Қосымшалар. Нұсқаулық карталар

№1 Нұсқаулық картасы 

1 Тапсырма. Терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіру 

термин

анықтама

1

пуритане

а

Жеке меншікке қарсы шыққан 1649 жылғы ауыл кедейлерінің қозғалысы

2

индепенттер

в

Тұрғындарға саяси құқықтар мен еркіндіктерді ұсынған редикалды саяси ағым

3

левеллерлер

с

Буржуазияның радикалды қанаты мен жаңа буржуазияланған дворяндықтардың қызығушылықтарын білдірген саяси партия

4

диггерлер

д

Муниципалды кеңестік мүшесі немесе Англиядағы муниципалды жиналыстың мүшесі

5

Буржуазиялық революция

е

Англияда Англикандық формада өткен жартылай реформацияға көңілі толмаған Кальвинизм шәкірттері – 16 ғ екінші жартысы – 17 ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын протестанттарының атауы

6

Олдермен

ж

Басты көздегендері феодалдық құрылым мен оның қалдықтарын жою және оның орнына буржуазия орнатуға негізделген әлеуметтік революция

7

Ұлы ремонстрация

з

17 ғасырдың бірінші кезеңіндегі Англиядағы аса құнды құжат. 1641 жылы 22 қарашада Ұзақ Парламентпен қабылданды. 204 статьядан тұрды және абсолютизмге қарсы болды.

 

2 Тапсырма.Тарихи тұлғаны анықтаңыз

1. 1625 жылы 25 наурыздан бастап Англия, Шотландия мен Ирландия королі. Стюарттар әулетінен. Оның абсолютизм және шіркеулік реформалары көтеріліске, Ағылшын революциясына алып келді. Азамат соғысы барысында жеңіліске ұшырап, Парламент сотына тапсырылады, 1649 жылы 30 қаңтарда Лондонда дарға асылады.

2. 17 ғасырдағы Ағылшын революциясының қайреткері, индепенденттер қолбасшысы. 1640 жылы Ұзақ Парламентке сайланды. Парламенттік әскерді ұйымдастырушылардың бірі. Әскерге сүйеніп, парламенттен пресвитериандарды қуды (1648ж), Кромвельдің жақтаушылараның тарапына бағытталған билігі бар корольдің өлімі мен республиканың құрылуына (1649 ж) үлес қосты. 1650 жылдан лорд-генерал (барлық қарулы күштердің қолбасшысы). Левеллерлер мен диггерлер қозғалысын, Ирландия мен Шотландиядағы азаттық қозғалыстарын басып тастады. 1653 жылы біріңғай жеке әскери диктатура – протекторат режимін орнатты.

3. Ағылшын саяси тұлғасы. 17 ғасырда Ағылшын революциясы кезіндегі диггерлер қозғалысының идеологы және басшысы. Қоғамның әлеуметтік құрылымына утопиялық көзқарастарын уағыздады. Өзінің ілімінің негіздерін ол көптеген памфлеттерде қалдырды, бастауы «Әділдіктің жаңа заңы» (1649ж) болып табылады.

4. Саяси және діни қайраткер, І Карлдың жақын әрі пуритандық оппозицияны жек көруші уәзірлерінің бірі. Ағылшындық және католиктік шіркеулерді біріктіру мүмкін деп санады. 1637 жылы бүкіл корольдіктегі революцияға алып келген, Шотландиядағы көтерілісті туындатқан, біріңғай дұға ету кітабының жасалуының инициаторларының бірі. Ұзақ Парламент үкімімен өлтірілді.

5. Ағылшын саяси ойшылы және поэт. Революция кезіндегі индепенденттер идеологы болды. Епископты Ағылшын шіркеуіне қарсы бағытталып, діни еркіндікті қорғауға арналған саяси памфлеттер мен трактаттардың авторы.

