5 Студенттердің өздік жұмысы – білім беру үдерісін ұйымдастырудың жетекші формасы

5.1 Өздік жұмыстың мақсаттары, міндеттері, принциптері, түрлері және деңгейлері

23.08.2012 ж. № 1080 Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының талаптарын орындалуын қамтамасыз ететін, студенттердің өздік жұмысының барлық формалары мен оқу түрлері білім беру қызметінің міндетті түрлерінің бірі болып табылады.

Студенттердің өздік жұмысына нақты талаптар бағыттары мен мамандықтары бойынша жоғарғы кәсіптік білім берудегі мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталады.

Студенттердің өздік жұмысына қойылатын нормативтік талаптар жергілікті сипаттағы құжаттармен толықтырылады: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жарғысы, жоғары кәсіптік білім берудегі негізгі білім беру бағдарламаларындамытудағы жетістіктержәнестуденттердің білім беру қызметін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі туралы Ережесі.

Но 23.08.2012 ж. № 1080 Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының талаптарын орындалуын қамтамасыз ететін, студенттердің өздік жұмысының барлық формалары мен оқу түрлері білім беру қызметінің міндетті түрлерінің бірі болып табылады. Студенттердің өздік жұмысына нақты талаптар бағыттары мен мамандықтары бойынша жоғарғы кәсіптік білім берудегі мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталады. Студенттердің өздік жұмысына қойылатын нормативтік талаптар жергілікті сипаттағы құжаттармен толықтырылады: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жарғысы, жоғары кәсіптік білім берудегі негізгі білім беру бағдарламаларындамытудағы жетістіктержәнестуденттердің білім беру қызметін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі туралы Ережесі. Нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес студенттердің өздік жұмысы білім беру процесінің міндетті компоненті болып табылады. Дағдыларды түсіну және олардың мазмұнын кеңейту, ортақ мәдени және кәсіптік құзыреттерді қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу дағдылары, ғылыми-зерттеу қызметі, тәжірибелік сабақтарға, зертханалық жұмыстарға, емтихан мен тесттерді тапсыруға дайындалу арқылы дәріс сабақтарында алынған білімді бекітуді қамтамасыз етеді. Студенттердің өздік жұмысы мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жоғарғы кәсіптік білім берудегі білім беру бағдарламаларын табысты игеруін қамтамасыз ететін, аудиторлық және аудиториядан тыс сабақтар мен жұмыстардың жиынтығы болып табылады. Кез-келген білімді игеру бойынша өздік жұмыстың дағдылары адамның ерте жасынан басталып, өмір бойы дамиды. ЖОО-да оқудың басталуымен әрбір студенттің мектепте оқу процесі барысында, қосымша білім беру мекемелерінде, сабақтан тыс іс-шараларда және тұрмыста игерген өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастырудың өздік жеке тәжірибесі және дағдылары болады. Алайда, күрделі жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттіліктерді игеруге байланысты ЖОО оқу кезінде өздік жұмысты ұйымдастырудағы талаптар айтарлықтай өседі. Тәжірибе өздік жұмысқа қойылатын талаптарды орындаудастуденттердіңдаярлық деңгейі әртүрлі екенін көрсетеді. Студенттердің екі негізгі тобы бар. Бірінші топтың өкілдері өздік жұмыстың тапсырмаларын орындауға бағытталған және оны орындаудағы қойылатын талаптарды табысты шешу (алынған ақпаратты түсіну және есте сақтау, логикалық ойлау, материалды жазбаша және ауызша түсіну, өлшеу, есептеу, жобалау және т.б.) үшін мүмкіндік беретін әмбебап оқу құзыреттіліктеріне ие. Екінші топтың студенттері оқу материалын игеру кезінде өздік жұмысты үздіксіз орындауға бағытталған тұрақты бағдарға ие емес және әмбебап білім беру құзыреттілігін дамытудың және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларының төмен деңгейімен ерекшеленеді. Студенттердің өздік жұмысы – оқытушының тапсырмасы бойынша және әдістемелік басшылығында аудиториядан тыс (немесе аудиториялық) уақытта орындалатын, бірақ оның тікелей қатысуынсыз (студенттердің жұмысын бақылау және жетекші рөл атқаратын оқытушының ішінара тікелей қатысуымен) студенттердің жоспарланған оқу, оқу‐зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысы. Студенттердің өздік жұмысы – бұл оқытушының кеңес беру‐үйлестіру көмегі кезінде студенттердің жеке, уақыт бойынша бөлінген күрделі тапсырмалар кешенін орындауында, олардың тұлғалық уақытын мазмұндық‐мағыналық құрылымдау жағдайында білім алушылардың қызметін өздік ұйымдастыруға бағытталған оқу‐танымдық іс-әрекет түрі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, студенттердің өздік жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауға болады. Студенттердің өздік жұмысының негізгі мақсаты – болашақ мамандық бейіні бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту. ЖОО-да оқу үдерісінің шеңберінде өздік жұмыс келесі міндеттерді шешеді: - студенттердіңаудиторияда және аудиториядан тыс іс-шараларда алған білімдері мен дағдыларын шоғырландыру және кеңейту, оларды ақыл-ой мен дене белсенділігінің стереотиптеріне айналдыру; - оқу жоспарындағы пәндер бойынша қосымша білім мен дағдыларды игеру; - ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты білімдер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту; - білім беру бағдарламасының сапалы игерілуіне бағдарлау мен орнатуды дамыту; - өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту; - тәуелсіз ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту қабілеттерін қалыптастыру; - тиімді өздік кәсіби теориялық, практикалық және оқу-зерттеу жұмыстары үшін дағдыларды дамыту. Сонымен қатар, бұл өздік жұмыс білімді тәжірибеде қолдану қабілеті және әр түрлі көздерден ақпаратты табу, өңдеу және талдау қабілеті сияқты маңызды құзыреттіліктерді қалыптастырумен тығыз байланысты. Жалпы оқыту жүйесінде студенттердің өздік жұмысының функциялары: -дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің интеллектуалды қабілеттерін қалыптастыру); -ақпараттық-оқыту (студенттердің аудиториялық сабақтарда өздік жұмыспен бекітілмеген, оқу іс-әрекеті аз нәтижелі болады); -бағдарлаушы және ынталандырушы (білім беру мотивін қалыптастыру, оқыту үдерісіне жылдамдату және мотивация беріледі,өздігінен білім алу); -тәрбиелеуші (маманның тұлғалық-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру); - зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі). Студенттердің өздік жұмысының міндеттерін орындау және оны іске асыру үшін университет қамтамасыз ететін келесі шарттар қажет: - материалдық-техникалық базаның болуы; - студенттердің өздік жұмысы үшін қажетті ақпараттық қордың болуы және онымен аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі; - студенттердің өздік жұмысына кіретін нақты тапсырмаларды орындау үшін ғимараттардың болуы; - студенттің өздік жұмысына кіретін тапсырмалардың мазмұнының негізделуі; - өздік жұмыс үшін қажетті уақытты есептеп, өздік жұмыстың пәндердің жұмыс бағдарламасымен байланыстыру; - студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру дағдаларын, әмбебап оқу құзыреттіліктерін дамыту; - оқытушылармен студенттердің өздік жұмысының барлық кезеңдерінің орындалуын қадағалау,ағымдағы және қорытынды нәтижелерді бақылау. Қазіргі білім беру үрдісі аясында өздік жұмыс ұйымдастырудың нақты қағидалары: - интерактивті оқытудың принципі (студенттердің әрекеттерін бақылауға және түзетуге мүмкіндік беретін интерактивті диалог пен пікір алмасуды қамтамасыз ету); - студенттің интеллектуалды әлеуетін дамыту принципі (алгоритмдік, көрнекі, ойлаудың теориялық стилі, күрделі жағдайларда оңтайлы немесе өзгермелі шешім қабылдау, ақпаратты өңдеу мүмкіндігі); - дидактикалық оқу циклінің тұтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету принципі (дидактикалық циклдің барлық бөліктерін тақырып, бөлім, модуль бойынша орындауға мүмкіндік беру). Сауатты ұйымдастырылған СӨЖ жоспарланған нәтижелері: - болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру; - теориялық материалды практикалық жолмен бекіту; - өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі; - тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту; - ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру; - білім беру үдерісінің сапасы мен қарқындылығын арттыру; таңдаған мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру; - оқытуда сараланған тәсілді жүзеге асыру; - алынған білім мен практикалық дағдыларды жағдайды талдау және дұрыс шешім әзірлеу үшін, өз позициясын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін қолдану. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу қазіргі заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімге инновациялық сипат беруге, демек, оны жаңғырту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. СӨЖ әр оқу пәні бойынша СӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Оқу тапсырмаларын таңдау барлық дайындық бағыттары бойынша оқу жоспарымен анықталады. Бұл ретте, оқытушының бақылауды жүзеге асыруына қосымша сағат бөлуді көздемейтін, бақыланатын СӨЖ (бұдан әрі – СОӨЖ) және СӨЖ бөлінген сағаттар саны ескеріледі. Кесте 1 – СӨЖ орындауға арналған студент үшін үлгілікрмативті құжаттардың талаптарына сәйкес студенттердің өздік жұмысы білім беру процесінің міндетті компоненті болып табылады. Дағдыларды түсіну және олардың мазмұнын кеңейту, ортақ мәдени және кәсіптік құзыреттерді қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу дағдылары, ғылыми-зерттеу қызметі, тәжірибелік сабақтарға, зертханалық жұмыстарға, емтихан мен тесттерді тапсыруға дайындалу арқылы дәріс сабақтарында алынған білімді бекітуді қамтамасыз етеді.

