ISO халықаралық стандарттау ұйымы 32 JTC1 ("Data Management and Interchange") ішкі комитеттер қарауында локальды жэәне тараған ақпараттық жүйелер үшін мәліметтерді басқару мен алмастыру аумағында стандарт жасауда.
SC32 қарастыратын мәселелер аумағында бұрын болған және жаңа пайда болған стандарттар арақатынасы мәселесі де қарастырылады; мәліметтер құрамымен түрін анықтау, бұл құрылымдардың пайдалану семантикасы; параллелді пайдалануға, мәліметтерді өзгертуге, мәліметтерді алмастыруға, мәліметтерді сақтауды жүзеге асыруға арналған хаттамалар, сервистер және тілдер стандартын сипаттау; мета мәліметтерді құрылымдауға, ұйымдастыру мен тіркеуге, және басқа да ақпараттық ресурстарда пайдаланатын хаттамалар, сервистер, тілдер.
SC32 ұйымының қарсаңында келесі жұмыс топтары қызмет атқаруда:
WG01 – жасалған бизнес сценарилер мен олардың компоненттерін формальды сипаттау спцификациясы мен идентификациясы үшін стандарттарды жасауға мамандандыруға арналға топ, сонымен қатар электронды аумағындағы басқа да стандарттар.
WG02 – метамәліметтерді басқару, түрлі орталарды( Internet, Intranet және басқа орталар) метамәліметтерді алмастыру мен спцификация бойынша стандарттарды жасау және дамытумен айналысатын топ. Аталған топтың ірі жобаларына келесілер жатады
Соңғы кездерде мәліметтерді алмастыру жіне ақпарат ұсыну үшін көбінесе XML (eXtensible Markup Language) тілін пайдаланады. Бұл тіл қандайда бір нақты платформаға немесе өндірушіге бекітілмеген. XML 1.0 тілінің бірінші спецификациясы 1998 жылы W3C консорциумында ұсыным статусын алды. Ары қарай W3C консорциумы XML (Extensible Markup Language (XML) Version 1.0 (Edition 2): http://www.w3.org/TR/REC-xml) тілімен байланысты стандарттар тобын жасап және жариялады, XLink мен Xpointer байланыс мехнаизміне стандарт қоса отырып, (Recommendation) XML Schema Part 1: Structures, 2 May, 2001, (Recommendation) XML Schema Part 2: Datatypes, 2 May, 2001: http://www.w3.org/TR/2001/REC-xmlschema-1-20010502/, http://www.w3.org/TR/2001/REC-xmlschema-2-20010502/) мәліметтер сызбасы синтаксисін стандарттау, (Namespaces in XML, 14 January, 1999: http://www.w3.org/TR/REC-xml-names) атаулар кеңістігін қолдану мен анықтау бойынша спецификациясы.
W3C консорциумы XML стандарттауды жалғастыра отырып, DOM XML – объектінің XML құжаты түрінде ұсынатын құжаттың объектілі моделі бойынша ұсынымдарды баспаға шағарды.
XML стандарттау мәселесімен OASIS - Organization for the Advancement of Structured Information Standards: http://www.oasis-open.org та айналысады.
IETF инженерлі тобы мәліметтердә алмасу тілі сияқты XML тілі пайдаланатын SOAP (Simple Object Access Protocol) стандарты жасалды. Іс жүзінде SOAP XML қолдану арқылы CORBA, EJB мен COM технологияларын біріктіру арқылы мәліметтерге платформааралық қолжетім мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда W3C консорциумы жасап жатқан XQL (XML Query Language: http://www.w3.org/TR/2001/WD-xquery-20011220/) стандарты XML құжаттар жиынына сұратулар әдісін жетілдірумен байланысты мәселелерді қарастырады.
WG3 32 қарсаңында JTC1 ішкі комитетінде XML тілін қолданумн байланысты стандарт жасалуда: "АТ - SQL тілі – 14 бөлім: SQL/XML спецификациясы " ( Information technology - Database languages - SQL - Part 14: XML-Related Specifications (SQL/XML)). Жазылып жатқан стандарт SQL тілінің құралдарымен сипатталатын мәліметтерді XML тілі ұсынатын мәліметтерге түрлендіру, және керісінше SQL кестелерінің сәйксті алгоритмін қоса отырып, SQL мәндерін XML мәндеріне сәйестігі мехнизмін қарастырады, сонымен қатар SQL/XML үшін XML-сызба сипатын көрсетеді. Бұл стандарт бойынша Final Committee Draft ISO/IEC FCD 9075-14 жарық көрген.
