№ 6 Зертханалық жұмыс. Мұнай өнімдерінің қаныққан бу қысымын анықтау

Жұмыстың мақсаты

Рейдтің тәсілі бойынша бензиннің қаныққан бу қысымын анықтау негізінде бензиннің булану қасиеттерімен танысып, яғни, мотор отынының от алуын және бу тығындарының корректендіру жүйесінде болдырмау жолдарын іздестіру.

Жұмыстың мазмұны

Бензиннің қаныққан бу қысымы. Бу тығындарының пайда болуы. Бензиннің қаныққан бу қысымы көлемі және оның двигательдің от алу қасиеттеріне әсері. Бензиннің булану қасиеттерімен қаныққан бу қысымы арасындағы байланыс.

Жұмыстың тапсырмасы:

1) МЕСТ 2084 сәйкес 1 мл бензин отынының қаныққан бу қысымын анықтап және оны МЕСТ бойынша рұқсат етілген көлемі мен салыстырып, отынның сортын анықтау;

2) Сынақ жүргізу әдістемесімен танысу;

3) Прибордың схемасын салу;

4) Берілген жанармай үлгісінің автомобиль қозғалтқыштары үшін жарамдылығы жайлы қортынды жасау;

5) Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Бензиннің қаныққан бу қысымын өлшеу үшін алынған жабдықтар:

  • қаныққан бу қысымын өлшейтін аспабы (Рейд бомбасы).
  • су моншасы.
  • сумен – мұзды монша.
  • сынапты манометр.
  • сынапты термометр 0 – 50 °С (өлшем көлемінің бағалауы 0,1 °С).
  • кілтер – 27 – 32 мен 41 – 50 мм.
  • уақыт өлшеуіштері(Секундомер).
  • мотор отынының үлгісі – 150 мл.

Қаныққан бу қысымын өлшейтін аспабы (Рейд бомбасы) металдан жасалынған екі цилиндр тәріздес А және В камерадан(бөлімнен) тұрады бір-бірімен резьба арқылы жалғанған.

Төменгі А камерасы, көлемі 130 мл сынақтан өтетін отын құйылады, ал жоғарғы камера В көлемі 4 есе үлкен отынның бу фазасы орналасуына арналған. Жоғарғы камера резиналық түтік арқылы сынапты манометрмен жалғанады. Тәжірибе жүргізгенде аспабты су моншасына орналастырылады.

1 – су моншасы; 2 – бомба; 3 – сынапты термометр; 4 – термостат
6.1-сурет – Қаныққан бу қысымын өлшейтін аспабы (Рейд бомбасы)

Су моншасындағы судың температурасы сынапты термометр арқылы өлшенеді, бағалау бөлінуі 0,1 °С және 38+0,3 °С шамада сақталынып тұрады(көрсетілген температурадан жоғары машина бактарындағы отын температурасы қызбайды).

Жұмыстың орындалу реті:

1) Отын үлгісін сынақтан өткізер алдында және аспабтың төменгі бөлігі сумен-мұзды моншасында 0 – 4 °С температураға дейін салқындатылады.

2) Сынақ алдында термометр арқылы аспабтың жоғарғы бөлігінің бастапқы температурасын анықтап алып аспабтың 1 бөлігінің шүмегі жабылады.

3) Аспабтың төменгі бөлігі сынақтан өткізлетін отынмен толтырылады.

4) Содан кейін екі бөлік (камера) бір-бірімен қосылады және гаечный кілтпен нығыздығы қамтамасыз етіледі.

5) Жиналған аспабты әртүрлі жағдайда бірнеше рет шайқап нормальды қалпына келтіріп су моншасына батырылады(шүмек су астында болуы қажет). Сынақ өткізу кезінде моншада су температурасы 38±0,3 °С шамасында сақталады.

Аспабты су моншасына батырған кезде кейбір тығыздап жабылмаған жерінен отынның буы шықпауын қадағалау қажет. Егер сынақ кезінде бу шығыны байқалса сынақты тоқтатып ақауды жойып содан кейін сынақты басқа жаңа отынмен жүргізу керек.

6) Аспабты су моншасына батырғаннан кейін газды шүмекті ашып және 5 минут уақыт өткеннен кейін манометрдің көрсеткішін жазып алып шүмекті жабамыз аспабты моншадан шығарып бірнеше рет шайғап қайта моншаға батырамызда шүмекті ашамыз.

Бұндай операцияны 2 минут сайын аспабтың суып кетуін жібермей тездетіп қайталаймыз.

7) Өлшеуіш аспабта қысымның тұрақталғанына дейін жоғарғыда істелінген операциялар қайталады, содан кейін манометрдің көрсеткіші сынап бағанасының мм. өлшемімен жазып алынады.

8) Моншадан аспап суырып алынып, бөлшектенеді, отын ыдысқа ағызылады басқада жұмысқа катысқан үлгілермен бірге, содан кейін резина грушасымен немесе сорғымен жоғарғы және төменгі камераларынан отынның буларынан тазарту үшін үріледі.