 

3 Тапсырма. Дата мен оқиғаны сәйкестендіру

1

1641 ж

А

Өзін лорд-протекторат деп жариялаған Оливер Кромвель диктатурасы

2

1643ж 2 қыркүйек

В

11 жылдан соң парламент шақырылды. Көп ұзамай корона бақылауынан шығып, кейіннен Ұзақ деп аталып кетті, 1653 жылға дейін қызмет етті.

3

1653ж

С

Оксфордтты алу: корольдің Шотландияға қашуы

4

1646ж 24 маусым

Д

Ньюбери түбіндегі бірінші шайқас

5

1640ж 3 қараша

Е

Парламентпен «Ұлы ремонстрацияның» қабылдануы

 

4 Тапсырма. Аталған фактілердің дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз

1. 1648 жылы 4 қазанда Кромвель атты әскері Эдинбургке басып кірді.

2. 1651 жылы Вустер түбінде шайқас өтіп, республикалық әскербасшы Кромвель әскері Шотландияны жаулап алды.

3. Конвент – бұл Англиядағы Парламент атауы.

4. Ағылшын революциясының бір ерекшелігі оның революциялық идеологиясында ортағасыр кезіндегі жаппай антифеодалдық қозғалыстардан қалған діни сипатының болу.

5. Уильям Лорд – Англия королі.

 

№1 Нұсқаулық картасына жауаптар 

1 Тапсырма. Терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіру.

Жауап:1-е , 2-с, 3-в, 4-а, 5-ж,  6-д, 7-з

2 Тапсырма.Тарихи тұлғаны анықтаңыз.

1 Карл Бірінші Стюарт

2 Оливер Кромвель

3 Уинстэнли Джерард

4 Уильям Лод

5 Дж.Мильтон

3 Тапсырма. Дата мен оқиғаны сәйкестендіру.

Жауап: 1-е, 2-д, 3-а, 4-с,5-в

4 Тапсырма. Аталған фактілердің дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз.

1 ия, дұрыс

2 ия, дұрыс

3 жоқ, дұрыс емес

4  ия, дұрыс

5 жоқ, дұрыс емес

 

№2 Нұсқаулық картасы 

1 тапсырма. Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыру

1 Термидориандық төңкеріс

1794жыл

2 Якобшілдік диктатураны орнату

10шілде 1793жыл

3 Жильбер Лафайеттің бастауымен Марсовтық далада өткен ұлттық гвардия демонстрациясының тоқтатылуы

7шілде 1789 жыл

 

3 Бастилияны алу

14шілде 1789 жыл

4 Вальми түбіндегі жеңіс

20қыркүйек 1792 жыл

 

2 тапсырма. Даталар мен оқиғаларды сәйкестендіру:

1

1792 ж 22 қыркүйек

а

Термидориандық төңкеріс

2

1792 ж 20 сәуір

в

Бастилияны жаулап алу

3

1794 ж 27 шілде

с

Король Людовик XVI өлім жазасына кесіліу

4

1789 ж 26 тамыз

д

Адам және Азамат құқықтарының Декларациясы

5

1793 ж 21 қаңтар

е

Францияда Республиканың жариялануы

6

1789 ж 14 шілде

ж

Ұлттық жиналыстың жариялануы

7

1789 ж 17 шілде

з

Шет елдік интервенцияның басталуы (Францияда соғыстың жариялануы)

3 тапсырма. Тарихи түсініктерге анықтама берініз

1.Бас штаттар

2.Ұлттық Конвент

3. Директория тәртібі

4. Якобшілдік диктатура

5. Плебисцит

4 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Франциядағы Бас штаттар қашан ашылды?

2. Париждегі түрме, бекініс.

3. Франциядағы революция жылдары пайда болған бірінші саяси клуб қалай аталады?

4. Революция жылдары болған якобшілдер көшбасшыларын атаңыз?

5. Француз революциясының өкілі, белгілі граф?

6. Ұлы Француз революциясы кезінде толық құқыққа, өкілеттікге ие болған заң шығарушы орган?

