1 Мәліметтерді басқару және алмастыру стандарттауы


ISO халықаралық стандарттау ұйымы 32 JTC1 ("Data Management and Interchange") ішкі комитеттер қарауында локальды жэәне тараған ақпараттық жүйелер үшін мәліметтерді басқару мен алмастыру аумағында стандарт жасауда.

SC32 қарастыратын мәселелер аумағында бұрын болған және жаңа пайда болған стандарттар арақатынасы мәселесі де қарастырылады; мәліметтер құрамымен түрін анықтау, бұл құрылымдардың пайдалану семантикасы; параллелді пайдалануға, мәліметтерді өзгертуге, мәліметтерді алмастыруға, мәліметтерді сақтауды жүзеге асыруға арналған хаттамалар, сервистер және тілдер стандартын сипаттау; мета мәліметтерді құрылымдауға, ұйымдастыру мен тіркеуге, және басқа да ақпараттық ресурстарда пайдаланатын хаттамалар, сервистер, тілдер.

SC32 ұйымының қарсаңында келесі жұмыс топтары қызмет атқаруда:

WG01 – жасалған бизнес сценарилер мен олардың компоненттерін формальды сипаттау спцификациясы мен идентификациясы үшін стандарттарды жасауға мамандандыруға арналға топ, сонымен қатар электронды аумағындағы басқа да стандарттар.

WG02 – метамәліметтерді басқару, түрлі орталарды( Internet, Intranet және басқа орталар) метамәліметтерді алмастыру мен спцификация бойынша стандарттарды жасау және дамытумен айналысатын топ. Аталған топтың ірі жобаларына келесілер жатады

    • 1.32.16.01.02.00 ISO/IEC AWI 20943-2 "Ақпараттық технологиялар - XML құрылымданған мәліметтерді деректерді тіркеу процедурасына қолдану" (Information technology - Procedure for Achieving Data Registry Content Consistency - XML Structured Data). XML тілі web-серверларда серверларда орналасқан жіне тіркейтін дескриптарды сипаттау тілі ретінде пайдаланылып жүргені белгілі;
    • 1.32.17.01.00.00 ISO/IEC AWI 20944 "Ақпараттық технологиялар - метамәліметтерді пайдалану сервистері (Information technology - Metadata Access Service).
  • WG03 – мәліметтер қорымен байланыс тілінің стандартын жасайтын топ. WG03 қарастыратын мәселелердің біріне көпқолданушы және көпсервисті орталарда деректер қорының құрылымы мен мазмұнын сипаттау үшін тілді дамыту кіреді. Қарастыратын спецификациялар стандартты деректер қорын анықтайды, жаңа деректер қорын құру мехнизмін қарастырады. Сонымен қатар жұмысшы топ өңделуші тілдің басқа программалау тілдерімен интерфейсін стандарттау мәселесімен айналысады, сонымен қатар мәліметтер түрін, мәліметтерді өңдеу мен ұсынуды стандарттаумен айналысады. Аталған топтың үлкен жобалары ретінде келесілерді атауға болады:
    • 1.32.03.05.09.00 ISO/IEC CD 9075-9 "АТ- SQL тілі: Сыртықы мәліметтерді басқару" (Information technology - Database Languages - SQL - Part 9: Management of External Data (SQL/MED));
    • 1.32.03.05.14.00 ISO/IEC WD 9075-14 " АТ- SQL тілі: SQL мен ХМL арақатынасы" (Information technology - Database Language SQL - Part 14: SQL/XML (for SQL:200n)).
  • WG04 – түрлі қолданбалы аумақтарды қолдануға арналған мәліметтердің абстракты түрі паекттерін стандарттайтын топ.
  • WG05 – қосымшалар мен деректер қоры арақатынасын аумағындағы стандартты жасаушы топ, соымен қатар мәліметтерге жеке қолжетім мен мәліметтерді жіберу хаттамаларын стандарттау. Аталған топтың үлкен жобалары ретінде келесілерді атауға болады:
    • 1.32.05.04.00.00 ISO/IEC CD 9579 ed 4 "АТ – SQL мәліметтерге меншіктік қолжетім" (Information technology - Remote Database Access for SQL: (RDA/SQL). Edition 4).

