Бақылау сұрақтары

1. Гетерогендік катализдің теориялары? Гетерегенді реакциялардағы химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасын есептеу.

2. Заттардың агрегаттық күйлері? Химиялық термодинамиканың негізгі заңдары.

3. Бірінші түрдегі фазалық ауысулар. Ішкі энергия өзгерісінің өзара байланысы.

4. Гетерогендік катализдің теориялары. Гетерогенді және гомогенді реакциялар. туралы не айта аласыз?

5. Термодинамикалық процесс және термодинамикалық тепе-теңдік. Заттың жай күйінің функциялары және процесстерді жүзеге асыру жоолдары.

6. Химиялық кинетиканың негізгі түсініктері. Реакциялардың кинетикалық сипаттамалары.

7. Термодинамика заңдарының анықтамалары.

8. Қайтымды және қайтымсыз процесстер.

9. Энтальпия. Жұмыс, жылу және ішкі энергия өзгерісінің өзара байланысы. Жылусыйымдылық. Бірінші түрдегі фазалық ауысулар.

10. Күрделі реакциялардың қандай түрлерін білесіз?Мысал келтіріңіз.

11. Термохимия. Гесс заңы салдарлары.

12. Раулл заңы. Шынайы ерітінділер. Шекті және шексіз сұйытылған ерітінділер. Сұйытылған ерітінділер үшін Рауль заңы.

13. Реакцияның жылу эффектісі. Гесс заңы мен салдары.

14. Активтендіру энергиясы (Е) дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?

15. Жылу эффектісі реакциясының температурадан тәуелділігі. Кирхгоф теңдеуі. Термодинамиканың екінші заңы.

16. Химиялық тепе-теңдік сипаттамасы. Диссоциация дәрежесі мен қысым арқылы бейнеленген тепе-теңдік константасы. Қолданыстағы массалар заңы.

17. Химиялық реакцияның жылдамдығына температура қалай әсер етеді? Вант-Гофф ережесінің математикалық өрнегін жазыңыз.

18. Ерітінділер жалпы сипаттамасы. Ерітінділер классификациясы. Концентрацияны өрнектеу әдістері. Ерітінді түзілуінің термодинамикалық шарты. Мінсіз ерітінділердің термодитнамикалық қасиеттері.

19. Энтропия қасиеттері. Күйлік параметрлері бар энтропияның мінсіз газдың қатысуымен өтетін процестердегі өзгерісі. Трутон ережесі.

20. Екінші реттілікті реакциялардын жылдамдық константасының теңдеуін қорытып жазыңыз. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі.

21. Изобара, изохора, изотерма теңдеулері.

22. Әрекеттесуші массалар заңы тепе-теңдік константасы. Тепе-теңдік константасын есептеу әдістері. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі.

23. Фаза, компонент, термодинамикалық еркіндік дәрежесінің саны. Гетерогенді реакциялардағы химиялық тепе-теңдік. Фазалық тепе-теңдік.

24. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? Орташа және шын жылдамдық қандай формулалармен анықталады?

25. Бірінші реттілікті реакциялардың кинетикалық теңдеуін қорытып жазыңыз.

26. Бір компонентті және көпкомпонентті жүйе күйінің диаграммасында Гиббс фазалар ережесі. Фазалық тепе-теңдік.

27. Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының біріккен теңдеуі. Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы. Гиббс және Гельмгольц энергиясы арасындағы байланыс.

28. Су күйінің диаграммасы және фазалардың қатар болу облысы. Үштік (универсал) нүкте.

29. Қайтымды фазалық ауысулардағы Гиббс энергиясының өзгерісі. Химиялық реакциялардың Гиббс қалыпты энергиясының өзгерісі.

30. Қарапайым реакциялардың кинетикасы. Бірінші реттік реакция. Екінші ретті реакция. Күрделі реакциялардың кинетикасы.

31. Катализ және катализаторлар. Гомогенді және гетерогенді катализдің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.

32. Клапейрон — Клаузиус теңдеуі. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.

33. Вант-Гофф ережесі. Аррениус теңдеуі.

34. Идеал және шын ерітінділер үшін Рауль заңының анықтамасы. Рауль заңынан ауытқулардың себебі.

35. Параллель және кезекті реакциялар. Мысалдар келтіріңіз.

36. Тізбектік және фотохимиялық реакциялардың кинетикасы. Катализ.

37. Активтену энергиясы, физикалық мәні және оны есептеу. Активтену энергиясын және экспоненциал алды көбейткішті есептеу әдістері.

38. Химиялық реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігін қарастырыңыз.

39. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі. Айнымалы құрамдағы жүйелердегі тепе-теңдік және процестің бағыттылық критерийі. Химиялық потенциал.

40. Активтендіру энергиясы дегеніміз не? Оның физикалық мәнін көрсетіңіз. Катализ ұғымы. Катализдік реакциялар механизмі. Қышқылдық негізгі катализ. Фотохимиялық реакциялар.

41. Мінсіз газ. Газ заңдары? Газдардың молекулярлық-кинетикалық теориясы. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

42. Жартылай айналу периоды және бірінші, екінші ретті реакцияларға жылдамдық константасының байланысы.

43. Бірінші, екінші, үшінші ретті реакция үшін әрекеттесетін заттардың концентрация өзгерісінің кинетикалық теңдеуін көрсетіңіз және талдаңыз.

44. Реакцияның температуралық әсеріне тәуелділігі. Кирхгоф теңдеуі.

45. Фазалық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасын есептеу.

46. Термохимия. Гесс заңы. Гесс заңының салдарлары.

47. Гомогенді жүйе. Термодинамикалық жүйе. Ашық, жабық жүйе. Гетерогенді жүие.

48. Энтальпия. Жұмыс, ішкі энергия, жылу.

49. Термодинамикалық процесс және термодинамикалық тепе теңдік. Термодинамикалық жүйенің термодинамикалық шамалары: Ішкі энергия, Энтальпия, Энтропия, Гиббс энергиясы, Гельмгольц энергиясы, жылусыйымдылық.

50. Жылу сыйымдылығы. Бірінші түрдегі фазалық ауысулар. Термохимия. Гесс заңы.