Студенттердің өздік жұмысы мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жоғарғы кәсіптік білім берудегі білім беру бағдарламаларын табысты игеруін қамтамасыз ететін, аудиторлық және аудиториядан тыс сабақтар мен жұмыстардың жиынтығы болып табылады.

Кез-келген білімді игеру бойынша өздік жұмыстың дағдылары адамның ерте жасынан басталып, өмір бойы дамиды. ЖОО-да оқудың басталуымен әрбір студенттің мектепте оқу процесі барысында, қосымша білім беру мекемелерінде, сабақтан тыс іс-шараларда және тұрмыста игерген өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастырудың өздік жеке тәжірибесі және дағдылары болады. Алайда, күрделі жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттіліктерді игеруге байланысты ЖОО оқу кезінде өздік жұмысты ұйымдастырудағы талаптар айтарлықтай өседі.

Тәжірибе өздік жұмысқа қойылатын талаптарды орындаудастуденттердіңдаярлық деңгейі әртүрлі екенін көрсетеді. Студенттердің екі негізгі тобы бар. Бірінші топтың өкілдері өздік жұмыстың тапсырмаларын орындауға бағытталған және оны орындаудағы қойылатын талаптарды табысты шешу (алынған ақпаратты түсіну және есте сақтау, логикалық ойлау, материалды жазбаша және ауызша түсіну, өлшеу, есептеу, жобалау және т.б.) үшін мүмкіндік беретін әмбебап оқу құзыреттіліктеріне ие. Екінші топтың студенттері оқу материалын игеру кезінде өздік жұмысты үздіксіз орындауға бағытталған тұрақты бағдарға ие емес және әмбебап білім беру құзыреттілігін дамытудың және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларының төмен деңгейімен ерекшеленеді.

Студенттердің өздік жұмысы – оқытушының тапсырмасы бойынша және әдістемелік басшылығында аудиториядан тыс (немесе аудиториялық) уақытта орындалатын, бірақ оның тікелей қатысуынсыз (студенттердің жұмысын бақылау және жетекші рөл атқаратын оқытушының ішінара тікелей қатысуымен) студенттердің жоспарланған оқу, оқу‐зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысы. Студенттердің өздік жұмысы – бұл оқытушының кеңес беру‐үйлестіру көмегі кезінде студенттердің жеке, уақыт бойынша бөлінген күрделі тапсырмалар кешенін орындауында, олардың тұлғалық уақытын мазмұндық‐мағыналық құрылымдау жағдайында білім алушылардың қызметін өздік ұйымдастыруға бағытталған оқу‐танымдық іс-әрекет түрі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, студенттердің өздік жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауға болады.

Студенттердің өздік жұмысының негізгі мақсаты – болашақ мамандық бейіні бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту.

ЖОО-да оқу үдерісінің шеңберінде өздік жұмыс келесі міндеттерді шешеді:

- студенттердіңаудиторияда және аудиториядан тыс іс-шараларда алған білімдері мен дағдыларын шоғырландыру және кеңейту, оларды ақыл-ой мен дене белсенділігінің стереотиптеріне айналдыру;

- оқу жоспарындағы пәндер бойынша қосымша білім мен дағдыларды игеру;

- ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты білімдер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту;

- білім беру бағдарламасының сапалы игерілуіне бағдарлау мен орнатуды дамыту;

- өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту;

- тәуелсіз ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту қабілеттерін қалыптастыру;

- тиімді өздік кәсіби теориялық, практикалық және оқу-зерттеу жұмыстары үшін дағдыларды дамыту.

Сонымен қатар, бұл өздік жұмыс білімді тәжірибеде қолдану қабілеті және әр түрлі көздерден ақпаратты табу, өңдеу және талдау қабілеті сияқты маңызды құзыреттіліктерді қалыптастырумен тығыз байланысты.

Жалпы оқыту жүйесінде студенттердің өздік жұмысының функциялары:

-дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің интеллектуалды қабілеттерін қалыптастыру);

-ақпараттық-оқыту (студенттердің аудиториялық сабақтарда өздік жұмыспен бекітілмеген, оқу іс-әрекеті аз нәтижелі болады);

-бағдарлаушы және ынталандырушы (білім беру мотивін қалыптастыру, оқыту үдерісіне жылдамдату және мотивация беріледі,өздігінен білім алу);

-тәрбиелеуші (маманның тұлғалық-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру);

- зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).

Студенттердің өздік жұмысының міндеттерін орындау және оны іске асыру үшін университет қамтамасыз ететін келесі шарттар қажет:

- материалдық-техникалық базаның болуы;

- студенттердің өздік жұмысы үшін қажетті ақпараттық қордың болуы және онымен аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі;

- студенттердің өздік жұмысына кіретін нақты тапсырмаларды орындау үшін ғимараттардың болуы;

- студенттің өздік жұмысына кіретін тапсырмалардың мазмұнының негізделуі;

- өздік жұмыс үшін қажетті уақытты есептеп, өздік жұмыстың пәндердің жұмыс бағдарламасымен байланыстыру;

- студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру дағдаларын, әмбебап оқу құзыреттіліктерін дамыту;

- оқытушылармен студенттердің өздік жұмысының барлық кезеңдерінің орындалуын қадағалау,ағымдағы және қорытынды нәтижелерді бақылау.

Қазіргі білім беру үрдісі аясында өздік жұмыс ұйымдастырудың нақты қағидалары:

- интерактивті оқытудың принципі (студенттердің әрекеттерін бақылауға және түзетуге мүмкіндік беретін интерактивті диалог пен пікір алмасуды қамтамасыз ету);

- студенттің интеллектуалды әлеуетін дамыту принципі (алгоритмдік, көрнекі, ойлаудың теориялық стилі, күрделі жағдайларда оңтайлы немесе өзгермелі шешім қабылдау, ақпаратты өңдеу мүмкіндігі);

- дидактикалық оқу циклінің тұтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету принципі (дидактикалық циклдің барлық бөліктерін тақырып, бөлім, модуль бойынша орындауға мүмкіндік беру).

Сауатты ұйымдастырылған СӨЖ жоспарланған нәтижелері:

- болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- теориялық материалды практикалық жолмен бекіту;

- өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі;

- тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту;

- ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру;

- білім беру үдерісінің сапасы мен қарқындылығын арттыру; таңдаған мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру;

- оқытуда сараланған тәсілді жүзеге асыру;

- алынған білім мен практикалық дағдыларды жағдайды талдау және дұрыс шешім әзірлеу үшін, өз позициясын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін қолдану.

Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу қазіргі заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімге инновациялық сипат беруге, демек, оны жаңғырту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

СӨЖ әр оқу пәні бойынша СӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Оқу тапсырмаларын таңдау барлық дайындық бағыттары бойынша оқу жоспарымен анықталады. Бұл ретте, оқытушының бақылауды жүзеге асыруына қосымша сағат бөлуді көздемейтін, бақыланатын СӨЖ (бұдан әрі – СОӨЖ) және СӨЖ бөлінген сағаттар саны ескеріледі.

Кесте 1 – СӨЖ орындауға арналған студент үшін үлгілік уақыт нормалары

Таблица

Таблица

Таблица

Студенттің өздік жұмысы әрбір оқытушымен пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланады. Ал оның сынақ түрлері технологиялық картада жазылады. Мұнда студенттер өздік жұмыстың көлемі туралы ақпаратты, оның орындалу мерзімін және оны бағалау кезіндегі максималды баллды біле алады.

Аудиториядан тыс өздік жұмыс үшін бөлінген уақыт: жалпы білім беру бағдарламасында теориялық дайындықта, әрбір пән бойынша әр пән циклінде көрсетіледі; оқу пәндерінің жұмыс жоспарларында бөлімдер немесе нақты тақырыптар бойынша шамамен бөлінеді.

Студенттердің өздік жұмысы келесідей жіктеледі: ұйымдастыру орны бойынша (аудиторлық және аудиториядан тыс); ұйымдастыру мақсаты бойынша (жұмыс жоспарында құралған және негізделген пәннің мақсаты); ұйымдастыру тәсілі бойынша (жеке, топтық).

Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру формасын таңдау (жеке немесе топтық) оқу пәнінің мазмұны мен оқуды ұйымдастырудың формасымен (дәріс, семинар, тәжірибелік сабақ, бақылау жұмысы және т.б.) анықталады.

Аралық аттестацияның формасына сәйкес өздік жұмыстың түрлері емтиханға, сынаққа дайындықпен және ағымдағы аттестацияның процедураларымен толықтырылады.

Әртүрлі деңгейдегі өздік жұмыс туралы толығырақ қарастырайық:

1. Үлгі бойынша өздік жұмыс – дербестіктің төмен деңгейі. Олар белгілі шешім әдісін тікелей ұқсас немесе қашықтан ұқсас тақырыптық жағдайға көшіруді талап етеді.Бұл жұмыстар оқытушының бұрын көрсеткен және өткен тапсырмаларды орындау кезінде студенттер жасаған«арнайы алгоритмдер» негізінде жүргізіледі.Осылайша, осы типтегі өздік жұмысты атқару арқылы студенттер белгілі шешім әдісін тікелей ұқсас тақырыптық жағдайға көшіреді.