Соңғы кездерде мәліметтерді алмастыру жіне ақпарат ұсыну үшін көбінесе XML (eXtensible Markup Language) тілін пайдаланады. Бұл тіл қандайда бір нақты платформаға немесе өндірушіге бекітілмеген. XML 1.0 тілінің бірінші спецификациясы 1998 жылы W3C консорциумында ұсыным статусын алды. Ары қарай W3C консорциумы XML (Extensible Markup Language (XML) Version 1.0 (Edition 2): http://www.w3.org/TR/REC-xml) тілімен байланысты стандарттар тобын жасап және жариялады, XLink мен Xpointer байланыс мехнаизміне стандарт қоса отырып, (Recommendation) XML Schema Part 1: Structures, 2 May, 2001, (Recommendation) XML Schema Part 2: Datatypes, 2 May, 2001: http://www.w3.org/TR/2001/REC-xmlschema-1-20010502/, http://www.w3.org/TR/2001/REC-xmlschema-2-20010502/) мәліметтер сызбасы синтаксисін стандарттау, (Namespaces in XML, 14 January, 1999: http://www.w3.org/TR/REC-xml-names) атаулар кеңістігін қолдану мен анықтау бойынша спецификациясы.

W3C консорциумы XML стандарттауды жалғастыра отырып, DOM XML – объектінің XML құжаты түрінде ұсынатын құжаттың объектілі моделі бойынша ұсынымдарды баспаға шағарды.

XML стандарттау мәселесімен OASIS - Organization for the Advancement of Structured Information Standards: http://www.oasis-open.org та айналысады.

IETF инженерлі тобы мәліметтердә алмасу тілі сияқты XML тілі пайдаланатын SOAP (Simple Object Access Protocol) стандарты жасалды. Іс жүзінде SOAP XML қолдану арқылы CORBA, EJB мен COM технологияларын біріктіру арқылы мәліметтерге платформааралық қолжетім мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда W3C консорциумы жасап жатқан XQL (XML Query Language: http://www.w3.org/TR/2001/WD-xquery-20011220/) стандарты XML құжаттар жиынына сұратулар әдісін жетілдірумен байланысты мәселелерді қарастырады.

WG3 32 қарсаңында JTC1 ішкі комитетінде XML тілін қолданумн байланысты стандарт жасалуда: "АТ - SQL тілі – 14 бөлім: SQL/XML спецификациясы " ( Information technology - Database languages - SQL - Part 14: XML-Related Specifications (SQL/XML)). Жазылып жатқан стандарт SQL тілінің құралдарымен сипатталатын мәліметтерді XML тілі ұсынатын мәліметтерге түрлендіру, және керісінше SQL кестелерінің сәйксті алгоритмін қоса отырып, SQL мәндерін XML мәндеріне сәйестігі мехнизмін қарастырады, сонымен қатар SQL/XML үшін XML-сызба сипатын көрсетеді. Бұл стандарт бойынша Final Committee Draft ISO/IEC FCD 9075-14 жарық көрген.

Қазіргі таңда жасалып жатқан, мәліметтерді алмастыруға арналған белгілі стандарттардың бірі ISO/IEC WD 9579, Fourth Edition "АТ - SQL үшін деректер қорына меншікті қолжетім" (Information Technology - Remote Database Access for SQL with Extended Security).

RDA/SQL қарастырылып жатқан стандарты келесі белгілі стандарттар IETF ( http://www.internic.net) негізінде жасалады:

  • RFC 791 Internet Protocol.
  • RFC 793 Transmission Control Protocol.
  • RFC 819 The Domain Naming Convention for Internet User Applications.
  • RFC 1122 Requirements for Internet Hosts - Communication Layers.
  • RFC 1123 Requirements for Internet Hosts - Application and Support.
  • RFC 2246 The TLS Protocol.

RDA/SQL ISO/IEC 9075 (Database Language SQL) стандартына сәйкес келетін ДҚБЖ меншікті қолжетімді жүзеге асыру үшін қажет.

RDA/SQL стандарты коммуникациялық хаттамалар арқылы бір немесе бірнеше SQL-клиенттермен қашықтықта қатынас моделін сипаттайды.

RDA/SQL RDA-хаттамасының TCP/IP және TLS (Transport Layer Security) стандартты хаттамасымен арақатынас моделін орнатады, RDA-хабар, RDA-оператор, RDA-хаттама және RDA-жөнелту ұғымдарын енгізеді.

Стандартта SQL ортасының RDA-моделін анықтайды, RDA-клиент пен RDA-сервер ортасын, функцоналды компоненттерді анықтайды (1.1. сурет)

Сурет. 1.1.SQL ортасының RDA-моделі

RDA-моделі RDA-клиент пен RDA-сервер қатынасын жүзеге асыратын көліктік деңгейдегі провайдерларды анықтайды.

ISO/IEC 9075-3 (SQL/CLI) стандарты серверде анықталатын нәтижелік жиынды спаттайды, RDA/SQL стандарты нәтижелі жиын мен SQL/CLI сәйкес шақырылуын арақатынасына арнаған RDA-операторын сипаттайды. RDA-операторлармен бірге аталған стандарт атрибут кодтарын енгізеді. Қазіргі күнге дейін WR5 жұмыс тобы RDA/SQL стандартының 4-ші басылымы жарық көрген.