Перфект жүйесіне жататын шақтар: perfectum, plusquamperfectum, futurum II (secundum). Инфект жүйесіндегі шақтардың инфект және перфект формаларының айырмашылығы жалғауында болса, ал перфект жүйесінің актив және пассив формалары толық құрлымын өзгерту арқылы жасалады.
Перфект шақтарының өздік етісі перфект түбірінен синтетикалық жолмен жасалады.
Перфект шақтарының ырықсыз етісі перфект түбірінен аналитикалық жолмен жіктелетін етістіктің participium perfecti passivi формасымен және esse көмекші етістігінің көмегімен жасалады. Participium perfecti passivi формасы супиннан құрылады, сондықтан перфект жүйесінде перфект түбірінен немесе супиннан жасалған формалар деп бөліп отырады. Инфект шақтарында етістіктер төрт жіктеуге бөлініп, олар әртүрлі жолмен жіктелсе, перфект шақтарында барлық етістіктер қай жіктеуге жатса да бірдей жіктеледі.