4 БӨЛІМ. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Мемлекет әр азаматтың өмірді сақтап қана қоймай, оның мүлкін, қауіпсіздігін, ар-намысы мен еркіндігін кепілдендірген кезде күшті.
Әлкей Марғұлан
10-ТАРАУ. БІЛІМ АЛУ БҮКІЛ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ
− тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу;
− адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау;
− адамзат тарихы контексінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау;
− мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау;
− мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру;
− жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу;
− ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау;
− тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтау;
− заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау.