№ 7 Зертханалық жұмыс. Мұнай өнімдерінің тұтану температурасын анықтау

Жұмыстың мақсаты

Жабық тигель аспабы арқылы дизель отынының тұтану температурасын анықтау негізінде дизель отынының қасиеттерімен танысып, яғни, мотор отынының от алуын және өрт қаупін болдырмау жолдарын іздестіру.

Жұмыстың мазмұны

Дизельді отынының жану қасиеттері. Дизельді отынының өздігінен тұтануы. Отынның бүркуі. От алу кідірісі. Дизельді отынының тұтану температурасы. Дизельді отындарының сапаларына қойылатын пайдалану талаптары.

Жұмыстың тапсырмасы:

1) Дизель отынының тұтану температурасын анықтайтын прибордың құрылысын және жұмыс жасау принципін оқып үйрену.

) Сынақ жүргізу әдістемесімен танысу.

3) Тұтану температурасын анықтау, дизель отынының сапасына баға беру және отының маркасын белгілеу.

4) Берілген жанармай үлгісінің автомобиль қозғалтқыштары үшін жарамдылығы жайлы қортынды жасау;       

5) Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Дизель отынының тұтану температурасын өлшеу үшін алынған жабдықтар:

- аппарат ТВЗ-ПХП:

Бұл әдістің мағынасы сынақ кезінде отынды қыздырғанда жоғарғы жағында отын буы мен ауа араласып қоспа түзейді, оған жалын отты жақындатқан кезде лап ете қалады, бірақ әрі қарай жануға қабілетсіз болатын отынның ең төмен температурасын анықтаймыз.

Жұмыстың орындалу реті

Дизель отындарының тұтану температурасы жабық тигельде арнаулы аспабта МЕСТ 4333 – 2014 бойынша анықталады.

Тұтатқыш құралдың жалыны оның формасы 3 – 4мм диаметрлі шарға жақын болатындай болып реттелінеді. Тұтану температурасы 4 0С дейінгі мұнай өнімдерін сынаған кезде минутына 1 0С көтерілетіндей жылдамдықпен мұнай өнімдерін ұдайы араластыра отырып жүргізеді. Тұтану температурасы 4 С-ден 15 С-ге дейінгі мұнай өнімдері талдауы кезінде бастапқы қыздыру минутына 5 – 8 С жылдамдықпен, ал тұтану температурасы 15 С жоғары мұнай өнімдері минутына 1 – 1 С жылдамдықпен оларды ұдайы араластыра отырып жүргізіледі.

1 - корпус; 2 - тигель; 3 - қыздыру элементі; 4 – тұтатқыш құрал; 5 -бұранда; 6 - қалқан; 7 - термометр; 8 - араластырғыш
7.1-сурет – Тұтану температурасын анықтайтын аспабы

Мұнай өнімінің температурасы күтілетін температураға 3 С қалғанда, температурасы минутына   С ғана көтерілетіндей жылдамдықпен қыздырылады.

От алу мүмкіндігіне сынақ отын температурасы күтілетін тем ператураға 1 – 17 0С қалғанда басталады. Барометрмен барометрлік қысым өлшенеді. Сынақ кезінде араластырғыш ағытылады да, қалқанды ашатын механизм іске қосылады. Жалын бу кеңістігіне              ,5 секундқа түсіріледі де төменгі жағдайда 1 с ұсталынады, содан соң жоғары жағдайына көтеріледі. Тигель ішіндегі отынның бетінде алғашқы анық көк түсті жалын білінгендегі термометр көрсеткіші от алу температурасы болып қабылданады. Сынақ өткізер кезінде араластыру тоқталып, тотқа арқылы жапқыш ашылып оттық жану күйінде төмен түсіріліп 0,5 с ішінде тұтану процесін байқаймыз. Егерде фитилек сөніп қалса, тәжірибе қайталанады.

Кейде от алу баяу дыбыс шығара жүреді, сынақ кезінде қыздырғыш шам жиі өшіп қалуы мүмкін. Сондықтан тұтандырғыш құралды тез тұтату үшін жанып тұрған спирт шамы болуы керек.

Тәжірибе нәтижелерінің есебі.

МЕСТ-қа сәйкес жабық тигельде қатар анықталынатын от алу температуралары арасындағы ауытқулар салыстырылатын нәтиже лердің орташа арифметикалық мәнінен төменде көрсетілген мөл шерден аспауы қажет:

- тұтану температурасы 5 0С-ге дейін - 1 0С;

- тұтану температурасы 5 0С-ден жоғары -  0С.

