1. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, қалыпты жағдайда химиялық реакцияның (кесте 1) жылулық эффектісін ∆Н0298 анықтаңыздар. Реакцияға түсетін ∆Н0298 энтальпия түзілуінің мәндерін анықтамалықтан (справочник) қараңыздар.
2. Реакция үшін жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділік ∆Cp=∆a+∆bT+∆cT2+∆c'T-2 теңдеуіндегі ∆a ∆b ∆c ∆c' коэффициенттерін анықтаңыздар.
3. 298 К-нен 1000-ге дейінгі (температураның сегіз мәнінде) температуралық аралықта және қалыпты қысымда (1 атм) реакцияның жылулық эффектісін анықтаңыздар
4. Реакция барысында 298 К де және қалыпты қысымдағы энтропия өзгерісін анықтаңыздар ∆S0298.
5. Реакция барысында 298 К-нен 1000-ге дейінгі (температураның сегіз мәнінде) температуралық аралықта және қалыпты қысымда (1 атм) энтропия өзгерісін анықтаңыздар.
6. Алынған нәтижелерді төмендегі кесте бойынша көрсетіңіз.
7. Көрсетілген температурадағы реакциялар үшін Кр тепе теңдік тұрақтысын анықтаңыз.
8. Cтандартты қысым Р және 800 К тең температурада β реакцияның өзгеру дәрежесін анықтаңыз.
9.
10. 101,3 кПа қысыммен және 1796 К температура кезінде белгілі бір СО мөлшері 100 литр көлемін алады. Изобарлық газ сығылғаннан кейін оның көлемі 5 есеге азайды. Жұмысшы заттың массасын, оның соңғы температурасын, істелген жұмысты, жылу мөлшері мен ішкі энергияның өзгеруін анықта.
11. Реакция жылдамдығы 100 есе артуы үшін N2(г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г) жүйесіндегі сутегі концентрациясын неше есе арттыру керек? Жауапты есептеулермен растаңыз.
12. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, қалыпты жағдайда химиялық реакцияның (CO+H2O=CO2+H2) жылулық эффектісін ∆Н0298 анықтаңыздар. Реакцияға түсетін ∆Н0298 энтальпия түзілуінің мәндерін анықтамалықтан (справочник) қараңыздар.
13. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, CO+Cl2=COCl2 реакциясы үшін жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділік ∆Cp=∆a+∆bT+∆cT2+∆c'T-2 теңдеуіндегі ∆a ∆b ∆c ∆c' коэффициенттерін анықтаңыздар.
14. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, қалыпты жағдайда химиялық реакцияның (2CO2=2CO+О2) жылулық эффектісін ∆Н0298 анықтаңыздар. Реакцияға түсетін ∆Н0298 энтальпия түзілуінің мәндерін анықтамалықтан (справочник) қараңыздар.
15. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, 4NH3+5O2=6H2O+4NO реакциясы үшін жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділік ∆Cp=∆a+∆bT+∆cT2+∆c'T-2 теңдеуіндегі ∆a ∆b ∆c ∆c' коэффициенттерін анықтаңыздар.
16. Оттегінің бір мольы 10,13 кПа-да 300-ден 1200 литрга дейін изобаралық ұлғаяды. Осы кездегі температура өзгерісін, жасалған жұмысты, ішкі энергия өзгерісін және жұмсалған жылу мөлшерін анықтаңыздар.
17. Радиоактивті фосфордың жартылай ыдырау мерзімі 343,2 сағатты құрайды. Фосформен белгіленген АТФ препаратының белсенділігі қанша уақыттан кейін 5 есеге төмендейді? Жартылай ыдырау реакциясы бірінші ретті реакция болып табылады.
18. Реакция жылдамдығы 4 есе артуы үшін 2CO(Г)=CO2(Г)+C(Т) жүйесіндегі көміртегі оксидінің концентрациясын неше есе арттыру керек? Жауапты есептеулермен растаңыз.
