Кіріспе


Ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі – мал шаруашылығы. Халықты түрлі азықтармен, жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Сүт, ет, жұмыртқа және олардың өнімдері жоғары қоректілікпен және биологиялық бағалылығымен ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, қой терісі, елтірі өнеркәсіптік тауарлар жасауда, аяқ киім жасауда және тағы басқа тауарлар үшін шикізат көзі болып табылады. Өңдеу үшін малдардың мүйіздерін, тұяғын және де сүйектерін қолданады. Олардан әртүрлі бұйымдар және де тағы басқа заттарды шығарады. Қасапхана қалдығынан, азыққа жарамсыз заттардан сүйек-етті ұнын, сүйек және қан ұнын алады. Ал кейбір органдарынан дәрілік заттар да жасайды. Малдардың жеке түрлері әр түрлі жұмыстар орындауы үшін қолданылады. Ауыл шаруашылық малдарынан алынатын көң бағалы органикалық тыңайтқыш болып табылады.

Ауыл шаруашылығының бір саласы мал шаруашылығы ірі қара шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы және ешкі шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, үй қояны шаруашылығы, құс шаруашылығы және тағы басқа салаларға бөлінеді. Малдардың бірнеше түрлерін өсіруі түрлі азықтар және әртүрлі шикізаттар алуды қамтамасыз етеді.

Ғылыми-техникалық ілгерілеу шарттарында әсіресе зоотехнии-калық ғылымның рөлі маңызды, ол биологиялық заңдардың біліміне негізделе отырып және агрономия ғылымымен, экономика ғылымымен және инженерия ғылымымен тығыз байланысты болып келеді. Ерте кезден мал шаруашылығының дамуымен байланысты, және де басқа ғылымдардың дамуымен зоотехния ғылымы пайда болып, дами бастады. Қазіргі уақытта зоотехния ғылымы ауыл шаруашылығындағы маңызды салалардың бірі болып табылады.

Зоотехния ғылымы жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы зоотехния ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлері мен тұқымдарының өсіру негізін, азықтандырылуын, бағып күтуін және қолдануын зерттейді. Ал жеке зоотехния мал шаруашылығының жеке салаларының өсіру технологиясын зерттейді. Осы оқу құралы жалпы зоотехния сұрақтарынан құрастырылған ауылшарушылық малдарын өсіру, селекциясы, гигиенасы және азықтандыруы.