Бұл жағдайда студенттің барлық әрекеттері өздік қызметтің кешенді әдістерін меңгеругебағынады.Өздік жұмыстың әдістерін игерудің іргелі мүмкіндігі берілген және ертеде белгілі болған міндеттердің ұқсастығынан (тақырыптық аймақтың ұқсастықтарынан және объектілер арасындағы қарым-қатынастан) шығады. Ал, тиісті әдістерді қолданудың орындылығы тапсырманың шартынан туындайды немесе оқытушының нұсқауларымен анықталады.Осылайша, қайталанған өздік жұмыстар, белгілі бір жағдайларда өздік жұмыс істеу жолдарын есте сақтау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

2. Реконструкциялық-айнымалы типтің өздік жұмысы – дербестіктің шекті деңгейі. Бұл жағдайда білімді әдеттегі жағдайға айдаруға, оқиғаны, құбылысты, фактілерді талдауға, студенттердің ойлау белсенділігін дамыту үшін жағдай жасайды, танымдық қызметтің әдістері мен тәсілдерін қалыптастырады.

3. Эвристикалық өздік жұмыстар –дербестіктің ілгері деңгейі. Білім алушылардың шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға үлес қосады.Осы түрдегі жұмыстарды орындаған кезде жаңа шешімдерді іздестіру, жинақталған білімдерді қорыту және жүйелеу, оларды стандартты емес жағдайларға көшіру жүзеге асырылады.

4. Ішкі пәнаралық және пәнаралық зерттеудің өздік жұмысы – дербестіктің жоғарғы деңгейі. Бұл өздікжұмыс жүйесінің жоғарғы сатысы. Мұндай өздік жұмысты орындау үшін міндеттерді шешу жолдарын, білім беруді түрлендіруде, шешу жолдарының жаңа тәсілдерін өздігінен құрастырып, мазмұнды, мақсатты анықтау, оқыту тапсырмаларын шешу жоспарын жасауда қабілетті болу керек.

Осы түрдегі өздік жұмыстар әдетте, шарттарына сәйкес танымдық міндеттерді қамтиды: ерекше жағдайларды талдау; осы жағдайларда туындайтын оқыту проблемаларының сипаттамалық белгілерін анықтау; осы проблемаларды шешу жолдарын іздеу; белгілі әдістерден ең ұтымды тәсілді таңдап, оқу жағдайының шарттарына сәйкес оларды өзгерту.

Әр түрлі деңгейлерде өздік жұмысты атқару үшін студент қызмет түрлерінің тұрақты кешеніне әртүрлі типтегі оқу міндеттерін шешу үшін ие болу керек. Бұл дегеніміз, ең алдымен ескертпелер жазу, мысалдар келтіру, салыстыру, пәнаралық байланыстар орнату, қосымша әдебиетті қолдану, өзгертіп айту, тұжырымдамалық ағаш құру қабілеттерінің болуы және т.б.

Жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға және білім беру қызметінде өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылауға дағдылануды қамтамасыз етуге үлес қосатын қызметтің метакогнитивті әдістеріне ерекше назар аудару қажет. Оларға жатады:

- жоспарлау (жоспар құру, мазмұнның логикасын құру, мақсат қою, мақсатты жүзеге асыру және т.б.);

- бақылау (жетістіктерді бағалау, өзін-өзі бақылау сұрақтары бойынша жауаптар, тәжірибеде теорияны қолдану, тақырып бойынша тезистер құрастыру, басқа ғылыми дереккөздерге жүгіну және т.б.);

- реттеу (өзін-өзі бағалау, қосымша ресурстарды қолдану, еріктік реттеу, тапсырмаларды орындаудағы реттілік және т.б.).

5.2 Аудиторлық сабақтарға дайындалу кезіндегі өздік жұмыс

ЖОО-дағы аудиторлық сабақтардың негізгі түрлеріне – дәріс, тәжірибелік сабақ, семинар, семинар-конференция, коллоквиум, ал бақылау іс-шаралары шеңберінде – межелік бақылау, ағымдық бақылау, емтихан жатады. Берілген аудиторлық сабақтардың түрлеріне өздік дайындалудың ерекшеліктерін толығырақ қарастырайық.

Дәріске дайындалу. Дәріске дайындалудағы өздік жұмыс қажеттілігі кез-келген пәнді оқу кезінде жұмыс бағдарламасында ұсынылған бөлімдерді меңгерудің белгілі бір логикасына негізделгендігімен анықталады. Көбінесе, белгілі бір тақырыпты зерттеудің логикасы, осы тақырыптың жұмыс істеуі мен өзгеруін анықтайтын жалпы ғылыми негіздерді қараудан нақты процестер мен факторлардыталдауға дейін тұрады.

Жиіоқытушылар жүргізетін сабақ бойыншадәрістердің қысқаша мазмұнын жұмыс бағдарламасымен бірге таныстырады немесе берілген сабақ бойынша авторлық оқулықтарының, оқу құралдарының болуын ескеру қажет. Осы материалдармен танысу алдағы дәрістің негізгі ережелерімен алдын-ала танысуға және оны мазмұндаған кезде нақты сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

Әдетте, оқытушы жаңа дәріс оқыған кезде, оның мазмұнын алдағы оқылған тақырыппен байланыстырады. Белгілі пәннің мазмұнын меңгеру сапасы, студенттің сыртқы мәжбүрлеусіз, дәрістерде жаңа білім алу үшін жағдай қалыптастыру және осы пән бойынша бұрыннан бар болған білімді толықтыруына тәуелді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің екі сағаттық дәріске дайындалу уақыты кемінде 0,2 сағат.

Тәжірибелік сабаққа дайындық. Тәжірибелік сабаққа дайындық өздік қызметтің келесі элементтерін қамтиды: оны жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттерін нақты түсіну; алға қойылған жұмыс нәтижесі болып табылатын ақыл-ой, аналитикалық, ғылыми қызметтің дағдыларын айқындау. Біліктілікті арттыру оқып жатқан үрдістер туралы жаңа ақпаратты алу және студенттің өз тәжірибелік жұмысында қолданатын зерттеу жұмыстарының әдістеріне қаншалықты ие екендігін білу арқылы жүзеге асырылады.

Демек, тәжірибелік сабақта жұмыс тек сыртқы әлемнің нақты құбылыстары туралы студенттің біліміне ғана емес, өзін өзгертуге де бағытталған. Екінші нәтиже өте маңызды, себебі ол өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті сияқты жалпы мәдени құзыреттердің қалыптасуын қамтамасыз етеді, ұйымдық және басқару міндеттерін шешу үшін кешенді ақпараттарды жинау, өңдеу және түсіндіру әдістерін, соның ішінде студенттің тікелей қызмет ету аясынан тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік сабаққа дайындалу материалды, деректерді және оқуға арналған арнайы көздерді таңдауды талап етеді. Студенттер үйде сабаққа монография, ғылыми мақалаларда, баяндамаларда ұсынылған зерттеу тақырыбының құрастырылуының 3-4 мысалын дайындап әкелуі қажет. Содан кейін олар тиісті дереккөздерді іздейді, процестер мен құбылыстарды нақты зерттеудің өзектілігін анықтайды, ғылыми жұмыстар авторлары жасаған жұмыстардың мәнін дәлелдеудің негізгі жолдарын айқындайды.

Тәжірибелік сабақ барысында студенттер алдымен өздері тапқан зерттеу өзектілігінің нұсқаларын ұсынып, оларды талқылап, өздерінің пікірін тиімді нұсқа бойынша дәлелдейді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің тәжірибелік сабаққа дайындалу уақыты кемінде 0,2 сағат.

Семинарлық сабаққа дайындық. Семинарлық сабақ гуманитарлық пәндерді оқу барысында студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлі және кең таралған формасы болып табылады.

Семинарға өздік дайындық:

- ғылыми және басқа әдебиеттерді оқып білуге қабілетті дамытуға;

- кейбір мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін қосымша ақпаратты іздестіруге;

- семинар сабағы жоспарының сұрақтарына толық жауап беру үшін әртүрлі дереккөздермен жұмыс жасағанда қажетті ақпаратты таңдауға;

- түрлі дерек көздерден авторлардың мәлімдемелерін дұрыс жаза білу қабілетін дамыту, оларды библиографиялық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға;

- таңдалған ақпарат көздерін талдау қабілетін дамытуға;

- талқыланатын мәселелер бойынша жеке презентация дайындауға;

- белгілі бір ғылыми проблемаларды талқылау кезінде туындауы мүмкін әртүрлі пікірлерге тез жауап беру дағдысын қалыптастыруға бағытталады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің семинарға дайындалу уақыты кемінде 0,2 сағат.

Семинар-конференцияға дайындық. Студенттердің семинар-конференцияға нақты ғылыми мәселені зерттеуіне байланысты өздік дайындалу уақыты ұзақ уақытты қажет етеді. Сол себептен семинар-конференция семестрде 1-3 рет жүргізіледі. Ол әдеттегі семинарларға және ғылыми конференцияларға сәйкес келетін іс-әрекеттерді біріктіреді, бұл әртүрлі зерттеушілердің есептерін белгілі бір мәселелер бойынша ұйымдастырылған талқылауды қарастырады.