19. А және В заттар арасындағы реакция теңдеуімен өрнектеледі. А және В заттарының бастапқы концентрациясы сәйкесінше 0,03 және 0,05 моль/л. Реакция жылдамдығының константасы Реакцияның бастапқы жылдамдығын және А заттың концентрациясы 0,01 моль/л-ға азайғандағы біраз уақыт өткеннен кейінгі реакция жылдамдығын табыңыз.
20. Реакция жылдамдығы 90 есе артуы үшін температураны қанша градусқа көтеру керек. Реакцияның температуралық коэффициенті- 2,7 тең.
21. реакция жылдамдығының тұрақтысы0,0454 мин-1 -ге тең. Сірке ангидридінің бастапқы концентрациясы 0,5 моль/л болды, сірке қышқылының концентрациясы 0,1 моль/л болған кездегі t уақытында тікелей реакция жылдамдығын есептеңіз.
22. 20°С және 20,26 кПа кезінде су буының белгілі бір мөлшері 2 м3 көлемді алады. Егер изохорно қысымы 5 есе жоғарыласа, бу температурасын, сондай-ақ жылу мөлшері мен ішкі энергияның өзгеруін анықтаңыз
23. Галий буының белгілі-бір мөлшері 25 С ден 100 С дейін изобаралық қыздырылады. Егер бастапқы көлемі 100 литр болса, 101,3 кПа –дегі жүйенің соңғы температурасын, жасалынған жұмысты, ішкі энергия өзгерісін , жұмсалған жылу мөлшерін анықтаңыздар.(будағы галий екіатомды).
24. 2 мольді екіатомды идеал газдың изобаралық ұлғаюы кезіндегі жұмыс 8,079 кДж. Егер жүйенің бастапқы температурасы 300 К, ал көлемі 2 литр болса, онда жүеге қанша жылу беру керек және ішкі энергияның өзгерісі қандай болады?
25. 298 К және 101,3 кПа кезінде хлордың белгілі бір мөлшері 20 көлемді алады. Адиабатикалық қысу кезінде хлор қысымы 810,6 кПа дейін көтерілді. Газдың соңғы көлемін, температурасын, массасын, сондай-ақ жылу мөлшерін, жасалған жұмыс пен ішкі энергияның өзгеруін анықтаңыз.
26. СO(г)+Cl2(г)↔СОСl2(г) жүйесінде улы газдың концентрациясы 0.03 моль-ден 0.12 моль-ге дейін өсті хлор концентрациясы 0.02-ден 0.06 моль-ге дейін.Тікелей реакция жылдамдығы қалай өзгерді?
27. 180° С кезінде 4 г сутегі 3 литр көлемді алады. Изотермиялық түрде кеңейетін бұл газ 32 литрге тең көлемді алады. Газдың бастапқы және соңғы қысымын, сондай-ақ жылу мөлшерін, ішкі энергияның өзгеруін және жасалған жұмысты анықтаңыз.
28. Сахароза гидролизі реакциясы үшін Вант-Гоффа коэффициенті шамамен 4 тең. Температураны 10°С және 20°С-ге арттырсақ, осы реакцияның жылдамдығы неше есе өседі?
29. Температура 32 градусқа көтерілгенде, 5% тұз қышқылының ерітіндісінде темірдің еру жылдамдығы қалай өзгереді, егер еру жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,8 болса.
30. Реакция жылдамдығының тұрақтысы А+2В = C + D 0,3 моль-1 л с-1 -ге тең. Осы реакцияның кинетикалық теңдеуін жазыңыз, егер ол А затында нөлдік тәртіпке ие болса және В затында екінші ретті болса, ерітінділердің тең көлемін әр бастапқы заттардың 0,02 моль/л концентрациясымен араластыру кезінде реакцияның бастапқы жылдамдығын анықтаңыз.
31. Адиабатикалық түрде 5 г азот 202,6-дан 20,26 кПа-ға дейін сығылады. Газдың бастапқы және соңғы көлемін, егер бастапқы 2730 К болса, оның соңғы температурасын, сондай-ақ жылу мөлшерін, жасалған жұмыс пен ішкі энергияның өзгеруін анықтаңыз.
32. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, CH3OH+H2=CH4 + H2O реакциясы үшін жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділік ∆Cp=∆a+∆bT+∆cT2+∆c'T-2 теңдеуіндегі ∆a ∆b ∆c ∆c' коэффициенттерін анықтаңыздар.