Аспапты жинау кезінде жоғарғы камерасындағы ауа ылғалды буынмен бірге болады және оларды қыздырған кезде қысымының өседі, сондықтан отынның қаныққан бу қысымына немесе манометр көрсеткішіне түзетулер жасалынуы қажет. Түзету көлемі жоғарғы камераның бастапқы температурасы мен аспапты жинау кезіндегі барометрілік қысымға байланысты болады.

Түзету көлемі (DP) мм рт.ст.өлшем бірлігімен келесі формула арқылы анықталады

(6.1)

мұндағы Ра – сынақ жүрізу кезіндегі атмосфералық қысым, мм рт.ст.;

Рt – бастапқы температурадағы жоғарғы камераның ішіндегі ылғалды ауаның қаныққан бу қысымы, мм рт.ст. (6.1-кестеден алынады);

t – орта ауасының температурасы, С;      

Р38 – аспабтағы 38 °С температурадағы ылғалды ауаның қаныққан бу қысымы, мм с.б. (6.1-кестеден алынады). Жанармай қаныққан бу қысымының көлемін түзетулер арқылы төмендегі формуламен анықтаймыз

(6.2)

6.1-кесте – Ылғалды ауаның қаныққан бу қысымы (мм с.б.)

t 0C

Pt (P38) мм сынап бағ.

t 0C

Pt(P38) мм сынап бағ.

10

9,21

26

25,21

12

10,25

28

28,35

14

11,99

30

31,82

16

13,63

32

35,66

18

15,48

34

39,9

20

17,54

36

44,56

22

19,83

38

49,69

24

22,38

 

 

 

Жалпы мәліметтер

Бензиннің булануын қамтамасыз ететін оның аса маңызды қасиеті- қаныққан бу қысымының шамасы. Қаныққан бу қысымы бензиннің құрамында, сұйық күйіндегі зат мөлшерінің ара қатынастарына және олардың температурасына байланысты.

Қаныққан бу қысымын Рейдтің тәсілімен анықтаймыз (Сұлбасы 6.1-суретте берілген).

Қаныққан бу қысымы дегеніміз сынақ отынының сұйық пен бу фазасының теңесу кезіндегі бу қысымын айтамыз.

Қысымның серпімділігі дегеніміз – ыдыс қабырғасындағы буланған сұйықтықтың қаныққан бу қысымы, өлшем бірлігі МПа (мм.рт.ст.). Төменгі температурада қайнайтын көп көлемді көмірсутекті отынның бу қысымының серпімділігі жоғары болады, ондай отындар двигательдің жұмыс жасауына жарамсыз.

Отынның қаныққан бу қысымы қарқынды булануының шартты сипаттамасы ретінде қабылданады және мотор отынының от алдыру сапасы мен двигательдің коректену жүйесінде бу тығынының пайда болуына алып келеді. Қаныққан бу қысымы жоғары болған сайын отынның от алдыру сапасыда жоғары және бу тығынының пайда болу мүмкіншілігі де жоғары. Жазғы автомобиль бензиндерінің қаныққан бу қысымы 0,066 МПа (500 мм рт.ст.) шектеледі, ал қысқы бензиндер үшін 0,066 ­ 0,093 МПа (500 до 700 мм рт.ст.) аралығында болғаны жөн.

Сұйықтықтар кез келген температурада жазықтарынан булана алады, бірақта олардың көлемі көп емес және қысымның серпімділігі төменгі температурада аз шамада болады. Сұйықтықтың қайнау температурасы төмен болған сайын серпімділігі оның жоғары, сондықтан олардың көлемі бензин құрамында шектеледі. 

Есеп беру және жұмысты қортындау

Есеп беру бөлігінде бензиннің қаныққан бу қысымын анықтау жайында қысқаша түсініктеме беріңіз.

Қысқаша жұмыстың орындалу ретін көрсет. Сынақтың қортындысын келтір және МЕСТ мәндерімен салыстыр.

Берілген тапсырмаларға жауап жаз. 

Бақылау сұрақтары 

1. Бензиннің қаныққан бу қысымы қандай факторларға тәуелді?

2. Қаныққан бу қысымы қандай шамада болуы қажет және оны реттеу жолдарын көрсет?

3. Двигательдің жеңіл от алуына бензиннің қаныққан бу қысымы қалай әсері етеді?

4. Жазғы автомобиль бензиндерінің қаныққан бу қысымы МЕСТ бойынша неге тең?

5. Қысқы мерзімге арналған бензиндер жазғы маусымда неге жарамсыз?

6. Бу тығыны дегеніміз не, қандай себептерден қоректендіру жүйесінде пайда болады?

7. Қысқы мерзімге арналған автомобиль бензиндерінің қаныққан бу қысымы МЕСТ бойынша неге тең?

10. Қаныққан бу қысымының өлшем бірлігін көрсет.