Семинар-конференцияға өзін-өзі дайындау процесінде студент талқыланатын тақырыпқа теориялық көзқарастарды және эмпирикалық зерттеулердің материалдар ұсынылған 2-3 дереккөзді (монографиялар, мақалалар) зерделеуі керек. Баяндамашы өз баяндамасының тақырыбына барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек. Әрбір баяндамадан кейін әртүрлі зерттеушілердің ұсынған ғылыми көзқарастары талқыланады. Осындай аналитикалық ұжымдық жұмысқа дайындық, әрбір студенттің оқытушы семинар-конференцияға ұсынған негізгі жұмыстарды қарастырумен қамтамасыздандырылады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің семинар-конференцияға дайындалу уақыты кемінде 0,4 сағат.

Коллоквиумға дайындық. Коллоквиум бұл пәннің бөлімін студенттердің өздік оқып, зерттеуі негізінде ұжымдық талқылау. Оқудың осы түріне дайындық келесі тәртіпте жүзеге асырылады. Оқытушы белгілі бір ғылыми деректердің тізімін оқығанда жауап беруге қажеттісұрақтар тізімін береді. Студенттерге оқудан тыс уақытта арнайы әдебиетті оқып, коллоквиумда талқыланатын сұрақтарға жауаптар жазып, сұрақтарға жауап беру үшін өзінің пікірін қалыптастыру керек.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің коллоквиумға дайындалу уақыты кемінде 0,2 сағат.

Ағымдық бақылау жұмысқа дайындық. Оқытушының семестр ағымындағы сабақтарда пәннің әрбір тармағы немесе тақырыбы бойынша студенттердің оқудағы жетістіктерін тексеру.

Ағымдық бақылау жұмысы пәннің белгілі бір бөлімін оқып болғаннан кейін тағайындалады және оқытушыдан алынған сұрақтарға студенттердің жазбаша жауаптарының жиынтығы болып табылады.

Ағымдық бақылау жұмысына өздік дайындыққа кіреді:

- ағымдық бақылау жұмысымен тексерілетін дәрістердің жазбаларын оқу;

- семинарларға, тәжірибелік сабақтарға дайындық барысында және оларды оқу барысында алынған оқу материалын қайталау;

- тексерілетін білімнің мазмұнын анықтайтын қосымша әдебиеттерді зерттеу;

- ағымдық бақылау жұмысында қойылған сұрақтарға оймен жауап беру;

- барлық тапсырмаларды табысты орындауға психологиялық мақсат қалыптастыру.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің ағымдық бақылау жұмысына дайындалу уақыты 2 сағат.

Межелік бақылаужұмысқа дайындық. Сабақ жүргізуші оқытушының бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.Межелік бақылау пәннің (модуль бойынша) бөлек бөлімдері бойынша семестрдің 8 және 15 аптасында өткізіледі. Межелік бақылау жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу түрінде жүргізіледі.

Межелік бақылауға өздік дайындалу тек бірнеше күн қалғанда емес, барлық семестр барасында жүргізілуі тиіс. Дайындық келесі қадамдарды қамтиды. Семестр барысында дайындалған семинарлық және тәжірибелік сабақтардың материалдарын және дәрістерін қайталау. Содан барлық алынған ақпаратты бақылауға берілген сұрақтармен сәйкестендіру. Егер ақпарат жеткіліксіз болса, жауаптарды оқытушы берген қосымша әдебиеттерден іздестіру қажет. Қысқаша жазбалар жасау ұсынылады. Бұл шпаргалка жасауды білдірмейді, ал сұрақтарға жауап беру үшін нақты логикалық схеманың білуін білдіреді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің нормативтері бойынша студенттердің межелік дайындалу уақыты кемінде 4 сағат.

Емтиханға дайындық. Білімді қорытынды бақылау (емтихан) аралық аттестаттау (сессия) кезінде тіркеу бөлімі өткізеді, алынатын баға берілген оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағасының 40%-ын құрайды. Студенттің сынақ кітапшасынаемтиханда алған бағасы емес, ағымдық, межелік және қорытынды бақылау кезінде алған бағалардан тұратын қорытынды баға қойылады. Студенттердің бақылаудың барлық түрлері бойынша оқудағы жетістіктері балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады.

Емтиханға өздік дайындық межелік бақылау дайындалуға ұқсас. Бірақ емтиханға еске түсіруге, қайта ойлануды және түсінуді қажет ететін оқу материалының көлемі әлдеқайда көбірек, сондықтан уақыт пен ақыл-ой қажет.Дәрістерді қайта оқып, оқытушының семинарларда және тәжірибелік сабақтарда айтқандарын еске түсіріп, оларды дайындаған кезде өздігінен алынған ақпаратты қайта оқу қажет. Әр сұраққа жауап мазмұнын тұтас қарау керек. Бұл феноменнің мәнін, процесін, олардың сәйкессіздіктерін анықтайтын факторларды анықтауға, талқыланған мәселені зерттеген ғалымдардың есімдерін білуге мүмкіндік беретін түрлі ғылыми түсініктерді білуді білдіреді.Сондай-ақ, эмпирикалық зерттеулердің материалдары туралы ақпарат беру қажет, ол студентті емтиханға кешенді дайындығын көрсетеді. Жоғарыда айтылған барлық ақпарат бар жауап, әрине, жоғары баллмен белгіленеді.Оларды алу үшін, емтихан ауызша түрде өткізілетін болса, қосымша сұрақтарға жауап беруіңіз керек.

Емтиханға дайындық екі кезеңнен тұрады. Алдымен, 2-3 күн ішінде, барлық сұрақтарға толық жауап алу үшін қажетті барлық материалдар әр түрлі дереккөздерден таңдалады. Жауаптарды қысқа түйіндеме ретінде жазуға болады. Екінші кезеңде, әрбір сұрақтың жазылған жауабының мазмұны еске түсіріледі.

Іс-тәжірибе бойынша студенттердің ғылыми-оқу есептері. Тәжірибелер бойынша ғылыми-оқу есептері студенттің студенттің базалық және мамандандырылған оқу өндірістік, ғылыми-өндірістік тәжірибелерді өту кезінде алынған білімдері мен дағдыларын жинақтауға мүмкіндік беретін жазбаша жұмыс түрі. Базалық және мамандырылған оқу тәжірибелері бойынша есептер әр студенттің есепті жазбаша түрде қатысуы көрсетілген ұжымдық түрде жасалуы мүмкін. Өндірістік, ғылыми-өндірістік тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептер жеке дайындалады. Есептердің көлемі 20-25 беттерді құрауы мүмкін.

Тәжірибелер бойынша ғылыми-оқу есептерінің мазмұнына, ресімделуіне және қорғалуына қойылатын дұрыс тұжырымдалған талаптар студенттің игерген біліктерінің, дағдыларының, әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін бағалауға жаңа «интегралдық» немесе жүйелік тәсілдің жақсы үлгісін бере алады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес оқу қызметінің осы түрінің орындалу деңгейін бағалау кезінде мынадай құзыреттер бақылануы мүмкін:

- өздік және команда құрамында жұмыс істеу қабілеті;

- ынтымақтастыққа дайындық, төзімділік;

- орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру қабілеті;

- басқару шешімдерін қабылдау қабілеті;

- кәсіби және әлеуметтік бейімделу қабілеті;

- өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын түсіну және талдау қабілеті;

- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру дағдыларын меңгеру.

Әрбір ғылыми-оқу есебінің мақсаты – студенттің теориялық курстарды меңгеру нәтижесінде алған және тәжірибеден өту кезінде алған кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерін түсіну және бекіту. Шығарушы кафедра үшін студенттердің тәжірибе бойынша есептері маңызды, себебі оқу және ғылыми процестерге түзетулер енгізу үшін кері байланыс механизмдерін құруға мүмкіндік береді.

5.3 Аудиториядан тыс өздік жұмыстың формалары

Студенттердің аудиториядан тыс өздік жұмыс формаларының мазмұндық сипаттамаларын қарастырайық.

Реферат жазу

Өздік жұмыстың мақсаты: ғылыми көзқарасты кеңейту, теориялық зерттеулер әдістерін меңгеру, студенттің өздік ойлауын дамыту.

Реферат (латын тілінен refere – баяндау, хабарлау) –жаңа ақпаратты және маңызды деректерді алу үшін түпнұсқа мәтіннің өздік шығармашылық көрінісі мен мәтінін қайта құру өнімі.

Реферат түрлері:

- реферат-конспект, жалпыланған нысандағы нақты ақпаратты, иллюстрациялық материалды, зерттеу әдістерін, зерттеу нәтижелерін және оларды қолдану мүмкіндіктерін туралы әртүрлі ақпаратты қамтиды;

- реферат-резюме, тек осы тақырыптың негізгі ережелерін қамтиды;

- реферат-шолу, осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастармен салыстырылатын бірнеше дереккөзден құрастырылады;

- реферат-баяндама, проблеманы объективті бағалауды қамтиды;

- реферат-түпнұсқаның фрагменты, құжаттың ақпараттық сипатын көрсететін немесе сілтеме тапсырмасына сәйкес келетін бастапқы құжатты бөлімге, тарауға немесе фрагментті бөлуге болатын жағдайларда құрастыралады;

- шолу рефераты, негізгі бастапқы құжаттардың бірнешеуі бойынша жасалған және құжаттардың нақты мазмұны туралы қысқаша ақпарат болып табылады.

