6 Наполеон соғыстары кезіндегі Еуропа (1800–1815 жж.)

6.1 1799 жылғы Конституция және Франциядағы Консулдық режимі.

6.2 1804 жылы империяны жариялау. Әкімшілік орталықтандыру. Демократиялық бостандықтарды жою.

6.3 «Наполеонның кодекстері».

6.4 Бурбондарды екінші рет қалпына келтіру. «Жүз күн».

6.5 Наполеон соғыстарының тарихи қорытындысы және маңызы.

XVIII ғ. соңындағы француз революциясы антифеодалдық, антиабсолюттік, ұлттық-азаттық қозғалыстардың дамуына, еуропалық елдерде күрделі өзгерістердің басталуына серпін берді. Наполеон жүргізген соғыстар бұл үрдісте аса маңызды роль атқарды.

Наполеон Бонапарт – әлемді билеуге үміткер ретінде. Директория тәртібіне наразы француз буржуазиясы әскери диктатура орнату мақсатында төңкеріс жасауды ойластырды. Диктатордың роліне лайықты кандидатура ретінде генерал Наполеон Бонапарт қарастырылды.

Наполеон Бонапарт 1769 ж. Корсика аралында кедейленген дворяндар отбасында дүниеге келді. Ол әскери училищені үздік бітіріп, 24 жасында генерал лауазымын алды. Революцияны жақтаушы ретінде ол роялистердің бүлігін басуға қатысты. Осы арқылы буржуазияның сеніміне ие болды. Бонапарт австриялықтарға соққы берген Солтүстік Италиядағы әскерді басқарды, 1798 жылғы Египет экспедициясына қатысты.

1799 жылғы 9 қарашадағы (революциялық күнтізбе бойынша республиканың VIII жылының 18 брюмері) мемлекеттік төңкеріс Францияға революциядан кейінгі біраз уақытқа тыныштық әкелді. Баю және басшылық құру үшін буржуазияға мықты билік қажет болды. 1799 жылғы жаңа конституция бойынша заң шығарушы орган атқарушы биліктің қарамағында болды. Атқарушы билік Наполеонның қолына көшті. Ол сыртқы және ішкі билікті авторитарлық әдістер арқылы жүргізді. 1804 жылы ол Наполеон І деген атпен император болып жарияланды. Наполеон I кодекстері – азаматтық, қылмыстық, коммерциялы – революция бекіткен принциптерді – азаматтардың заң алдындағы теңдігі, тұлғаның қол тигізбеушілігі, кәсіпкерлік және сауда бостандығы, жеке меншік құқыығы абсолютті және мызғымас құқықтар болып бекітілді. Наполеон I диктаторлық билігі буржуазияның күшеюіне және феодалдық тәртіпті қалпына келтіруге жол бермеді. Наполеон I өзінің сыртқы саясатында Францияның Еуропа мен әлемдегі әскери-саяси және сауда-өнеркәсіптік қожайындығы үшін күрес жолына түсті. Ол ұлы қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат тенідегі өзінің дарынын буржуазияға қызмет ету және өзінің даңққұмарлығы жолына жұмсады.

Текетірес және соғыстар. Наполеондық Францияның негізгі қарсыласы Англия еді. Англия Еуропадағы мықты мемлекеттірдің балансының өзгеруінен қорықты және өзінің колониялық иеліктерін сақтап қалғысы келді. Англияның басты мақсаты Наполеонды биліктен тайдырып, Бурбондр әулетін қалпына келтіру еді.

