Латын перфект формасының екі түрлі мағанасы бар:
а) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта аяқталғанын көрсетеді, оны p e r f e c t u m h i s t o r i c u m деп атайды. Мысалы: Vēni, vidi, vici - Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезардың боспор патшасы Фарнакты тез жеңгені жөніндегі хабары). Бұл сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта қысқа мерзім ішінде орындалғанын бір ғана факт хабарлап тұр. Ego semper illum appellāvi inimīcum meum - Мен оны ылғи менің жауым деп атайтынмын. Мында да қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғаны көрсетіледі, бырақ ұзақ уақыт бойы орындалғанын ылғи (semper) үстеуі арқылы көрсетіледі.
б) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта орындалып, қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Оны p e r f e c t u m
p r a e s e n s деп атайды. Мысалы: consuēvi – менің әдетім (қазір де сол өткендегі әдетті сақтаймын); sibi persuāsit – оның көзі жетті (қазір де сенеді). Көбінесе мұндай мағаналар перфектті ырықсыз етіс формасында береді: illud mare Aegaeum appellatum est – Бұл теңіз Эгей теңізі деп аталған (қазір де солай аталады). Латын перфектісінің осындай мағаналары батысеуропа тілдерінде қазір де кездеседі.
Perfectum indicativi activi перфект түбіріне арнайы жалғаулар жалғау арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей. Етістіктердің Perfectum indicativi activi формасы перфект түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
|
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
|
1 |
-ī |
-ĭmŭs |
|
2 |
-ĭstī |
-ĭstĭs |
|
3 |
-it |
-ērunt |
Еске саламыз, перфект түбірі І жақ жекеше түрде тұрған Perfectum indicativi activi -дің –ī жалғауын алып тастау арқылы анықталады.
|
Numerus |
Persona |
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу |
|
|
Sing. |
1 2 3 |
ornav -ī ornav - ĭstī ornav - it |
мен әшекейледім сен әшекейледің ол әшекейледі |
|
Pl. |
1 2 3 |
ornav - ĭmŭs ornav - ĭstĭs ornav - ērunt |
біз әшекейледік сендер әшекейледіңдер олар әшекейледі |
Есте сақтаңыз, перфект түбірі етістіктерде біркелкі емес, алты түрлі жолмен құрылады:
І және IV жіктеуге жататын етістіктерде перфект түбірі -vī –ға аяқталады (v жұрнағы мен ī жалғауы инфект түбіріне жалғану арқылы жасалады). Мысалы: orno, ornāvī, ornātum, ornāre 1 - әшекейлеу; audio, audīvi, audītum, audīre 4 - тыңдау
ІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -uī –ға аяқталады (u жұрнақ + ī жалғау). Бұл жерде инфект түбіріндегі соңғы –ē дауысты әрпі түсіп қалады. Мысалы: moneō, monuī, monĭtum, monēre 2 – сендіру; doceō, docuī, doctum, docěre 2 – оқыту
ІІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -sī –ға аяқталады (s жұрнақ + ī жалғау). Бірақ s - жұрнағының алдындағы дауыссыз әріптер өзгеріске ұшырайды. Тіл арты дауыссыз g s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады, с [k] дыбысы s дыбысымен қосылып, x дыбысымен белгіленеді. Мысалы: duco, duxi ( duc + si), ductum, ducere 3 – жетелеу; rego, rexi (reg + si), rectum (reg + tum), regere 3 – билік жүргізу; Ұяң b дыбысы s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады. Мысалы: scribō, scripsī (scrib + si), scriptum, scriběre 3 – жазу.
