Futurum II (secundum) indicativi activi болашақта істің басқа істің алдында істелетінін көрсетеді.
Futurum II (secundum) indicativi activi бірінші жақта жекеше түрде – ěr жұрнағы, қалған барлық жақтарда жекеше мен көпше түрлерде – ěrĭ жұрнағы арқылы және осы шақтың өздік етісінде қолданылатын жалғаулар арқылы жасалады.
|
Numerus |
Persona |
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу |
|
|
sing. |
1 2 3 |
ornav -ěr - o ornav -ěrĭ - s ornav -ěri - t |
мен әшекейлеймін сен әшекейлейсің ол әшекейлейді |
|
pl. |
1 2 3 |
ornav -ěrĭ -mus ornav -ěrĭ -tis ornav -ěrĭ- nt |
біз әшекейлейміз сендер әшекейлейсіңдер олар әшекейлейді |
Көмекші етістік esse Futurum II (secundum) indicativi activi формасында
|
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
|
1 |
fu-ĕro мен боламын |
fu-ĕrĭmus біз боламыз |
|
2 |
fu-ĕrĭs сен боласың |
fu-ĕrĭtis сендер боласыңдар |
|
3 |
fu-ĕrĭt ол болады |
fu-ĕrunt олар болады |
1. Келесі етістіктерді plusquamperfectum indicativi activi және futurum II (secundum) indicativi activi формаларында жіктеңіз:
rogo, rogāvi, āre – сұрау; clamo, clamāvi, āre – айқайлау, шақыру; arripio, arripui, ěre – бас салу; punio, punīvi, īre – жазалау; do, dedi, dăre – беру; terrĭto, territāvi, āre – қорқыту; indĭco, indicāvi, āre –жарияла ; liběro, liberāvi, āre – босату;
2. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Exemplis discimus – Үлгі, өнегеден үйренеміз.
2) Eruditio aspera – optima est – Қатал тәрбие ең жақсы.
3) Horribile auditu – Есту қорқынышты.
4) Horribile visu – Көруге қорқынышты.
5) Septem artes liberals – Жеті еркін өнер.
6) Qui non laborant,non manducent – Жұмыс істемейтін адам ас ішпейді.
3. Аударыңыз:
De viro avāro
Vir quidam ad fluvium sedens flebat et lamentābat, nam secūris, qua navem resarciēbat, in aquam exciděrat. Tum fluvii deus, qui fletum viri audivěrat, emersit et: «Cur ploras?» — interrogāvit. Tum vir: «Eheu, secūris mea excĭdit in aquam; faber sum, et secūrim novam eměre non possum, pecunia mihi deest». Tum deus aquā se immersit et paulo post vēnit secūrim auream gerens. «Est-ne eădem, quam amisisti? Si tuam secūrim cognověris, accipies eam». Negāvit vir probus. Tum deus portāvit aliam, argenteam. Faber autem hanc quoque non accēpit. Tum deus eandem, quae exciděrat, portāvit eamque faber suam cognōvit. Deus probitāte viri commōtus tres secūres ei donāvit.
Faber laetus domum properāvit et vicīnis omnia narrāvit. Tum vicīnus eius ad fluvium properāvit, secūrim sua sponte in aquam demīsit et ad flu-vium sedens lamentāvit. Tum deus idem emersit, auream secūrim gerens, et: «Est-ne tua?» — interrogāvit. Ille vero: «Haec mea secūris est», –clamāvit. At deus irātus: «Homo es avārus et mendax, neque auream neque tuam secūrim habētis», — et in undas se imrnersit. Sic vir avārus se ipse secūri privāvit. Discordat parcus avāro!
