Өзінің мағанасы мен қызметі жағынан сын есімге ұқсас сөз табының бірі – сан есім. Өйткені, екеуі де зат есімнің қасиет – ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен бірге сан есім жеке – дара қолданылып, тіліміздегі санның атын білдіреді. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сондықтан заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз.
Басқа сөз таптарынан сан есім жасалмайды, негізгі сан есімдерге ғана қосылып, оны түрлендіреді.
Сан есімдер құрамына қарай – іштей дара, күрделі болып бөлінеді.
Сан есімдер негізінен анықтауыш қызметін атқарады.
Сан есімдер мағналық, тұлғалық, синтаксистік қызметі жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді: оны сан есімнің түрлері деп атайды.
Латын тілінде сан есімнің келесі түрлері бар: есептік сан есім (cardinalia), реттік сан есім (ordinalia), топтау сан есімі (distributiva), үстеулік сан есім (numeralia adverbia).
Есептік сан есім заттың жалпы санын білдіріп, неше? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімге табиғи сандар жатады. Олар сан дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп бөлінеді. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 – бірліктер; 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90 – ондықтар; 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 – жүздіктер; 1000, 2000, 100000 – мыңдықтар.
Реттік сан есімдер заттың рет санын білдіріп, нешінші?қансасыншы? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімнің жасалуына есептік сан есім негіз болады.
Латын күрделі реттік сан есімдерінің қазақ күрделі реттік сан есімдерінен ерекшелігі күрделі санның әрбір мүшесіне реттік жалғау жалғанады. Мысалы: жиырма бірінші жыл – annus vicesĭmus primus Сан есімдер сөйлемде барлық сөйлем мүшесінің, көбінесе анықтауыштың қызметін атқарады.