18 I–IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасында жіктелуі

Жоғарыда аталып өткендей, етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объектіге) қатысына байланысты мағыналық және тұлғалық жағынан құбылуын (өзгеруін) етіс дейміз.

Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс (Passivi) деп аталады. Қазақ тілінде ырықсыз етіс –л, -ыл, -іл жұрнақтары, кейде –н, -ын, -ін жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен ғана жасалады. Мысалы: кітап оқылды, хат жазылды,  киім киілді, бөлме тазаланды. Ал латын тілінде ырықсыз етіс яғни етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасы  инфект түбіріне  келесі жіктік жалғауын  жалғау арқылы жасалады:

Жақ

Singularis

Pluralis

1

-or, -r

-mur

2

-ris

-mĭnĭ

3

-tur

-ntur

а) бұл жалғаулар  Activi формасындағыдай І, ІІ, ІV жіктік тобындағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанады, тек қана ІV жіктік топтағы етістіктердің 3 жақ көпше түрінде түбір мен жалғауды  -u жұрнағы байланыстырады.

ә) ал жалғаулар ІІІ жіктік топтағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанбайды, арнайы  ереже  бойынша  жұрнақ  арқылы  жалғанады

яғни m, s, t  әріптері ĭ жұрнағы арқылы, r әрпі  ĕ жұрнағы арқылы, nt әріптері  u жұрнағы арқылы байланысады.

I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

I жіктік топтағы етістіктер

ornāre - әшекейлеу

sing.

1

2

3

оrn-or

orna-ris

orna-tur

мен әшекейленемін

сен әшекейленесің

ол әшекейленеді

pl.

1

2

3

orna-mur

orna-mĭnĭ

orna-ntur

біз  әшекейленеміз

сендер әшекейленесіңдер

олар әшекейленеді

II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

II жіктік топтағы етістіктер

vidēre – көру

sing.

1

2

3

vidē-or

vidē-ris

vidē-tur

мен көрінемін

сен көрінесің

ол көрінеді

pl.

1

2

3

vidē-mur

vidē-mĭnĭ

vidē-ntur

біз көрінеміз

сендер көрінесіңдер

олар көрінеді

IIІ жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасында жіктелуі

 Numerus

Persona

IIІ жіктік топтағы етістіктер

legĕre – оқу

sing.

1

2

3

leg-or

leg-ĕ- ris

leg-ĭ-tur

мен оқыламын

сен оқыласың

ол оқылады

pl.

1

2

3

leg-ĭ-mus

leg-ĭ-mĭnĭ

leg-u-ntur

біз оқыламыз

сендер оқыласыңдар

олар оқылады

IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Passivi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

IV жіктік топтағы етістіктер

audīre – тыңдау

sing.

1

2

3

audī-or

audī-ris

audī-tur

мен тыңдаламын

сен тыңдаласың

ол тыңдалады

pl.

1

2

3

audī-mur

audī-mĭnĭ

audī-u-ntur

біз тыңдаламыз

сендер тыңдаласыңдар

олар тыңдалады