1802 жылғы Франция мен Англияның арасындағы Амьендегі бейбітшілік шарты Еуропадағы теңдікті сақтап қалуды мақсат тұтқан еді. Англия өзінің әскерлерін Египет и Мальтадан алып кетуге міндетенді. Алайда, екі тарап та бейбіт шартты уақытша демалыс ретінде қарады, 1803 жылы екі арадағы соғыс қайта тұтанды. Еуропадағы мемлекетттердің арасында ең мықты жаяу әскер құрған Наполеон I Англияның теңіздегі әскерлеріне тойтарыс бере алмады. 1805 жылғы 21 қазандағы құрамында 33 кеме және 7 фрегаты бар біріккен француз-испандық флот Трафальгар мүйісінің маңында адмирал Нельсон басқарған ағылшын эскадрасынан күйре жеңілді. Ағылшын флотында 27 кеме және 4 фрегат бар еді. Жеңіс барысында Нельсон ауыр жарақат алды. Француз флотының талқаны Наполеонның Британ аралдарына түспк болған жоспарының тас-талқанын шығарды. Мұнан кейін Франция Англияны қоршауға алып, француз саудагерлері мен Францияның қол астындағы елдерге Англиямен сауда жасауға тыйым салды.

Еуропада үшінші антифранцуздық коалиция құрылды. Оған Англия, Ресей, Австрия және Неаполитан корольдігі енді. Француз армиясы енді Австрияға беталды. 1805 жылғы 20 қарашада Аустерлиц түбінде үш императордың соғысы деген атқа ие болған шайқас өтті. Австрия мен Ресейдің біріккен күштері күйрей жеңілді. Пресбург бітімінің шарты бойынша Қасиетті Рим империясының императоры Франц II Австрия императоры Францем I деп атанды. 1806 жылы Қасиетті Рим империясы өмір сүруін тоқтатты. Австрия өзінің жеңілісін мойындап, француздарға Италия жерінде іс-қимыл еркіндігін берді.

1806 жылы Наполеонның армиясы Пруссия аумағына басып кірді. Осы кезде құрамына Англия, Ресей, Пруссия және Швецияенген төртінші антифранцуздық коалиция құрылды. 1806 жылғы қарашада Иен және Ауэрштед түбінде өткен шайқастарда Пруссия армиясы жеңіліске ұшырады. 1806 жылғы қарашада француздар Берлинді басып алып, Пруссияның көп аумағын өзіне қаратты. Германияның батыс аумағында Наполеон 16 неміс мемлекетінен тұратын Рейн одағын құрды.

Ресей Шығыс Пруссиядда соғысты жалғасытра берді. Алайда Прейсиш–Эйлау (1807 жылғы 7 – 8 ақпан) мен Фридландтың түбіндегі (1807 жылғы 14 маусым) екі шайқас Ресейге жеңіс әкелмеді. 1807 жылғы 7 шілдеде Ресей Тильзит бітіміне қол қойып, Францияның жаулап алған аумақтарын мойындауға мәжбүр болды. Сонымен бірге, Ресей Англияның континентальдық блокадасына қосылды. Пруссияның құрамындағы Польша жерлерінде Наполеон Вршава герцогтығынң негізін салды.

Тильзит бітімінен кейін Наполеон I Португалдия мен Испанияны жаулап алуға кірісті. 1807 жылдың соңында француз армиясы Португалдияны жаулап алды, Португалияның королі Бразилияға қашуға мәжбүр болды. Бұдан кейін Наполеон Испанияға бет алды. Испания халқы басқыншыларға қарсы тайлы-таяғы қалмай көтерілді. Сарагоса қаласының тұрғындары өз қаласын асқан ерлікпен қорғап, екі ай бойы 50 мың француз әскеріне төтеп берді.

Австрия үкіметі Франция күштерінің Испанияда болғанын пайдаланып, соғысқа жаңадан дайындала бастады. 1809 жылы Англия мен Австрия енген бесінші коалиция құрылды. 1809 жылғы сәуірде Австрияның армиясы соғысты бастады, алайда 5-6 шілде күндері Ваграм түбіндегі шайқаста жеңіліске ұшырады. Екі жақтан да адам шығындары көп болды (60 мыңнан астам өлілер мен жаралылыар). Шенбрун бітімі бойынша Австрия теңізге шығатын жолдарынан айырылды, контрибуция төлеуге міндеттенді және Англияның континеталдық блокадасына қосылды.