7. Марсовтық даладағы демонстрацияға қатысушыларды атып тастау.

8. Ұлы француз революциясының көшбасшыларынң бірі, якобшілдер басшысы?

9. Францияның құрылтай жиналысында қабылданған Азамат және Азамат құқығы Декларациясының қабылданған уақыты?

10. Париж алаңсыз да түнеріңкі болды. Халық саны аз еді... Эшафотты Ұлттық гвардия батальондары қоршады. Халық бұғауда қалды...өзі шекпен мен жағасын шешті...кенеттен эшафоттың сол жағына қадам басып, халыққа үн қатты...бірақ барабандар даңғырынан оның сөзі басылып қалды. Сағат 10-нан 10 минут кеткенде басы кесіліп тасталды.

11. 1871ж Париж Коммунасының белсенді қайраткерлері

 

5 тапсырма. Тұлғаларға сипаттама берініз.

1. Максимилиан Робеспьер

2. ЛюдовикXVI

3. Бонапарт Наполеон

4. Мария Антуанетта

5. Оноре Мирабо

№2 Нұсқаулық картасына жауаптар 

1 тапсырма. Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыру

1 Бастилияны алу

2 Жильбер Лафайеттің бастауымен Марсовтық далада өткен ұлттық гвардия демонстрациясының тоқтатылуы

3 Вальми түбіндегі жеңіс

4 Якобшілдік диктатураны орнату

5 Термидориандық төңкеріс 

2 тапсырма. Даталар мен оқиғаларды сәйкестендіру:

Жауаптар: 1-е, 2-з, 3-а, 4-д, 5-с, 6-в, 7-ж

3 тапсырма. Тарихи түсініктерге анықтама берініз

1. Бас штаттар- француз тіліндегі көп мағыналы термин: 1302-1789 жылдарғы жоғарғы сословиелік өкілдік мекеме.

2. Ұлттық Конвент- Ұлы  француз революциясы кезеңіндегі заңшығарушы орган (1792-1795).

3. Директория тәртібі – 1795 ж. қараша айынан бастап 1799 ж. қарашаға дейін Француз республикасының үкіметі.

4. Якобшілдер диктатурасы- XVIII ғасырдың соңындағы Француз буржуазиялық революциясының жоғарғы сатысы  ретіндегі революциялы-демократиялық диктатура. 1793 жыл 31 мамырымен 2 маусым аралығында болған Ұлттық көтерілістің нәтижесінде және билікке якобшілдердің келуімен орнаған.

5. Плебисцит- жалпы халқтық талқылау, жалпы халықтық сайлаудың бір түрі. Референдум.

4 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. 1789 жыл 5 мамыр

2. Бастилия

3. Якобшілдер ұйымы.

4. М.Робеспьер, Ж.Дантон, К.Демулен, Л.Сен-Жюст

5. Мирабо

6. Ұлттық жиналысы

7. 1791жыл 17 шілде

9. М.Робеспьер

10. 1789 жыл 26 тамыз

11. Людовик XVI өлім жазасына кесілуі.

5 тапсырма. Тұлғаларға сипаттама берініз.

1. Максимилиан Робеспьер - 1758 жылы 6 мамыр  Аррас -(1794жыл 28 шілде, Париж),- Француз революционері, Ұлы Француз революциясының атақты саяси қайраткері.1789 жылы Бас штаттарға Үшінші Сословиеден сайланған депутат Құрылтай жиналысында құлдықтың жойылу, өлім жазасы туралы, сонымен қатар жалпыға ортақ сайлау үшін сөз сөйледі. Якобшілдер ұйымы құрылғаннан бастап, бұл ұйымның белгілі әрі жетекші мүшелерінің бірі.

