Болашақ ұрпақты қалыптастыратын жаңа көзқарастағы педагогикалық үрдістер практикалық психологияға маңызды өзгерістер әкелді.Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті кәсіби тұрғыда, сапалы әрі нәтижелі атқару үшін практик психолог, педагог- психолог мамандықтарын дайындау маңызды фактор екендігі белгілі.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет, соның ішінде оқу- тәрбие жұмысы барысында қолданылатын психологиялық кеңес берудің маңызы зор. Себебі, болашақ ұрпағымыздың психологиялық саулығы, оның рухани тұрғыдан жетіліуі - еліміздің ертеңінің мықты фундаменті болып табылады.
Бұл оқулықты ұсынудың ең басты себебі, бүгінгі уақытта психология ғылымының қолданбалы салалары бойынша ғылыми-практикалық зерттеулер Батыс Еуропа, Ресей және т.б елдердегі практик ғалымдардың жарыққа шығарған еңбектері баршылық. Дегенмен, бұл зерттеулердің қазақ тілді аудиторияға қол жетімді болмай қалатыны белгілі.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»...Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша ұсынылған бірнеше психологиялық кітаптармен қауышқанымызбен, болашақ практик-психолог, педагог-психолог мамандары үшін бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да психологиялық кеңес беру мәселелеріне байланысты қазақ тілінде ұсынылып жүрген зерттеулер, мен аудармаларды психология саласының оқытушысы ретінде тәжірибемізге сүйене отырып, бір жерге жинақтап, өңдеп ұсынуды жөн көрдік.
Ұсынылып отырған оқу құралы арқылы психологиялық кеңес беру түрлерінің мазмұны туралы негізгі түсініктері қалыптасып, кеңес берудің негізгі кезеңдері, динамикасы және ұйымдастыру үрдісі, сондай-ақ, негізгі техникалар мен тәсілдерді игере отырып,кеңес беруші психологтың этикалық және құқықтық қырларын жан-жақты меңгеруге мүмкіндік алады. Психологиялық көмектің қазіргі заманғы түрлі бағыттарында қолданылатын негізгі стратегиялар, техникалар мен тәсілдерді ажырата білетін болады.
Болашақ мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарына арналған психологиялық кеңес беру жөніндегі негізгі пән ретінде, бұл кітап бірнеше мақсаттық болып табылады.
Ол, біріншіден, бұл оқу құралы, «Педагог - психолог», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша болашақ мамандардың қосымша оқу құралы болып табылады.
Екіншіден, психолог-практик,педагог- психолог, әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік-педагог болғысы келетіндерге арналған оқу құралы бола алады.
Үшіншіден,практикалық психологпен жұмыс істейтін және психологиялық кеңес берумен айналысатын кәсіби мамандарға пайдалы болады.