Көркем мөтіндегі концептілердің табиғатын ашу жан-жақгы талдауды қажет етеді. Себебі бұл концептілер автор ойының жұмбақ құбылысын бейнелейді. Жалпы көркем мәтін құрамындағы концетілерді екі қырынан тануға болады. Танымдық концепт – жалпы түсінік беру, ұғым беру қызметін атқаратын сөздер. Көркем концепт – бейнелі сипат беру қызметін атқаратын сөздер. Таным концептісі – жалпылыққа, көркем концептісі – жекелікке тән. Таным концептісінде сезім, қалау сияқты иррационапдық құбылыстар аз қатысады. Көркем концептіде кешенді құбылыс басым, онда ұғым тудыру, түсінік қалыптастыру, сезім, эмоция байқату, еркін бейнелеу әрекеттері араласып жатады. Таным және көркем концептілердің айырмашылығы ондағы ақиқаттың болу-болмау мүмкіндігінде. Таньм концептісінде берілген ұғым ақиқатқа негізделеді және логика заңдарына сүйенеді. Ал көркем концептінің элементтері бөтен біреудің логикасына, көркем ассоциативтіліктің шынайы прагматикасына фиксация, жалған ойлау әрекетіне негізделеді. Бірақ көркем концептіде зандылықпен талап болмайды деп тусінбеу керек. Ондағы зандылық жеке тұлғаның өз заңы, өз талабы. Осы жағынан көркем және таным концептілері өзара сәйкес келеді.
Көркем концептіні түгел дерлік бейне деп түсінуге болмайды. Ең алдымен бұл концептілер потенциадды (әлеуеттік) бейне жасауға ұмтылады және сол бейне таным концептісі секілді логикалық негізде нақты түсіндіруге бағытталады. Дегенмен әрбір көркем концепт бүтіннің бөлшегін табуға ұмтылады. С.Аскольдов-Алексеевтің тұжырымынша концепт тек сөздің өзі үшін ғана қызмет атқармайды, ол біріншіден, сөздің әрбір негізгі мағынасына қызмет етеді, екіншіден, әрбір адам сөздің бірнеше мағынасын түгел қамти алмайды. Соңдықтан өздігінше түсіндіреді, сол кезде концепт көмекке келеді.
Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептілік аясындағы бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесіңде ортақ семантикалық өpic құрауынан көрінеді. Ал тірек (ключевой) концепт бір автордың шығармасыңда байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің ядросын танытады.
Көркем мәтінге концептуалдық талдау жүргізудің алғашқы көрінісі психолингвистика және дәстүрлі стилистика салаларындағы талдаудың жетістігі деуге болады. Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл – когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану. Бұл құрылым ортақ интеграциялық, дифференциалдық қасиеттері бар біртекті элементгердің сәйкестенуі негізінде қалыптасады. Е.С.Кубрякова көркем мәтіндегі когнитивті-пропозиционалдық құрылымды анықтау үшін концептуалдық мәні бар бір семантикалық өріске қамтылған предикатты сөздерден іздеуді ұсынады. Пропозиция – ұғымды түсінудің ерекше құрылымы. Базалы концепт көркем әдеби шығарманың когнитивтік құрылымының негізі болып табылады және ол мәтінде айқындалған автор танымын, оның көркем эстетикалық сипатын танытатын жүйеленген құрылым ретінде қызмет атқарады.
Көркем мәтінге концептуалдық талдау жасау реті:
1. Мәтіннің концептуалдық кеңістігін қалыптастыратын мәтінге дейінгі прессупозицияларды анықтау.
2. Шығарма тақырыбына семантикалық талдау жасау. Оның мәтіндегі семантикалық радиусын анықтау.
3. Мәтіннің тірек сөздерін аныктау.
4. Тірек сөздердің арасынан парадигматикалық, синтагматикалық түрде жиі қайталанатын сөздерді анықтау.
5. Бір тақырып шеңберінде қолданыла тұрып, әр түрлі экспрессивтік мән беретін сөздерді анықтау мақсатында мәтіннің құрамына лексикалық талдау жасау.
6. Тірек сөздерді қолданылған барлық контекстерді қарастыра отырып, мәтіннің концептілік ортасын белгілеу. Концептуалдық мағынаны айқындау нөтижесінде концептінің атрибуты, предикаты, ассоцияциясы, бейнесі т.б. қасиеттік сипаттары анықталады.