2. Людовик XVI- Бурбондар династиясынан шыққан Франция королі, Людовик Фердинанттың ұлы. Оның билігі тұсында Бас штаттар құрылғаннан кейін 1789 жылы Ұлы Француз революциясы басталды. Бастапқыда Людовик 1791 жылы Конституция қабылдады, абсолютизмнен бас тартып, конституциялық монарх деп атанды. Бірақ кейін қарсы қимыл бастап елден қашуға әрекет жасады. 1792 жылдың 21 қыркүйегінде дарға асты.

3. Бонапарт Наполеон 1769-1821 жж. - Ұлы Француз императоры, әскер басшы, мемлекеттік қайраткер. Париждегі саяси дағдарыс тұсында билікті қолға алды. Ол консулдік режим орнатты. Плебисцитте конституция қабылдап, өзін император деп жариялады.

4. Мария Антуанетта - император Франц І мен Мария Терезаның қызы, Франция патшайымы. 1770 жылдан бастап Франция королі Людовик XVI әйелі Франциядағы революция кезінде контрреволюциялық астыртын қызмет атқарды деп айыпталды. Конвент шешімімен өлім жазасына кесілді.

5. Оноре Мирабо - граф, Ұлы Француз революция өкілі, Францияның саясаткері белгілі оратор, масон. Атақты Француз экономисі, философ Виктор де Мирабоның  ұлы.

№3 Нұсқауық картасы 

1 Тапсырма. Тарихи оқиғалар мен даталарды сәйкестендіру

1

АҚШ конституциясының қабылдануы

а

1800ж

2

Куддалор түбіндегі шайқас – АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыстағы соңғы шайқас

в

1791ж

3

Вашингтон, Колумбия аймағы, Құрама Штаттардың астанасы болады

с

1775-83жж

4

АҚШ Тәуелсіздігі Декларациясы

д

1803ж

5

АҚШ Конституциясына 10 түзету енгізу (Құқықтар туралы билль)

е

1776ж

6

Луизиананы сатып алу

ж

1783ж 20 маусым

7

Тәуелсіздік үшін соғыс

з

1787ж

2 Тапсырма. Тарихи тұлғалар (тарихи тұлғалардың биографиясынан фактілер келтіру)

1. Б.Франклин.

2. Т.Джефферсон

3. Сэмюэль Адамс

4. Мартин Ван Бюрен

5. Дж. Вашингтон

3 Тапсырма. Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыру.

1. Азамат соғысы

2 АҚШ-та құлдықты толығымен жою

3 «Конфедерация мақалаларының» жасалуы

4. АҚШ пен Англия арасында Версаль бейбіт келісімінің жасалуы.

5 Ұлыбританиямен соғыс.

 4 Тапсырма. Терминдердің мағынасын түсіндіру.

1.Американдық революциялық соғыс.

2. Он үш отар.

3. Метрополия.

4. Құлдық.

5. Колония.

 

№3 Нұсқаулық картасына жауаптар

 1 Тапсырма. Тарихи оқиғалар мен даталарды сәйкестендіру

Жауаптар: 1-з, 2-ж, 3-а, 4-е, 5-в, 6-д, 7-с

 2 Тапсырма. Тарихи тұлғалар (тарихи тұлғалардың биографиясынан фактілер келтіру)

1. Б.Франклин– саяси қайраткер, дипломат, ағартушы, журналист, өнертапқыш. АҚШ үшін күрескен көшбасшылардың бірі. Ресейдегі ғылым академиясының мүшесі болып тағайындалған. Алғашқы американдық тұлға.

2. Т.Джефферсон– белгілі қайраткер. АҚШ-ң тәуелсіздігі үшін күрескен. 1801-1809 жылдары Американың 3-ші президенті. Декларацияның авторы. Дипломат, философ. Джефферсон Вергиниядағы университеттің негізін қалаушы. Оның алғашқы бағдарламасын құрастырды. Американың бірінші мемлекеттік хатшысы.

3. Сэмюэль Адамс– Американың белгілі қайраткері, философ. Саяси көшбасшы ретінде Масачусетсте құпия колония ашып «Сыны свободы» қатысқан. Бостондағы шәй ішу акциясының қатысушысы. Американдық көшбасшы.