Тапсырманың орындалуы:

1) егер тақырыпты оқытушы анықтамаса, тақырыпты таңдау;

2) жұмыс істейтіндереккөздерді анықтау;

3) дереккөздерден таңдалған материалдарды зерттеу, жүйелеу және өңдеу;

4) жоспар жасау;

5) реферат жазу:

- таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу;

- сілтеме жасалған мәтіннің бастапқы деректерін көрсету (атауы, қайда жарияланған, қай жылы), автор жөнінде ақпарат (ТАӘ, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы );

- таңдалған тақырыптың мәселесін тұжырымдау;

- қаралған мәтіннің негізгі тезистерін және олардың дәлелдерін беру;

- рефератта көрсетілген мәселе бойынша жалпы қорытынды жасау.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің ақпаратты қорытуға, талдауға, қабылдауға, мақсаттар қоюға және оған жету жолдарын таңдауға қабілеттілігі;

- ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық түрде дұрыс, ақылға қонымды және нақты түрде қою қабілеті.

Эссе жазу

Өздік жұмыстың мақсаты: өздік шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту және өз ойларын жазбаша түрде мазмұндау.

Эссе – «ауызша сөйлеу тіліне бағытталған, жиі парадоксалды мазмұнмен,автордың ерекше жеке позициясын үйлестіретін философиялық, әдеби-сыни, тарихи-биографиялық және публицистикалық проза жанры» (Совет энциклопедиялық сөздігі. М., 1987. Б. 1565).

Эссенің жіктелуі:

- мазмұны бойынша:философиялық, әдеби-сыни, тарихи, көркем, көркем-публицистикалық, рухани-діни және т.б.;

- әдеби форма бойынша: рецензиялар, лирикалық миниатюралар, жазбалар, күнделіктің беттері, хаттар және т.б.;

- сондай-ақ, эссені сипаттама, баяндама, рефлексивті, сыни, аналитикалық және т.б. ажыратады.

Эссе белгілері:

- Шағын көлем – компьютерлік мәтіннің үш-жеті бетіне дейін; машинамен басылған мәтін он бетке дейін рұқсат етіледі.

- Белгілі бір тақырып және оның субъективті түсіндірілуі.

- Еркін композиция – эссенің маңызды ерекшелігі.

- Хабарландырудың қарапайымдылығы.

- Парадокс пайдалану. Эссе оқырманды таң қалдырады, бұл көптеген зерттеушілердің айтуынша, оның міндетті сапасы.

- Ішкі семантикалық бірлік.

- Ауызша тілге бағыт беру. Сонымен қатар эсседе сленгтерді, сөз тіркестерін, сөздердің қысқартылуын және тым алаңғасар тонды қолдануға болмайды.

Тапсырманың орындалуы:

1) кіріспе жазу (мәселені әрі қарай тұжырымдауға көмектесетін 2-3 сөйлем).

2) авторға ғана емес, басқаларға да маңызды болып табылатын мәселені тұжырымдау;

3) мәселеге түсініктеме беру;

4) автордың пiкiрiн тұжырымдау және дәлелдер көрсету;

5) қорытынды жазу (қорытынды, айтылғандарды синтездеу).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері: ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық түрде дұрыс, дәлелді және айқын түрде қою мүмкіндігі.

Баяндаманы дайындау

Өздік жұмыстың мақсаты: ғылыми көзқарасты кеңейту, теориялық зерттеулер әдістерін меңгеру, студенттің өздік ойлауын дамыту.

Баяндама – ақпараттан тұратын және осы мәселеге қатысты сұрақтың немесе зерттеулердің мәнін көрсететін жалпыға ортақ хабарлама немесе құжат.

Баяндаманың түрлері:

1. Ауызша баяндама –атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша оқылады және оның нәтижелерін түсіндірудің тиімді құралы болып табылады.

2. Жазбаша баяндама:

- қысқаша (20 бетке дейін)– зерттеу барысында алынған маңызды ақпаратты жинақтайды;

- толық (60 бетке дейін)– тек бас тақырыптары бар мәтін құрылымын ғана емес, диаграммаларды, кестелерді, суреттерді, бейнелерді, қосымшаларды, нұсқамаларды, сілтемелерді, гиперсілтемелерді қамтиды.

Тапсырманың орындалуы:

1) тақырыпты тұжырымдау (мысалы, жазбаша баяндама);

2) тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді оқып, таңдау, библиографиялық ақпараттың үш көзін көрсету:

- бастапқы (мақалалар, диссертациялар, монографиялар және т.б.);

- қайталама (библиография, рефераттық журналдары, сигналды ақпарат, жоспарлар, графикалық диаграммалар, тақырыптық көрсеткіштер және т.б.);

- жоғары (шолулар, жинақтар, анықтамалық кітаптар және т.б.);

3) таңдалған тақырыпқа толығымен сәйкес келетін жоспарды жазу және оны логикалық түрде анықтау;

4) келесідей талаптарды сақтай отырып, баяндама жазу:

- баяндама құрылымына – ол мыналарды қамтуы тиіс: мәселенің өзектілігін негіздейтін қысқаша кіріспе; негізгі мәтін; зерттелетін мәселе бойынша қысқаша қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- баяндаманың мазмұнына – жалпы ережелерді нақты мысалдармен бекітіп, түсіндіру керек; оқулықтың немесе оқу құралының тарауын мазмұндамай, қарастырылып жатқан мәселелері бойынша өздерінің түсініктерін баяндап, ой-пікірлерін ұсыну;

5) талаптарға сәйкес жұмысты рәсімдеу.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің зерттеу нәтижелерін талдауға және оны белгілі бір білім беру және зерттеу мәселелерін шешуде қолдану қабілеттілігі;

- зерттеу проблемаларын түпнұсқалы шешу үшін жеке шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу.

Курстық жұмысқа дайындалу

Өздік жұмыстың мақсаты: МЖМБС көзделген мамандықтары мен бағыттары бойынша пәндерді оқу барысында алынған теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды жүйелеу.

Курстық жұмыс –оқу жоспарының немесе мамандықтың негізгі пәндерінің біреуі бойынша студенттік ғылыми зерттеу, қорытынды біліктілік жұмысын жазуға дайындықтың маңызды кезеңі.

Курстық жұмыстың түрлері:

- пән бойынша курстық жұмыс (ғылыми жетекшілік пәнді оқытатын оқытушымен жүргізіледі);

- мамандық бойынша курстық жұмыс (ғылыми жетекшілік кафедраның профильді оқытушысымен жүргізіледі).

Курстық жұмыстың орындалуы:

1) тақырыпты таңдау және оны ғылыми жетекшімен мақұлдау;

2) курстық жұмысты орындауға қажетті материалдар жинау;

3) курстық жұмыстың жоспарын жасау және оны ғылыми жетекшімен бекіту;

4) жұмыстың әрбір тарауы немесе проблемабойынша заманауи әдістерді пайдалана отырып таңдалған материалды жүйелеу және өңдеу;

5) қорытынды жасап, оны ғылыми жетекшімен талқылау;

6) жұмыстың оны орындаудың стандарты және әдістемелік нұсқауларының талаптарына сәйкес жазылуы (кіріспе, негізгі бөлімдердің тараулары, қорытынды, қосымшалар, әдебиеттер тізімі).

Жоспарланған нәтижелер: өздік ғылыми зерттеудің қабілеттілігін меңгеру.

Конспект жазу

Өздік жұмыстың мақсаты:конспект түрінде жазбаша формада теория және тәжірибелік сұрақтарды сауатты мазмұндаудың дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Конспект (латын тілінен conspectus – шолу, мазмұндау) – 1) ақпараттардың негізгі көздерінің (мақалалар, кітаптар, дәрістер және т.б.) мазмұнын жүйелі, қысқаша, логикалық және дәйекті түрде беретін жазбаша мәтін; 2) ақпарат көзінің жоспары, одан үзінді және оның тезистерін қамтуы мүмкін синтезделген жазбаның формасы.

Конспект түрлері:

- жоспарлы конспект (жоспар-конспект) – белгілі пункттер (атауларымен) және тармақшалардан тұратын, ақпараттың қайнар көздерінің белгілі бөліктеріне сәйкес келетін,жасалған жоспар негізінде конспект түрі;

- мәтіндік конспект– бастапқы мәтіннен үзіндіге және оның дәйексөзіне (логикалық қосылыстармен) негізделген мазмұнның нақты формасы;

- ерікті конспект– материалда жұмыс жасаудың бірнеше тәсілдерін (үзінділер, цитаталар, жоспарлар және т.б.) қамтитын конспект;

- сызбалық конспект (контекстік сызба)– жауап беруге тиісті сұрақ түрінде тармақшалардан құрастырылған жоспар негізінде конспект түрі;

- тақырыптық конспект – нақты мәселені, тақырыпты қысқаша түрде әзірлеу және жарықтандыру;

- тірек конспект– ақпарат дереккөзінің мазмұны графикалық таңбалар, сызбалар, сандар, кілт сөздер және т.б. көмегімен кодталған конспект;

- жиынтық конспект–теңестіру, салыстыру және бір құрылымға дейін жинақтау мақсатында бірнеше мәтіндерді өңдеу;

- таңдау конспект– белгілі бір тақырыптағы мәтіннен ақпарат таңдау.

Конспектілеу түрлері:

- жоспар (қарапайым, күрделі) – мәтін құрылымын талдауды, синтезді, оқиғалардың даму логикасын және олардың мәнін таңдауды қамтитын жазбаларды алу формасы;

- үзінді көшірме–мәтінді тікелей жеткізетін конспектінің ең қарапайым формасы;

- тезистер – оқылған мәтін негізінде жасалған қорытындылардан тұратын конспектформасы. Қарапайым және күрделі тезистер бар (негізгі ережелерден басқа, қайталамалар бар);

- дәйексөз – автор сөзін өз сөздеріңмен жеткізу мүмкін болмаған кезде қолданылатын тура үзінді көшірме.