Қазіргі таңда жасалып жатқан, мәліметтерді алмастыруға арналған белгілі стандарттардың бірі ISO/IEC WD 9579, Fourth Edition "АТ - SQL үшін деректер қорына меншікті қолжетім" (Information Technology - Remote Database Access for SQL with Extended Security).
RDA/SQL қарастырылып жатқан стандарты келесі белгілі стандарттар IETF ( http://www.internic.net) негізінде жасалады:
RDA/SQL ISO/IEC 9075 (Database Language SQL) стандартына сәйкес келетін ДҚБЖ меншікті қолжетімді жүзеге асыру үшін қажет.
RDA/SQL стандарты коммуникациялық хаттамалар арқылы бір немесе бірнеше SQL-клиенттермен қашықтықта қатынас моделін сипаттайды.
RDA/SQL RDA-хаттамасының TCP/IP және TLS (Transport Layer Security) стандартты хаттамасымен арақатынас моделін орнатады, RDA-хабар, RDA-оператор, RDA-хаттама және RDA-жөнелту ұғымдарын енгізеді.
Стандартта SQL ортасының RDA-моделін анықтайды, RDA-клиент пен RDA-сервер ортасын, функцоналды компоненттерді анықтайды (1.1. сурет)
Бұл сәйкестік деңгейі сілтемелік бүтіндіктің қосымша мүмкіндіктерін қолдауды енгізеді: CREATE TABLE операторының CHECK шектеулеріндегі ішкі сұратулар , триггерлер, CREATE ASSERTION операторымен құрылатын тұжырымдар. Аталған мүмкіндітердің көбі SQL92 стандартында болған.
Бұл сәйкестік деңгейінде деректер қорының триггерлерін қолдау анықталады. Деректерді көрсетілген өзгерістерді жасуға дейін немесе жасағаннан кейін код фрагменттері триггерлерді ұсынады (жол қосу, өзгерту немесе өшіру).
Бұл сәйкестік деңгейі неғұрлым күрделі сұратуларды сипаттау құралдарын анықтайды. SELECT операторында бірнеше сұратулар қиылысын алуға мүмкіндік беретін INTERSECT фразасы қосылған. SQL92 стандартында бұл мүмкіндік тек қана толық сәйкестік деңгейінде сипатталған. SELECT операторында кестелердің сыртқы толық бірігуін қамтамасыз ететін FULL OUTER JOIN жазбасы берілген. Мұндай бірігу барлық біріккен кестелер жолдарын қамтиды, сәйкестік болмаған жағдайда NULL мәні беріледі. Аталған мүмкіндік SQL92 стандартының толық сәйкестік деңгейінде де қарастырылды. SQL тілінің мәліметтері басқаруда қолданатын операторларында кесте мен жолдардың конструкторларын пайдалануы анықталады. Жол конструкторлары бір немесе бірнеше мәндерден тұрады ( мысалы, (NULL,1,'Field1')). Кесте мәндерінің конструкорлары жол конструкторлары жиынын береді, жолдар тобын сипаттайды. (мысалы , VALUES (1,'A'), (2,'B')).
Бұл сәйкестік деңгейі SQL99 стандартының құжаттарында толығымен SQL/PSM сипаталған. SQL тілі SQL CASE, IF, WHILE, REPEAT, LOOP және FOR операторларымен кеңеюде. CREATE PROCEDURE және CREATE FUNCTION операторлармен құрлатын функциялар мен процедуралар пайдалану енгізілуде SQL тілінде айналымдарды пайдалану және қателерді өңдеушілерде қолдану енгізілген.
Бұл сәйкестік деңгейі SQL операторларының шақырылу деңгейін анықтайтын интерфейс енгізеді. Өз кезегінде CLI-интерфейсі негізінде ODBC стандарты жазылған, төмендегі дәрістерде тереңінек қарастырылады.
Бұл сәйкестік деңгейі қолданушы анықтайтын мәліметтер объектілі түрлерін енгізе отырып объектілерді пайдалануды стандарттайды, типтелген кестелерді пайдаланады, массивтар емн мәліметтердің сілтеиелік түрін пайдаланады, сонымен қатар сыртқы процедураларды алдына ала анықтау..
Бұл сәйкестік деңгейі объектілерді базалық қолдау деңгейлері ұсынатын барлық мүмкіндіктерді қамтиды, қолданушы анықтайтын мәліметтер түрінің жиынын қолдаумен толықтырады.
Жоғарыда көрсетілген кеңейтілген сәйкестік деңгейлері стандарттың тарауларына сәйкес келетін құжаттарға тура байланысты емес. Қазіргі таңда SQL99 стандарты келесі негізгі бөлімдерден тұрады.:
SQL/OLB - SQL тілінің басқа объектілі тілдермен байланысын анықтайды