1. fluvius, i m – өзен; 2. fleo – жылау, көз жасын төгу; 3. lamento – ре-ніш білдіру; 4. nam – себебі; 5. secūris, secūris – балта, секира; бұл зат есімнің аккузативтегі жалғауы –im secūrim, аблативтегі жалғауы -i secūri; 6. resarciо – жөндеу; 7. excido – түсіріп алу; 8. fletus, us m – жылаған дауыс; 9. emergo – cудың бетіне шығу; 10. plorо – зарлап жылау; 11. faber, faberі m – ағаш шебері, ұста; 12. emо – сатып алу; 13. desum – жетпеу; 14. immergo – суға сүнгу; 15. paulo post – браздан соң; 16. gero – әкелу; 17. negavit – жоққа шығару, мойындамау; бұл жерде балтаның оныкі емес екені білдіреді; 18. probus, a, um – шыншыл; 19. accēpіо – қабылдамау, алмау; 20. eamque faber suam cognōvit – ағаш шебері өзінікі екенін мойындады; 21. sponte - өз еркімен; 22. irātus, a, um – ашулы; 23. avārus, a, um – сараң; 24. mendax, mendācis – өтірікші; 25. privо – айрылу
2. «De viro avāro» мәтініндегі етістіктердің үш формасын жазып, қай жіктеуде тұрғанын анықтаңыз:
Ү л г і: fleo, flevi, flēre – жылау, көз жасын төгу; ІІ жіктеу
3. Қосымшада берілген №2 қорытынды бақылау жұмысын орындаңыз.
Медицина тарихында ежелгі гидротехникалық құрылыстың маңызы зор. Рим империясының аймағында, Еуропада, Азия мен Африкада сақталған. Олар атақты акведуктар, термалар және клоак жүйелері.
Рим қалаларында VI ғасырдан бастап клоак деген канализа-цияны істей бастайды. Олардың ішінде ең белгілісі әлі күнге дейін жұмыс істейді, римдік канализациялар жүйесіне кіреді. Клоактар Тибр және По өзендеріне ашыльш құйылғандықтан, б.з.д. IV ғасырда осы өзендерден су ішуге рұқсат етілмеген. Жер астындағы қайнарлар және кішкене өзендер қаланың тұрғындарын сумен қамтамасыз ете алмағандықтан, IV ғасырдан бастап Рим қаласында акведуктар – тасты арықтар және жер асты құбырлар тау бұлақтарынан су алу үшін салына бастады. Акведуктор римдіктердің ойлап тапқаны емес, олар жаулап алу жорықтарында шығыс елдерден пайдалануға алынған. VII ғасырда Асириада 48 шақырым плотина, су қоймалары канал ұзыңдығындай салынды. Рим су құбырлары колонияларда қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылды. Осылайша Херсонесте алты жерасты су құбырлары салынды. Херсонес су құбырының бір жолы әлі де Севастопольге су береді. Ең үлкен акведук Рим қаласында орналаскан. Ең біріншісі 16,5 шақырымдай б.з.д. 312 жылы Аппий Клавдий салған – Аппий акведугі. 40 жылдан кейін ұзындығы 70 шакырымдай екінші су құбыры, б.з.д. 144 жылы үшінші акведук салынды, ол әлі күнге дейін жұмыс істейді. Оның ұзындығы 61 шақырым. I ғасырдың басында Римде ұзындығы 436 шақырымдай акведук жұмыс істеді. Тәулігіне 1,5 млн. литр таза су Сабин тауларынан берілді. Рим империясында күніне бір адам 600-ден 900 литрге дейін су тұтынды. Салыстырсақ көтеріліске дейін Петербургте тәулігіне бір адамға 200 литр су берілген екен.
Акведуктар заңмен қорғалды, су тартқыштарды әдейі бұзғаны үшін үлкен айып салынды, ал абайсыздықтың салдарынан су құбырларын бұзған адам қайта жөндеуге міндетті болған.
Римнің гүлдену кезінде суды көптеген мөлшерде тұтынды, оны император сарайына, қоғамдық мекемелерге және көптеген фонтандарға (олар 600-ден аса) бөлді. Жеке үйлерге су жіберілген жоқ