4. Мартин Ван Бюрен– АҚШ 8 президенті. 1837-1841. Ван Бюрен АҚШ-ң ағылшын тілін емес нидерланд тілін меңгерген Президенті болды.

5. Дж. Вашингтон– американың мемлекет қайраткері. АҚШ-ң тұңғыш президенті. 1789-1797 жж. 1789 жылы Президент болып сайланды. 1792 жылы екінші рет сайланды. Конгресспен жақсы қарыс қатынастар болды. 1794 жылы АҚШ-қа қарсы көтеріліс ашып мемлекеттік билікті басып тастады. 3-ші рет сайлауға қатысудан бас тартты.

3 Тапсырма. Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыру.

1. «Конфедерация мақалаларының» жасалуы (1777 ж.)

2. АҚШ пен Англия арасында Версаль бейбіт келісімінің жасалуы (1783 ж.).

3. Ұлыбританиямен соғыс (1812-1865 жж.).

4. Азамат соғысы (1861-1865 ж.)

5. АҚШ-та құлдықты толығымен жою (1865 ж.).

4 Тапсырма. Терминдердің мағынасын түсіндіру.

1.Американдық революциялық соғыс – Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алып, 1776 жылы жеке одақтық мемлекет тұрған бір жағынан лоялистер, екінші жағынан 13 британ отарларының революционерлері мен Ұлыбритания арасындағы соғыс.

2. Он үш отар– 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясына қол қойып, Ұлыбританияны мойындамайтындығын ресми жариялаған Солтүстік Америкадағы 13 британ отары.

3. Метрополия– экономикалық тәуелді елдер территориясын эксплуатациялайтын отар елдерге қатысты мемлекет.

4. Құлдық– бір адам басқа бір адам мен мемлекеттік жеке меншігі болуы тән қоғамның құрылысының жүйесі.

5. Колония– жеке саяси экономикалық билігі жоқ, ерекше режим негізінде басқарылатын шетел мемлекетінің қол астындағы тәуелді территория.

  

№4 нұсқаулық картасы

1 тапсырма. Қолбасшы есімдері мен өмірбаяндарын сәйкестендіру

1

Роберт Эдвард Ли 

а

Американдық саясаткер, әскери қызметші, жазушы. 1861-1865 ж. Азамат соғыс кезінде Солтүстік жақта соғысып, атақты генерал ретінде танылған. Әкесінің өлімінен кейін, құқықтанушы кейіннен Огайодан сенатор, АҚШ-тың бірінші  Ішкі істер министрі болып тағайындалған отбасының жолдасы Юингпен тәрбиеленген..

2

Джозеф Эгглстон Джонстон 

в

Американдық азаматтық соғыс кезінде Конфедерация әскерінің генералы. Батыл әрі агрессивті генерал беделі болды. Конфедерация әскерінде бригадалық және дивизиялық дәрежесінің мықты командирі болды деген көзқарас бар.

3

Улисс Симпсон Грант 

с

Американдық әскер қызметкері, (1861 ж. 31 тамыз) Америка Конфедеративті Штат әскерінің генералы, Солтүстік  Вирджиния әскерінің қолбасшысы және Конфедерация әскерінің басқолбасшысы. XIX ғ. американдық әскербасшысы ретінде танымал болды

4

Уильям Текумсе Шерман

д

Азамат соғыс кезіндегі Америка Конфедеративті Штат әскерінің генералы және АҚШ әскерінің бригадалық генералы. 1829 ж. Вест-Пойнтта Әскери академиясын бітірген. Академияны бітіргеннен кейін сегіз жыл артиллерияда қызмет етті, содан кейін қызметінен шығып, бір жылдан кейін инженерлі әскер жасағына қосылды. Мексикамен соғыс кезінде белсенді қатысқан, сонымен қатар үндіс халқымен жанжалда да белсенділік көрсеткен.  1855 ж. полковник атағын иеленді, 1860 ж. 28 маусымында АҚШ әскерінің бригадалық генерал шегіндегі квартирмейстер болып тағайындалды.