Феодалдық-абсолюттік тәртіптің құлауы. Наполеонның әскерлері Еуропада феодалдық тәртіпті құлатуға өз үлесін қосты.

Германиядағы кішкентай мемлекеттердің саны азайды. Пруссияның билеуші топтары барон Штейннің ұсынысы бойынша шаруалардың жеке тәуелділігін жою туралы жарлық шығарды, лайда олардың помещиктерге төлейтін алым-саықтары бұрынғыша сақталып қалды. Генералдар Шарнгорст және Гейзенау Пруссияда жүргізген әскери реформалар жалдамалы әскерлерді қабылдауды доғарып, дене жазасын шектеді, қысқа мерзімді әскери дайындықты енгізді.

Наполеонның Италия жеріндегі қожалығы шаруаларды тәуелділіктен құтқарып, помещиктер сотын жойды, француз азаматтық кодексін енгізді. Испанияда гильдиялар, цехтар, шаруалардың біраз тәуелділіктері жойылды. Варшава герцогтығында шаруалардың кіріптарлығы жойылды, Наполеонның кодекстері енгізілді.

Наполеонның феодалдық тәртіпті жоюдағы әрекететрі прогрессивті маңызға ие болды, үйткені бұл капитализмнің дамуына әсер етіп, абсолюттік тәртіпті әлсіретті. Сонымен бірге салықтардың көлемі өсті, халықтан алым-салық, контрибуция алынды. Мұның бәрі жаулап алушыларға деген халықтың ашу-ызасын тудырды және ұлт-азаттық көтерілістердің басталуына әсер етті.

Наполеон империясының салтанат құруы және құлауы. 1810 жылға қарай Наполеонна I империясы өз құдіреттілігінің шыңына жетті. Еуропаның түгелі дерлік Францияның қол астында болды. Француз өнеркәсібі жақсы дамыды. Жаңа қалалар салынып, айлақтар, қамалдар, бекіністер, каналдар, жолдардың құрылысы жанданды. Елден көптеген тауарлар, әсіресе жібек және жүн маталар көптеп шығарылды. Францияның сыртқы саясаты агрессивті сипатқа ие бола бастды.

Наполеон I Еуропадағы өзіне бағынышты емес жалғыз мемлекетке – Ресейге қарсы соғыс ашты. Француз императорының мақсаты – Ресейді күйретіп, Аглияға өзінің үстемдігін орнатып, әлемді билеу еді. 1812 жылғы 24 маусымда Наполеонның әскерлері Реседйің шекарасын кесіп өтті. Алайда 1812 жылғы 18 қазанның өзінде француздар жаулап алынған Мәскеуді тастап қашуға мәжбүр болды. Березина өзенінен өткеннен кейін наполеон әскерін тастап, Парижге қашып келді.

Ресейдегі Наполеон әскерінің жеңілісі ұлт-азаттық көтерілістердің жиілеуіне әсер етті. Құрамына Ресей, Англия, Швеция, Пруссия, Испания, Португалия енген алтыншы коалиция құрылды. 1813 жылғы 16-19 қазанда Лейпциг қаласының түбінде өткен «Халықтар шайқасы» деген атпен тарихқа енген соғыста француз армиясы жеңіліс тапты да Рейннен ары қарай кетуге мәжбүр болды. 1814 жжылғы көктемде майдан даласы Францияның өз аумағына көшті. 1814 жылғы 31 наурызда одақтастар әскері Парижге басып кірді. Францияда Бурбондар династиясы қалпына келтіріліп, Наполеон I Эльба аралына жер аударылды.