Тапсырманың орындалуы:

1) коспектіні құру мақсатын анықтау;

2) мәтіннің атауын немесе оның бөлімдерін жазып алу;

3) мәтіннің шығыс деректерін жазып алу (автор, жарияланған орны мен жылы);

4) мәтінді бастапқы оқу кезінде негізгі мағыналы бөліктерін белгілеу;

5) мәтіннің негізгі ережелерін анықтау;

6) түсiндiрудi талап ететiн тұжырымдамаларды, терминдерді анықтау;

7) зерттелетін материалдың маңызды ережелерін дәйекті және қысқаша түрде өз сөзімен келтіру;

8) негізгі ережелер, нақты фактілер мен мысалдар (толық сипаттамасыз) бойынша қорытындыларды жазбаға енгізу;

9) мазмұнды көрнекілендіру әдістерін қолдану (абзацтарды «қадамдармен», мәтінді белгілеудің түрлі жолдары, түрлі-түсті қаламдар);

10) дәйексөз ережелерін ұстану (дәйексөз тырнақшада болуы тиіс, сілтеме беріліп, бет көрсетілу керек).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің зерттеу нәтижелерін талдауға және оны белгілі бір білім беру және зерттеу мәселелерін шешуде қолдану қабілеттілігі;

- ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу.

Глоссарий құрастыру

Өздік жұмыстың мақсаты: ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру; жаңа білім алу; оқу курсының пәндік саласы бойынша қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Глоссарий – арнайы терминдердің сөздігі және олардың анықтамалары.

Глоссарий мақаласы– терминнің анықтамасы.

Тапсырманың мазмұны: бір немесе бірнеше қайнар көздерден ортақ тақырыппен біріктірілген ұғымдар мен терминдерді жинау және жүйелеу.

Тапсырманың орындалуы:

1) жұмысты мұқият оқу;

2) жиі кездесетін терминдерді анықтау;

3) ортақ тақырыппен біріктірілген терминдер тізімін құрастыру;

4) терминдерді әліпбилік тәртіппен ұйымдастыру;

5) глоссарий мақалаларын құрастыру:

- атау септігінде терминнің нақты тұжырымдасын келтіру;

- берілген терминнің мағынасын толық айқындау.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері: ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу.

Жобаны әзірлеу (дербес, топтық)

Өздік жұмыстың мақсаты: болжау, жобалау, модельдеу қабілеттерін дамыту.

Жоба – құралдар мен ресурстардың ықтимал болатын шектерімен, нәтижелердің сапасына қойылатын белгіленген талаптары бар уақытында шектелген, мақсатты түрде өзгертілген жеке жүйе.

Тапсырманыңтүрлері (магистрлер үшін):

- академиялық топтың эдвайзердің қызметіне сараптамалық бағалау технологиясының бөлімін жобалау (ғылыми-педагогикалық тәжірибе);

- сабақтың технологиялық картасының жобасын әзірлеу (ғылыми-педагогикалық тәжірибе).

Тапсырманың орындалуы:

1) жағдайды диагностикалау (проблемаларды шешу, мақсаттарды қою, мақсаттарды нақтылау, жобаны пішімдеу);

2) жобалау (мақсаттарды, қызметтерді, тапсырмаларды және жұмыс жоспарын анықтау, мәселелерді шешу әдістері мен құралдарын теориялық модельдеу, нақты міндеттерді шешу кезеңдерін мұқият зерттеу, жоспарланған жобалық қызметті кезең-кезеңмен жүзеге асыру, нәтижелерді жүйелеу және синтездеу, болжамды нәтижені жобалау, жобалық әрекеттерді кезең-кезеңмен жүзеге асыру);

3) рефлексия (алынған нәтижені жоспарға сәйкестендіру, алынған өнімнің сапасын анықтау, оны дамыту және пайдалану перспективалары).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің білім беру және кәсіптік мәселелерді шешу кезінде қазіргі ғылым мен білімнің мәселелерінің білімін қолдану;

- зерттеу проблемаларын түпнұсқа шешу үшін жеке шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- болжамдау, жобалау, модельдеу қабілеттілігі.

Кейс-тапсырманы орындау

Өздік жұмыстың мақсаты: қысқа уақыт ішінде реттелмеген ақпараттың үлкен көлемін анализдеу қабілетін қалыптастыру, ақпараттың жеткілікті болмауы жағдайында шешім қабылдау.

Кейс-тапсырма (ағылш.сase – оқиға, жағдай) –нақты оқиғаға немесе оқиғалардың кезектілігіне байланысты тәжірибелік проблемалық кейс-жағдайларды талдау негізінде оқыту әдісі.

Кейс түрлері: шешімдер қабылдау процесіне байланысты иллюстрациялық, аналитикалық.

Тапсырманың орындалуы:

1) талқылауға арналған сұрақтармен негізгі мәтінде дайындау:

- есте қаларлық қысқашакейстің атауымен титулдық бет;

- іс-әрекеттің басталу уақыты көрсетілген, кейістің кейіпкері ескертілетін, сұрақтың тарихы айтылатын кіріспе;

- ақпараттың негізгі бөлігін, ішкі интригасын, проблемасын қамтитын негізгі бөлім;

- қорытынды (кейста қарастырылған мәселенің шешілуі кейде аяқталмауы мүмкін);

2) кейстің жалпы мәнмәтінін (құжаттар, басылымдар, фотосуреттер, бейнефильмдер және т.б.) беретін әртүрлі ақпаратты таңдау арқылы қосымшаларды таңдау;

3) мәселені шешудің мүмкін жолдарын ұсыну.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің зерттеу нәтижелерін талдауға және оны белгілі бір білім беру және зерттеу мәселелерін шешуде қолдану қабілеттілігі;

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу.

Жұмыстың тақырыптық портфолиосын құрастыру

Өздік жұмыстың мақсаты:таңдалған тақырып бойынша ақпаратты жүйелеуге және талдауға қабілеттілігін дамыту, эмпирикалық деректермен жұмыс жасау, проблемаларды шешу әдістері мен технологиялары.

Жұмыстың тақырыптық портфолиосы –белгілі бір пәннің тақырыбында (модульде) нақты міндеттерді шешудің мақсаттары, процесі және нәтижесін көрсететін материалдар. Жұмыстың портфолиосы бірнеше бөлімнен тұрады (оқытушының келісімімен).

Тақырыптық жұмыс портфолиосының құрылымы:

- құжаттың мақсатымен, арналуымен және қысқаша сипаттамасымен портфолио авторының жолдаушы мәтіні;

- атауы немесе мазмұны;

- ұйымдастырушы (диаграммалар, фигуралар, кестелер, графиктер, гистограммалар);

- жұмыс барысында болған процестерді бақылау тізімі;

- жазбаша жұмыстар;

- бейнежазбалар, компьютерлік бағдарламалар;

- рефлексиялық журнал (алынған және алынып жатқан білім арасында байланысты табуға мүмкіндік беретін студенттің дербес пікірі мен сұрақтары).

Тапсырманың орындалуы:

1) портфолио тақырыбының таңдауын негіздеу және жұмыстың атауын қою;

2) айдарды таңдау және оларға атау беру;

3) тиісті материалды іздестіріп, оны конспект, схема, кластер, интеллектуалдық карта, кестелер түріндежүйелеу;

4) анықтама әдебиет негізіндетерминдер мен тұжырымдамалар сөздігін құрастыру;

5) тақырып бойынша қажетті ақпарат көздерін таңдау (оның ішінде интернет-ресурс) және тезистер жазу;

6) статистикалық материал таңдау, оны графикалық түрде көрсету; қорытынды жасау;

7) иллюстрациялық материал таңдау (суреттер, фото, видео);

8) зерттеудің жоспарын құрастыру;

9) зерттеу жүргізіп, қорытындыларын өңдеу;

10) ақпараттың қайнар көздеріне сілтемелерді тексеру.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- студенттердің ақпараттық мәдениетін арттыру және олардың қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікке интеграциялауға дайын болуын қамтамасыз ету;

- проблемаларды шешу үшін заманауи әдістер мен технологияларды қолдану қабілеттілігі.

Ақпараттық іздеу

Өздік жұмыстың мақсаты: әртүрлі ақпараттық іздеу түрлерінің негізінде білім беру қызметін жобалау және қайта құру мүмкіндігін дамыту.

Ақпараттық іздеу – құрылымсыз құжаттық ақпаратты іздеу.

Ақпараттық іздеудің заманауи тапсырмалар тізімі:

- модельдеу сұрақтарын шешу;

- құжаттардың жіктелуі;

- құжаттардың жіктелуі, сүзгілеу;

- іздеу жүйелерінің архитектурасын және пайдаланушы интерфейсін жобалау;

- ақпаратты шығару (құжаттарды аңдатпалау және қысқаша мазмұн жасау);

- іздеу жүйелерінен ақпараттық-іздестіру сұратулар тілін таңдау.

Іздеу түрлері бойынша тапсырмалардың мазмұны:

- библиографиялық іздеу –дереккөздер туралы қажетті ақпаратты іздеу және басқа қайнар көздер жүйесінде оның болуын анықтау.Библиографиялық ақпарат пен библиографиялық анықтамаларды іздестіру арқылы жүргізіледі (ақпараттық басылымдар);

- қажетті ақпарат болған немесе болуы мүмкін ақпарат көздерін іздеу (құжаттар мен жарияланымдар);

- нақты ақпарат іздеу – әдебиетте, кітапта ақпарат іздеу (мысалы, тарихи фактілер мен оқиғалар туралы, жазушының, ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралыбиографиялық деректер және т.с.с.).