33. Газ тектес заттарды иеальды күйде деп, S2+4H2O=4H2S + 2SO2 реакциясы үшін жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділік ∆Cp=∆a+∆bT+∆cT2+∆c'T-2 теңдеуіндегі ∆a ∆b ∆c ∆c' коэффициенттерін анықтаңыздар.
34. 2NO2 (г) = 2NO (г) + O2 (г) реакция үшін активация энергиясын есептеңіз. Осы реакцияның жылдамдық константалары 600 К және 640 К температурада 83,9 моль-1·л·с-1 мен 407,0 моль-1·л·с-1 тең.
35. 283 К температурадағы екі реакция бірдей жылдамдықпен жүреді. Бірінші және екінші реакция жылдамдығының температуралық коэффициенттері сәйкесінше 2,5 және 3,0 құрайды. Егер олардың біріншісі 350 К, екіншісі 330 К болса, реакция жылдамдығы қандай болады?
36. Изохоралық күйде 43 грамм натрий буын 500 К-ге дейін қыздырған. Бу қысымы 101,3 кПа. Егер жүйеге 10,46 кДж жылу берілген болса, будың соңғы температурасын, қысымын анықтаңыздар.
37. Сутегі иодының ыдырау реакциясы жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең. Егер 629 К температурада жылдамдық константасы 8,9·10-5 моль-1·л·с-1 тең болса, осы реакцияның 684 К температурадағы жылдамдық костантасын есептеңіз.
38. 2CO(г) + О2 = 2СО2 тікелей реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер:
а) газдың концентрациясын 3 есеге арттырсақ;
б) жүйенің қысымын 2 есеге азайтсақ;
в) жүйенің көлемін 5 есеге азайтсақ.
39. 393К температурада реакция 18 минут ішінде аяқталатыны белгілі. Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, бұл реакцияның ұзақтығын 453К температурада есептеңіз.(1,5 с)
40. Изохоралық күйде 43 грамм натрий буын 500 К-ге дейін қыздырған. Бу қысымы 101,3 кПа. Егер жүйеге 10,46 кДж жылу берілген болса, будың соңғы температурасын, қысымын анықтаңыздар.
41. 151,95 кПа қысымда сутегі 1 м3 көлемге ие. Егер көлем өзгермей қысымы 50,66 кПа-ға азаятын болса, сутегінің бастапқы және соңғы температурасын, сонымен қатар, жұмсалған жылу мөлшерін және ішкі энергия өзгерісін анықтаңыздар.
42. 360С және 410С-де пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық константалары сәйкесінше 6·10-6 с-1 және 1,2·10-5 с-1-ге тең. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңіз. (4)
43. Реакция 45 минутта қандай температурада аяқталатынын есептеңіз. Егер 293 К кезінде 3 сағат қажет болса, реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3,2. (304,9)
44. Егер активтендіру энергиясы 75,4 кДж/моль болса, 25-55 С температура аралығында сутегі асқын тотығының ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз. (2,53)
45. Егер температураны 100 ден 120-дейін арттырса реакция жылдамдығы 9 есе улкейеді. Осы жағдайдағы реакцияның активация энергиясы мен температуралық коэффициентін есептеңіз. (133,9 кДж/моль; 3)
46. Бірінші ретті гипотетикалық реакция үшін жартылай айналу периоды 55 минутты құрайды. Әсерлесуші заттардың концентрациясы 0,5 моль/л болғандағы реакция жылдамдығын есептеңіз.(6,3 10-3)
47. С11 көміртегі жасанды изотобының жартылай ыдырау периоды 20 мин. Бір сағаттан кейін осы изотоптың неше пайызы қалады? 12,5 %
48. Кейбір вирустың табиғисыздану процесі үшін жартылай айналу периодтары 30°С да 5 сағат және 37°С де 1,76·10-2 құрайды. Бірінші ретті кинетикалық теңдікті сипаттайтын табиғисыздану процесінің активация энергиясын анықтаңыз? 630 кдж/моль