1814 жылғы 30 мамырда г. Парижде бейбіт келісімшарқа қол қойылды. Ол бойынша Франция өзінің барлық иеліктерінен айырылды. Келісімшарт бойынша Наполеон І империясының күйреуіне байланысты мәселелерге қатысты халықаралық конгресті шақыру қарастырылды. Алайда Наполеон I тағы а бір рет билікке келмек болды. Ол Эльба аралынан қашып шығып, Францияның оңтүстігіне келіп түсті де Парижге қарсы жорыққа қшықты. Наполоен Парижді басып алып, 100 күнге билікті өз қолына алды (1818 жылғы наруыз-маусым). Осы кезде соңғы жетінші коалиция құрылды. 1815 жылғы 18 маусымда Ватерлоо түбіндегі шайқаста Велингтон басқарған одақтастар армиясы француздерге күйрете соққы берді. Наполеон I тұтқындалып, Атлант мұхитындағы әулие Елена аралына жер аударылғаннан кейін 1821 жылы сонда қатйыс болды.

Халықаралық қарым-қатынастардың веналық жүйесі. Қасиетті Одақ. 1814 жылғы қыркүйекте Венада конгресс шақырылды. Оған барлық еуропалық мемлекеттер қатысты. Конгресстің жұмысы 1815 жылғы маусымға дейін созылды. Конгресс Вена жүйесі деген атқа ие болған халыаралық тәртіпті бекітті. Ол екі негізгі элементті – наполеонғадейінгі тәртіпті қалпына келтіру және жеңімпаздардың мүддесі бойынша жаңа шекараларды бекітті.

Конгресс қатысушылары Франциядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді есепке алға мәжбүр болды. Жаңа меншік иелері қолдарындағы дүние-мүлікті сақтап қалды, ескі және жаңа дворяндардың құқықтары теңестірілді. Франция 700 млн франк көлемінде контрибуция төлеуге мәжбүр болды, оны төлегенше елдің солтүстік-шығыс департаменттері одақтастар армиясының қол астында қалды, ал француз үкіметінің іс-қимылдары Париждегі төрт одақтас елдің (Англия, Ресей, Австрия, Пруссия) елшілерінің бақылаунда болды.

Вена конгресі Еуропада жаңа шекаралардың негізін бекітті. Франция 1792 жылға дейінгі аумақтаын ған сақтап қалды. Германия мен Италияның бытыраңқылығы сақталып қалды. Австрияның қорғаншылғындағы 38 мемлекеттен тұратын Герман одағы құрылды. Пруссия Саксония және Рейн өзенінің бойындағы батыс-неміс жерлерінің, Познань қаласын қосқандағы Варшава герцогтығының жерлерінің есебінен өз аумағын кеңейтті. Ломбардия және Венеция Австрияға берілді. Польша патшалығы деген атпен ішкі автономиялық билігі біршама сақталған Варшава герцогтығының бөлігі Ресей империясының құрамына енді. Норвегия Наполеонның одақтасы Данияның қол астынан тартып алынып, Швецияның қарамағына берілді. Англия Еуропадан тысқары аумақта өзінің колониялық иеліктерін кеңейтті.

Орыс император ы Александ І ұсынысы бойынша құрылған Қасиетті Одақ Вена жүйесінің қосымшасы болы. Оның басты мақсаты монархиялық билікті, христиандық билікті, Вена жүйесінің негіздерін сақтау еді. Қасиетті Одақ ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарына дейінреволюция мен ұлт-азаттық көтерілістерді қарулы түрде басу құралына айналды.

Вена жүйесі бірнеше онжылдық бойы сақталып келді. Алайда оның негізін құрушылардың арасында еуропалық және әлемдік саясат мәселелері бойынша түсініспеушілік болды.

Наполеонның әлем тарихындағы орны: «Адамзат тарихында кейбіреулердің ойында оның бейнесі Атилланың, Әмір Темір мен Шыңғыс ханнның бейнелерімен, тағы біреулердің қиялында Александ Македонский мен Цезарьдің бейнелерімен байланысты болады. Алайда тарихи зерттеулер тереңдеген сайын оның өзіндік қайталанбас ерекшілігі мен бейнесінің күрделілігі анықтала түседі» (Е.В. Тарле).

Әдебиет [4, 15, 24, 48–52]