Тапсырманың орындалуы:

1) білім саласын анықтау;

2) деректердің түрі мен көздерін таңдау;

3) ақпаратты модельді толтыру үшін қажетті материалдарды жинау;

4) ең пайдалы ақпаратты таңдау;

5) ақпаратты өңдеу әдісін таңдау (сыныптау, кластерлеу, регрессиялық талдау және т.б.);

6) заңдылықтарды іздеу алгоритмін таңдау;

7) жиналған ақпаратта заңдылықтарды, ресми ережелерді және құрылымдық байланыстарды іздеу;

8) нәтижелерді шығармашылық интерпретациялау.

Белгілі бір ақпараттық іздеудің қажетті сипаттамаларын және мүмкіндіктерін (шарттарын) анықтаудың үлгісі

- Іздеу мақсаты – құжаттық іздеу (тақырып бойынша негізгі құжаттарды және жарияланымдарды іздеу).

- Іздеу пәні – тақырыптық іздеу (тек қана мәселе бойынша).

- Әдебиет жанры (түрі) – түрлік іздеу (монографиялар, жинақтар, анықтамалар, библиографиялық оқу құралы).

- Іздеу әдісі – диалектикалық (бар іздеу әдістерінің барлық мүмкін жиынтығы).

- Хронологиялық қамту – ретроспективті (белгілі уақыт ішінде іздеу).

- Географилық қамту – елтанымдық іздеу (шет тілдерінен аударылған басылымдарды қоспағанда, ақпарат көздері);

- Іздеудің толықтығы – ірітеп іздеу (ең керемет басылымдарды таңдау).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу.

- студенттердің білім беру және кәсіптік мәселелерді шешу кезінде қазіргі ғылым мен білімнің мәселелерінің білімін қолдану.

Инфографиканы пайдалану

Өздік жұмыстың мақсаты:инфографиканы қолдана отырып, тақырыптың тұжырымдамалары немесе жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Инфографика – ақпараттарды, байланыстарды, сандық деректерді және білімді графикалық түрде ұсынуға негізделген коммуникативтік дизайн алаңы.

Тапсырма түрі: белгілер, графикалық дизайн, суреттер, иллюстрациялар көрнекі нысандардың көмегімен берілген тақырып бойынша ақпаратты ұсыну.

Тапсырманың орындалуы:

1) тақырыпты таңдау;

2) ақпаратты жинау (құжаттық және визуалды);

3) жиналған ақпаратты жүйелеу;

4) презентацияның жоспарын құру:

- ақпаратты тип бойынша жіктеу;

- іс-әрекеттің тематикасын таңдау (инструктивті, зерттеушілік, имитациялық);

- коммуникативті тактиканы таңдау (ойды нақты жеткізу үшін дискуссиялар мен дебаттар);

- шығармашылық тактиканы таңдау (ақпаратты зерттеу мен ұсынудың жаңа формалары мен тәсілдерін құру);

- кез келген принцип бойынша ақпаратты жүйелеу (алфавит бойынша, уақыт бойынша, санаттар бойынша,

иерархия бойынша);

5) жоспарлау және графикамен жұмыс жасау (бастапқы және қосымша объектілерді құру).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- тұжырымдамалар немесе тақырыптың жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Мультимедиялық презентация әзірлеу

Өздік жұмыстың мақсаты (түрлері):

- оқу материалын игеру (бекіту, жалпылау, жүйелеу);

- білім сапасын бақылауды қамтамасыз ету;

- ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы құзіреттіліктерді қалыптастыру;

- жалпы мәдени құзыреттерді қалыптастыру.

Мультимедиялық презентация – мультимедиялық технологияларды қолданып, оқу материалының, оқу міндетінің мазмұнымен таныстыру.

Мультимедиялық презентацияның негізгі түрлері:

- оқыту және сынақ презентациялары (оқу материалдарының мазмұнымен танысуға және оны игеру сапасын бақылауға мүмкіндік береді);

- электрондық каталогтардың презентациясы (үлкен көлемдегі ақпаратты жылдам, тиімді және сапалы таратуға мүмкіндік береді);

- электронды презентациялар мен жарнамалар (имидж жасау және объект туралы ақпарат тарату үшін пайдаланылады);

- презентациялар - визиткалар (жұмыстың авторы туралы түсінік беру);

- тұрмыстық презентациялар (электронды түрде фотосуреттер мен бейнелерді тұрмыстық мақсатта пайдалану).

Мақсаты бойынша мультимедиялық презентациялар:

- білім беру үдерісінде қолданылатын презентация (ақпарат көзі және тыңдаушылардың назарын аудару құралы);

- оқу немесе ғылыми-зерттеу жобасының презентациясы (жобаның негізгі идеясына немесе жобаның даму тұжырымдамасына оның ықтимал тиімділігі мен қолданылунәтижелілігі тұрғысынан тыңдаушылардың назарын аудару);

- білім беру үрдісін ақпараттық қолдау презентациясы(әдебиеттер банкін жаңғырту, бақылау және тест тапсырмалары, қорытынды және аралық аттестаттауға қойылатын сұрақтардан тұрады);

- есеп-презентация (есептің құрылымына байланысты өзара логикалық байланысты бірнеше фрагменттер түрінде есеп беру арқылы мультимедиялық сүйемелдеу).

Тапсырманың орындалуы:

1) Жобалау кезеңі:

- Презентацияны қолдану мақсатын анықтау;

- қажетті материалдарды жинау (мәтіндер, суреттер, диаграммалар және т.б.);

- материалдың құрылымы мен логикасын қалыптастыру;

- жиналған материал орналастырылған бума жасау.

2) Құрастыру кезеңі:

- компьютердің мәзірінде MS Power Point бағдарламасын таңдау;

- слайд дизайнын анықтау;

- слайдтарды мазмұны жинақталған мәтіндік және көрнекі ақпаратпен толтыру;

- анимацияның және музыканың эффектілерін қосу (қажет болған жағдайда);

- слайд-шоуды көрсетурежімін орнату (кафедраның атауы, жұмыстың орындалу жері, презентация атауы, қала және жыл ақпараттары қамтылған – титулдық слайд, хабарландырулар тақырыптары бойынша топтастырылған слайдтар тізімін қамтитын – мазмұнды слайд, қорытындыны, ұсыныстарды, сілтемелер және т.б. қамтитын – қорытынды слайд).

3) Модельдеу кезеңі –дайындалған материалды тексеру және түзету, демонстрацияның ұзақтығын анықтау.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің ақпараттық мәдениетін арттыру және олардың қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікке интеграциялауға дайын болуын қамтамасыз ету;

- ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік қызметтің стандарттық міндеттерін шеше білу;

- сыни қабылдауды, жалпылауды, кәсіби ақпаратты талдауды, мақсаттарды қоюды және оған жету жолдарын таңдау қабілеттілігі;

- әртүрлі білім беру мекемелерінде әртүрлі білім деңгейлерінде оқу үдерісін ұйымдастыру және енгізу үшін қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды қолдану қабілеттілігі;

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу.

Құрама (жалпылау) кестені құру

Өздік жұмыстың мақсаты: кестені құру көмегімен тақырыптың тұжырымдамалары немесе жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Құрама (жалпылау) кесте–зерттелетін құбылыстардың айнымалы түрінде көрсетілген зерттелетін феномендер арасында қарым-қатынастың шоғырландырылған көрінісі.

Тапсырма түрі:

- мәтінде тұжырымдамалар немесе санаттар түрінде көрсетілген жүйенің элементтері арасындағы функционалдық қатынасты көрсету;

- зерттелетін тақырыптың (пәннің) пәнаралық байланыстарын көрсету.

Кестені құрастыру ережелері:

1) кесте мәнерлі және ықшам болуы керек, зерттеу тапсырмасына сәйкес келетін бірнеше шағын, бірақ иллюстрациялық кестелерді жасау керек;

2) кестенің атауын, бағанасының және жолыныңатауын дәл және қысқа тұжырымдалуы керек;

3) кестеде зерттелетін объектілері мен өлшеубірліктері көрсетілуі тиіс;

4) кестеде кез-келген деректер болмаған жағдайдакөпнүкте немесе «Ақпарат жоқ» деп жазылады, қандай да болмасын құбылыс пайда болмаса, сызықша қойылады;

5) кестедеге бірдей көрсеткіштердің мәндері бірдей дәлдік дәрежесімен көрсетіледі;

6) кестеде топтар, кіші топтар және тұтастай алғанда жиынтық мәліметтер болуы керек;

7) егер деректердің жиынтығы мүмкін болмаса, онда осы бағанда көбейту белгісі қойылады;

8) үлкен кестелерде, әр бес жолдан кейін, оқу және талдау оңай болуы үшін бос орын жасалады.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- тұжырымдамалар немесе тақырыптың жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Граф-сызбаны пайдалану

Өздік жұмыстың мақсаты:граф-сызба көмегімен тақырыптың тұжырымдамалары немесе жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Сызба –деректерді көрсету үшін таңбалар пайдаланылатын, проблеманы шешудің әдісін, талдауын немесе әдісін графикалық ұсыну.

Граф-сызба–мәтіннің негізгі тақырыптары арасындағы логикалық байланыстардың графикалық көрінісі (шартты түрде таңдалған тұрақтылар арасындағы қатынас).