Тіл алды d және t дауыссыздары s – дыбысының алдында ассимиляцияға ұшырайды. Мысалы: mittō, misī (mit + si), missum, mittěre 3 – жіберу, жөнлту, жолдау
Біршама етістіктердің перфект түбірі инфект түбіріне жұрнақ жалғау арқылы емес, түбірдегі дауысты дыбыстың ұзақ дыбысқа ауысуы арқылы жасалады. Мысалы:
videō, vīdī, visum, vĭdēre 2 - көру
mŏveō, mōvī, mōtum, movēre 2 – жылжыту, қозғау
legō, lēgī, lěctum, legěre 3 - оқу
veniō, vēnī, věntum, věnīre 4 - келу
Берілген етістіктердің:
|
Инфект түбірі |
Перфект түбірі |
|
vĭdē-, movē-, legě-, věnī- |
vīd-, mōv-, lēg-, vēn- |
Егер түбірде ă тұрса, жаңа ē тудырады. Осы жолмен жасалған перфект үндіеуропа тілінен келген дауыстылардың орынауыстырылуы деп аталады. Қазіргі кезде неміс және ағылшын тілдерінде кездеседі. Ондай өзгеріс келесі жиі кездесетін етістіктерде:
ăgō, ēgī, actum, ăgěrě қуу
căpiō, cēpī, căptum, căpěrě алу
făciō, fēcī, făctum, făcěrě істеу
jăciō, jēcī, jăctum, făcěrě тастау
|
Инфект түбірі |
Перфект түбірі |
|
ăgě-, căpĭ -, făcĭ -, făcĭ - |
ēg-, cēp-, fēc-, jēc- |
Кейбір латын етістіктері үндіеуропа перфектісінің жасалуының көне формасын сақтаған, яғни бастапқы дауыссыздың қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы:
dō, dedī, dătum, dărě беру
mordeō, momordī, morsum, morděrě тістеу
currō, cucurrī, cursum, currěrě жүгіру
ІІІа жіктеуіне жататын етістіктердің бірқатарынның префект түбірі етістік түбіріне ұқсас. Мысалы:
statuo, statui, statutum, statuěre 3 қою
verto, verti, versum, vertěre 3 айналдыру
Көмекші етістік esse Perfectum indicativi activi формасында
|
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
|
1 |
fu–ī мен болғанмын |
fu–ĭmŭs біз болғанбыз |
|
2 |
fu–ĭstī сен болғансың |
fu–ĭstĭs сендер болғансыңдар |
|
3 |
fu–it ол болған |
fu–ērunt олар болған |
Жаттығулар
deleo 2 бұзу, қопару; pono 3 қою
Дұрыс жауабы:
Imperfectumindicativiactive
|
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
Singularis |
Pluralis |
|
1 |
delē–bam |
delē–bamŭs |
pon–ēbam |
pon– ēbāmŭs |
|
2 |
delē–bas |
delē–batĭs |
pon–ēbās |
pon–ēbātĭs |
|
3 |
delē–bat |
delē–bant |
pon –ēbat |
pon–ēbant |
Perfectumindicativiactive
|
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
Singularis |
Pluralis |
|
1 |
delēv–ī |
delēv–ĭmŭs |
posu– ī |
posu– ĭmŭs |
|
2 |
delēv–ĭstī |
delēv–ĭstĭs |
posu– ĭstī |
posu– ĭstĭs |
|
3 |
delēv–it |
delēv–ērunt |
posu– it |
posu– ērunt |
fuistis, potuistis, misērunt, expugnavērunt; putavěrat, scripsĭmus, potuerĭmus
Дұрыс жауабы:
fuistis – сендер болдыңдар, көмекші етістік esse Perfectum indicativi activi формасында, 2-ші жақ, көпше түрде (secunda pluralis);
potuistis – сендер істейалдыңдар, көмекші етістік posesse Perfectum indicativi activi формасында, 2-ші жақ, көпше түрде (secunda pluralis);
misērunt – олар жеткізді; mitto, 3 Perfectum indicativi activi формасында, 3-ші жақ, көпше түрде (tertia pluralis) ;
expugnavērunt – олар басып алды, expugno, 1 Perfectum indicativi activi формасында, 3-ші жақ, көпше түрде (tertia pluralis) ;
putavěrat – ол ойлаған, puto, 1 Plusquamperfectum indicativi activi формасында, 3-ші жақ, жекеше түрде (tertia singularis) ;
scripsĭmus – біз жаздық, scribo6 3 Perfectum indicativi activi формасында, 1-ші жақ, көпше түрде (prima pluralis) ;
potuerĭmus – біз істей аларедік, көмекші етістік posesse Futurum exactum (secundum) indicativi activi формасында, 1-ші жақ, көпше түрде (prima pluralis)
De Aenēa
Graeci diu Troiam urbem oppugnavērunt; decĭmo anno Troiam expugnavērunt. Aenēas, unus e principĭbus Troianōrum, cum patre sene et filio parvŭlo et cum sociis naves conscendit et post multos et longos errōres in Italiam advēnit. Rex Latīnus Aenēan in hospitium accēpit et filiam Laviniam in matrimonium ei dedit. Sed primum Troiāni cum Rutŭlis pugnābant, Latīnus enim antea Laviniam Turno, Rutulōrum princĭpi, in matrimonium dare promīsit. Aenēas oppĭdum Lavinium (condĭdit) et filius eius, Ascanius, Albam Longam condĭdit. Ea gente Romŭlus, condĭtor Romae, fuit.