Егер барометрлік қысым 11,35 КПа (76 мм.с.б.) өзгеше болса, термометр көрсеткен от алу температурасына түзету Dt енгізіледі. Ол мына формула бойынша анықталады:

(7.1)

мұндағы р1 - нақты барометрлік қысымы, мм. с. б. 

Есептеулер 1 0С дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Егер барометрлік қысым 11,35 КПа төмен болса түзету қосылады, ал егер одан жоғары болса - алынады.

Сынақ нәтижесі ретінде қатар жүргізілген екі анықтаудың орташа арифметикалық мәні қабылданады. Берілген формула негізінде 1 С-ге дейінгі дәлділікпен есептелген түзетулер төменде келтірілген. 

Барометрлік қысым

Түзетулер, 0С

мм с. б.

КПа

 

636 ... 663

664 ... 691

69 ... 718

719 ... 746

774 ... 81

84,8... 85,4

88,5 ... 9,1

9, ... 95,7

95,8 ... 99,4

13,...16,8

4

3

1

1

 Жалпы мәліметтер

Тұтану температурасы тасымалдау, сақтау, құю кезіндегі мұнай өнімдерінің өрт қауіптілігін сипаттайды. Оны анықтау мұнай өнімдерінің сапасын бағалауға және өндіріс бөлмелерін, қондырғыларды өрт қауіпсіздігі дәрежесі бойынша сұрыптауға қажет.

Тұтану температурасы - жабық тигельде қыздырылатын отын буы қоршаған ауамен жану қоспасын түзеді де, оған от жақындатқанда лап ете қалатын минималды температура.

Жазғы дизель отыны үшін тұтану температурасы 4 0С төмен болмауы керек, ал қысқы түріне - 35 0С төмен және арктикалық дизель отыны үшін 3 0С төмен болмауы қажет. Тұтану температурасы неғұрлым жоғары болған сайын отынның өрт қауіпсіздігі төмен.

Жабық тигельде мұнай өнімдерінің тұтану температурасын анықтайтын прибордың схемасы 7.1-суретте көрсетілген.

Тигель қақпағында қозғалу механизмі бар қалқан, тұтатқыш құрал, термометрге арналған түтікше және жұмсақ білікті араластырғыш орналасқан. Қақпақта тесіктер жасалынған. Жұмыс істемеген кезде олар екі тесігі бар қалқанмен жабылады. Бұранда көмегімен қалқанды айналдырған кезде қақпақтың бүйіріндегі тесіктер ашылады, ал тісі тұтатқыш құралдың төменгі бөлігіне тіреледі де оны қақпақтағы тесікке қисайтады. Қалқан және тұтатқыш құрал қалқанды жылжыту механизмінің бағанында орналасқан серіппелер әсерінен өз орнына келеді.

Мұнай өнімінің буымен ауаны араластыру үшін қос қалақшасы бар стерженьді араластырғыш қолданылады. Төменгі қос қалақша мұнай өнімін, ал жоғарғы қос қалақша ауа мен бу қоспасын араластырады. Қалақшалар жұмсақ білік көмегімен қолмен немесе айналу жиілігі 9 – 1 мин-1 электр двигателімен айналдырылады.

Есеп беру және жұмысты қортындау

Жабық тигльде анықталған дизель отынының тұтану температурасын МЕСТ келтірілген көрсеткішімен салыстырып, сапасына баға бер.

Қысқаша жұмыстың орындалу ретін есеп беру дәптеріңе көрсет. Берілген тапсырмаларға жауап жаз. 

Бақылау сұрақтары 

1. Мұнай өнімдерінің фракциялық құрамы мен тұтану температурасы арасында қандай тәуелділік бар?

2. Мұнай өнімдерінің от алу және тұтану температуралары нені сипаттайды?

3. Дизельді отындарының тұтану температурасы жабық тигельде неге тең;

4. Егерде рұхсат етілген дизель отындарының тұтану температурасынан төмен болған жағдайда қандай қауіптілік туады;

5. Майлардың тұтану температураларын қандай аспаптар арқылы анықтауға болады;

6. Майлардың тұтану температуралары қай шамада болады;

7. Дизельді отындарының от алу қасиеті немен бағаланады;

8. Дизельді отындарының булану қасиеті немен бағаланады.