Ғылым үшін тіл мен жазу – қаймағы алынбаған мәдени игілік.
Олжас Сүлейменов

§29 Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері


ЕСІҢЕ ТҮСІР!

БІЛУ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАНУ:

– Сингапур мен Малайзия мемлекеттерін жаңғырту ерекшеліктері қандай болды?


– тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу;

– адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау.

ТІРЕК СӨЗДЕР

Пиктография, петроглиф, иероглиф, идеография


Жазу өте ерте уақытта б.з.б. III–IV мыңжылдықтарда пайда болып, мыңдаған жылдар ішінде өзгерістерге ұшырап, дамып келе жатыр. Жазу пайда болғаннан бері оның принциптері де үнемі өзгеріп келеді. Жазу адам баласының қарымқатынас жасауына мүмкіндік береді. Жазудың нәтижесінде адамдардың қарым-қатынасындағы кедергілер жойылды. Адамдар арасындағы байланыс ретінде қолданылған суреттер мен шартты белгілерден кейін барып жазу пайда болды.Ежелгі адамдар белгілі бір затты өз ойын басқа адамға жеткізу үшін пайдаланған.Өзінің қай бағытқа кеткенін басқа адамдар білсін деген оймен жолға бұтақ тастап кетіп отырған.Одан да басқа садақтың оғын ағашқа қадап кеткен. Ежелгі мемлекеттер өзара қарымқатынаста өз ойларын заттар арқылы білдірген.Уақыт өте келе таңбалар бейнеленген бұйымдарды қолданған.Ең алғашқы жазу құралы ретінде ағаштың қабығы, саз балшықтан жасалған тақтаны пайдаланған.Яғни жазу таңбалардың жиынтығынан пайда болған. Бұл таңбалар тұтас хабарды, , сөзді, буынды, дыбысты білдірді.


Бұл қызық!

Леонардо да Винчи жазған «Лестерская кодекс» әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. Әлемнің құрылымы туралы өз ойларын жазған жұмыс дәптері десе де болады. Билл Гейстің қолындағы бұл кітаптың құны 30, 8 миллион долларды құрайды.

Әлемдегі ең көне кітап Софиядағы Болгарияның ұлттық мұражайында, елдің оңтүстік-батысындағы табыттан табылған қолжазба ең көне кітап болып есептеледі. Қолжазба 2500 жыл бұрын жазылған . 24-караттық алтынмен көмкеріліп, өзара қапталған алты беттен тұрады.


Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді

Cурет. Адамзат тарихындағы жазу түрлері


Алғашқы жазудың түрлерінің бірі пиктографиялық жазу. Сурет тұтастай мәлімет беретіндіктен бұл жазуды суретті жазу деп те атайды. Суретте бейнеленген мәлімет жеке сөздерге бөлінбейді. Пиктограммалар пиктографиялық жазудың таңбалары болып табылады. Пиктографиялық жазудан біртіндеп идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы – таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан идеографиялық жазудың үлгілерін көре аламыз. Пиктографиялық және идеографиялық жазудан кейін буын, әріп жазуы, орфография, транслитерация және транскрипция сияқты жазудың түрлері болды. Бұл жазулардың әрқайсысы азамзат тарихының даму барысына, жазу мен білімнің дамуына белгілі дәрежеде ықпал етті.

Адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің дамуы

«Кiтап» – араб тiлiнен аударғанда жазба, түрiк тiлiнен аударғанда дәптер деген мағынаны білдіреді. Ғылымның барлық салалары кiтап арқылы тарайтындықтан, кітап– мәдениеттiң тасымалдаушысы болып саналады. Уақыт шеңбері адам баласының ойы мен өрісін байытуда кітаптың алар орнының өте жоғары екендігін дәлелдеді.

Ең алғашқы кітаптар б. з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында Қытайда жазылған. Қытайлықтар алғашқы кітаптарды ағаштан жасалған тақтайша мен бамбукқа жазған. Б.з.б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болғаннан кейін әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптаса бастады. Ежелгі замандағы Қытайдың иероглифтік жазулары бүгінгі таңға дейін сақталған.

Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде кітаптың алғашқы түрлері қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Грекия мен Римде қамысқа кітап жазу ісі б.з.б. 7-ғасырда кең өріс алды. Кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны әрлеуші суретшілерде осыған байланысты пайда болды. Ежелгі Мысырда жазу материалы ретінде папирусты пайдаланған. Папирустың сабақтарын жұқалап тіліп, біріне – бірін жабыстырып, қағаз сияқты парақтар дайындаған және оған бір жағы ұшталған қамыспен жазған. Мысырда папирустан жасалған кітаптарды шыршықтап орап тастаған.