Тапсырма түрі:

- ұғымдар арасындағы иерархиялық қатынастарды бейнелеу;

- түсініктемелер немесе санаттар түріндегі мәтінде көрсетілген кез-келген жүйенің (бөлімнің) элементтері арасындағы функционалдық қатынасты көрсету.

Тапсырманың орындалуы:

1) осы бөлімде қарастырылған негізгі ұғымдарды белгілеу (осы тақырып бойынша);

2) тұжырымдамалардың байланыстарын анықтау;

3) тұжырымдамалардың бөлек блоктарының өзара байланысуын көрсету;

4) қалыптасқан граф-сызбаға сәйкес тұжырымдардың өзара байланысының мысалдарын келтіру.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- зерттеу проблемаларын нақты шешу үшін дербес шығармашылық қабілеттерін пайдалануға дайын болу;

- тұжырымдамалар немесе тақырыптың жеке бөлімдері арасындағы қатынастарды игеру.

Оқу сабағының әдістемелік әзерлемесі

Өздік жұмыстың мақсаты: кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту.

Оқу сабағының әдістемелік әзерлемесі – оқу үдерісінің мазмұнын және ұйымдастыруын анықтайтын құжат.

Тапсырма түрі:

- жаңа білім қалыптастыру үшін сабақ жоспарын әзірлеу (педагогикалық тәжірибе);

- семинар сабақтың әдістемелік әзірлемесін жасау (ғылыми-педагогикалық тәжірибе).

Тапсырманың орындалуы:

1) сабақтың тақырыбын, оның оқылатын бөліміндегі орнын, типін (педагогикалық тәжірибе) немесе формасын (ғылыми-педагогикалық тәжірибе) анықтау мақсатында күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен (педагогикалық тәжірибе) немесе пәннің жұмыс бағдарламасымен (ғылыми-педагогикалық тәжірибе) жұмыс жасау;

2) білім берудің нәтижелеріне және қалыптасатын құзыреттіліктерге (ғылыми-педагогикалық тәжірибе) байланысты білім алушылардың оқу, тәрбиелеу және даму мақсаттарын немесе білім беру мақсаттарын (педагогикалық тәжірибе) анықтау;

3) оқу сабақтың міндеттерін жоспарлау және айқындау;

4) сабақтың оқу материалының оңтайлы мазмұнын таңдау;

5) білім беру материалының таңдалған мазмұнын дидактикалық өңдеу, яғни сабақта білім беру материалының қандай түрін, қандай дәрежеде, қандай түрде қолданылатындығын анықтау;

6) сабақтың оқу материалының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын анықтау;

7) дидактикалық құралдарды таңдау (сызбалар, кестелер, карталар, суреттер, кино және аудио фрагменттер және т.б.);

8) сабақтың құрылымын, оның түріне, формасына және дидактикалық мақсатына сәйкес анықтау;

9) сабақтың әр кезеңінің дидактикалық міндеттерін қалыптастыру (педагогикалық тәжірибе);

10) шарттар мен жұмыс көрсеткіштерін нақтылау (педагогикалық және ғылыми-педагогикалық тәжірибе);

11) сабақтың технологиялық картасын әзірлеу;

12) сабақтың жоспар-конспектісін жасау.

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердің оқу процесін ұйымдастыру үшін өнімді педагогикалық тәжірибе мен инновациялық тәсілді қолдану қабілеттілігі;

- МЖМБСсәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін, білім беру үдерісінің жағдайларын, процестерін және нәтижелерін талдай білу қабілеттілігі;

- әртүрлі білім беру мекемелерінде әртүрлі білім беру деңгейлерінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін заманауи техника мен технологияларды қолдану қабілеттілігі;

- әдістемелік модельдерді, әдістерді, технологияларды және оқыту әдістерін әзірлеуге және енгізуге дайын болу, процестің нәтижелерін талдау дайындығы;

- модельдеуге, жобалауға, болжамдауға қабілеттілігі.

Оқудан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі

Өздік жұмыстың мақсаты: кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту.

Іс-шара – кез келген тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған іс-әрекеті.

Оқудан тыс (тәрбиелік) іс-шара – белгілі бір тәрбие проблемаларын шешуге бағытталған оқытушының білім алушылармен, ұжыммен мақсатты өзара әрекеттесуі.

Тапсырма түрі:

- пәнге тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған оқудан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесін құру;

- рефлексия қабілетін дамытуға бағытталған оқудан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесін құру.

Тапсырманың орындалуы:

1. Дайындық бөлімі:

- іс-шараның мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

- тәрбие міндеттерінің мазмұны мен бағдарын, студенттердің жасын (педагогикалық тәжірибе), дәстүрлерді, техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, жұмыс түрлерін, формаларын және әдістерін таңдау;

- іс-шараны әзірлеу мен өткізу барысында білім алушының уақытын максималды қолдануын ойластыру;

- профиль, іс-шараның тақырыбы бойынша мамандардың, өзін-өзі басқару ұйымдарының, білім беру мекемелерінің өкілдерін қатысу мүмкіндіктерін айқындау;

- оқудан тыс іс-шараларды әзірлеу үшін шығарылымды көрсетіп, қажетті әдебиетті таңдау.

2. Ұйымдастыру бөлімі:

- мазмұнды тақырыптық материалдарды таңдау;

- іс-шараны өткізу әдістерін таңдау;

- дидактикалық құралдарды қолдануды ойластыру (тесттер, сауалнамалар, бейнефильмдер, ойын іс-әрекеттері және т.б.);

- іс-шараны өткізу логикасын құру және мақсатқа сәйкес тақырыптың логикалық толықтығын ойластыру;

- іс-шараның өткізілу орнына сәйкес іс-шараның ұзақтығын есептеу;

- эмоционалды қабылдауға қол жеткізу үшін іс-шараның құрамына арналған әзірлеу материалын таңдау (қажет болған жағдайда);

- жоспар-конспект жазу;

- оқытушыға және білім алушыларға арналған іс-шара талдауының сызбасын құрастыру.

Студенттер үшін оқудан тыс іс-шараны талдаудың үлгі схемасы

- іс-шараның атауы;

- іс-шараның өткізілу күні мен орны;

- сыныптың (академиялық топтың) сипаттамасы: ұлдар, қыздар саны, олардың қызығушылықтары және т.б.;

- ұйымдастырылатын қызметтің түрі (бұл тәрбие қызметінің жүйесіне кіреді немесе эпизодтық оқиға болып табылады);

- іс-шараның мақсаты (мысалы, ғылыми-педагогикалық тәжірибе үшін: іс-шара қандай жалпы мәдени құзыреттіліктерді қалыптастырады, берілген іс-шара академиялық топтың қандай проблемаларын шешеді және студент тұлғасының қандай қасиеттерін қалыптастырады);

- қызметтің түрін және мазмұнын таңдаудың психологиялық негіздемесі (мысалы, педагогикалық тәжірибе үшін бұл сабақтың жалпы тәрбие міндеттеріне, ұжымның даму деңгейіне және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі).

Өздік жұмыстың жоспарланған нәтижелері:

- студенттердіңбілім беру үдерісінің сапасын бағалау мен диагностиканың заманауи технологияларын пайдалануға дайындығы;

- МЖМБС сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін, білім беру үдерісінің жағдайларын, процестерін және нәтижелерін талдай білу қабілеттілігі;

- әртүрлі білім беру мекемелерінде әртүрлі білім беру деңгейлерінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін заманауи техника мен технологияларды қолдану қабілеттілігі;

- модельдеуге, жобалауға, болжамдауға қабілеттілігі.

Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті

Бұл қызмет түрі мәселені өздік тұжырымдауды және оны шешуді немесе оқытушының бақылауымен ұсынылған күрделі мәселені шешуді көздейді, бұл өнімді шығармашылық қызметті және неғұрлым тиімді және берік білімді (білім-трансформация) қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Тапсырманың бұл түрі студенттің пән бойынша үйірмеде сабақ барысында орындалуы немесе жеке жоспарлануы мүмкін және жеткілікті дайындықты және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.

Бұл жағдайда оқытушының рөлі мен студенттің рөлі айтарлықтай күрделенеді, өйткені негізгі мақсаты студенттердің зерттеу, ғылыми ойлауын дамыту болып табылады.Мұндай қызмет түрі барлық студенттердің күшімен емес, оны жоспарлай отырып, студенттің жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.Мұндай қызмет түрін жүзеге асыру жүйесі де күрделі, студенттің де, оқытушының да уақыт шығындары да көп.Үйірме жұмысы ретінде күрделі рефераттар дайындалуы, шағын зерттеу жүргізілуі, күрделі оқу үлгілері дайындалуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қазіргі білім беру үдерісінде студенттердің өзіндік жұмысының рөлін ашыңыз.

2. Аудиториялық және аудиториядан тыс өздік жұмыстың жиі қолданылатын түрлерін атаңыз. Сіздің ойыңызша, мұндай формалар жиынтығы не негізделеді?

3. Әр түрлі деңгейдегі студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін сипаттаңыз.

4. Аудиториялық сабақтарда жиі қолданылатын өздік жұмыс формаларына талдау жасаңыз.

5. Дәріске, практикалық, семинарлық сабақтарға дайындық алгоритмін ашыңыз.

6. Осы әдістемелікұсыныстарда өздік жұмыстың осы түрін сипаттай отырып, сіздің бұрын орындаған өздік жұмысыңызды