Дұрыс жауабы:
Эней
Гректер Троя қаласын ұзақ қоршауда ұстайды: он жыл дегенде Трояны басып алады. Эней, троялық басшылардың бірі, қария әкесімен, кішкентай ұлымен және жолдастарымен кемеге отырып, ұзақ саяхаттан кейін Италия жеріне қашып келеді. Латин патшасы Энейді қонақжайлылықпен қарсы алып, өзінің қызын Лавинияны оған тұрмысқа береді. Бірақ басында трояндықтар рутулдармен соғысады, себебі бұдан бұрын Латин қызы Лавинияны Турнуға, рутулдықтардың қолбасшысына, беруге серт берген еді. Эней Лавиний қаласының іргесін көтерген (қаласын салған), ал оның ұлы Асканий – Альба Лонганы. Осы әулеттен Ромул, Рим қаласының негізін қалаушы, шыққан.
Сөздік
accĭpio, accēpi, ěre – алу, қол жеткізу; 7. do, dedi, dare – беру; 8. pro-mitto, protmsi, ěre – сөз беру; 9. condo, condidi, ěre – негізін салу, қалау; 10. ea gente … fuit – осы рудан тараған.
De puero mendaci
Puer, custos ovium, saepe per iocum auxilium rogavit magna voce clamans: «Auxilium mihi date! Lupus adest!» Vicīni auxilio veniēbant, sed lupum non vidēbant, et puer eos irridēbat. Aliquando lupi re verā in oves irruērunt, et puer, ut antea, clamāvit: «Lupi adsunt! Auxilium mihi date!» Sed nemo puěri mendāci credĭdit neque ei auxilium dedit, et lupi multas oves arripuērunt.
Дұрыс жауабы:
Өтірікші бала туралы
Бала, қой бағушы шопан бала, жиі ойнап көмекке шақырып отырған, қатты айғайлап: «Көмектесіңдер! Қасқыр!» - деп. Көршілері көмекке келіп отырған, бірақ қасқыр көрмеген, ал бала оларды мазақ еткен (күлген). Бір күні шынымен қойларға қасқырлар шабады, бала болса бұрынғыдай айқайлайды : «Қасқыр!Көмектесіңдер!» - деп. Бірақ өтірікші балаға ешкім сенбейді және ешкім көмектеспейді, қасқырлар көп қойларды алып кетеді.
Сөздік
rogavit – rogo, rogāre сұрау, өтіну
date – do, dăre беру
adest – adsum, esse болу, қатысу
veniēbant – věnio, venire келу
vidēbant – vĭdeo, vidēre көру
irridēbat – irridēo, irridēre күлу, әжуалау
irruērunt – irruo, irruěre шабуылдау
clamāvit – clamo, clamāre айқайлау
adsunt – adsum, esse болу, қатысу
credĭdit – credo, creděre сену
dedit – do, dăre беру
arripuērun t – arrĭpio, arripiěre ұстау, жармасу