7. Концепт орталығының құрылысын модельдеу, яғни ондағы негізгі ядроны (когнитивті-пропозиционалдық құрылымның базасын), ядролық аймақты (лексикалық репрезентация негізін), жақын периферияны (бейнелі ассоцияция) және қашық периферияны (субъектілік-модальдік мағынаны) ашып көрсету.
Концептуалдық талдау бір немесе бірнеше көркем әдебиеттерге катар жүргізіле береді. Бірақ бір автордың шығармалары не бір бағытта жазылған шығармалар болуы тиіс. Когнитивтік парадигмада поэтикалық мәтін – күрделі концептілік жүйеде реттелген дүние туралы ақынның индивидуалды-авторлық бейнесін танытатын тілдік фактор. Поэтикалық мәтіндегі танылған концептілер дүниені сезімдік қабылдау, қиял, фантазия шеңберінде көрініс тапқан бейнелермен объективтендіруге негізделеді. Себебі көркем мәтінде танылатын концептілер әрқашан бейнелілігімен құнды. Ал ұғынудың ең тиімді жолы - бейне арқылы таныту екені белгілі. Енді поэткалық мәтіндегі имандылық концептісінің берілуіне назар аударайық.
Жетілудің төменгі сатысынан, келесі, материалдық жетілу сатысына көтерілу үшін бейберекет өмірден, белгілі бір тәртіпке бағынатын өмірге көшу керек. Адам өмірін дұрыстау үшін бұрынғы жаман әдет, мінез-құлық, іс-әрекет, ой-өрістен құтылып, дұрыс жолға түскісі келеді. Ол өмірдің реттегіш тәртіптерін қабылдап, оны мүлтіксіз орындауға тырысады. Бұл оның санасын адамдық деңгейге көтереді, ал өзі адам сатысына өтуге мүмкіндік алады. Өмірді ретегіш тәртіптердің негізі имандылықта жатыр.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы имандылық концептісі. Ұлттың рухани бірлігін танытатын имандылық концептісі өрісінің ақын шығармаларындағы түзілісі моральдық құндылықтардың тілдегі көрінісі іспетті. Ақын имансыздың сегіз түрлі қасиетін санамалап көрсетеді:
Бір Алла қаламында аян қылды:
«Бір Құдай имансызды сүймес!»-дейді.
«Адамдар сегіз түрлі кірмес!»-дейді.
Әуелі бір Құдайға серік қосқан,
Екінші – ұрлық қылып жолды тосқан.
Үшінші –кісі өлтірген нақақ жерде,
Төртінші – зинашы дүр, дінге дұшпан.
Бесінші – ел ішінде өсек айтқан,
Алтыншы – күншілдік қып діннен қайтқан.
«Имансыз сол ұжмақты көрмес!»-дейді,
Жетінші – залымдар дүр, рақымы жоқ,
Ғайбат айтып, әрқашан күнәсы артқан!
Сегізінші - әрдайым арақ ішкен,
Әрқашан жаманшылық күні кешкен.
Осылар дүр жұмаққа кіре алмайтын,
Тәубе қылмай, дүниеден, босқа көшкен (Мәшһүр Жүсіп).
Өмірдегі зардаптардың ең ауыры – адамдар жүрегіндегі иманның солғындауы, яғни оларды қылмыс жасаудан, қулық-сұмдықтан, ұрлықтан, зинақорлықтан, көре алмаушылықтан сақтандыратын жаратылыстан болған ішкі тежегіштердің әлсіреуі болып отыр. Имансыздық жеке адамды ғана аздырып қоймайды, мұндай дерт қоғамды кеулеп, мемлекеттің де іргесін шайқалтуы мүмкін, сөйтіп, жер бетіндегі тұтас аймаққа шарпуын тигізуі ғажап емес.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы имандылық концептісі де ислам құндылықтарымен бірге қарастырылады. Ақын адам бойындағы рухани тазалықты имандылық өлшемімен бағалаған. Ол осы шығармасында адамгершіліктің этикалық-әдеп нормаларын ұсынады. Мәшһүр Жүсіптің өсиет-толғауының қорытындысы адамгершілік, имандылық тәрбие екенін таныта отырып, адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олары: Аллаға серік қосу, ұрлық, кісі өлтіру, зинақорлық, өсек, күншілдік, ғайбат сөз айту, арақ ішу. Осылайша ақын діни үгіт жасай отырып, өз ұғымындағы моральдық философияның тәрбиелік талаптарын ашып көрсетеді.