Кітап басу ісінің пайда болуы адамзат тарихындағы дүниежүзілік мәдениетінің дамуындағы мәдени-саяси оқиға болып есептеледі. Қарапайым ғана қолжазбалар үлкен мәдени құндылық баспа шығармасы – кітапқа айналды. Кітап басу ісінің алғашқы баспалдағы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг ойлап тапқан жылжымалы литермен кітап бастыру ісі – болып саналады. Кітап басып шығара бастағаннан уақыттан бері бүкіл дүниежүзінде шыққан кітаптар қорынан асып түсетін кітап КСРО-да шығарылыпты. КСРОда 1 309 600, 000 дана кітап жарық көрген екен. Әр халықтың тарихында, рухани өмірінде, мәдениетінде әріден келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа таралып отырған мәңгі өшпейтін мұра, аса қымбат қазынасы бар. Сол қазынаның қайнар бастауының бірікітап. Бұл шексіз байлық санаулы ғана, азшылықтың иелігіндегі дегдарларға ғана тән дүние емес, ол бүкіл адамзат баласына ортақ дүние. Дін де, өнер де, діл де, философия да, әдебиет те, көзқарас та содан бастау алады. Бұл әркімге ауадай қажет рухани азық. Сол рухани азық бізге кітап арқылы беріледі.


ХХІ ғасыр оқырманына

О.Сүлейменов «Жазу тілі»

2000 жылы басылып шыққан «Жазу тілі» еңбегінде О.Сүлейменов түпнұсқадан ерекшеленетін сөзді талдаудың негізгі әдісін түсіндіреді, оның шығу тегі бастапқы иероглифтің графикалық белгісімен генетикалық байланыста қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жұмыс филология ғылымын жаңа деңгейге көтерді және лингвистикадағы көптеген кемшіліктерді толтырды.


Сұрақтарға жауап берейік

1. Қытайда ең алғаш кітаптар қай уақытта жазылды?

2. Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға қандай жазу түрі жазылды?

3. Мысырда жазу материалы ретінде пайдаланылған құралды атаңыз.

4. Шығыс және батыс алфавитінің бастауы болған ежелгі жазуды айтыңыз.

5.Интернетте газет, журналдың барлығы тұрған жоқпа. Газет шығаруға сонша қағазды құртып, қаншама тасымалдау құралдарына жанар-жағар май тауысып қажеті қанша...

6.Орхон – Енисей жазуларын, «Алтын адам» , киіз үй т.б артына өшпестей мұра қалдырған көшпенділерді «өркениетті қиратушылар» деп баға берген еуроцентристік идеяны жақтаушылардың пікіріне қарсы тағы да қандай дәлелдер келтіре аласындар....


Ойланайық, талқылайық

АКТ-мен жұмыс. Суретте адамзат тарихының 10 көне және ең маңызды жазу жүйесі топтастырылған. Кейбіреуі қолданыста бар, ал кейбіреулерінің сырын әлі ғалымдар ақыр аяғына дейін оқи алған жоқ. АКТ қолдану арқылы суреттегі жазуларды анықтап, тарихымен танысып, талдаңыз.




Талдап, салыстырайық

Адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап басып шығарудың маңыздылығы. Кеше мен бүгінін бағалап, болашаққа ұсыныстар жасаңыз.


Дәптерге орындайық

Қосымша деректерге сүйеніп кестені толтырыңыз.

Жазудың түрлері

Кезеңдері

Сипаттамасы

Пиктографиялық



Идеографиялық



Буын



Дыбыстық





Қолданып көрейік

Кітап басып шығару тарихын сипаттайтын екі сурет бойынша маңызды үш қорытынды шығарыңыз.

1. Қорытынды:

2. Қорытынды:

3. Қорытынды:


Ой бөлісейік

Ғалымдардың дәйексөздерін қолдана отырып, адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен типографияның маңызы туралы ойларыңызбен бөлісіңіз.

«Қытай өркениетінің шынайы негізі сауаттылық, кітап білімі, жазбаша сөз, жалпы иероглифтік жазу болды. Ұрпақтарынан «он мың ұрпақтың ұстазы» атағын алған «Өмір – бұл ілім» – деген Конфуцийдың алғашқы өсиеті болды.

Оқытудың бұл кітабында қытай өркениетінің маңызды белгілері бейнеленген: билік пен білімнің одағы, нақты өмірде кітаптың кескіндері мен кеңестерінен тоқылған, символдық денесінің болуы, табиғат пен адам ақыл-ойының кеңістігі».

В.В.Малявин «Мин дәуіріндегі Қытайдың күнделікті өмірі»


«Қағаз жүзіндегі ыңғайлы жазу жүйесі адамзаттың тарихи жолындағы кез келген интеллектуалды жетістіктің жоғарылауына ықпал еткен өнертабыс болды».

Игнас Джей Гельб «Жазба тарихы»