5

Джон Белл Худ 

е

Американдық саясаткер және әскери қызметші, АҚШ-тың Солтүстіктегі азаматтық соғыс кезіндегі қолбасшы, (1866 ж. 25 шілде – 1869 ж. 4 наурыз) әскер генералы. 1869 ж. 4 наурыз – 1877 ж. 4 наурыз аралығындағы АҚШ-тың 18-ші президенті; оның бейнесі 50 доллар банкнотында бейнеленген.

 

 2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. АҚШ-тағы Азамат соғыс қандай оқиғадан басталды?

2. Азамат соғысының алғышарттары?

3. Азамат соғысы жылдарында танымал қолбасшылардың қайсысы АҚШ президенті болып сайланды?

4. Ең алғашқы ірі шайқасты атаңдар?

5. Гомстед заңы нені білдіреді?

6. Құрама Штаттарында тарихта алғаш рет қай жылы әскери міндет енгізілді?

7. 1865 ж. 14 сәуірде қандай оқиға болды?

8. Оңтүстік Конфедерация Штаты нені білдіреді?

9. Гомстед Актісін енгізудің инициаторы кім болды?

10. Азамат соғысы қашан аяқталды?

3 тапсырма. Тарихи түсініктерге анықтама беріңіз.

1. Аболиционизм

2. Құлдық

3. АҚШ-тағы нәсілдік сегрегация

4. Сецессия

5. Оңтүстікті қайта құру 

4 тапсырма. Азаматтық соғыс жылдарындағы шайқастар мен уақытын сәйкестендіру. 

1

Форт – Генри шайқасы

а

1862 ж. 25 маусымнан – 1 шілдеге дейін

2

Атланта үшін шайқас

в

1863 ж. 9 маусым

3

Жетікүндік шайқас

с

1864 ж. 22 шілде

4

Петерсберг қамауы

д

1862 ж. 6 ақпан

5

Бренди станциясы үшін шайқас

е

1864 ж. 9 маусымнан – 1865 ж. 25 наурызға дейін

№4 Нұсқаулық картасына жауаптар 

1 тапсырма. Қолбасшы есімдері мен өмірбаяндарын сәйкестендіру

Жауаптар: 1-с, 2-д, 3-е, 4-а,5-в

2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) 1861 ж 12 сәуірінде Оңтүстік Калифорния терроториясында орналасқан Чарльстон бухтасындағы "Самтер" қамалын атқылауынан басталды.

2) Солтүстікте орныққан жалдамалы еңбек жүйесі мен Оңтүстіктегі құлдық жүйесінің арасындағы қарама-қайшылық. Оңтүстік пен солтүстік арасындағы бірнеше оңжылдыққа созылған кризис 50 ж азаматтық соғысқа әкелді.

3) Улисс Сипсон Грант

4) 1861 ж 21 маусымда Вирджиниядағы Манассас темір жол станциясындағы бірінші ірі шайқас болды. Солтүстік генералы Ирвин Мак - Доэлдың 33 мың әскері Пьер Борекармен Джозеф Джонстон басқарған 32 мың конфедираттарға қарсы шықты. Солтүстік әскері Булл - ран жыл ғасынан өтіп, оңтүстік әскерге шабулдады, бірақ нәтижесі теріс болып қайтуға мәжбүр болды.

5) 1862 ж Ганстер заңы қабылданды. АҚШ-тағы азамат соғысы (1861-65) жылдары іске асты. Бұл заң бойынша әрбір Америка азаматы кішігірім төлем ақыры жер бөлігіне (Ганстед) елік етті. Уақыт өте келе иелігі оның жеке меншігіне өтті.

6) 1863 ж 3 науырызда әскери міндеткерлік енгізілді.

7) АҚШ президенті Авраам Линкольн құлиеленушілірдің агенті және Солтреакционды шеңбердің агенті қолынан қаза тапты. Бұл қайғысы жәйт прогрессивті жолмен келе жатқан Америкаға соққы тигізді.

8) 1862-63 ж Британия империясы мен Франциядан өз егемендігін (алға) алса да, Геттисберг жеңіліснен кейін бірде-бір мемлекет мойындамаған, 1861-65 ж Солтүстік Америкада орналасқан Конференция немесе юг-де-факто тәуелсіз мемлекеті. Оңтүстік Штаттардың Конфедерациясы АҚШ құрамынан 13 Оңтүстік құлиеленушілік Штаттардың шығыуынан құрылды. Азамат соғысы кезінде Конфедеративті Штаттар Біріккен Штаттардың бас қарсыласы болды. Конфедеративті Штаттардың жеңілуінен Оңтүстікті реконструкциялау барысында АҚШ құрамына қайта бірікті.

9) Авраам  Линкольн. Авраам Линкольннің бастауымен 1862 ж 20 мамырда Гомстед акті қабылданды. Ол бойынша Конфедерация жағында күреспеген, 21 жасқа толған АҚШ азаматы 10 доллорға сай төлем төлеп, 160 акрға сай (65 га) жер алуға құқықты болды. 1863 ж 1 қаңтарда заң қолданысқа ие болды.

10) 1865 ж 9 сәуірде Азамат соғысы аяқталды нәтижесінде Америка Конфедеративті Штаттары капитуляцияға ұшырады.

3 тапсырма. Тарихи түсініктерге анықтама беріңіз.

1. Аболиционизм  - құлдықты жою және құлдарды босату үшін қозғалыс

2. Құлдық – қоғамдық қарым-қатынастардың жүйесі, адам басқа адамның немесе мемлекеттің жеке меншігі ретінде болады

3. АҚШ-тағы нәсілдік сегрегация – АҚШ-тың ақ нәсілді адамдарының басқа этникалық топтардан бөлу. Ол 1865 ж бастап 1941 ж. дейін ресми түрде пайда болды.

4. Сецессия  - әрбір бөліктің (федерацияның субъектісі) мемлекет ішінен шығу (федеративтік). Осы мағынадағы термин  Тәуелсіздік үшін соғыс кезінде пайда болды.

5. Оңтүстікті қайта құру (1865-1877) – АҚШ пен оң бір  Конфедеративті штаттардың қосылуы кезіндегі саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге әрекеттер жасалынды.

 

4 тапсырма. Азаматтық соғыс жылдарындағы шайқастар мен уақытын сәйкестендіру.

Жауаптар: 1-д, 2-с, 3-а,4 –е, 5-в

  

№5 нұсқаулық картасы

1 тапсырма. Тарихи оқиғаларды хронологиялық уақыты бойынша ретімен орналастыру

1) Вена конгресі.

2) Аустерлиц түбіндегі шайқас.

3) Наполеонның Ресейге басып кіруі.

4) Францияда Наполеон заңдар жинағының қабылдануы.

тапсырма. Тарихи түсінікті түсіндірініз?

1) «Қасиетті одақ»

2) «Наполеон кодексі» немесе «Азаматтық кодексі»

3) Ватерлоо түбіндегі шайқас.

4) Вена конгресі. 1814-1815жж.

5) Тильзит келісімшарты.

3 тапсырма. Хронологияны құрастырыныз?

1

Ватерлоо түбіндегі шайқас

2

Глогау қамалы блокадасы

3

Амстердамдағы антифранцуздық шайқас

4

Бородино шайқасы

5

Фор-Леклюз қамалын француздар басып алуы.

4 тапсырма. Сөйлем дұрыс құрастырылған ба, анықтаңыз?

