Ауыл шаруашылығы дақылдарының фитопатологиясын жіктеудің оқытылған моделінің тиімділігін бағалау жаңа, бұрын қолданысқа енбеген өсімдік тінінің зақымданған аймақтарының гиперспектралды кескіндері арқылы жүзеге асырылады. Көпарналы спектрлік деректер толқын ұзындығының кең диапазонын қамтып, сау және ауру тіндердің нәзік спектрлік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Фитопатологияны спектрлік диагностика жасау барысында жаңа гиперспектралды кескіндер пайдаланылады. Олардың талдауы оқытылған модельге негізделген ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымданған аймақтарын жіктеу базасына сүйене отырып жүргізіледі. Бұл база жаңа кескіндердегі зақымданған бөліктерді анықтауға арналған (88-сурет). Мұны істеу үшін алдымен жаңа кескіндерді импорттау үшін бөлек қалтаны құру қажет: төменгі панельдің сол жақ бұрышындағы «Қосу» («Add») батырмасын басып, жаңа қалтаға «Test» деп атау беру керек (89-сурет).

88-сурет – Жаңа зақымданған аймақтарды анықтауға арналған оқытылған модель негізінде құрылған зақымданған дақыл аймақтарын жіктеу базасы

89-сурет – Жаңа (бұрын белгісіз) гиперспектралды кескіндерді импорттау үшін тест қалтасын жасау
Импорттау кезеңі кескіндерді алдын-ала өңдеуді де қамтиды, ол кескіндерді импорттау шебері арқылы жүзеге асырылады. Бұл шебер кескіндерді калибрлеу, шуды жою және сегменттеу қадамдарынан тұрады (90, 91-сурет). Сегментация бұрын құрылған эталондық (базалық) модельге сүйене отырып жүргізіледі. Одан әрі PLS-DA моделіне негізделген классификация алгоритмі қолданылады. Алгоритм алдын ала белгілі спектрлік белгілер негізінде, егер зақымдану түрі кескінде болса, оны анықтайды. Нәтижесінде жаңа гиперспектралды кескіндерге классификациялық модельді қолданудың нәтижелері алынып, «Тозаңды қара күйе» және «Қоңыр тат» қоздырғыштарымен зақымданған дақылдарды диагностикалау мүмкін болады (92, 93-сурет). Мұндай айырмашылықтарды көрінетін спектрдегі камералар немесе дәстүрлі визуалды әдістер арқылы анықтау қиын.

90-сурет – Алдын ала өңдеу және калибрлеу үшін жаңа (бұрын белгісіз) гиперспектралды кескіндерді импорттау

91-сурет – Фитопатологиямен зақымданған дақыл үлгілері бар жаңа гиперспектралды кескіндерді алдын-ала өңдеу және калибрлеу

92-сурет – «Тозаңды қара күйе» қоздырғышымен зақымдануды диагностикалау үшін жаңа гиперспектралды кескіндерге жіктеу моделін қолдану нәтижелері

93-сурет – «Қоңыр тат» қоздырғышымен зақымдануды диагностикалау үшін жаңа гиперспектралды кескіндерге жіктеу моделін қолдану нәтижелері