Иманның не екенін Абай он үшінші қара сөзінде былай деп береді: «Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксіз (көмекшісізі, серіксіз), ғайыпсыз (мәңгілікті), бірлігіне, барлығына уа әртүрлі бізге пайғамбарымыз саллалану ғалайни уәсәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, иманмақ» (Абай).
Адам бойындағы асыл қасиеттерді санамалап жырға қосу үлгісін шығыстың классикалық поэзиясынан байқаймыз. Мысалы, Иассауидің «Диуани хикметінде» адамның басты парыздары, яғни қасиеттері деп адамгершілік, әділдік, адалдық, мейірім, рахым, Аллаға деген сүйіспеншілікті санамалап берсе, Баласағұн өсиетті ойларын төмендегідей көрсетеді:
Қос жаһанға билік еткің келсе егер,
Бес нәрседен қашық жүрсең ел сенер.
Зорлық қылма, араласпа арамға,
Қанын төкпе, кек сақтама адамға.
Шарап ішпе, азғындыққа салынба,
Бұл бекті қор етеді тағында (Ж.Баласағұн).
Абайдың да:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз (Абай), -деген өсиетке айналған сөздері тағы бар.
Осы тұрғыда Шәкәрімнің де:
Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар,
Берейін атын атап ұқсаңыздар:
Махаббат, ғаделет пен таза жүрек,
Бостандық, терең ғылым, - міне, осылар,- дейді (Шәкәрім).
Демек, адамдардың өмір сүрген қоғамы әдеп, ақиқат және теңдік ережелері бойынша құрылған болса, ар-ұждан – бұл ережелерге байланысты туындайды. Ар-ұжданның қателеспеуі және жолынан адаспауы үшін өзіне жол көрсететін бастаушыға мұқтаж. Ол – дін. Ар-ұждан тек қана хақ дін тәрбиесінен алған және ол тәрбиемен тәрбиеленген адамдарды жаманшылықтан құтқарып, тура жолға түсіреді. Имандылық – иманды іске асыру, яғни болмыстың бір себебі барына, ол барлығына ортақ заңдылықтарға бағынатынына сеніп, өмірді соған лайықтау. Бұл бүкіл болмыс өмірінің үйлесімділік тәртібі болғандықтан, имандылықты қабылдауды материалдық жетілу сатысының басы, салауатты өмірдің басталуы деуге болады. Мәшһүр Жүсіптің айтпағы осы.
Поэтикалық мәтінде концептілер автордың бірнеше ассоциациялық элементтері арқылы танылып, бірнеше концептілік құрылымға салынып қарастырылған. Концепт дүние құндылықтарын танытады: санадағы ұғымды бейнелейді, тіл арқылы объективтенеді ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді, әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын береді.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын талдай отырып, «имандылық» концептісі бойынша төмендегідей гештальттарды анықтадық:
Имандылық – Аллаға серік қоспау; ұрлықпен айналыспау; нақақтан кісі өлтіру сияқты қылмысқа бармау; зинақорлықпен айналыспау, өсек айтпау; күншілдік жасамау; ғайбат сөз айтпау; арақ ішпеу.
Қорыта айтқанда, поэтикалық мәтінде дүние образ арқылы жасалады. Ол дүниені танытуда оқырман ой-сезіміне сурет салу арқылы әсер етеді. Өмір құбылыстарын ойдағы, қиялдағы көркем бейнелер көмегімен таныту – поэтикалық мәтіннің өзіндік ерекшелігі деп танимыз. Поэтикалық мәтіндегі концепт – ойлау мен таным және мәдени процестердің жиынтығы бола келіп, ақын ойындағы әлем бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануының нәтижесі болады.
Бақылау сұрақтары:
Тәубе қылмай, дүниеден, босқа көшкен (Мәшһүр Жүсіп). Өмірдегі зардаптардың ең ауыры – адамдар жүрегіндегі иманның солғындауы, яғни оларды қылмыс жасаудан, қулық-сұмдықтан, ұрлықтан, зинақорлықтан, көре алмаушылықтан сақтандыратын жаратылыстан болған ішкі тежегіштердің әлсіреуі болып отыр. Имансыздық жеке адамды ғана аздырып қоймайды, мұндай дерт қоғамды кеулеп, мемлекеттің де іргесін шайқалтуы мүмкін, сөйтіп, жер бетіндегі тұтас аймаққа шарпуын тигізуі ғажап емес.