Кіріспе

«Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы» оқу курсы МЖМБС сәйкес тарих саласындағы мамандарды дайындауда базалық пән болып табылады.

Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы курсы (1 бөлім) бойынша ұсынылып отырған оқу құралын тарих мамандығының студенттерін оқыту үрдісінде қолдануға болады. Курстың құрылымы жоспардан, дәрістердің қысқаша шолуынан, дереккөздер және әдебиеттер тізімінен, негізгі мәселелер бойынша жинақталған құжаттардан және тақырып бойынша құрастырылған нұсқаулық карталардан тұрады.

Пәннің негізгі мақсаты – Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы курсында неғұрлым күрделі тарихи үрдістерді экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық тұрғысында талдау, сонымен бірге саяси, экономикалық және әлеуметтік ой-тұжырымдардың негізгі бағыттарын мәдени және ментальдік контекстіде қарастыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты пәнді оқыту үрдісінің барысында келесідей міндеттер шешіледі:

- Еуропа және Америка елдерінің тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсету;

- жаңа және қазіргі замандағы еуропалық елдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық, рухани даму ерекшіліктерін анықтау;

- студенттерді жаңа ғылыми санаттық аппаратпен таныстыру;

- студенттерді Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы тарихы бойынша негізгі дереккөздерімен таныстыру;

- студенттерді Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық дамуының негізгі концепцияларымен таныстыру, сонымен бірге Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заманғы тарихы бойынша негізгі ғылыми еңбектер туралы түсінік беру;

- тыңдаушылардың өздік ғылыми дискурсын ұйымдастыру арқылы олардың ғылыми көкжиегін кеңейту.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студент келесіні:

- тарихтың негізгі бағыттары, проблемалары, теориясы және әдістерін;

- тарихи үрдістің қозғаушы күші мен заңдылықтарының, тарихи үрдістегі адамның, қоғамның саяси ұйымның орнын;

- дүниежүзілік және отандық тарихты бағалау және кезеңге бөлу бойынша түрлі жолдарды;

- тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің және құндылықтар жүйесінің маңызды жетістіктерін білуі тиіс.

- логикалық ойлап, ғылыми пікірталас жүргізіп, тарихтың түрлі мәселері бойынша өзінің көзқарасын қорғай білуге;

- тарихи ақпаратты оңтайлы түрде іздестіріп, жинақтай білуге;

- ғылыми объективтілік қағидаларына сүйене отырып әлемдік қауымдастықтағы үрдістер, оқиғалар мен құбылыстарды, олардың динамикасы мен өзара байланысын түсіне білуге;

- жалпы тарихи үрдістер мен жеке фактілердің арақатынасын белгілеуге;

- тарихи оқиғалардан сабақ ала отырып, олардың негізінде саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет.

- әлемдік тарихтағы оқиғалар туралы түсініктерді;

- тарихи дереккөздерге сараптама жүргізу дағдыларын;

- пікірталас және пікірсайыс жүргізу әдістерін меңгеруі қажет.

Курсты оқытудың біріктірілген нәтижесі студенттердің жалпы мәдени құзыреттіліктерді меңгеруінде, яғни студенттің жеке қасиеттерінің жиынтығы (құндылықты-мағыналық бағдары, білімі, білігі, дағдылары) күнделікті өмірде туындайтын сұрақтарға «Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заманғы тарихы» курсында берілген құралдар арқылы жауап табу қабілеті болып табылады.