1. 1799ж. 9-10 қарашада, 18-19 брюмердегі дағдарысты пайдаланып, Напалеон төңкеріс жасап, өзінің “әскери диктатурасын” орнатты. Және де Франция 2 Каолиция мен (Ресей, Англия, Австрия, Түркия, Неопалитандық мемлекеттер корольдіктері ) соғыс алдында болды. Осы рас па?

2. Франциядағы плебисциттен (халық келісімінен) кейін, Наполеон Бонопарт өмірбақи “ Бірінші консул ” болғаны рас па?

3. Тильзит келісімінен кейін, Ресей Францияның жаулап алушылығын қолдап, Англиямен қарым-қатынасын бұзып, Континенттік блокадаға қосылғаны рас па?

4. Наполеон Бонопарт өз баласы Франсуа Шарля Жозефа үшін, тақтан бас тартып, 1817ж. Эльба аралына жер аударылғаны рас па?

5. Вена конгресі шешімімен: “ Ресей Саксонияның үлкен бөлігін, Познань жерін, ал Пруссия Капс колониясын, Цейлон, Гвианд, Тринидад, Тобаго, Мальтуды және де Иони аралының протектораты ” болғаны рас па?

 №5 Нұсқаулық картасының жауаптары

1 тапсырма. Тарихи оқиғаларды хронологиялық уақыты бойынша ретімен орналастыру

1. Францияда Наполеон заңдар жинағының қабылдануы (1804).

2. Аустерлиц түбіндегі шайқас (1805).

3. Наполеонның Ресейге басып кіруі (1812).

4. Вена конгресі (01.11.1814-09.06.1815).

2 тапсырма. Тарихи түсінікті түсіндіріңдер:

1) «Қасиетті одақ» – Ресейдің, Пруссия мен Австрияның бейбіт одағы. Әлемдегі тыныштықты сақтау және Вена конгресіне (1815ж) қолдау көрсету үшін құрылды.

2) «Наполеон кодексі» немесе «Азаматтық кодекс»– Францияның азаматтық құқық кодексі, XIXғ. Басында Франция Республикасының бірінші консулы Наполеон Бонопарт (кейіннен императоры) жасатқызды. Ол заңгерлермен бірге жасады. Бұл заңға кейіннен өзгертулер енгізіліп, қосымшалар қосылып, қазіргі уақытқа дейін қолданылып келеді.

3) Ватерлоо шайқасы – Француз императоры Наполеон I-дің соңғы ірі шайқасы. Соғыс 18 маусым 1815ж болды. Француз билігін қолына алғысы келген Наполеонның соңғы мүмкіндігі болатын, бұл соғыстың алдында Франция Еуропалық ірі каолициялар күшімен әлсіреген болатын.

4) Вена конгресі – Бүкіл Еуропалық конференция, феодалды-абсолюттік монархияны қалпына келтіру үшін әр түрлі келісімшарт жасалды, Наполеон соғысы кезіндегі жерлер қайтарылып, Еуропа қайтадан жаңадан шекараларын бөлді.

5) Тильзит келісімі – 1807ж. 25 маусым-9шілде аралығында Тильзитте (Калиноград облысы, Советск қаласында) болған, бейбіт келісімшарт. 1806-1807 жж. Төртінші каолицияға қарсы соғыстан кейін Александр I мен Наполеон арасында болды. Бұл соғыста Ресей Пруссияға көмектесті.

3 тапсырма. Хронологияны құрастырыныз?

1

Бородино шайқасы 1812 ж. тамыз-қыркүйек

2

Глогау қамалы блокадасы  1813 ж. тамыз – 1814 ж. сәуір

3

Амстердамдағы антифранцуздық шайқас  1813 ж. қараша

4

Фор-Леклюз қамалын француздар басып алуы 16.02.1814

5

Ватерлоо түбіндегі шайқас  18.06.1815

4 тапсырма. Сөйлем дұрыс құрастырылған ба, анықтаңыз?

1. ия, дұрыс.

2. ия, дұрыс.

3. ия, дұрыс.

4. жоқ, дұрыс емес.

5. жоқ, дұрыс емес.