i n әшекей
arguĕre дәлелдеу – argumentum, ii n дәлелдеме
5. Етістіктің инфект түбіріне -ium формантын жалғау арқылы средний родтағы қимылды, көңіл-күйді білдіретін зат есімдер жасалады. Мысалы:
studĕre ұмтылу, оқып-үйрену – studium, ii n ұмтылыс, сабақ
gaudēre қуану – gaudium, ii n қуаныш
1. Төмендегі зат есімдердің септік формаларын анықтап, жекеше түрінің атау және ілік септіктерін құрыңыз:
Libros, linguam, campum, causam, agricŏlas, agros, magistras, magistrum, magistros, pecuniārum, natūrae, filias, patriis, memorias, fabŭlis, locum, bella, agris, amīcos, amīcas, pueris, verbum, gratias, consiliōrum
2. Оқып аударыңыз:
1. Magistra puellis fabŭlam narrat. 2. Laborāre debēmus. 3. Quid times? 4. Si vales, bene est, ego valeo. 5. Etiam bestia memoriam habet. 6. Si narras, audīre debeo. 7. Si dormī mus, nihil audīmus. 8. Si magistra narrat, audīre debētis. 9. Stellae et luna nautis viam monstrant. Puellae statuam rosis ornant. 11. Quis aut in victoria, aut in fuga copias numĕrat? 12. Puella jam littĕris studet. 13. Patriam amāre et defendĕre debēmus. 14. Pro patriā pugnāmus. 15. Luna et stellae noctu terram illustrant. 16. Luna saepe figūram littĕrae C habet. 17. Non semper lunam vidēmus: umbra terrae interdum obscūrat lunam. 18. Diāna est dea silvārum, praeterea dea lunae est. 19. Diāna sagittas habet. 20. Sagittis Diāna bestias silvārum necat. 21. Minerva est dea pugnārum et item littĕras amat. 22. Minerva hastā pugnat. 23. In Graeciā et in Italiā vides statuas Minervae et Diānae.
3. Аударыңыз:
Оқушылар мектепте оқиды. 2. Ұқыптылық оқушыларды көркейтеді. 3. Шөптер мен өсімдіктер далаларда өседі. 4. Қабырғалар мен жыра қаланы қоршап тұр. 5. Қабырғалар емес ер адамдар қалаларды қорғайтын. 6. Сақтардың садақтары, қылыштары және қалқандары бар. 7. Күміс пен алтын металлдар. 8. Қақпалар алдында – соғыс. 9. Жерөңдеушілер даланы өңдейді және қалаға астық жеткізеді. 10. Хатта әрі қуаныш, әрі жұбаныш.
4. Recĭta!
De Siciliā antiquā
Sicilia est magna insŭla Eurōpae, inter Italiam et Africam sita. Incŏlae Siciliae agricŏlae et nautae sunt. Agricŏlae arant et colunt terram, nautae navĭgant. Sicilia uvis clara est. In oris Siciliae multae coloniae Graeciae sunt. Non procul ab orā Siciliae est Aetna.
1. Gladius, i m – қылыш; 2. liberi, ōrum m –балалар; 3. mundus, i m– бейбітшілік; 4. murus, i m – қабырға; 5. oculus, i m – көз; 6. argentum, i n- күміс; 7.aurum, i n–алтын; 8. arma, ōrum n – қару; 9. domicilium, i n – үй; 10. frumentum, i n – азық-түлік; 11. metallum, i n – металл; 12. oppidum, i n– қала; 13. periculum, i n– қатер; 14. vesper, i m– кеш; 15. praesidium, i n – қорғаныс; 16. praemium, i n – сыйлық; 17. templum, i n – храм; 18. scutum, i n – қалқан; 19. gaudium, i n – қуаныш; 20. solatium, i n– жұбаныш; 21. imperium, i n– бұйрық; 22. signum, i n– белгі; 23. fatum, i n –тағдыр; 24. instrumentum, i n– құрал; 25. discipulus, i m–оқушы; 26. diligentia, ae f –ұқыптылық; 27. fossa, ae f –жыра; 28. Scythus, i m– сақ; 29. colo, ĕre –жер өңдеу; 30. disco, ĕre – үйрету; 31. cresco, ĕre – өсіру; 32. cingo, ĕre –айнала қоршау; 33. praebeo, ēre – жеткізу; 34. institutum, i n –мекеме; 36. nihil –ештеңе 37. e, ex ( c. abl.)- дан, -ден, -тан, -тен; 38. aro – жер жырту; 39. colo – жер өңдеу; 40. uva, ae f – жүзім; 41. de ( c. abl.)- жөнінде, туралы; 42. auxilium, i n – көмек; 43. castra, ōrum n - лагерь; 44. inimicus, i m -жау; 45. officium, i n-міндет.
Біздің заманымызға дейін VII ғасырдан бастап Римде төбесі жа-бынқышпен (черепица) жабылған ағаш үйлер салған. Отбасының өмірі негізінен atrium деп аталатын жерде өтті. Бұл үйдің негізгі бөлігін құрайтын қабылдау залы. Атриумның үстінде шатыры бар, оның беткейлері үйдің ішкі жағына қараған үлкен төртбұрышты саңылауды (compluvium) құрады. Бұл тесік арқылы жарық атриумға еніп, төбеден ағатын жаңбыр суы оған қарама -қарсы орналасқан бассейнге жиналды (бұл бассейн impluvium деп аталды). Біздің заманымызға дейінгі II ға-сырдың екінші жартысында гректердің үлгісімен перистиль, атриумның артында орналасқан үй иесінің кабинетіне жапсарлас орналастырылып, салына бастады. Перистиль колонналармен қоршалған, бассейні мен фонтаны бар кең аула. Ол жиі мүсіндер мен гүлдермен безендірілген. Перистилді айнала бөлмелер орналасқан.